Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:
1) Министрлiктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі:
1) шағын көлемді кемені тіркеу (қайта тіркеу) кезінде – қағаз түрінде кеме билетi немесе қағаз түрінде не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беруге өтінішті беру кезінде – қағаз түрінде кеме билетiнің телнұсқасы;
3) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде – «Жойылды» деген мөртаңба қойылған қағаз түріндегі кеме билетi.
7. Мемлекеттік қызмет, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруды қоспағанда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – үш айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – екі АЕК;
өздігінен жүзбейтін шағын көлемдi кемелер – 1,5 АЕК;
2) қайта тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 1,5 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – бір АЕК;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемдi кемелер – 0,75 АЕК;
3) мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 0,75 АЕК;
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемдi кемелер – 0,5 АЕК;
өздігінен жүзбейтін шағын көлемдi кемелер – 0,38 АЕК құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылу мүмкін. Алдын ала төлеу кезінде төлем құжатының электрондық көшірмесі қоса беріледі.
8. Жұмыс кестесi:
1) ХҚО – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзіліссіз, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
сататын ұйымның анықтама-есебі немесе сататын ұйымның тауар чегі, не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, не мұрагерлікке құқық туралы куәлік, не «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі – кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);
кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат;
шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
2) шағын көлемді кемені қайта тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
кеме билетінің түпнұсқасы;
оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаты;
шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
кеме билетінің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеменің кеме кітабына бұрын енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік қайта тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
3) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығына кезектен тыс техникалық куәландырудан өткенін растайтын құжат;
кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
шағын көлемді кеменің жүзуге жарамдылығына кезектен тыс техникалық куәландырудан өткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады);
4) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін алу үшін:
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
кеме билетінің түпнұсқасы;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
кеме билетінің түпнұсқасы (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде ХҚО-ға түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушы шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және кеме билетінің телнұсқасын беру үшін алым сомасының бюджетке төлегенін (алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) куәландыратын құжаттың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші не ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімін алады.
ХҚО-ға құжаттарды тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
1) өтініштің нөмірін және қабылдау күнін;
2) сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын;
3) қоса берілген құжаттардың санын және атауларын;
4) құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрауды қабылдау туралы статусы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді ХҚО-ның қызметкері «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке өзі келген кезде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты және сенімхатты (көрсетілетін қызметті алушының өкілі үшін) ұсынуы бойынша жүзеге асырады.
10. Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін тапсырылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетел құжаттары Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде ресімделеді.
Сонымен қатар, егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде толтырылса, оларға нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі;
3) құжаттар мәтіні анық, заңды тұлғалардың атауы мен деректемелері қысқартусыз жазылуы тиіс;
4) мемлекеттік тіркеуге өшірілген не үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда ескерілмеген өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар қабылданбайды;
5) тіркеуге қажетті барлық құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері тапсырылады. Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Егер құжаттардың түпнұсқалары тапсырылмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, (8-7172) 24-13-12 телефоны арқылы Министрлік басшысының атына не Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Министрлік интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» бетіне) беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағым қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауап орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым ХҚО басшысына ХҚО www.con.gov.kz
интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымдардың ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады). Тіркелгеннен кейін шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетте» мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді – болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почта мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның –атауы, почта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық түрде және ХҚО арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар және дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген ғимаратта көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлімінде);
ХҚО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілетін қызметтер алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда көрсетіледі.
17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
_____________________
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік
тіркеуден шығару және олардың
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
РУКОВОДИТЕЛЬ
_________________________________БАСШЫСЫ
(уәкілетті органның атауы)
(наименование уполномоченного органа)
___________________________________________
(Т.А.Ә. / Ф.И.О.)
кімнен/от ____________________________________
(Т.А.Ә. / Ф.И.О.)
мекенжай бойынша тұратын / проживающего по адресу
_______________________________________________________
(тұратын жері / место жительства)
Шағын
көлемді кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш
Заявление
на государственную регистрацию (перерегистрацию) маломерного судна
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
тиесілі шағын көлемді кемені тіркеуге (қайта тіркеу) қабылдауды сұраймын / Прошу принять к регистрации (перерегистрации) маломерное судно, принадлежащее_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Алғашқы мемлекеттік тіркеу кезінде жеке жасалған кемелер туралы мәліметтер
Сведения для судов индивидуальной постройки при первичной государственной регистрации____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұйымның атауы, заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған жылы, тіркелген жері, тел. / Название организации, юридический адрес или Ф.И.О. физического лица, год рождения, место прописки, тел._______________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
ЖСН/БСН ИИН/БИН __________________________________________________
Кеменің типі / Тип судна_____________________________
Кеменің № Судна______________________________________________________
Корпус материалы / Материал корпуса____________________________________
Ұзындығы/ Длина, м_______________ Ені/ Ширина, м __________________
Борт биіктігі / Высота борта, м __________________________________________
Шөгуі / Осадка: бос / порожнем _________________________________________
толық жүкте / в полном грузу ___________________________________________
Жасалған жылы мен орны / Год и место постройки _________________________
Жолаушылар сыйымдылығы (адам) / Пассажировместимость (чел.) ________(жүксіз) / (без груза)
Жүк көтерімділігі / Грузоподъемность _________________________________
Құтқару құралдары / Спасательные средства_______________________________
Су ағызу құралдары / Водоотливные средства____________________________
Сигналды құралдары / Сигнальные средства_______________________________
Зәкірлік құрылғы / Якорное устройство ________________________________
Өртке қарсы мүккәмал /Противопожарный инвентарь ____________________
Қозғалтқыш маркасы / Марка двигателя ________________________________
Қуаты /Мощность______________________ № _____________________________
Жасалған жылы және орны / Год и место постройки _____________________
Қозғаушы / Движитель: род___________ Саны __________________________
Жүзу ауданы / Район плавания___________________________________________
Кеменің тұрақ орны / Место стоянки судна _____________________________
«____»__________20__ ж/г __________________
(қолы /подпись)
_______________________
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік
тіркеуден шығару және олардың
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің
_________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық органының басшысы
________________________________
(Т.А.Ә)
________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы
немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған
жылы, үйінің мекенжайы, тел.)
Өтініш
Тиесілі шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруды/шағын көлемді кемеге кеме билетінің телнұсқасын беруді сұраймын _____________
__________________________________________________________________
мынадай себептер бойынша ____________________________________________
__________________________________________________________________
(шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруға немесе кеме билетінің телнұсқасын беруге жүгінуге себеп болған негізді жазу қажет)
ЖСН/БСН _________________________
20__ ж. «____»__________ __________________
(қолы)
________________________
«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік
тіркеуден шығару және олардың
мемлекеттік тіркелгенін растайтын
құжаттардың телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
болса әкесінің аты не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы)
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ....
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы. Т.А.Ә.
Телефон.
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы
«__» _________ 20__ж.
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |