Дүние жүзінде қолданылатын тыңайтқыштар аммофос 46% P



бет1/18
Дата02.04.2023
өлшемі1.09 Mb.
#471618
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ДК-1 экстракц. фосфор печатано


КІРІСПЕ

Біздің елімізге, яғни ауыл шаруашылығына 1,7 млн.тонна (ал толық есеп бойынша 3 млн. тонна) тыңайтқыш қажет етіледі. Олардың ішінде 400 мың тонна қос суперфосфат, 300 мың тонна аммоний селитрасы, 180 мың тонна NP тыңайтқышы, ал қалғандары аммофос және т.б.


Бұл тыңайтқыштарды алу үшін негізгі шикізат жартылай өнім – экстракциялық фосфор қышқылы қолданылады.
Дүние жүзінде қолданылатын тыңайтқыштар аммофос (46% P2O5; 10% N), жоғарғы сапалы амофос (52; 12%), екі аммоний фосфат (46; 18%), қос суперфосфат (46%), NP (23; 23%).
Біздің өндірісте шығарылатын аммофостың құрамында 45% Р2О5, 9% N бар. Қалған тыңайтқыштар алынбайды, себебі оларды алуға қолданылатын экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФҚ) құрамында қоспалар (Al Fe Mg) бар. Бұл қоспалардың барлығы соңғы өнімнің құрамындағы Р2О5 және N мөлшерін төмендетеді. Демек, ЭФҚ-ның құрамындағы қоспаны бөліп алу, ал таза ЭФҚ сапасы жағынан дүние жүзілік деңгейдегі тыңайтқыштарды алу мәселесі бүгінгі күні өте маңызды болып отыр.
Бүгінгі күннің негізгі міндеті болып жоғары қосымша құны бар жоғары технологиялық экспортқа бағытталған және инновациялық өнімдерді шығаруға бағытталған химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өндірісін дамыту болып табылады.
Жоғары қайта бөлудің химия өнімдерін өндіру мақсатында шикізатты кешенді өңдеуді мына бағыттар бойынша ұйымдастыру:

  • органикалық химия өнімдері: полиэтилен және полипропилен өндірісін, сондай-ақ жоғары қайта бөлу өндірісін ұйымдастыру;

  • органикалық емес химия өнімдері: минералды тыңайтқыштарды шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру, оның ішінде азот-фосфорлық, калий, кешенді; каустикалық сода; күкірт қышқылы өндірісін ұлғайту;

  • арнайы химикаттар және тұтынушы химия: жарылғыш заттарын өндіру; синтетикалық жуу құралдарын; биопрепараттар мен гуматтар; қышқылсыз технология бойынша фосфор қамтитын туктар.

Сондай‑ақ, полимерлі құрылымдық материалдарды, агрохимия құралдарын, антипирендер, флотореагенттер, тұрмыстық химия, отынға жапсырма және құрылыс, химия, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, машина жасау және экономиканың басқа да салалары үшін жоғары технологиялық өнімдерінің өндірісі ұйымдастырылатын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында азот‑фосфорлық тыңайтқыштарды өндіру бойынша зауытын салу жобасын энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Жамбыл облысында кешенді минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша зауытын, Оңтүстік Қазақстан облысында азот‑фосфорлық тыңайтқыштарды өндіру бойынша зауытын салу жобасын көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Өндірісті реттеу және прекурсор айналымы саласында олардың химия өнімдерінің құнына ықпал етуін төмендету және рұқсат алуға уақытын үнемдеу мақсатында рәсімдер ықшамдалатын болады. 
Еңбек өнімділігінің жоғары көрсеткіштеріне және өндірістің энерготиімділігіне жету мақсатында тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдерді дайындауға және енгізуге гранттар бөлінетін болады.
Жаңа химиялық өнімдерді құру, химия кәсіпорындарының технологиялық проблемаларын шешу, басқа салалар кәсіпорындарында химия өнімдерін пайдалану бойынша қолданбалы ғылыми‑зерттеу бағдарламалары іске асырылатын болады.
Минералдық тыңайтқыштардың тұтынуын ынталандыру үшін ауыл шаруашылық өндірушілерді қаражаттандыру көлемдері арттырылатын болады.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, шешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.
Экстракциялық фосфор қышқыл өндірісін экологиялық тиімсіз деп айтуға болады. Өйткені өндірістің барлық технологиялық процесінде шикізатты алудан, оны өңдегеннен кейін де биосфераға үлкен шығын келтіреді. Шикізатты алу, қазу жүмыстары арқылы жасалады, соңында үлкен карьерлер, үңгірлер пайда болады, ол жерден жел арқасында фосфор рудасының бөлшектері көптеген километрлерге таралады және өндірістен қатты қалдық ретінде көп көлемді фосфогипс, әкті алып шығады. Бұлардың да тікелей немесе жанама түрде биосфераға таралатыны белгілі.
Өндірістің қатты қалдықтарынан бөлек үйымдасқан және ұйымдаспаған газ тәріздес тастанды қалдықтарының атмосфераға тасталуы әлі күнге дейін шешілмеген мәселе болып тұр. Оның кұрамына аммиак, азот оксиді, фтордың әртүрлі қосылыстары шаң және т.б. кіреді. Өндірістің өнімділігі қаншалыкты үлкен болса, шығарылатын қалдық та көп болады, және біздің қоршаған ортаға келтіретін зияндылық та көп болады. Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерден түсінетініміз - бұл өндіріс саласында қалдықсыз технологияны ойлап табу, қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып түр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет