Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы және болашағы туралы
Үстіміздегі жылдың 9 айында Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары оң беталыста екендігін куәландырады.
Өнеркәсіпте өнім көлемі 116 % өсті, жыл қорытындысы бойынша 117 % өсу қарқыны күтілуде.
«Ертіс сирекжер компаниясы» ЖШС өндіріс көлемінің төмендеуі шикізат жеткізу және шығарылатын өнімге әлемдік баға мәселелеріне байланысты, ауданның басқа барлық өнеркәсіп кәсіпорындары қалыпты жұмыс істейді.
Ауданда индустриалды-инновациялық дамудың 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Индустрияландыру картасының аясында өткен жылдың қазан айында «Триумф-Агро» АӨК ұн тарту және жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру жобасы пайдалануға енгізілді. Үстіміздегі жылдың тамыз айында облыстық Үйлестіру кеңесінде Индустрияландыру картасына енгізу үшін ауданнан тағы да екі жоба таныстырылды: «Николаев байыту комбинатын қайта қалпына келтіру» және «Востоксельхозпродукт» ЖШС өндірісті жаңғырту – дезодорация, әктеу және сұйық майды рафинадтау цехын салу». Бірінші жоба аясында 1,5 млдр.теңге игерілді, цикларалық флотация технологиялық жүйесін қайта жөндеу және қосу бойынша жұмыс жүргізілді. «Востоксельхозпродукт» ЖШС өндірістік үй-жайлар салу және жабдықтарды монтаждауы аяқталуда. «Вавилоновское» кен орнында полиметалдық кенді бірлесіп іздестіру және қазу» және «Выдриха кен алаңынан шығысқа қарай полиметалдық кенді іздетіру және қазу» жобалары бойынша қойнауларды пайдалануға келісімшарттарға қол қою аяқталуда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 488 млн. теңге сомада 8 жоба іске асырылуда.
2013 жылы шекара маңындағы сауда логистикалық көліктік-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарлануда.
9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға түскен инвестициялар 53% құрады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 1,6 млрд.теңге, өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. 9 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй енгізілді, өсу қарқыны 12%.
«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының аясында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, 30 коммуналдық үй сатып алынды.
Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 9,2 млрд. Теңгеге өнім өндірілді. Өндірілген өнім көлемінің көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінен жоғары, барлық түрдегі мал басының санының өсуі қамтамасыз етілді.
Ауданда дәнді-дақылдарды жинау аяқталды, өсімдік шаруашылығы саласындағы өнімділік көрсеткіші мынадай: бидай өнімділігі – гектарына 15,8 центнер, күнбағыс – 15,3 центнер, өткен жылғы деңгейден 20 және 80% жоғары.
Қысқы мал азығына жем шөп толық көлемде дайындалды.
Ауданда суғарылатын жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жақсы қарқынмен жалғасуда.
«Иртыш ТАНур плюс» ЖШС үш тапшылап жаңбырлату машиналармен 240 гектар аз өнімді егістік суғарылды. Суғарылатын жерлердің ауданы 3 жылда 2,7 есе артты. 2015 жылға дейін шаруашылық суарылатын жер ауданын 500 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. «ВК Житница» ЖШС 272 гектар алаңда аз өнімді жерлерді жасанды суландыру бойынша жобаны іске асыру басталды. Телімді жоспарлау жасалды, құбырлар салынуда, үш суландыру машинасы мен сорғы станциясын орнатуға келісімшарттар жасалды.
Жалпы ауданның ауыл шаруашылығында саланың өнімділігін ұлғайтуға бағытталған сомасы 75 млн. теңгеде 7 инвестициялық жобалар іске асырылды. Аудан шаруашылықтарымен сомасы 170 млн.теңгеге 31 бірлікте техника сатып алынды. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында микрокредиттеу желісі бойынша 230 бас ІҚМ сатып алынды.
Жерлерді тиімді және сапалы пайдалану мақсатында өткен жылы 39 шаруа қожалығы жалпы аумағы 6000 гектар жер телімдерін ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының жарғылық капиталына салым ретінде берді.
2013 жылға сала бойынша жоспарда келесі инвестициялық жобалар іске асырылады:
-
«Камышинское» ЖШС құрама жем зауытының құрылысы
-
«Рулиха» ЖШС 800 басқа арналған сүт-тауарлық ферма құрылысы
-
«ВК Житница» ЖШС өнімділігі төмен жерлерді жасанды суару.
Аудан экономикасының өсу қарқыны бюджет түсімдерімен дәлелденеді. Қаралған кезеңде барлық деңгейдегі бюджеттерге 1,4 млрд.теңге аударылды. Аудан бюджеті өз кірістері бойынша 102 % орындалды, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 116 %.
Әзірленген іс-шаралар жоспарының аясында салықтар мен төлемдер бойынша резервтерді анықтау бойынша аудан бюджетіне 2,5 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99 % орындалды.
Белгіленген критерийлерге сәйкес ауданның тірек ауылдық елді мекендері ретінде Камышинка, Выдриха және Верх-Уба ауылдары белгіленді. Қаралған кезеңде тірек ауылдарын дамытуға жоспарланған 400-ден 235 млн. теңге жұмсалды. Республикалық бюджет қаражатынан 61 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 52 млн. теңге, аудандық бюджеттен – 26 млн.теңге жұмсалды, 96 млн. теңгеге жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауылдық жеке кәсіпкерлердің салымдары құрайды.
Тірек ауылдарында ауылды экономикалық дамытуға бағытталған 7 жоба, оның ішінде «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты бойынша 6 жоба іске асырылды. 10 жаңа жұмыс орны құрылды. 1 жоба («Камышинское» ЖШС ІҚМ басын ұлғайту) үстіміздегі жылдың қараша айында толық іске асырылады. Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңінде, жоғарыда аталған елді мекендер тұрғындарының шаруашылықтарында ІҚМ басы 380 басқа, құс 500 басқа ұлғайды, 2 жаңа омарта, құс фермасы құрылды, көкөніс пен картоп өндіру ұйымдастырылды.
2013 жыл тірек ауылдарының экономикалық жобаларын кеңейту жоспарланды. Негізгі екпін ауылдың экономикалық мамандануына: Камышинка және Выдриха ауылдарында – ауыл шаруашылығын дамыту, Верх-Уба ауылында – туризмді дамыту.
Тірек ауылдарында 13,3 км көше жөнделді, 266 көше шамдары бағандары орнатылды. Тұрғындар мен шаруашылық субъектілерінің күшімен 93 тұрғын үйлер мен 2 қоғамдық ғимараттың қоршаулары жаңартылды. Автобус аялдамасы, хоккей қорабы орнатылды, мектеп шатыры жөнделді. Выдриха ауылында балалар алаңшасы орнатылды, Камышинка ауылында саябақ абаттандырылды және тұрғын үйлер құрылысы басталды.
2013 жыл жоспарында– көркейту, көшелерді жөндеу және ауданның барлық ірі ауылдарында жарықтандыруды қалпына келтіру мәселелерін кезеңмен шешу жоспарланған.
Аудан орталығында қаланың сыртқы кескінін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде: Вокзальная көшесі жөнделді, қаланы көгалдандыру, жаңа қоршаулар орнату жұмыстары басталды, абаттандырудың жаңа элементтері пайда болды. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз.
Ағымдағы жылы «Шемонаиха-Сугатовка» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының аясында 2 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан қысқы кезеңдегі жұмыс жағдайына толық дайын.
320 орынға арналған мектеп және 100 орынға арналған интернаттың құрылысы жоспарланған қарқында жүргізілуде.
Шемонаиха қаласында № 4 мектеп жанында жасанды жабынмен футбол алаңының құрылысы аяқталды.
Білім беруде, халықты әлеуметтік қорғауда, мәдениет және спортта ауданның атқарушы органдары аудан аумағын дамыту бағдарламасында белгіленген стратегиялық міндеттерді іске асыру бойынша жұмыс істеуде.
Тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» аясында іс-шаралар іске асырылуда. Бағдарламаға қатысушылардың құрамына 276 адам, оның ішінде «Білім беру және жұмысқа орналастыру» бірінші бағыты аясында 230 азамат, «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша 33 адам, «Ауылдық елді мекендерді дамыту» төртінші бағыты бойынша» 13 адам енгізілді. Тағы бір «Фермер» несиелеу серіктестігі құрылды.
Жылдың соңына дейін бірінші кезектегі тапсырмаларды шешу қажет:
1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму серпінін сақтау және жыл қорытындысы бойынша жоспарланған өсу параметріне жету;
-
Бюджеттік қаражатты тиімді және толық игеру;
-
Инфрақұрылымдық кешеннің сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі;
Ауданда шешімін қажет ететін проблемалы мәселелер бар:
1. Октябрьское және Пруггерово ауылдарында мектептің құрылысы, 2013 жылы Шемонаиха қаласында балабақша құрылысын енгізу. Жобалау-сметалық құжаттары дайын, қажетті құжаттамалары ұсынылған;
2. Келесі жылы облыстық бюджеттен жабық хоккей модулінің құрылысына қаражат бөлу. Аталған құрылыс бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін дайын болады.
3. Шемонаиха қаласының көшелеріне жөндеу жүргізуге қаражат бөлу;
4. «Шемонаиха-Секисовка, автөлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізу жобасы бойынша» Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС жыл сайын іске асыратын, әлеуметтік жобаларды іске асыруда кешенді жоспарына енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |