Шетелдік студенттерді тартудағы шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі



Дата03.07.2016
өлшемі58 Kb.
#173943
Шетелдік студенттерді тартудағы шетелдік мемлекеттердің тәжірибесі

Қазіргі уақытта елдердің арасында иммиграциялық саясат жоғары білікті мамандарды және оқу мигранттарын тарту жолындағы күресте басты құрал болып отыр. Бұл күресте елдер өздерінің әдістері мен тәсілдеріне және халықаралық көші-қон басқармасына жүгініп отыр. Енді әр елдің оқукөші-қонының реттеу саласындағы тәжірибесін қарастырайық.



Аустралияның тәжірибесі.

Көлемі жағынан студенттер уақытша мигранттар тобын құраудан екінші орын алады. Экспорт баптары бойынша туристер төртінші орында (олардан түсетін кірістер 2000-2001 жылдары АҚШ ақшасымен санағанда 17,1 млрд доллар немесе экспорттық қызметтен 11,2 % болды). Осылайша, АҚШ-тың экономикасына 4 млн доллар кіріс кірген. Аустралияда студенттер визасының 7 түрі бар. Визалар ағылшын тілін үйренуге, аустриялық мектептерде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін білім алуға, кәсіптік білім алуға, жоғарғы білім, ғылыми дәреже алуға жол ашады. Бұл елде студенттерге оқу үшін визалар келгендеріне 3 айдан асқан соң ғана беріледі. Студенттік визалардың мерзімі 5 жыл.

2001 жылғы 1-ші шілдеден бастап студенттер визаларын рәсімдеуде теріс пайдаланушылық мүмкіндіктерін тоқтатуға байланысты өзгерістер енгізілді. Студент-мигранттарға берілетін түрлі визалардың әрбіреуіне келесі критерийлерге байланысты белгілі бір рейтинг беріледі: Аустралиядағы визасынан айырылған студенттердің үлесі, жалған мағлұматпен және жасанды құжатпен виза алу үшін өтініштер үлесі; аустриялық заңға (31 наурыз 2000 ж.) қайшы келетін студенттер үлесі; тұрақтап қалуға, баспана беруін өтінген студенттердің үлесі; 1999-2000 жылғы берілген өтініштердің ішінен студенттік виза беруден бас тартқандардың үлесі.

Рейтингісі төмен елдерден келген студенттердің визалық өтініштері өте қатаң түрде қаралады. Бірінші топқа визаның барлық түріне Бельгия, Грекия, Жапония, Ирландия, Малайзия, Швеция, Швейцария және Испания кірді. Ал, төртінші топқа – Камбоджа, Қытай, Иран, Ливан, Иордания және Пәкістан кірді.

Аустралияда оқитын студенттер үшін басты жаңалық, егер студент бір жылдан артық оқыса және диплом алса, біліктілігін растайтын құжаты болса, онда оларға тұрақтап қалатын виза алуына рұқсат берілетіні болды. Көп өзгерістердің ішінен атап өтуге болатыны бұл визаларды ұзартуға шектеу қойды (егер оқу мерзімі 10 айдан аспаса, студенттік виза ұзартылмайтын болып беріледі) және ағылшын тілін үйренуге қатаң талаптар қойылды (орта білім беруден басқа барлық академиялық бағдарламаларға IELTS сынағының нәтижесін көрсету керек болды; жоғары білім үшін және дипломнан кейінгі білім үшін сынақ нәтижесі – 5,0 балл, басқалары үшін – 4,5 балл).

Студентке қойылатын негізгі талап оның қаржылық тұрақтылығы. Ол үшін Аустралия жеріндегі барлық қаржылық шығынның барлық комплексі есептеледі. Сонымен қатар, отбасы мүшелерін Аустралияға студенттік визамен келетін студентті олардың алып жүруіне қарамастан қолдау мүмкіндіктері (жұбайы не күйеуі және 18 жасқа дейінгі балалары) есепке алынады. Студенттік виза бойынша оқушыларға аптасына 20 сағат жұмыс істеуге рұқсат беріледі.Бірақ бұдан тапқан еңбекақы оқу ақысын төлеуге және шығын орнын жабуға мүмкіндік бермейді. Визалық тәртіпті бұзу оның күшін жоюына әкеледі.



АҚШ-тың тәжірибесі.

Шетелдік студенттерді өздеріне тарту АҚШ-тың көші-қон саясатының басты бағыттарының бірі. Бұл жас шетелдік білікті мамандарды өз елдеріне тартудың бір негізгі каналы болып табылады. Жақсы оқыған студенттер университетті бітірген соң АҚШ-та өздеріне жұмысты жеңіл таба алады. Бұл үдеріс мемлекеттік деңгейде қолдау алады. АҚШ-тың көші-қон саясаты бойынша Дж.Саймонның ұсыныстарындаАҚШ-та білім алған шетелдік студенттер иммиграциялық саясаттың ерекше назарында болуы керек. Осы саясат бойынша тек қана оқуы үшін төлей алатын студенттер ғана тартылу қажет деп айтқан болатын.

Студенттік виза академиялық мақсаттарда беріледі, бірақ ол АҚШ-та заңды жұмыс істеу мүмкіндіктерін береді, алайда виза арқылы студенттер аптасына 20 сағат (толық жұмыс уақыты демалыс кезінде ғана) жұмыс істеуге рұқсат ала алады.Оқудың бірінші жылында оқу орнында кез-келген жұмысты істеуге рұқсат етеді, бірақ тек оқу орны ішінде. Екінші жылдан бастап, қалаған жұмысын істеулеріне болады. Шетелдік студенттерге АҚШ-та оқып жатқан мерзімінде оған өз отбасы (күйеуі не жұбайы және кәмелеттік жасқа толмаған балалары) келіп бірге тұруына рұқсат беріледі. Олардың жұмыс істеуіне, қаржылай көмек алуына құқықтары жоқ, алайда АҚШ-та білім алу құқығына ие. Студенттік виза алу үшін оқуға қабылданғаны туралы құжаты, оқу ақысын және тұруын төлей алатын қаражат көзі туралы құжаты болу керек және студент ағылшын тілін білуі керек.

Студенттік виза 1 жыл немесе 3 жыл мерзімінде беріледі. Визаның иесі АҚШ-та (көші-қон) мәртебесі бойынша оқуды аяқтағанға дейін және оқуы біткен соң 60 күн тұра алады. Оқу мерзімі аяқталған соң, студент АҚШ елінен кетуі керек немесе басқа виза алу туралы өтініш жазуы керек. Студенттік визамен АҚШ-та 8 жыл тұруға болады.



Канаданың тәжірибесі.

Канада үкіметі шетелдік студенттерді оқуға тартуға қатты көңіл бөледі. Соңғы жылдары бұл елдің университеттеріне оқуға түскен студенттердің 40%-ы Қытайдан, Корея елінен және Жапониядан келетіндер құрайды. Канаданың заңы бойынша белгілі бір тәртіппен студенттерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қағида бойынша уақытша мигранттарға мәртебелерін өзгертуге рұқсат етілмейді.

Осылайша, шетелдік студент бұл елдің тұрақты тұрғыны бола алмайды және уақытша шетелдік жұмысшысы да бола алмайды. Уақытша мигранттар визаларының мерзімін ұзартуға және мәртебелерін өзгертуге тек бұрынғы мерзімдері аяқталған соң ғана өтініш бере алады. Виза мерзімі ұзартылмағандар, Канада елінен кетуі керек болады.

Ұлыбританияның тәжірибесі.

Біріккен корольдік еліне ұзақ мерзімге келген студенттер көші-қон ағынында алдыңғы орынды алып отыр. Шетелдік студенттерді өз елдеріне тарту британдық ғылыми-техникалық және көші-қон саясатының басты бағыты. 1999 жылы бұл елдің премьер–министрі қосымша 75 мың шетелдік студенттерді қабылдау туралы 3 жылдық қаулы қабылдады. Осы бағытқа 700 млн фунт стерлинг ақша бөлінді, бір бөлігі шетелдік студенттердің шәкіртақысына және маркетингілік компанияға ұсталды. Шетелдік студенттердің санының артуы студенттерге бұл елде оқу мерзімі кезінде де, оқу аяқталған соң да жұмыс істеуге рұқсат берілгендік, сонымен қатар оқу үшін рұқсат алу үдерісінің жеңілдетілуі маңызды фактор болды.



Германияның тәжірибесі.

Германияның көші-қон саясатында шетелдік студенттер мен тағылымдама өтушілердің («18 плюс» бағдарламасы) дайындығын дамыту қажеттілігі мен ғылымның көрнекті қайраткерлерін уақытша және тұрақты көші-қон формасында тарту алға қойылған. Бұл Германияның көші-қон саясатында маңызды құрауыш болып табылады, себебі олГерманияға білікті мамандар үшін бәсекелестік күресте белгілі артықшылықтар береді. ЕО-қа кірмейтін мемлекеттердің (және басқа да мемлекеттер қатары) азаматтары үшін Германия жеріне өту үшін виза қажет. Туристік, мәдени, ғылыми және басқа да жеке мақсаттардағы қысқа мерзімге берілетін визалар, бірақ еңбек қызметін қоспағандағысы шет елдегі Германияның консулдық мекемелерінде 3 айға дейін беріледі және бұл визалар Шенген келісімінің мүше елдерінде жарамды болып табылады. Белгілі мақсатқа жету үшін мекендеу жерінде болуға рұқсат мамандық алуға немесе жоғарғы оқу орнында оқуға, сонымен қатар нақты кәсіпорында белгілі функцияларды атқару мақсатында немесе белгілі бір жобаға қатысуға сияқты жағдайларды қарастырады. Виза максимум 2 жыл мерзімінде беріледі және келгендегі мақсатына жетпесе тағы да 2 жылға созылуы мүмкін. Бұл рұқсаттың сипаты бойынша берілген жағдайда рұқсат етілгенді есептемегендегі басқа істермен айналысуға тыйым салынған. Жаңа визаны Германиядан кеткен соң, тек 1 жылдан кейін ғана алуға болады. Германияға келгеннен кейін барлық шетелдіктер жергілікті полицияға тіркелуі және соған сәйкес рұқсат қағаз алуға міндетті.



Ирландияның тәжірибесі.

Ирландияның заңы қазіргі таңда бұл елде шетелдіктердің ұзақ уақытқа немесе тұрақтап қалуға рұқсат категориясын қарастырмайды. Жұмыс істеу үшін және уақытша алынған визалар жыл сайын жаңарып отыруы тиіс. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кірмейтін елдерден келген шетелдіктерге Ирландияда білім алу үшін міндетті түрде студенттік виза алу керек. Студенттік виза алу үшін оқуға рұқсат қағазы, медициналық сақтандыруы, оқудың төлем ақысы және оқу мерзімінде елде тұру мүмкіндіктері үшін өз жеке есебі болу керек. «С» санатындағы студенттік визалар елде тұрақтау үшін оқу мақсатында 90 күнге дейін, «Д» санатындағы виза 90 күннен артық оқуға келгендерге беріледі. Білім алу кезінде студенттер семестр кезінде аптасына 20 сағатқа дейін жартылай жұмыс істеулеріне және демалыс уақытында толықтай жұмыс істеуге құқықтары бар.



Италиядағы тәжірибе.

Италияда студенттік виза 1 жыл мерзімге дейіноны ұзартумүмкіндігімен беріледі. Бұл елдің университеттерінде оқудан өткісі келетін студенттер үшін орта білім мен 1 және 2 жыл жоғарғы оқу орнында оқығаны болуы шарт. Сонымен қатар итальян тілін еркін білетіндігі жөнінде тест тапсыру, оқуға рұқсат қағазы, медициналық сақтандыру қағазы және оқу ақысы туралы төлем қағаздары болуы міндетті.



Францияның тәжірибесі.

Француз үкіметі халықаралық алмасу мәселелеріне және шетелдік студенттерді өз университеттеріне тартуға қатты қызығушылық білдіріп отыр. 1998 жылы Ұлттық білім беру министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі бірігіп Француздық білім беру мәселесі бойынша агенттілікті(Agence EduFrance) құрды. Бұл агенттіліктің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: шетел студенттері арасында француздық білім берудің кеңеюіне көмектесу; студенттерге Франциядағы білім алу мүмкіндіктері жөнінде толық мағлұмат беру, шетелдегі әр түрлі білім беру бағдарламалар түрлерімен таныстыру және координациялау жатады.

Бұл жүргізілген саясат 10 жылдың көлемінде шетелдік студенттердің санын 173 мың адамға жеткізді. Бұл бүкіл француз жоғарғы оқу орнындарында оқитын шетелдік студенттердің 10 пайызын құрайды.Көпшілік студенттер Африкадан (шамамен 50%), шамамен 30%өзге Еуропалық елдерден, 14% Азия елдерінен, 7%Америкадан келіп оқиды. 2001 жылғы тамызда болған ІХ Елшіліктердің конференциясында шетелдік азаматтарды Франция жеріне қабылдау және халықаралық білім беру жөніндегі мәселелер қаралған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» отырысында ұлттық білім беру министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің бірігуімен жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша шаралар қатарын жасаушешілді. Францияның университеттері мен институттары үшін «халықаралық қызмет декларациясын» құру ұсынылды. Франция берілген ұйымның көмегімен өзінің халықаралық қызметтерінің бағыттарын Білім министрлігімен және сыртқы істері министрлігімен біріге отырып анықтап алатын болды.

Өткізіліп отырған саясаттың сапалы және сандық қолдауын қамтамасыз етіп отырған құрал ретінде шетел студенттерін қабылдау бойынша Жарғыны жасайтын «шетелден келген студенттерді қабылдау туралы кеңесті» құру шешілді. Осылайша, бұл кеңестің жұмысындағы белсенді қызметті Француздық білім беру бойынша агенттік атқарады.



Финляндияның тәжірибесі.

Финляндияда студенттік виза бұл елге оқу мақсатымен келген ЖОО, басқа да оқу орындарының студенттеріне(«В» статусы) мамандық пен біліктілік алу үшін келгендерге беріледі. Негізгі шарт бұл банк депозитіне әр оқу жылы сайын 5 мың евро соммасын енгізу болып табылады. Егер оқу мерзімі бір жылдан аспаса, рұқсат қағаз тұтас оқу жылына беріледі. Басқаша жағдайда рұқсат қағаз әр семестрде беріледі.Студенттердің бұл елге келуі сипаты бойынша уақытша болып саналады. Бұл студенттердің екі жыл осы елде тұрғандарына қарамастан тұрақтап қалуға рұқсат берілмейтінін білдіреді.Студенттердің бұл елде аптасына 20 сағатқа дейінсеместр бойы жұмыс істеулеріне құқықтары бар және демалыс кездерінде шектеусіз жұмыс істеулеріне рұқсат беріледі.



Швейцарияның тәжірибесі.

Қазіргі уақытта Швейцарияда мекендеуге 8 түрлі рұқсат беріледі. Оқу мигранттарына («L» түріндегі) тәртіп бойынша бұл елде болуға 1 жылдан аспайтын мерзімге рұқсат беріледі. Мысалы, бұл ұзартылған оқу бағдарламасымен келгендер, соның ішінде тіл үйрену курстары, біліктілікті көтері курстарын оқитындарға жатады. Бұл рұқсат бойынша толық және толық емес жұмыс күнімен жұмыс жасауға болады (рұқсатқа құжаттарды тапсыру кезінде шешіледі) және бұл рұқсат қағазды алу «В» рұқсат қағазына қарағанда жеңілірек болып табылады.

«В» түріндегі тұруға рұқсат Швейцариялық компаниялардың қызметкерлеріне және олардың отбасына, студенттер мен оқушыларға 1 жылға дейін беріледі, әр жылы ұзартуға жатады және Швейцарияда толық және толық емес жұмыс күнімен еңбек етуге болады. Студенттерге толық емес жұмыс күнімен аптасына 28 сағат еңбек етуге рұқсат беріледі. Швейцарияның оқу-білім жүйесі сапасы жағынан бүкіл әлем бойынша жоғары деп бағаланады.

Швецияның тәжірибесі.

Мемлекетте уақытша тұруға берілген барлық рұқсат қағаздарының ішінен шетелдік студенттерге берілген рұқсаттама 10 % құрайды.

Алайда оқу иммиграциясын еңбек иммиграциясына алғашқы қадам ретінде қарастыратын және осындай иммигранттарды тарту мақсатымен иммиграциялық заңнаманы жеңілдететін басқа елдермен салыстырғанда Швеция студенттердің бұл елге келуіне рұқсат беруде қатаң талап қояды. Студенттерде 10 ай мерзімінде айына шаққанда 6,3 мың швед крон болуы, толық оқу курсын өтуі тиіс. Осылайша 10 ай оқу курсы аяқталған соң, олардың жұмыс іздеуге құқығы жоқ және бұл елден кетуге міндетті.

Рұқсаттамаәдетте 1 жыл мерзімге беріледі. Студенттердің жұмыс істеуге және отбасы мүшелерінәкелуге құқықтары бар. Оларға да осындай мерзімде тұруға рұқсат беріледі, бірақ жұмыс істеуге құқықтары болмайды.



Қазіргі уақытта экономикасы жетілген мемлекеттердің иммиграциялық саясаты мигранттардың әр түрлі категориялары үшін өз территориясына келу және шығу ережелерін біртіндеп қиындату жағдайындажоғары білікті мамандар мен студенттерді оларға артықшылықтар бере отырып тартуға көбірек назар аударуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет