Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы



Дата22.02.2016
өлшемі62.5 Kb.
#34

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы


«Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, спорт бойынша бірінші санатты төреші»

2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Жеке тұлғалар


4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз жүзінде

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Халыққа қызмет көрсету орталығы

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Қызмет алушы ХҚКО-на құжаттар тапсырады.

Мемлекеттік қызмет «электрондық кезек» тәртібінде, жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға мүмкіндік бар ;

Құжаттарды қабылдау барысында ХҚКО қызметшісі құжаттардың жаңғыртылған электорндық көшірмелерін түпнұсқаларға сәйкестігін салыстырып қарайды, содан соң түпнұсқаларын қызмет алушыға қайтарады.

Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартымен көзделген тізімге сәйкес, толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда, ХҚКО қызметшісі өтініш қабылдаудан бас тартады.

ХҚКО-да қызмет алушыға дайын құжаттарды беру, оның қызметшісімен қолқат негізінде, жеке куәлігі мен сенімхат (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынғанда жүзеге асырылады.


7

Қажетті құжаттар/Необходимые документы

  1) «Спорт шеберіне кандидат» спорттық атағын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша ұсыным;

   спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

   3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

   көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   2) «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

   көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша ұсыным;

   спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

   3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

   көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

   көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша өтініш;

    кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

    жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

   нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

   спорт түрі бойынша республикалық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда);

    көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

    4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

    көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша өтініш;

    кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

    жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

    көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

    5) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:


    көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша өтініш;

    білімі туралы димпломның көшірмесі;

   жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

    спорт түрлері бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;

    көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

    6) «Бірінші санатты спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

    көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

   нысан бойынша ұсыным;

    Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесі курсынан өткенін растайтын құжат;

    3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,

   көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).



8

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

күнтізбелік 30 (отыз) күн

10

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі

Спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.

11

Нормативтік құқықтық актілер

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы

- «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, жергілікті атқарушы органдар дене шынықтыру және спорт саласында көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысы

- Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1

Шілдегі дегі № 33/04/04 қаулысы



- «Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, спорт бойынша бірінші санатты төреші» регламенті




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет