2013 жылғы « 6 »маусым №105
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес жасалған.
2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) жүгінеді, мекенжайлар тізбесі осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
уәкілетті органға – жеті жұмыс күн күні ішінде;
тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне – жиырма екі жұмыс күн күнінен кешіктірмей;
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін тұтынушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.
Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болады, үй-жайға кіру режимі – еркін.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды тапсырады.
13. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда немесе селолық округ әкімінде тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушы тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) селолық округ әкімі;
2) уәкілетті органның қызметкері;
3) уәкілетті органның басшысы.
16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен кезектілігін мәтіндік кестелік сипаттау осы регламентке 3-қосымшада келтірілген
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 4-қосымшада келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттiк қызмет Регламентiне
1-қосымшасы
Уәкілетті органдардың мекенжайлары
Р/с №
|
Атауы
|
Мекенжай
|
Телефон
|
1
|
«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесi, 35
|
8 (71136) 91-2-06
|
2
|
«Бөкейордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бөкейханов көшесi, 1
|
8 (71140) 21-2-61
|
3
|
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы,
4 ықшам ауданы, 2
|
8 (71133) 31-0-13,
|
4
|
«Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесi, 69
|
8 (71141) 21-9-30
|
5
|
«Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Жәнiбек ауданы, Жәнiбек ауылы, Ғұмар Қараш көшесi, 8
|
8 (71135) 21-4-66
|
6
|
«Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Зеленов ауданы, Переметный селосы, Гагарин көшесi, 82
|
8 (71130) 22-0-72
|
7
|
«Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Казталов ауданы, Казталов ауылы, Ықсанов көшесi, 4
|
8 (71144) 3-16-64
|
8
|
«Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесi, 18
|
8 (71145) 3-12-25
|
9
|
«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Казахстан көшесi, 15
|
8 (71134) 31-347
|
10
|
Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Тасқала ауданы, Тасқала селосы, Жақсығұлова көшесi, 5
|
8 (71139) 21-5-52
|
11
|
«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Теректi ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 16
|
8 (71132) 23-2-56
|
12
|
«Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесi, 91
|
8 (71137) 33-1-19
|
13
|
«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Орал қаласы, Привокзальная көшесi, 85
|
8 (7112) 54-64-57
|
Достарыңызбен бөлісу: |