«Шемонаиха ауданының 2014 жылғы 9 айындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы»
АҚПАРАТ
-
Өнеркәсіп
-
жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауданда 29,5 млрд.теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылды, ол өткен жылдың деңгейіне 133,9 %. Табиғи көлем индексі 127,6 % құрады.
Аудан өнеркәсібінің негізгі үлесін тау-кен өндірісі алады (70,8 %), онда өткен кезеңде сомасы 20,9 млрд.теңгеге өнім өндірілді, ол өткен жыл деңгейіне 133,9% құрайды.
Қолданыстағы бағадағы табиғи көлем индексі – 123,7 %. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өндірілген өнім: мыс концентраты – 94,7 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 167,9 %); мыс концентратындағы мыс – 19,3 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 173,9 %), мырыш концентраттары – 61,4 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,5 %), мырыш концентратындағы мырыш – 27,9 мың тонна (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 108,1 %).
Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнен 26,9 % алады. Салада сомасы 7,9 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, ол 2013 жыл деңгейіне 118,9 % құрайды. Сала бойынша ТКИ – 126,8 %.
Сомасы 4,02 млрд.теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді, ол 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 87,3% құрайды. Табиғи көлем индексі 101,4 % құрады.
2. Ауыл шаруашылығы
АӨК дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруды талдау 2014 жылы аудан бойынша сомасы 710,4 млн.теңгеге 8 жоба іске асқанын, оның ішінде 7 жоба меншікті қаражат есебінен, бір жоба БЖК бағдарламасы бойынша екенін көрсетті. Іске асқан жобалар «ҚазАгроҚаржы» АҚ негізгі инвестициялық бағыттарына сәйкес келеді.
«Көкөніс қоймасы желісін құру» бағыты бойынша
«ВК Житница» ЖШС меншікті қаражаты есебінен жалпы сомасы 80 млн.теңгеге сыйымдылығы 4000 тонна көкөніс қоймасы салынды.
«Жем өндірісін дамыту» бағыты бойынша
«Шемонаиха ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС «Бизнестің Жол Картасы 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 530,4 млн.теңгеге өндірістік қуаты тәулігіне 600 тонна құрама жем өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды.
«Камышинское» ШҚ меншікті қаражат есебінен жалпы сомасы 80 млн.теңгеге шағын құрама жем зауытын жөндеді, қуаттылығы тәулігіне 96 тонна.
«Астық қоймасының құрылысы» бағыты бойынша
Глушков ШҚ Выдриха, Зевакино, Каменевка, Первомайский және Разинский ауылдық округтерінде жалпы сомасы 20,0 млн.теңгеге жалпы сыйымдылығы 6480 тонна 5 астық қоймасы салынды.
Іске асқан жобалар ауданның АӨК дамуының жоғарғы деңгейін және ауыл шаруашылығының дамыған инфрақұрылымын құру үшін аул шаруашылық құрылымдарының меншікті қаражатының пайдаланылуын көрсетеді.
АӨК дамуының басқа бағыттары бойынша жағдай келесідей:
Барлығы 5330 мал басына арналған әрекет ететін сүтті-тауарлы фермалар саны 13.
Шағын құс фабрикалары 2, жалпы саны 100 бас. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 700 бас құс алу жоспарланған.
Жалпы сыйымдылығы 9000 тонна 4 көкөніс қоймасы бар.
Жалпы саны 5930 басқа арналған дамыған инфрақұрылымы бар мал бордақылау алаңдарының саны 13.
Жалпы саны 11,010 басқа арналған асыл тұқымды мал шаруашылығының (репродуктор) саны 6.
Тірідей салмақта 3888,4 тонна (101,3 %) ет, 33,7 тонна (102,8%) сүт, 6 369,8 мың дана (100,1 %) жұмыртқа өндірілді.
ІҚМ мал басы – 28925 бас (101,8 %), оның ішінде қой және ешкі- 14224 бас (103,2 %), шошқа – 12508 бас (65,2 %), жылқы – 3344 бас (104,1 %), құстар – 78443 бас (102, 1%) құрады.
Аудан шаруашылықтары алған субсидиялар:
тыңайтқыштар бойынша 39,2 млн.теңге.
ауыл шаруашылық дақылдарын гербицидтермен өңдеуге 90,3 млн.теңге.
ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге кеткен шығындардың орнын толтыруға 292,9 млн.теңге.
мал шаруашылығының өнімділігін және өнімділіктің сапасын көтеруге 288,0 млн.теңге.
асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 40,94 млн.теңге.
БАРЛЫҒЫ – 751,3 млн.теңге
Есеп беру күніне жалпы астық жинау 147,5 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік 18,1 ц/га (2013 жыл – жалпы жинау – 162,2 мың тонна, орташа өнімділік – 20,7ц/га).
Күнбағыс 4,5 мың га жиналды, жоспарланғаннан 11,9%, жалпы жинау 7,1 мың тонна, орташа өнімділік 15,8 ц/га (2013 жыл – жалпы жинау – 10,3 мың тонна, орташа өнімділік – 17 ц/га).
Рапс 2,7 мың га жиналды, белгіленгеннен 99,2%, жалпы жинау 3,2 мың тонна, орташа өнімділік 11,9 ц/га.
Картоп 1,5 мың га алаңнан жиналды, жалпы жинау 22,5 мың тоннаны құрады, орташа өнімділік 150 ц/га (2013 жыл – жалпы жинау – 43,4 мың тонна, орташа өнімділік – 261,4 ц/га).
57,4 мың тонна шөп дайындалды, қажетті көлем 57 мың тонна (100,7 %), 13,9 мың тонна пішендеме (жоспардан 100 %), 62,5 мың тонна сүрленген шөп, 5,5 мың тонна сабан дайындалды.
16,2 мың тонна тұқым себілді. 62,5 мың тонна сүдігер жыртылды. 2,9 мың га жерге күздік дәнді дақылдар егілді, оның ішінде: 1,3 мың га алаңға қарабидай, 1,6 мың га жерге күздік бидай, 0,05 мың га жерге рапс егілді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 10269,8 млн.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) табиғи көлем индексі – 104,9 %.
3. Шағын бизнес
Аудан бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4238, 2013 жылдың сәйекс кезеңінде 3746, өсім 113 % құрады.
ШОБ түскен салықтық төлемдер:
2013 жыл – 993,9 млн.теңге
2013 жылғы қаңтар-тамыз – 630,4 млн.теңге
2014 жылғы қаңтар-тамыз – 850,9 млн.теңге, 135 %.
Ауданда 225 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2013 жылғы деңгейге 94,9 % (237 бірлік).
Әрекет ететін кәсіпорындар саны – 148 (жалпы көлемнен 65,8 %, 2013 жылғы деңгейге – 98 % (151 бірлік).
Оның ішінде белсенділер саны – 127 бірлік ( 2013 жылғы деңгейге 89,4 %).
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2010-2014 жылдары аймақтық үйлестіру кеңесі жолаушылар автокөлігін және құрал-жабдығын сатып алуға бағытталған кәсіпкерілк субъектілерінің 8 өтінімін мақұлдады, оның ішінде 2 ірі жоба 320,0 млн.теңгеге «Востоксельхозпродукт» ЖШС және 520,0 млн.теңгеге «Шемонаиха ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС бойынша.
Даму Қоры АҚ гранттары аясында автомобиль тіркемелерін дайындайтын өнеркәсіп алаңының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталды.
«Өндіріс 2» бағдарламасы бойынша «Востоксельхозпродукт» ЖШС жоба іске асып жатыр.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 6476,6 млн.теңгені құрады, 2013 жыл деңгейіне 109,5 %.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен
Бағалауға дейінгі есеппен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 7 262,6 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 74,6 %. Артта қалу себебі: 2013 жылғы мамырда Артемьев өндірістік алаңында кен тасу үшін жылжымалы состав (ашық жартылай вагондар) сатып алынған, салынған қаржы көлемі 4100,0 млн.теңге. Аталған салым есепке алынбағанда 2013 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестицилар көлемі 5 629,5 млн.теңгені құрады. 2014 жылдың 1 жартыжылдығы деңгейінің серпіні 2013 жылдың 1 жартыжылдығының деңгейіне (4100,0 млн.теңгені есепке алмағанда) – 129 %.
Құрылыс – монтаждау жұмыстарының көлемі – 3629,9 млн.теңге, өткен жыл деңгейіне 120,9 %.
Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде жалпы ауданы 8025 шаршы метрді құрайды (116,3 %).
-
Бюджет
2014 жылғы қаңтар- қыркүйек айларында жеке табыс бойынша аудан бюджеті 105,8 % орындалды, жоспар бойынша 890,1 млн.теңге, нақты түскені 942,1 млн. теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,5%).
2014 жылғы 1 қазанға аудан бюджеті бойынша берешек 0,3 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6 млн.теңгеге төмен (2013 жыл – 0,9 млн.теңге).
Қосымша кіріс көзін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
1. Алгоритм іс-шараларын орындау бойынша ақпаратты ұсыну мерзімі жөнінде мәліметтер дайындалды.
2. Мүлік салығы бойынша қосымша резервтерді іздеу жөнінде жұмыс тобы ұйымдастырылды.
3. Аудан әкімі орынбасарының басшылығымен 12 отырыс өткізілді.
Резервтерді анықтау жөнінде жұмыс 8 тапсырма бойынша жүргізіледі.
2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қосымша түсім 24,7 млн.теңгені құрады, (өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 106,5 %).
8 тапсырмадан 6 бойынша резервтер анықталды:
1.Есепке алынбаған жұмысшыларды анықтау – 2,8 млн.теңге, төлеуге 28 төлеуші тартылды.
2. Көлік құралдарына салық бойынша резервтерді анықтау – 9,9 млн.теңге
3. Мүлік салығы және жер салығы бойынша резервтерді анықтау – 1,3 млн.теңге
4. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша резервтер анықтау – 4,9 млн. теңге.
5. Жер телімдерін сату және жер телімдерін жалға беру құқығын сатудан резервтерді анықтау – 5,7 млн.теңге.
6. Инвестициялық жобалар қатысушыларының салықтық міндеттемелерін уақытында орындауын бақылау – 0,1 млн.теңге.
Алгоритмдер бойынша 2014 жылға күтілетін түсім 30,0 млн.теңге, өсім 100,7 %.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,7% орындалды: жоспар бойынша 3667,1 млн.теңге, нақты игерілгені 3655,0 млн.теңге, шоттардағы қалдықтар 12,1 млн.теңгені құрады.
6. Халықты жұмыспен қамту
2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында орташа номиналды еңбекақы 95381 теңгені құрады. Аз қамтылған азаматтар саны 723 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына 837 адам).
2014 жылғы 9 айда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 191 адамды құрады (2013 жылдың 9 айында – 192 адам).
Талданып отырған кезеңде 382 жұмыс орындары құрылды, өткен жыл деңгейінен 154,6 % жоғары (2013 жылдың 9 айында – 247 жұмыс орны). Жыл соңына дейін 469 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 42 % (2014 жылы – 172 адам, 2013 жылы – 299 адам), тұрғын үй көмегі – 12,7 % (2014 жылы – 378, 2013 жылы – 433 адам), балалар жәрдемақысы – 22 % (2014 жылы – 131, 2013 жылы – 168) азайған.
Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында келесілерге бағытталған іс-шаралар іске асырылуда:
- әлеуметтік жұмыс орындары – 56 адам, жоспар бойынша 25 адам, оның 20 жастар;
- жастар тәжірибесіне – 24 адам, жоспар бойынша 30 адам.
- жартылай жұмысбасты жалдамалы жұмысшылардың біліктілігін көтеруге – 30 адам, жоспар бойынша 25.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 адам;
- жастар тәжірибесіне – 3 адам.
Қоғамдық төленетін жұмыстарға 266 адам қатысты. «А/ш өндірісінің тракторист-машинисті» (19 адам) және «Электргазбен дәнекерлеуші» (10 адам), «Азық-түлік тауарларының сатушысы» (10 адам) мамандықтары бойынша 39 жұмыссыз азаматтар кәсіби дайындықты аяқтады.
2014 жылы 86 қарыз алушыға сомасы 221,5 млн.теңгеге мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ара шаруашылығын, туризмды дамытуға, наубайхана, дәнекерлеу цехын, тігін ательесін, күнбағыс майын өңдеу цехын, косметикалық салон ашуға, корпустық жиһазды, ағаш өңдеу цехын кеңейтуге, төлем терминалдарын орнатуға, ауыл шаруашылығы үшін мамандандырылған техника сатып алуға, жүк және жолаушылар тасымалына шағын кредиттер берілді.
Жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды азайтуға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының әсер етуі
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Жұмыссыздар саны
|
218
|
215
|
189
|
191
|
Аз қамтылғандар саны (АӘК алушылар саны бойынша)
|
494
|
319
|
233
|
172
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті азаматтар
|
180
|
103
|
80
|
57
|
Шағын кредит алушылар саны
|
-
|
1
|
14
|
4
|
7. Білім беру
Орта жалпы білім беретін мемлекеттік ұйымдар желісі 24 бірлікті құрады, оқушылар саны 5169 оқушы.
Балабақшалар саны 9 бірлік, шағын орталықтар – 18 топты қамтитын 14 бірлік. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100 % құрайды, мектепке дейінгі ұйымдарға 0-ден 3 жасқа дейін 546 бала тізімде тұр.
8.Денсаулық сақтау
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2014 жылдың талданып отырған кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға азайды және 22 жағдайды құрады, (2013 жыл– 27 жағдай); 100 мың тұрғынға 46,9, 2013 жыл – 57,6.
Бала өлімі 2 жағдай, (2013 жыл – 8 жағдай).
Тиісті кезеңде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
9. Құқықтық тәртіпті сақтау
2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында аудан аумағында 385 қылмыс тіркелген, 2013 жылғы ұқсас кезең деңгейінен 18,6 % төмен (2013 жылғы қаңтар- қыркүйек - 473).
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің басшысы А. Самойлова
Достарыңызбен бөлісу: |