Шахтинск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы «___» ________
№_______
қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
2) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға;
3) регламент – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2. Жалпы ережелер
2. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту және беру рәсімін айқындайды.
3. Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша «Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 және 150 баптары негізінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекiтілген жерге орналастыру жобасы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты уәкiлеттi органда алуға болады, оның мекенжайы және жұмыс кестесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) тұтынушы осы регламенттің 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте тұрудың ең жоғары ұйғарынды уақыты – 30 минуттан көп емес;
3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің ең жоғары ұйғарынды уақыты – 30 минуттан көп емес.
9. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
1) тұтынушы жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын алу үшін осы регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды уәкілетті органға өткізеді;
2) уәкілетті орган тұтынушыдан түскен өтінішті тіркейді, қарастырады, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама дайындайды, тұтынушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітіп, береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуді тоқтату туралы жазбаша хабарлама береді;
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар саны ең аз дегенде бiр қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында
әрекет ету (өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаты
11. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау орналасқан жері бойынша уәкілетті органның жауапты қызметкері арқылы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Уәкілетті органға құжаттарды тапсырғаннан кейiн тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiліп, онда:
сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi;
сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтiнiш қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледі.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде:
осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылған жер учаскелерін жеке меншікке беру бойынша жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі;
жобаланып отырған учаскенің орналасу орнының (жерге орналастыру объектісінің шекарсы мен олардын координаттары) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі графикалық мәліметтерге сәйкестігі бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынмен келісілген жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін;
2) жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда:
осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жобаланып отырған учаскенің орналасу орынының сәйкестігі жөнінде келісілген, жерге орналастыру жобасы;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі (қажет болғанда);
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызмет алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеліуі туралы куәлігі, заңды тұлғанын өкілеттігін куәландыратын құжат және мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
13. Өтініш бланкілері мекенжайы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның кеңсе қызметкерлерімен беріледі.
14. Құжаттарды қабылдау осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша уәкілетті органның уәкілетті қызметкері жүзеге асырады.
15. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы регламенттің
12-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
16. Бекiтілген жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға беріледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына және нормаларына;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiне сәйкес болмаған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекiтуді тоқтатуға себеп болған құжатты көрсете отырып және бекітпеу себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.
Осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
18. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
19. Тұтынушы осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды тапсырмаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
20. Мемлекеттiк қызмет көрсету үрдісiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылған:
1) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы;
2) уәкiлеттi органның басшылығы;
3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін тұлғалардың жауапкершілігі
21. Уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттiк қызмет көрсету үшін жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсетілуінің сапасы мен орнатылған мерзімде жүзеге асырылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша
уәкілетті органдардың мекенжайлары және жұмыс кестесі
Р/с №
|
Уәкілетті органның атауы
|
Заңды мекенжайы
|
Жұмыс кестесі
|
Байланыс телефондары
|
Электорндық мекенжай
|
1
|
«Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесi
|
Шахтинск қаласы, Московская көшесі, 29-60
|
Күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ке дейін, демалыс күндері – сенбі мен жексенбі
|
8(72156)
5-57-55
|
zemotdshah@krg.gov.kz
|
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
_________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
жер қатынастары бойынша уәкілетті органның бастығы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке _________________________________________
басын куәландыратын құжаттардың
_________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
_________________________________________
мекенжайы)
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiтуге өтініш
Жерге орналастыру жобасын құрастырушы - тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның толық атауы
|
Жер учаскесіне құқық беруге өтініш білдірушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы
|
Жерге орналастыру жобасының атауы
|
Жер учаскесінің мекенжайы
(орналасқан орны)
|
Жер учаскесінің сұралу мақсаты және алаңы, га
|
Жерге орналастыру жобасының данасының саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
Жерге орналастыру жобасы әзірленді: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда (қажеттісін сызу)
Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның не
___________________________________
уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
_________________________________
қолы)
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |