ШЕШІМНІҢ ЖОБАСЫ
Тарбағатай ауданының Екпін
ауылдық округiнің «Бөктер»
қыстағына шектеу іс шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 07 шілде 2015 жылғы №425 ұсынысы негiзiнде Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1.Екпін ауылдық округiнің «Бөктер» қыстағындағы мүйізді ұсақ малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екпін ауылдық округі әкiмiнің
міндетін уақытша атқарушы Б.Коныров
Достарыңызбен бөлісу: |