2.4. Білім алушы құқылы:
2.4.1. бір Университеттен екіншісіне, екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ ақылы оқудан Ауысу және қайта қабылдау қағидасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауысуға;
2.4.2. қосымша ақыға мемлекеттік стандарттан тыс қосымша білім беру қызметін алуға;
2.4.3. кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерқорына еркін қолжеткізуге және пайдалануға;
2.4.4. студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
2.4.5. жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы Шартқа қосымша келісіммен бекітілуі арқылы Университетның шешімімен жеке оқу жоспары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
2.4.6. Ауысу және қайта қабылдау қағидасында белгіленген тәртіпте Университетна қайта қабылдануға.
3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
3.1. Осы Шартта қарастырылған өзінің міндеттерін орындамағаны немесе өзіне тиесілі емес міндеттерді орындағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершіліктерді мойнына алады.
3.2. Осы Білім беру қызметтерін көрсету туралы типтік шарттың 2.3. тармағының 2.3.9., 2.3.10. тармақшаларын орындамағаны үшін білім алушының қайтыс болғандығын есептемегенде, оның оқуына байланысты жұмсалған республикалық бюджет шығыстарының орнын толтыруға міндетті.
4. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ
4.1. Осы Шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен даулар тікелей тараптардың өзара тиімді шешімдерге келуі мақсатында шешіледі.
4.2. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау арқылы шешілмеген мәселелерҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.
5. ФОРС-МАЖОР
5.1. Су тасқыны, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, сондай-ақ Тараптардың бақылауына кірмейтін және Шарт жасасқаннан кейін туындайтын кез-келген басқа жағдайлар секілді форс-мажор жағдайларда Тараптар жауапты болмайды. Алайда, бұл ереже форс-мажорлық жағдайларға ұшыраған Тарап дәлелдемелерді ұсынған жағдайда ғана әрекет етеді және бұл туралы екінші Тарапқа форс-мажорлық жағдайлардың басталу сәтінен бастап үш күннен кешіктірілмей хабарланады.
5.2. Тараптардың кем дегенде біреуі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын билік органдары мен басшылық актілері Тараптардың бақылауына тәуелді емес жағдайлардың бірі болыптанылады.
5.3. Тараптардың міндеттемелерін орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының ұзақтығына шамаластырылып беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |