Шежіре-Қазақстан тарихын зерттеудегі дереккөзі ретінде
Мазмұны
Кіріспе
1. Шежіре бастаулары: Генезисі мен дамуы
1.1 Көшпелілер туралы көне деректердің зерттелуі 7
1.2 Ортағасырлардағы шежірелердің сипаты 15
2. Қазақстан шежірелерін тарихи дерек ретінде зерделеу
2.1 Қазақ шежіресінің жазылу тарихы және деректік құндылығы 6
2.2 Қазақ рулары, ата тегін тарату туралы деректер
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің даму заңдылықтарына орай ұлт тарихы мен төл мәдениеті туралы білімге сұраныс тек қана мамандар ортасында ғана емес, жалпы кең қауым, бұқара ішінде күн сайын арта түседі. Мұны дәлелдей түсетін мысалдар көп. Елеулі оқиғалар қатарында 1998 жылдың ұлт тарихы жылы ретінде аталып өтуі және мәдени мұра мен түркітану саласына қатысты санлауан шаралардың іске асырылуы, нақты айтқанда, Күлтегін тасының көшірмесінің елге әкелінуі және т.б. Бұл заңды құбылыс. Оның астарында мемлекеттік белгілердің, әсіресе қазақ елінің мемлекет ретінде даму жолын көрсетеді. Сондай-ақ, ұлттың тарихын қарастыру, зерттеу, баға беру ісі қоңсы халықтардың тарихы мен мәдениетінің даму жолымен салыстырмалы түрде, және дүниежүзілік адамзат тарихын түсіну үрдісімен үнемі қатар жүреді. Бұл үрдістің өзіндік сипаты тарихи деректерді тану, қазақ халқының тарихын түркі халықтары тарихының жалпы өзегімен тығыз байланыста зерттелуімен ерекшеленеді. Бірақ ең алдымен қазақ ұлтының бірлігі, оның өткен тарихын тұтас қалпында қарастыру қажет. Қазақ халқын сырткөз тұрғыдан зерттеп жүрген ғалым Ш. Акинер өз еңбегінде «қазақтар үшін өз санасында да және өзгелердің көзінше де өздерінің ұлттық тұтастық сезімін қалпына келтіру аса маңызды іс болып табылады» деп қорытады [1, 9б.]. Қазақстанның тарих ғылымында әлі де көптеген мәселелер түрлі-түрлі себептермен өзінің шешімін таппаған. Тарих ғылымында соңғы уақытта қазақ шежіресі тақырыбына да мол назар аудара басталды. Шежірелерді зерттеу - тарихи зерттеулердің аса маңызды, тарихи білімнің, төл деректерді қолданудың, ұлттық негіздегі тарихнаманың тиімділігін арттыратын үлкен сала болып табылады.
Тарихи зерттеуді тақырыбын таңдау турасында белгілі ғалым Н.М. Дружининің: егер тақырып мүлдем зерттелмеген, немесе аз зерттелеген болса, егер сол тақырыптың зерттелуі өткен тарихи жағдайлардың шынайылығына көз жеткізу ісінде анық, дұрыс түсінік берсе, егер зерттеу нысанасына алынған, ойға түскен зерттеу жұмысының нәтижесінде тарихи шынайылық пен ақиқатты бұрмалаған зиянды концепцияның тұжырымдары жойылса, осы жағдайлардың барлығында зерттеу тақырыбы өзекті болады, ал оның тұжырымдары қоғамдағы ғылыми ойдың дамуын жеделдетеді. Тек қана, әрине, зерттеушінің қол астында мәселенің шешілуіне жол ашатын қажетті деректер болуы тиіс, -деген пікірі орынды [2, 89 б.]. Демек біз белгілеп отырған зерттеу тақырыбы Н.М. Дружинин айтқан критерийлері тұрғысынан қарастырылса, бұл тақырыптың ғылыми өзектілігі айқын байқалады. Өйткені - біріншіден, шежіре тақырыбы аз зерттелген тақырып; екіншіден, шежіре деректері қазақ халқының тарихи төл танымы болып табылады. Қазақ шежіресі қорында жиналған тарихи деректерді нақты ғылыми әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, орынды және орынсыз жерлерін тексеру, тарихи ақиқаттылығын анықтап, қажетінше ғылыми айналымға енгізу - алдағы қатарда тұрған бірден-бір мәселе. Бұл мәселенің ғылыми шешімін табу - мемлекет пен қоғам, ұлт пен мәдениеттің тарихын зерттеу ісінде тарихнамалық, деректік және әдістік тұрғыда жаңа деңгейге көтеру болып табылады. Шежіре - көшпелілер өркениетінің тарихи-мәдени дәстүрі. Солай болса да, шежіре деректері қазақ халқының тарихын зерттелуінде аз қолданылған дерек түрі; төртіншіден, шежіренің түркі әлемінің мәдени феномені ретінде қарастыру түркі халықтарының этникалық тұтастығына, тарихи бірлігін түсінуге жол ашады; бесіншіден, «пантюркизм», немесе «түрікшілдік» сияқты жарлық ұғымның зиянды ықпалын жоюға септігін тигізеді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы біршама орныққан «шежіре зерттеу мәселесі рушылдық, трайбалистік сананы оятады» дегендей сыңаржақ, зиянды тұжырымды ғылыми негіздегі қазақ ру құрылымының тарихи, әлеуметтік және этникалық табиғатын тиянақты зерттеу жолымен жоюға қызмет етеді; алтыншыдан, шежірені жаңа ғылыми әдіс-тәсілдірмен зерттеу, яғни тарихи деректану, тарихнама, тарихи философия, тарихи антропология, этнология ғылымдарының теория-методологиялық ұстанымдарын қолдану арқылы тарихи сана, дәстүрлі дүнетаным, этникалық «әлем бейнесі», көшпелілер менталитеті сияқты өркениеттік категориялардың мәнін ашу арқылы қазақ халқының ұлттық тарихи танымының даму жолын жүйелі түрде түсіну-түсіндіру мәселесінің шешімін табуды көздейді. Зерттеуші ғалымдардың біршамасы шежіре мәселесі сияқты бұл ғылыми тың тақырыпқа да ерекше көңіл бөліп, ғылымның мақсатына қолдануды жөн көруде. Сонымен бірге, тарихшы мамандар шежіре тақырыбының күрделілігін де сезінеді. Түркі және парсы мәліметтерін терең зерттеп, қазақ халқына қатысты тарихи деректемелерді дүние жүзінен жинап жүрген ғалым М. Х. Әбусейітова, Қазақстан туралы тарихи деректерді сыртқы деректер және ішкі деректер деп үлкен екі топқа бөліп қарастырады. «Қазақстан тарихын көрсетеді осы аймақты мекендеген халықтың төлтума деректемелері құнды болып келеді», - дейді, «бұлардың Қазақстан мәдениетінің тарихын жаңғыртуда мәні зор, себебі олар Қазақстан тұрғындары сөйлеген түркі тілінде жазылған. Сыртқы жазба деректерге қарағанда оқиғаны барынша әділ, нақтылы көрсететін ішкі жазба деректер» - деп жазады [3, 26 б.].
Далалық ауызекі тарихи әңгімелерден хатталған әйгілі шежірелік еңбектер қатарында Өтеміс қажының «Шыңғыс-намасы» [4], Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағы» [5], Әбілғазының «Шаджара-йи таракима», «Шаджара-йи түркі» [6] шығармалары белгілі. Бұл ортағасырлық шежірелік туындылардың көптеген көшірмелері мен жеке нұсқалары болғаны өз алдына, сондай-ақ ол еңбектер басқа да тарихи шығармалардың жазылуына түрткі болғаны белгілі. Мұхаммед Дулатидің тарихи шығармасының ізімен жазылған еңбектің бірі Шах Махмуд бен Мирза Фазыл Чорастың шежірелік еңбегі болды [7]. Осы дәстүрдің ізі кейін де жалғасты. Халық тарихына байланысты білім қалың бұқара ортасында жалғасқанымен, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы сақтаушылары болған. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, шежіре дәстүрі ауызша мәдениеттің негізі болып табылады. Бірақ шежірелер әртүрлі тарихи уақытта жазба үлгілесінде де болған. XIX ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасыр басында қария сөз үлгілерді жинап, шежірелік тарих жазып еңбек еткен Ш.Ш.Уәлиханов [8], М.Ж. Көпейұлы [9], Қ. Халид [10], Ш. Құдайбердіұлы [11], Н. Наушабай [12], М. Тынышпаев [13], Ә.Н. Бөкейхан [14], М. Дулатұлы [15], М. Тұрғанбай [16] сияқты авторлар қазақтың тарихи мұрасының сақталуына ден қойып, шежірелердің жазба нұсқаларын хаттады, баспа бетіне жариялады. Осыдан бастап шежірелерде ұлттың тарихи өткені, тарих тәлімі, ой-санасы мен дәстүрлі мәдениет деректері сақталғанын түсінгендер шежіре мәселесінен тайқыған емес.
Тарих ғылымының кез келген мәселелерін ғылым төңірегінде дамып жетілген теориялық-методологиялық ұстанымдары негізенде зерттелуі тиіс екендігі белгілі. Осыған орай, біздің пікірімізше, шежіре мәселесі де тарих ғылымының тарихнамалық, деректік талдау, сұрыптау, салыстыру әдістері мен ғылыми сын арқылы қарастырылуы аса қажет. Осы төңіректе туындап отырған көптеген мәселелер бар: қазақ шежіре үлгілерін реттеу; оларды хронологиялық жағынан бір жүйеге түсіру; шежіре сақтаушылардың мұрасын мүмкіндігінше жасаушының өмірбаянымен байланыста қарастыру; шежіре үлгілерінің мәтіндік мәселелерін қамту; шежіреге байланысты әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Нәтижесінде осы әрекеттердің барлығы қазақ шежірелерін тарихи дерек ретінде зерделеуге, танытуға қызмет етеді. Бұған мүмкіндік беретін ең басты жағдай, қазір тарих зерттеушілері «түркішіл», «күлтшыл» деген айыптаулардан құтылып, идеологиялық қысылтаң қыспақ шеңберлер құрсауынан босады. Ендігісі зиянды сартап ой-санадан арылу қажет.
Қазақтың өткен тарихы, тарихи шындығы этнографиялық мектеп қалыптастырған сипаттамалық еңбектер негізінде қарастырылуы ғылыми дәстүрге айналдырылғаны байқалады. Алайда, XIX-XX ғасырдағы халықтың тұрмысы, шаруашылық-мәдени өмірі туралы жазылған саяхатшылардың этнографиялық сипаттамалық деректерді трафарет іспетті одан ерте ғасырлардағы тарихи жағдайларды суреттеп жазу шындыққа жауап бермейді. Жазба деректердің басым бөлігі сырткөз болып келеді. Сырттан жазылған дерек көздерінде қазақтың ішкі өмірі, рухани құндылықтары туралы тиянақты айтатын мәліметтер жоқ. Ал, қазақта өзінің үлкен тарихи көзқарасы, тарихи дәстүрі, тарихи әдебиеті, тарихи ой жүйесі бар. Оны сақтаған дерек қабаттарын көтеру, және оны тек жариялау ғана емес, сол ішкі дерек топтамалары жеткізіп отырған тарихи фактілерді тәпсірлеу, интерпретация жасау мәселесі өзекті болып тұр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ шежіресі төңірегінде зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері тарихнамада дұрыс бағаланған емес. Қазақ шежіресі мәселесіне революцияға дейінгі және кеңестік тарихнамада біржақты теріс көзқарас орын алғанын байқауға болады. Бұл жағдай жазба деректерге баса назар аударып, ауызекі деректерді күмәндана қабылдаудан қалыптасқан. Соның салдарынан шежіре мәселесі арнайы ғылыми толық зерттеуге алынбай, зерттеушілер шежіре деректерін қажетінше ескермей, ғылыми айналымда қолдануды шектеп келген. Дегенмен аты әйгілі А. Левшин [17], В.В. Вельяминов-Зернов [18], Н. А. Аристов [19], А. Харузин, Г. Загряжский, К. Иностранцев [20], В. В. Радлов [21], Н. Остроумов [22], А. Нестеров [23] тәрізді революцияға дейінгі ғалымдардың зерттеулерінде қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының шежірелік деректері осы халықтардың этникалық құрамын, рухани мәдениет құндылықтарын қарастыруға орай кеңінен қолданылды.
XVIII-XIX ғғ. түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен лингвистикасына байланысты деректерді жинақтау ісі аса қарқынды болды [24]. Бұл дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған көптеген ғылыми экспедиция мүшелері болған ғалымдар ынталылығын да танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми құнды деген мәліметтерді тіркеп жазды. Соның нәтижесінде қазақ, башқұрт, қырғыздардың этнографиясына байланысты жиналған ғылыми мұра сол болды. «Жылнамалар жинағын» жазған Рашид-ад-дин өзінің еңбегінде «біз түркі-монгол жұртының тарихын жазуға деректік негіз болған мәліметтер халықтың ерекше тобынан алынды», - деп жазды [25]. Халықтың тарихи жады сақтаған тарихи мәліметтер әртүрлі замандағы зерттеушілер үшін қызықты, құнды болған. Соның ішінде революцияға дейінгі тарихнамашылар да қазақ халқының тарихи фольклор деректерін қажетті деп тапты. «Тарихи шежірелерге патша үкіметі саяси мән беріп, жергілікті орындардан жинатып отырған, - деп жазды Ә. Х. Марғұлан [26, 231-232б.]. Қай заманда да солай болған. Көне замандағы парсылар мен гректердің өзара соғыс тарихын жазған Геродоттың өзі де парсылар дұшпандық қылған скифтердің шығу тегі, ел-жұрты, тұрмыс-тіршілігі мәселесін айналып өтпегенін білеміз [27]. Ш. Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин сияқты шежірелерді жинаған ғалымдардың топтамалары архивте сақталғанын Ә. Х. Марғұлан айтады. XIX ғ. соңы мен ХХ ғ. басында зор еңбек еткен ғалым Ә.А. Диваев (1856 1933) қазақ халқының фольклор үлгілерін мол жинады. Оның ішінде тарихи фольклор коры да көп. Ә.А. Диваевтың 1920 жылы Жетісу, Сырдария өніріндегі ғылыми жол сапарларында жинаған мұралары негізінен тек қолжазба күйінде қалып сақталған. Ә. A. Диваевтің негізгі еңбектері мыналар: «Этнографиялық материалдар (1910-1915)», «Казахские пословицы» (Ташкент, 1927), «Материалы по казаховедению» («Казахская народная поэзия» жинағында, Алматы, 1964). Ә.А. Диваевтың қолжазбаларыңдағы ауыз әдебиеті үлгілерінің біразы «Казахская народная поэзия» «Казақтың халық творчествосы» атты жинақтарда жарық көрді. Оның мұрасында ертегілер, халық поэзиясы, айтыстар, мысал өлеңдер, такпак, жаңылтпаш, салт өлеңдері.
Ал, Ә.А. Диваевтың қолжазбалар мұрасында көптеген корея сөз үлгілері жазылып сақталған. Революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде шежіре мәліметтері жалпы кеңінен қолданылды. Орыс зерттеушілері ол деректерді орны-орнымен пайдалана отырып, әсіресе халықтың этникалық тарихын зерделеуге жұмсады. Халық ортасында кең тараған тарихи фольклор деректеріне барлық авторлар тең көзқараста болған жоқ. Біреулері шежіре деректері дұрыс, біреулері бұрыс баға беріп, біреуі сын тұрғыдан, екіншісі тамсана қабылдады. Бірақ салмақты ғалымдардың ешқайсысы бұл деректерге назар салмай, айналып өте алмады. Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағының» деректерін және қазақ халқының ауызекі тарихи дәстүрі зерттеу мәселесі ғалымдардан Шыңғыстың әулеті мен түркі халықтарының этникалық жүйесіндегі ішкі байланысы, қазақ халқын құраған ру-тайпалардың тарихын жете зерттеу талабынан шықты. Тарихнамалық тұрғысында шежіре деректерін зерттеген осы зерттеушілердің құнын жоймаған еңбектеріне жақсы көңіл аударуымыз керек. Бұл зерттеулер өзінің тарихнамалық шығарма ретіндегі мағынасынан басқа ендігі күні деректердің қайнар көзі ретіндегі мәнге ие болғандықтан, оны арнайы тарау желісінде қарастырамыз. Жалпы, шежіре мәселесіне қатысты тарихнама желісі үш кезеңнен құралады: бірінші кезең - XVIII ғасырдағы авторлардың еңбектерін қамтыса, екінші кезең XIX-XX ғасырдың бірінші жартысы, ал үшінші кезең - кеңестік және посткеңестік тарихнамалық тәжірибесімен байланысты. Ойға алып зер салсақ, шежірелерді зерттеуде сүйенетіндей, шежірелерді терең қарастыратын біршама ғылыми мақалалар мен салмақты монографиялар бар: біріншісі - қазақтың ағартушы-ғалымдар Ш. Ш. Уәлиханов, Ә. Н. Бөкейхан, М. Дулатұлы [28], А.Б. Байтұрсынов [29] жазған еңбектеріне байланысты болса, екіншісі – шежіре деректерін этнография, этникалық тарих тұрғысынан зерттеп жазған В. В. Востров [30] сияқты кәсіби тарихшылардың зерттеулерімен байланысты.
XIX ғасырда қазақ шежіресі туралы мағынасы терең ғылыми мақала жазған қазақтан алғашқы шыққан ірі ғалым Ш. Ш. Уәлихановтың «Қазақ шежіресі» еңбегі елеулі. Бұл зерттеудің орны ерекше. Кезінде көптеген ғалымдар бұған үлкен баға берген, Абылайдың шежіресін толық түрде сақтаған Ш.Ш. Уалиханов. Оның шежірелер зерттеу мәселесіне орай жазылған мақалаларының ғылыми қолданбалы құндылығы аса зор. Бұл еңбек шежіре дәстүрінің көшпелілердің тұрмысы мен мәденисттіндегі орны, шежірелердің ғылыми мағынасы, ішкі мазмұны мен қызметі туралы терең ізденіс болып табылады. Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының тарихы мен этнографиясын, әдебиеті мен мәдениетін, әдебі мен дін, салт-дәстүрлерін зерттеуде істеген ерең еңбегі біздерге үлкен мұра болып отыр. Шоқан бұл деректерді өзі ғана жинап қоймай, сол кездегі қазақ ортасындағы көзі ашық, сауатты, қайраткер адамдарға да аманат қылды. Мәселен Баянауыл дуанының аға-сұлтаны болған М.Ш. Шорман да Шоқан білдірген тілектеріске асырып, көптеген шежірелер үлгілерін жинайды. Кейін М. Ш. Шорман жинаған шежірелер, танымал фольклор жинаушысы Г. Н. Потанинге берілген. Г. Н. Потанин бұл нұсқаларды өзінің шығармалар жинағына енгізіп, маңызды тарихи-фольклорлық дерек ретінде қарастырды, Ш.Ш. Уәлиханов қазақ халқының шежірелік мұрасын тұтас мәдениет деп қарады. Ол «бұл дастан шежірелердің барлығы, ішіндегі айтылып отырған оқиғалары да, мақал-мәтелдері де, халық әдеті де, қазақ халқының өткен тарихи және рухани өмірінің толық суреті бола тұра, қазақ тарихын жазу үшін де, оның шығу тегін анықтау үшін де таптырмайтын тарихи дерек болып табылады» - деп көрсетті [8].
Ә. Н. Бөкейханның шежірелерге орай жазған еңбектерінде шежіренің екі қыры туралы айтылады: бірі шежірелердің рулар генеалогиясын жер мәселесімен байланыстыру және хан-сұлтандардың ата-тек кестелері; екіншісі - шежірелердің тарих мәнісі мен мазмұны туралы. Ә. Н. Бөкейхан Шәкәрім шежіресіне баға берген зерттеушілердің бірі. Халықтың тарихи-геналогиялық өткен-кеткенін білуге халықтың құштарлығын сипаттай отыра, Ә. Н. Бөкейхан «қазақтың молласы болсын, қарасы болсын - шежіре білуге, бұрынғы өткеннің
тарихын естуге әуес халық… манағы «әуестік» қоймайды: қария адамдар қазақтың әсілін білуге һәр кімнен сұрайды» - деп жазады [31]. Ә.Н. Бөкейханның Төре шежірелеріне қатысты жинақтаған генеалогиялық деректернің орны ерекше. Әсіресе, оның «Қарақаралы уездінің рулық кестелер», «Кенесары сұлтанның тарихына қатысты материалдар», «Адай оязының қазақтары» атты еңбектері және Едіге, Бекет батыр, Ер Тарғын туралы әдеби-фольклорлық зерттеулері бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоймаған [14]. Ф.А. Щербина бастаған экспедиция құрамында зерттеу жұмыстары Ә. Н. Бөкейханның шежіре мен ұлттық тарихы тақырыбына ізденіс етуіне оң әсер етті. Дәл осы сияқты XX ғасырдың басына дейін көптеген зерттеушілер шежіре, фольклор, ауызекі айтылатын шежірелік дәстүрдің көптеген үлгілерін жинаумен айналысып, өз зерттеулеріне қосты. Қазақ генеалогиялары мен тарихи өткенін баяндайтын деректерді жинақтап сөйлейтін материалдарды жариялаған М. Тынышпаев 1925 жылы Ташкентте жарыққа шыққан «Материалы к истории киргиз-казакского народа» [13] атты еңбегінде қазақ руларының жүйесі, шығу тегі, ата-тек кестелері мен халық санына байланысты мәліметтерді құрастырып зерттеген. М. Тынышпаевтың шежірелер зерттеу ізденістеріне А. Харузин, Н.А. Аристов, академик В.В. Бартольдтің еңбектері қатты әсер еткені белгілі, М. Тынышпаев бұл еңбекте орыстың шығыстанушы ғалымдарының еңбектерімен жақын таныса отыра, олардың зерттеу әдістерінен де алған тәлімі көп болды.
Шежірелер туралы жазылған еңбектерді ішкі мазмұны мен жазу стиліне
орай да жіктеу мүмкіндігі мол. Олар негізгі мәнісі тұрғысынан ғылыми-танымдық (зерттеушілік), әдеби-фолькорлық (көркемдік, даналық сипаты); өлкетану-публицистикалық (пікір айту, көпшілікке таныту) сияқты үш түрлі жағымен үш бағытта дамыды, Әртүрлі еңбектерде осы құстардың барлығы болғанымен, кейінгі бағыты басымдау, Кәсіби тарихшылардың қатарын шежірелік деректі қолдануына орай археология, этнография, тарихнама мен деректану сияқты ішкі тарих салаларына қатысты үш топқа бөліп қарастырған дұрыс. Қазақстандағы тарихи деректану мен тарихнама шығыстанушылық зерттеулерімен тығыз байланыста дамудың өзіндік ішкі объективтік себептері
бар екені белгілі. Бұрынғы ресейлік ғалымдардың ішінде шығыстық тарихи шығармалардың мәндік мәселелерімен ерекше ден қойып айналысқандар қатарында A. Самойлович (1880-1938) [32], Н.Ф. Катанов (1862-1922), Г. Вамбери (1831-1913) снякты зерттеушілер болды. Сондықтан бұл бағыттағы Ресей орненталистикасындағы жетістіктерді ескермей аттап өтуге болмайды. Ресейдің шығыстанушы ғалымдарының ішінде Орталық Азияның деректеме мен тарихнама дәстүрлерін терең зерттеген ғалымдар көп. Оларды жеке қарастыру қажет. Орта Азиядағы ортағасырлық шығармалардың мәліметтерін қытай деректемелерімен алғашқы салыстырулар жасап зерттеген Н. Я. Бичурин
[33] болды. Оның ізімен еңбек еткен синолог ғалымдар Н. В. Кюнер [34], В. С. Таскин [35] сияқты ғалымдар өшпес еңбек етті. Әбілғазы баһадүр ханның «Шаджара-йи түркі» еңбегіне ерекше зерттеп, үлкен баға бергендердің бірі А.Н.
Кононов болды [36]. Араб деректеріндегі түркілер туралы деректер туралы зерттегендердің бірі А. Зайончковский [37], ал шығыс деректері негізінде Моғолстанның қазақ пен өзбек қарым-қатынастары туралы зерттеулерді жүргізген ғалымдардың бірі О, Ф. Акимушкин еді [38]. Тарихи мазмұн тұрғысынан шежірелердің деректеріне аса зор көңіл бөлген Ә. Х. Марғұлан мен E. Бекмаханов [39], М. Вяткиндердің [40] есімдері алдыңғы қатарда тұр. Ортағасыр дәуірі тарихына қатысты қазақтың шежіресін қолдану нәтижелілігін
дәлелдеген ғалымдар осылар болды. Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми мұрасындағы ең мол тақырып қазақ шежіресі болып табылады, Ол қазақ тарихы мен этнологиясын, археологиясы мен өнерін, көшпелілер төл мәдениетін жан-жақты, кешенді әрі терең зерттеу ісінде қазақтан шыққан алғашқы ғалымдардың бірі болды. Бұған дейін қазақ тарихы мен мәдениетін осындай қомақты әрі тұтас түрде зерттеген зерттеуші болды деп айту қиын. Ленинград қаласында білім алу барысында ол Д. Позднеев, В. В. Бартольд, В. Григорьев, В. Радлов сияқты атақты орыс шығыстанушыларының еңбектерімен
мұқият танысқан [41]. Ә. Х. Марғұланның барлық дерлік ғылыми зерттеулері де қазақ шежіресі мәселелерімен тығыз байланысты болып, оның ғылыми мұрасында шежіре мәселесі үлкен орын алады. Оның қазақ тарихына байланысты алгашкы ғылыми казак рулары («Адай елінде» «Наймандар»), казак тарихшылары («Қазактын тарихшысы М.Ж. Көпеевтің әдеби мұрасы», «Мұхаммед-Хайдар - қазақтың тарихшысы»), қазақтың жыр дәстүрі («Халық жырын туғызудағы мотингерю, «Эпос жыры т.б.) турасында жазылғаны белгілі [42]. Е. Бекмаханов өзінің тарихи зерттеулерінде Кенесары хан Қасымұлының орыс отаршылдыгына карсы соғысындағы тарихын жазуда қазақтың қария сөзін қолдану қажеттілігін дәлелден, қазақы тарихи деректерді қолданса, М. Вяткин қазақтың ауызекі тарихи-шежірелік деректерін Сырым батыр Датұлының қозғалысын зерттеуге пайдаланды. Қазақстандағы шығыстанушылық зерттеулер XIX ғаырдағы Ш.М. Уалиханов бастау алып, ХХ ғасырда жақсы дамыды. Ғылым үшін үлкен жетістіктің бірі С. К. Ибрагимов, Н. Н. Миигулов, К. А. Пишулина, В.П. Юдин тәрізді бір топ қазақстандық ғалымдардың 1969 жарыққа шығарған үлкен еңбекпен байланысты. Олар дайындаған қазақ хандығы дәуіріне қатысты дерек үзінділері жинағы, орыс тіліне аударылған 17 құнды тарихи-деректік құжатты қамтыды. Жалпы, шежірелердің тарих, деректану және тарихнама пәндеріне орай зерттеудегі орны туралы тиянақты айтып кеткен С. Жакыпбеков [43, 34б], М. Қойгелдиен [44], және т.б. зерттеушілер болды. Парсы және түркі тілінде жазылған тарихи туындыларына шолу, олардың деректік маңыздылы, мәліметтердің кеңінен қолданылуы X. Әбусейітова, Ю. Г. Баранова [45] еңбектерінде берілген. Шежірелік дәстүрді жалғастырушы XIX ғасырдағы қазақ тарихшылары терең мұсылмандық білімі бар, ислам қағидаларына жетік болған. Сондықтан шежірелік тарихнама. негізінен мұсылмандық әдеп, исламдық мәдениет құндылықтары тұрғысынан жазылған. Мұның өзі шежірелік танымды ұғынуда бір жағынан теологиялық зерттеулерге сүйенуді қажет етеді. Орталық Азияның тарихнамалық дәстүрін, тарихи деректерін осипатта зерттеу тәжірибесі А.Қ. Муминовтың [46], зерттеулерінде орын алады. Қазақ халқының этногенез мәселесін қарастырған М. Ақынжанов [47], еңбектерінде ерте және ортағасырлық тарихтағы ескі рулардың, халықтардың қазақтың шығу тегіне қатысы туралы айтылады. М. Ж. Көпейұлының шежірелік мұраларын жария ету, оның мазмұнындағы тарихи тұлғалар туралы ізденістер Е. Қ. Жүсіповтың еңбектерінде жүргізілген. Оның мақалаларында тың шежірелік деректер де жарыққа шықты [48]. Қытай, манчжур және моңғол деректерін зерттеп, аударып жеткізіп отырған.
А. Оразбаеваның қазақтың дәстүрлі билер институты [49] мен көшпелілер өркенниетін зерттеуге арналған еңбектері [50] және С.А. Едилханованың [51] казак-жоңғар қарым-қатынастарын (бұл деректер топтамасы қазақ шежірелерінде үлкен орын алады) зерттеуге арналған монографиясы жаңаша кезкарастағы ғылыми зерттеулер қатарында, Көшпелілерге тән тарихи фольклордың, шежірелердің әдеби қырынан зерттеу отырып, оның тарихи астары туралы сөз еткен Ә. Қоңыратбаев [52], т.б ғалымдар болған еді.
Қазіргі уақытта нақты казак шежірелерін зерттеген шетелдік әріптестер болмаганымен, олардың ішінде жалпы аузекі тарихи дәстүр, тарих айту, сондай-ақ Алтын Орда дәуірінен бергі уақыттағы түркі-моңголдардың ақсүйек (чингизидтер, тимуридтер, шайбанидтер, маңғыттар) әулеттерінің шежіресімен шұғылданушылар баршылық, Сонымен бірге, шетелдік ғылыми басылымдар қатарында қазақтын жүздік, ру-тайпалық құрылымдары туралы баяндап, азғана талдау жасайтын еңбектер кездеседі. Мәселен, 1938 жылы баспадан шыққан Альфред Хадсонның еңбегінде қазақтың дәстүрлі әлеуметтік құрылым зерттеуге алынған [53], Ал 1963 жылы жарық корген Лорен Крэйдердін гылыми еңбегінде түркі-монғол халықтарының әлеуметтік ұйымы туралы зерттеу жұргізілген [54]. Бұл басылымдарда көшпелі қазақтың рулары құрылымын көрсететін әртүрлі кестелер мен олардың қоныс орындары карталарға түсірілген. Кеңестік уақыттың озінде батыстың ғылыми ілімдеріне артық көңіл бөліп, олардың жасаған ғылыми адістеріне төселген зерттеушілер де болды.
Осы аталған зерттеушілер өз еңбектерінде шежірелік деректері туралы әртүрлі пікірлер білдірді, шежірелік мәліметтерді ғылым мақсатқа қолданды, бірақ қазақ шежірелерін нақты тарихи дерек ретінде қарастыруға арналған еңбек болған жоқ.
Зерттеудің ғылыми мақсаты - қазақ шежірелерін тарихи дерек ретінде зерттеу, сол арқылы шежірелердің өткен тарих туралы қазақ ортасында білім мен таным қалыптастыруын, тарих айту дәстүрінің қызметін, шежірелік мәтіндердің сыртқы және ішкі байланыстарын, олардың жасалуына әсер еткен заман ықпалын анықтау болып табылады. Зерттеуге алынған ғылыми мақсатқа орай біз өз алдымызға қазақ шежірелерінің деректерін, тарихнамалық фактілерін
Достарыңызбен бөлісу: |