Абай бала тәрбиесі жайлы пікірімен бастайды. Бұл мәселені қазақ арасына кеңінен жайылған түсінік тұрғысынан талдайды. Қазақ баланы орнымды бассын, артымнан құран оқысын, қартайғанда асырасын деген үш тілекпен өсіреді. Абай осы үш тілектің әрқайсысын талдап көрсетеді. Бірінші, балам орнымды бассын дегенде артыңда қалар дүние, малыңды өліп бара жатқанда да қызғанамысың, жатқа қимайтындай нең бар еді дейді. Және өмірлік үлкен бір ақиқатты айтып өтеді. Ол – жақсы баланың қызық, жаман баланың күйік болатыны. Балаңның қандай боларын қайдан білдің деп түйіндейді өз ойын Абай. Екінші, өмірде жақсылық қылған адамың көп болса, өлген соң солар құран оқып, тілеуіңді тілейді. Ал егер жасаған жаманшылығың көп болса, балаң оқыған құран да саған көмектеспейді дейді. Үшінші, қартайғанда асырасын деген тілеудің орындалуы үшін ата-ана қартаярлық жасқа жетуі керек, әке-шешесін бағарлық баланың бойында мейірім болуы қажет, әкеден қалған малы болмаса ол бала да асырай алмайды, ал малы бар болса, жат та бағып, күтеді екен. Жалпы баланың мал табар немесе мал шашар болып өсуі және бар. Сондықтан осы тілеумен өсірген баланың осы тілектерге жеткізер, жеткізбесі екіталай деген ой қорытады ойшыл. Бұл қара сөзде Абай туралап айтатын тағы бір ақиқат бар. Ол – балам жақсы болсын деген ата-ана өзі сол балаға жақсы тәлім-тәрбие бере білу керектігі. Әке-шешенің өзі жас күнінде алдап, қу, сұм бол деп, жаман қылықтарға үйір қылып өсірген баладан соңында қандай қайыр күтуге болады? Сонымен қатар, оныншы қара сөзде Абай құдайдан мал тілеп, бірақ оны орнымен жаратпайтындар жайлы да сөз етеді. Құдайдың берген қуаты, ғылымы мен ақылын адам баласы орнымен жұмсаса алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы жоқ екендігін қарапайым мысалдармен дәлелдеп береді.
АБАЙДЫҢ НЕШІНШІ ҚАРАСӨЗІ?
Достарыңызбен бөлісу: |