2-Г сыныбының жетекшісін соңғы уақыттары Айдос есімді оқушысы алаңдатты. Себебі ол өзінің кіші мектеп жасына лайықты іс-әрекеттерді әлі де болса, орындай алмайды. Бұл дегеніміз, 7-8 жасар балалар өзі әрекеттенеді, өзін-өзі қадағалай алады, рефлексия яғни, өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, өз ерекшеліктерін басқалардың қалай бағалай алатынын саналы түрде осы құрылымдардың кейбіреулері Айдостың мінез-құлқынан, ақыл-ойынан көрінбеді. Ол қарапайым арифметикалық есептерді, оқуды, сөздерді буынға бөлуді 2-сынып оқушысы бола тұра, үлкен қиындықпен орындайды.
1. Сіз Айдосты психолог немесе дефектолог мамандарының көмегіне мұқтаж деп есептейсіз бе?
2. Айдостың мұғалімі болсаңыз, қандай шара қолданар едіңіз?
3. Педагог ретінде Айдостың ата-анасына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
Шешім:
Қосымша білім беру арқылы көмек беруге болады.
Психологиялық қолдау арқылы
Талғат нашар оқуымен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын еді. Оны ата-анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап «мұғалімдердің өздері кінәлі» деп санайтын. Талғаттың ата-анасы тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды. Ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.
Талғат сотқа тартылды. Ата – анасы бұған кінәлі мектеп деген ойда болатын.
1. Бұл тұрғыда сіздің ойыңыз қандай?
2. Балаға адамгершілік тәрбие берудегі отбасының жауапкершілігі қандай?
Шешім:
Ата-анасы тікелей кінәлі, баланың мінез-құлқының бұзылуына үйдегі кикілжіңдік жағдай әсер еткен.
Ата-ана баланың мінез-құлқына назар аудару керек екенін, дамып келе жатқан жеке тұлға екенін ұмытып кеткен және бала тәрбиесіне мән бермеген.
Тәрбие сағатын өткіземін.
Мектеп психологымен ақылдасамын.
Ата-аналар жиналысын өткіземін.
Тәртіпсіз баламен жеке жұмыс жүргіземін
Үйдегі жағдай жөнделсе, Талғаттың келешек өмірге деген ынтасы ашылып, мінезі дұрысталады деп ойлаймын.
Сіздің сыныбыңызда өте ерке ұл бар. Ол сыныбындағы сыныптастарына қолайсыздық туындатады. Яғни, сыныптастарын кемсітеді. Өзінің бағалы киімдерімен әрдайым мақтанады және басқа балаларды кемсітіп сабақ оқуына өзіне деген сенімділіктен айырады. Ата-анасына айтылғанына жөнделмейді.
Шешім:
1. Ата-анасымен мұғалімнің қарым-қатынасы
2. Ата-анасының баласына көңіл бөлмеуі.
Ата-аналарды сабаққа қатысуға шақырамын.
Пән мұғалімдерін ата-аналармен әңгімелесуге шақырамын.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін түсіндіремін.
Педагог қызметін бағалау олардың құзыретіне жатпайтынын түсіндіріп, теріс пікір білдіремін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Мұғалім ретінде сіз оқушыға тапсырма бердіңіз. Ал ол оқушы оған білімі жетіп тұрса да, «мен оны орындамаймын» деп айтады.
«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» деп Я.А.Коменский айтқандай, бұл оқушымен қандай іс-әрекет істер едіңіз?
Шешім:
Баланы сабаққа деген қызығушылығын ояту керек.
Мадақтау әдісін қолданған жөн.
Баланың бойына адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіру керек.
Мұғалім педагогикалық психологиялық диагностикасы жүргізу барысында мынадай критерийлерді анықтайды:
Дұрыс тағайындалған деп ойлаймын .Өйткені диагностика жүргізіп жатқан кезде баланың көңіл күйі де әсер етеді.
А.С.Макаренконың қараусыз қалған жетім балаларға тәрбие сағатын өткізу үстінде. Ол жердегі негізгі мәселе топ басшысының өзін ұжымнан жоғары ұстауы. А.С.Макаренконың ойынша балаларды ұжым арқылы тәрбиелеу дұрыс нәтиже береді. Топ басшысы өзін жоғары ұстағандықтан, басқа балаларға үстемдік жасап, өз айтқанын істететін болды. Ұжымның басқа мүшелері бұл жағдайға өз наразылықтарын білдірді. Сондықтан бұл мәселені ортаға салып, ұжыммен шешу көзделді.
Неліктен А.С.Макаренко ұжым арқылы тәрбиелеуді ұсынды?
А.С.Макаренконың орнында болғанда бұл мәселені қалай шешер едіңіз?
Сіз бұл әдісті қолдайсыз ба?
Шешім:
Ұжымда барлық баланың құқығы тең екені көрініп тұрады. Әр оқушы пікір білдіру арқылы мәселені ортада шешуді үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |