Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. Тақырыбы



бет1/4
Дата17.06.2024
өлшемі105.1 Kb.
#502635
  1   2   3   4
Тәрбие сағаты


Тәрбие сағаты. Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Перейти на сайт
Зарегистрироваться
Шәкірттерге ата-бабамыздан қалған шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым мен тиым сөздерді насихаттау мақсатында тәрбие сағаты жоспарын ұсынып отырмыз. 
Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар,ойындар.
Түрі: танымдық кеш
Әдісі: сұрақ- жауап, пікірлесу.(«Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді)
Барысы:
1. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ой толғаныс
.
-Құндылық дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Бейнеролик көрсету
Кешті екі жүргізуші бастайды
Жүргізушілер ортаға шығады.
Рамазан:-Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім — Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.
Ұлболсын:-Елбасымыз:«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» деген болатын. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз.
Рамазан:— «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.
Ұлболсын:-Дұрыс айтасың, Рамазан. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет