Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы



Дата22.02.2016
өлшемі263.77 Kb.
#1579
Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 465 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 қаңтарда № 3504 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1311 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілсін:
      1) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) «Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) «Дін қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті.
      2. «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н.А.Боранбаев) мемлекеттік қызметтің регламенттерін басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.К.Әбдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                              А. Мұхамбетов      

      
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 465
қаулысымен бекітілді

«Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар қолданылады:


      1) мемлекеттік қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар, заңды тұлғалар;
      2) құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын лауазым иелері. 

2. Жалпы ережелер  

      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: «Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).


      3. Мемлекеттік қызмет мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет стандарты) 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет: «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасы, сонымен қатар Мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет стандартының 3 - қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау туралы анықтама беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде басқа мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың қатысуы көзделмеген. 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар  

      9. Орталықтың мекенжайы мен жұмыс кестесі туралы ақпарат:


      орталықтарда мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, мекенжайлары және телефондары Мемлекеттік қызмет стандартының 2 - қосымшасында көрсетілген орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы жөнінде ақпарат алу тәртібі:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;
      2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында;
      3) www.saulet.aktobe.gov.kz мекенжайы бойынша «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде;
      4) Мемлекеттік қызмет стандартының 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес уәкілетті органның және орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Мемлекеттік қызмет стандартының 7 - тармағында белгіленген.
      12. Мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік қызмет стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде өтініш берушіге жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган орталықтан түскен, Мемлекеттік қызмет стандарттың 11 - тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықтаған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызметті алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздеме ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (немесе сенімхаты бар өкіл) Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында белгіленген құжаттардың тізбесін орталыққа ұсынады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) мемлекеттік қызметті алушы орталыққа Мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында тізбесі көрсетілген құжаттар пакетiмен бірге өтініш береді;
      2) орталық инспекторы өтініш тіркеуді жүргізеді, құжаттарды уәкілетті органға тапсырады. Құжаттар пакетін орталықтан уәкілетті органға жөнелту фактісі мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкодтың көмегімен тіркелінеді;
      3) уәкілетті органның маманы орталықтан қабылданған құжаттарды тексереді, оларды тіркейді және бұрыштама қою және жауапты орындаушыны анықтау үшін уәкілетті орган басшысына жолдайды;
      4) уәкілетті органның басшысы қарап танысқан соң құжаттарды уәкілетті органның жауапты орындаушысына тапсырады;
      5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы орталықтан келіп түскен өтінішті қарап танысуды жүзеге асырады, Мемлекеттік қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау туралы анықтама немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, одан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;
      6) уәкілетті органның қағаз жеткізгіште жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау туралы анықтамаға немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және уәкілетті органның маманына жолдайды;
      7) уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орталыққа жолдайды.
      Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін қабылдау кезде орталыққа келіп түскен құжаттарды сканер штрихкодтың көмегімен белгілейді;
      8) орталық мемлекеттік қызметті алушыға қағаз жеткізгіште жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау туралы анықтама не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр сатысында құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      16. Құжаттарды қабылдауды орталықтың инспекторы жүзеге асырады.


      Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      5) уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және оның байланыс телефоны;
      6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      17. Ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары: уәкілетті орган және орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттар мазмұны туралы ақпаратының сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесі ҚФБ іске қосылған:
      1) орталық инспекторы (ҚФБ - 1);
      2) уәкілетті органның маманы (ҚФБ - 2);
      3) уәкілетті органның басшысы (ҚФБ - 3);
      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы (ҚФБ - 4).
      19. Әрбір әкiмшiлiк iс-әрекеттi орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимыл жасасуының кестелiк сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтiрiлген. 

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      21. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

«Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын
мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) реті мен өзара iс-қимыл жасасуының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ іс-кимылының сипаттамасы

Негізгі үдерістердің іс-кимылдары (жұмыс барысы, ағыны)

Іс-қимыл № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-қимыл (үдерістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау,

қолхат беру,

өтінішті тіркеу


Құжаттарды орталықтан қабылдау, тіркеу

Ұсынылған құжаттармен танысу

Құжаттардың толық болуын тексеруді жүзеге асыру, анықтама немесе дәлелді бас тартуды дайындау

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы- әкімшілік шешім)

Құжаттарды уәкілетті органға жөнелту

Құжаттарды басшылыққа бұрыштама қою және жауапты орындаушыны анықтау үшін жолдау

Бұрыштама қою,

уәкілетті органның жауапты орындаушыға тапсыру



Құжаттарға қол қою үшін басшыға жолдау

Орындалу мерзімі

Күніне екі реттен кем емес

30 минут

30 минут

3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;

7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі;

бас тартқан кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.


Келесі іс-қимыл нөмірі

2

3

4

5



Негізгі үдерістердің іс-кимылдары (жұмыс барысы, ағыны)




Іс-қимыл № (жұмыс барысы, ағыны)

5

6

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Орталық инспекторы

Іс-қимыл (үдерістер, рәсімдер, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қою
 

Тіркеу

Анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы- әкімшілік шешім)

Уәкілетті органның маманына жолдау

Орталыққа анықтаманы немесе дәлелді бас тартуды жолдау

Мемлекеттік қызметті алушыға анықтаманы немесе дәлелді бас тарту туралы қолхатты беру

Орындалу мерзімі

30 минут

30 минут

20 минут

Келесі іс-қимыл нөмірі

6

7

-

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

ҚФБ
Орталық инспекторы

ҚФБ
Уәкілетті органның маманы

ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-қимыл № 1
Құжаттарды қабылдау,

қолхат беру,

өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға жөнелту


Іс-қимыл № 2
Құжаттарды орталықтан қабылдау, тіркеу, құжаттарды уәкілетті органның басшысына жолдау

Іс-қимыл № 3
Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау, бұрыштама қою

Іс-қимыл № 4

Өтінішті қарау, анықтама дайындау



Іс-қимыл № 7

Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама беру



Іс-қимыл № 6
Орталыққа анықтаманы жолдау

Іс-қимыл № 5
Анықтамаға қол қою

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс

ҚФБ
Орталық инспекторы

ҚФБ
Уәкілетті органның маманы

ҚФБ
Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-қимыл № 1
Құжаттарды қабылдау,

қолхат беру,

өтінішті тіркеу, құжаттарды уәкілетті органға жөнелту


Іс-қимыл № 2

Құжаттарды орталықтан қабылдау, тіркеу, құжаттарды уәкілетті органның басшысына жолдау



Іс-қимыл № 3
Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау, бұрыштама қою

Іс-қимыл № 4
Өтінішті қарау, дәлелді бас тартуды дайындау

Іс-қимыл № 7
Мемлекеттік қызметті алушыға дәлелді бас тартуды беру

Іс-қимыл № 6
Дәлелді бас тартуды орталыққа жолдау

Іс-қимыл № 5
Дәлелді бас тартуға қол қою

«Ақтөбе облысының аумағында жылжымайтын
мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет