ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
|
3 деңгейдегі СМК құжаты «Пәннің оқу әдістемелік материалдары»
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-24.1.27.03.-2013
|
№1 басылым
|
«САНИТАРЛЫҚ ПАРАЗИТОЛОГИЯ - 2»
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы үшін
СЕМЕЙ,
2013
Мазмұны:
-
Глоссарий
-
Қолданылатын әдебиеттер
-
Дәріс және ЛЖС материалдары
1. Глоссарий
Адолескарий
|
(adolescaria; лат. adolescare - өскін, өсу) – кейбір трематодтардың инвазиялық личинкасы (фасциола, парамфистома және басқ.)
|
Акарацидтер
|
(грек. akari – кене + лат. caedeo – жою, қыру) – кенелерді жоюға қолданатын химиялық заттар
|
Ақтық, соңғы дефинитивтік иесі
|
дефинитивтік иесі – ересек сатысына дейін дами алатын және жынысты жолмен көбеюіне мүмкіндігі бар жануар түрі
|
Аралық иесі
|
паразиттің балаңқұрт сатысының тіршілік ететін, дамитын, жыныссыз (қарапайымдар) немесе партеногенетикалық (трематодтар) көбейетін жануар организмі
|
Арахнология
|
(arachnologia грек. arachne – өрмекші, өрмек тор + logos ілім) – өрмекшітәрізділерді зерттеумен шұғылданатын ілім
|
Аргазидтер
|
(argasidae; грек. argas - жылтыр + id суффикс ұрпақ, бала деген мағынада) - Parasitiformes тармағының иксодид кене тұқымы. Еліміздің барлық өңірлерінде мал мен құста тоғышарлық күнелтеді.
|
Зооантропоноз-дар
|
жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық және инвазиялық аурулар тобы
|
Зоопаразиттер
|
жануардың ағзалары мен ұлпаларында күнелтетін паразиттер
|
Инвазиялық аурулар
|
жануартектес паразиттердің мал мен өсімдіктерде тудырған аурулары
|
Инсектицидтер
|
(лат. insectum – жәндік + caedo – жоямын) – зиянды жәндіктерді жоюға қолданылатын химиялық заттар
|
Инвазия көзі
|
организмінде паразиттердің көбейіп, одан басқа малдың немесе адамның жұқтыру қаупі бар ауру жануар
|
Инвазия экстенсивтілігі (ЭИ)
|
белгілі бейім мал тобы бойынша ауруға шалдыққан жануарлардың пайыздық үлесі
|
Комменсализм
|
(commensal, ком - ортақ + лат. mensa – тағам, азықтану) - бір организмнің екіншісінің есебінен зиянын тигізбей қоректенуі; симбиоздың бір түрі
|
Қанпаразиттері
|
адам мен жануарлардың қан айналым жүйесінде тіршілік етуге бейімделген әртүрлі зоологиялық таксондардың өкілдері. Бұл топқа эндоглобулярлық қарапайымдар (плазмодий, пироплазмидалар), трипаносомдар, риккетсиялар (анаплазма), гельминттер (шистосома, филярий личинкалары) және т.б. жатады
|
Личинка
|
әртүрлі типтерге жататын жануарлардың постэм-брионалды дамуында ересек сатысына дейін жетілуі үшін сыртқы және ішкі құрылысының метаморфоза нәтижесінде пайда болатын балаңқұрт сатысы
|
Матрикс
|
толық немесе жартылай сойып зерттеу барысындағы алынатын ішек жыны, ұсақталған, езілген мүшелер мен ұлпалар
|
Метацеркарий
|
қосымша иесінде тіршілік ететін трематоданың инвазиялық сатысы
|
Облигатты иесі
|
(лат. Obligatus – міндетті) – паразит тіршілігінің тарихи және экологиялық тұрғыдан (биологиялық тұғырығы, қоректік байланысы) қалыптасқан міндетті иесі. Паразит осы иеге және иесі осы паразитке морфологиялық және физиологиялық жағынан бейімделген
|
Онкосфера
|
таспа құрт өкілінің жұмыртқада дамитын личинка (балаңқұрт) сатысы; онкосфера – домалақ пішінді, алты ілмекпен қаруланған, көлденең сызықты әрленген қабықпен (эмбриофор) жамылған
|
Паразит
|
иесінің есебінен соның сөлімен, ұлпаларымен немесе ыдыраған қоректік заттарымен қоректенетін, оның ішкі немесе сыртқы мүшелерінде уақытша немесе тұрақты тіршілік ететін организм
|
Паразит иелері
|
паразиттің уақытша немесе тұрақты тіршілік етуіне және қоректенуіне қажетті жағдайлары бар жануар (адам, өсімдік) организмі
|
Паразитарлық аурулар
|
жануартектес паразиттердің тудырған аурулары. Қоздырушының түріне қарай: протозооздар (қарапайым тудырған), гельминтоздар (гельминттер тудырған), арах-ноздар (өрмекшітәрізділер, соның ішінде: кенелер тудырған) және энтомоздар (жәндіктер тудырған) болып жіктеледі
|
Паразитизм
|
әртүрлі организмдердің генетикалық тұрғыдан қоректік байланыс және бірі (паразит) екіншісін (иесі) биологиялық тұғырығы және қоректену көзі ретінде пайдаланатын, алайда екі симбионт әртүрлі деңгейде антогонистік қарым-қатынаста болып қалыптасқан бірлестігі
|
Паразитоздар
|
паразитарлық (инвазиялық) аурулар
|
Паразитоцидтік әсер
|
паразиттен сауықтыратын, паразитке қарсы емдік заттың ықпалы
|
Патентті кезең
|
паразиттің сыртқы ортаға өз тұқымын (жұмыртқа, балаңқұрт, ооциста) бөлетін кезеңі
|
Плероцеркоид
|
баулы цестоданың инвазиялық личинкасы
|
Презервация
|
жануарлар мен адамның ауру қоздырушыларымен залалдануына қарсы әртүрлі әдіс-амалдардың көмегімен жүргізілетін сақтық-дауалық шараларының кешені
|
Препатенттік кезең
|
паразиттің дефинитивтік иесі организміне енген уақыттан бастап оның сыртқы ортаға тұқым (жұмыртқа, личинка, ооциста) шашатын мерзімі
|
Реинвазия
|
белгілі аурумен дерттенген иесінің организміне (адам, жануар, өсімдік) осы зоопаразитоз қоздырушысының қайтадан енуі
|
Спорогония
|
(sporogonia; грек. Spora ұрық шашу + gone, goneia тұқым беру) – Sporozoa класы Coccidiida тармақ өкілдерінің ооцисталарында спорозоиттердің пайда болуы
|
Трансмиссивтік аурулар
|
(лат. transmissio - тасымалдау, берілу, өту) – кейбір инфекциялық және инвазиялық ауру қоздырушыларының буынаяқтылардың қатысуымен бір малдан келесіге тасымалдануы, таралуы
|
Шизогония
|
(грек. Shizo – ыдыратамын, бөлемін және тұқым беру, туу) – кокцидийлердің және т.б. жыныссыз жолмен дамуы
|
Эктопаразиттер
|
иесінің тері мен түк жамылғысында тіршілік ететін паразиттер
|
Эндопаразиттер
|
иесінің ішкі ұлпалары мен мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер
|
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1 Сабаншиев М.С. және т.б. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары – Алматы, 2003. - 460б.
2. Есімбеков. Ж,М, Арахноэнтомология. Новосибирск. 2002. 159 б.
3. Искаков.М.М. Ветеринарлық протозоология. Семей. 2007. 180 бет
4. Есімбеков Ж.М., Ысқақов М.М., Дүйсенбаев С.Т. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы. Алматы, 2000. – 150б.
5. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. Астана, 2000. - 560с.
Қосымша әдебиеттер
6. Ысқақов М.М., Ахметжанов О.Н., Сабаншиев М.С. Құс паразитоздары. (оқу құралы) Семей-2011. 168 б.
7. В.А.Поляков., У.Я. Узаков., г.А. Веселкин. Ветеринарная энтомология и арахнология. Москва. 1990. 239 стр.
8. Ыбраев Б.К. Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың инвазиялық аурулары. Астана, 2008.-138б.
9. Ыбраев Б.К. және басқалары. «Етқоректілер мен терісі бағалы аңдардың инвазиялық аурулары». Әдістемелік құрал. Астана, 2009. - 52б.
10. Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. М., Агропромиздат, 1990 г.
11. Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни с-х животных. М., А1ропромиздат, 1998 г.
12. Абуладзе К.И. и другие. Практикум по диагностике инвазионных болезней с-х животных. М., Колос, 1984. - 483с.
13. Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни. Москва, Колос – 1999 – 460с.
14. Искаков. М.М. Эймериозы сельхозяйственных животных. Алматы. 2006 г. 230 с.
№1 дәріс. КІРІСПЕ. ЖАЛПЫ АРАХНОЛОГИЯ. Паразит кенелердің ветеринариялық – санитариялық маңызы
Буынаяқтылар — жер шарында кең таралған, құрлық пен суда өмір сүретін организмдер. Жануарлар әлемінде олар омыртқасыздар арасында түрлерінің көптігі мен басымдығын айқын байқатады. Қазіргі кезде буын-аяқтылар типіне (Arthropoda) 1,5 млн.астам омыртқасыздар түрінің жататыны анықталған. Олардың 90% жуығы жәндіктер. Бұлардың көптеген түрлері табиғатта пайдалы болса, бірталайы адам мен жануарларға аса зияндылығымен ертеден белгілі. Олардың тіршілігі адам және жануар өмірімен тығыз байланысты және ауру туғызады. Көптеген түрлері адам мен жануарларға жұқпалы ауру қоздырушыларын тасымалдайды.
Осыған байланысты малдәрігерлік арахно-энтомологияның негізгі мақсаты жануарларға өте зиянды буынаяқтыларды көрсету және олар туды-ратын ауруларды зерттеп, зиянкестерге қарсы нәтижелі күрес тәсілдерін ұсыну. Буынаяқтылар негізінен дара жыныстылар. Көбеюі жынысты жолмен өтеді (кейбірінде жыныссыз – партеногенетикалық). Көпшілігі жұмыртқа салады, ал аздағандары тірі туады. Даму сатылары бірінде: имаго-жұмыртқа-личинка-нимфа, кейбірінде: имаго-жұмыртқа-личинка-протонимфа-телео-нимфа арқылы өтеді.
Буынаяқтылар типі: өрмекшітәрізділер (Аrachnoidea), жәндіктер (Insecta) және шаянтәрізділер (Сrustacea) кластарына жіктеледі.
Буынаяқтылардың зиянды түрлері: тұрақты паразиттер (қышыма қотыр кенелері, жүнжегіш, биттер, уақытша (бүрге, қансорғыш жәндіктер, шыбындар, иксодид кенелері) екіге бөлінеді. Олар қан, ұлпа, жүн, шаш, мамықпен қоректенеді. Малды мазалап, қоңын, өнімін төмендетеді. Кейбірі нақтылы ауру тудырады (бөгелектер, қотыр кенелері). Көпшілігі ақтық және аралық ие қызметін атқарып инфекциялық және инвазиялық ауру қоздырушыларын таратады.
Арахнология – өрмекшітәрізді кенелердің (Arachnoidea) және олардың тудырған ауруларын (арахноздар) зерттеумен шұғылданатын паразитология саласының тарауы. Өрмекшітәрізділердің денесі баскөкірек пен құрсаққа (өрмекшілер) және бір тұтас (кенелер) болып жіктеледі де, 4 жұп сираққа ие. Арахнология 2 тармақтан: паразитиформды (Parasitiformes) және акариформды (Acariformes) құралады. Паразитиформды кенелер жұқпалы ауру қоздырушыларын таратушылар және сыртқы эктопаразиттер ретінде қарастырылады. Акариформды кенелер өздері ауру қоздырушылары (қышыма қотыр кенелері). Кенелердің кейбір түрлері (орибатидтер) сапрофиттер,
№2 дәріс. Паразитиформды кенелер, балау және ветеринариялық – санитариялық шаралар
Паразитиформды кене тармағы Ixodoidea иксодид кене және Gamasoidea гамазоидты кене тұқым үстіне жіктеледі.
Иксодид кенелері.
Жайылым немесе иксодид кенелерінің денесі сопақша немесе элипс тәріздес болып келеді. Аш кененің денесі ммдей жалпақ, ал қанға мейлінше тойғанда аналық кене тұрқы , смге жетіп, жұмыртқа тәріздес болады. Кененің түсі қорегіне қарай (қан лимфа) қоңыр немесе ақшылт қоңыр, сары немесе сұр. Дорзальдық (үстіңгі) бетінен байқалатын тұмсығы ауыз мүшесі мен бекіну ролін атқарады. Тұмсығын үстіңгі жақ (күйсеуік) немесе хелицер, бітіскен астыңғы жақ немесе гипостома және пальпі (сезім орталығы) мен түбірі құрайды. Тұмсық түбірі төрт немесе алтыбұрышты болып, ал аналық кенелерде қосымша саңылау алаңы қос туындамасы орналасады. Қимылдағыш хелицердің шеті ілгекшелермен аяқталады.
Кенелердің тіршілік ұзақтығы температура мен ылғалдылыққа тікелей бағынышты. Мысалы, еліміздің оңтүстігінде бір жазда дамып үлгерсе, солтүстік жақта 3, кейде 4 жыл ішінде аяқталады. Даму барысында: жұмыртқа-личинка-нимфа-имаго сатыларынан өтеді. Әр сатысы өз алдына қорегін малдың қанын сору арқылы табады. Келесі фазаға өту үшін малдың қанын сорады. Қанды тек кененің ұрғашысы 6-12 тәлік бойы сорады. Қанға тойған ұрғашысын аталық кене ұрықтандырған соң 2-10 күн өткенде 2-4 мың, кейде 10 мыңға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқа салған ұрғашысы өледі. Ал личинкадан нимфаға, содан кейін нимфадан имаго сатысына дейін өту үшін кене міндетті түрде қан сорады және түлеп отырады. Иксодид кенелері – жайылым кенелері деп, ал аргазид кенелерін – қора кенелері деп атау қалыптасқан.
Кенелерді дамуында тіршілік ететін иесінің санына қарай 1, 2 және көп иелі деп жіктейді. Кене қадалған орнына тұмсығын қадап уытын жібереді (қан ұйымас үшін), ол жерді қабындырады, жергілікті домбығуы байқалады және организмнің жалпы реакциясы тежеледі. Мал өнімі күрт төмендейді.
Иксодид кенелерінің ғылымға 1000 астам түрлері белгілі. Ветеринариялық маңызы бар туыстарға Ixodes (қадалғыш), Dermacentor (тері кескіш), Booрhilus (ірі қараның), Hуalomma (шыны көз), Haemaphysalis (қан сорғыш), Rhipicephalus (желпуіш бас) жатады. Әр тұқымға өз ерекшеліктері тән. Иксодидтердің көпшілігі Орта Азия мен Қазақстан жерінде тіркелген. Иксодидтер 2 биотоптарда (жайылымда және мал денесінде) күнелтеді. Бұл кенелер пироплазмидоздардың (пироплазмоз, бабезиоз, франсайеллез, тейлериоз, нутталлиоз) қоздырушыларын «алып жүрушілер». Барлық малда кездеседі.
Аргас кенелері
Argas persicus кенесі еліміздің оңтүстігінде құстар мен сүтқоректілердің денесінде күнелтеді. Денесі жаншылған, тұмсығы дене астында орналасқан. Аргас кенесі (парсы кенесі) туберкулез, тауық тифі мен үйрек салмонеллезінің қоздырушыларын таратады. Әдетте кене құс ұясында, қорасында, қабырға жарықтарында, еден астын паналайды. Құсты түнгі мезгілде мазалайды. Әр 1-2 апта сайын қан сорып ұрғашысы 30-250-дей жұмыртқа салады, олардан 3 апта өткенде личинка дамиды да, 4-10 күндей тіршілік етеді, кейіннен жерге түсіп түлеген соң нимфаға айналады. Толық даму ұзақтығы 2-3 жыл. Аш қалпында личинка мен нимфа 1 жыл, ал имагосы 2-3 жыл сақталады. Құста күнелту мерзімі мамырдан қыркүйекке дейін, ал қорада жыл бойы кездеседі.
Alveonasus lahorensis мал қора кенесі еліміздің оңтүстік пен оңтүстік-батысында, Тянь-Шань тауының теңіз деңгейінен 2000-2100 метр биіктігінде де кездеседі. Кене мал қораларында, қабырғадағы саңылау мен тесіктерде, тас қуыстарында тіршілік етеді. Қоректенуі үзілістермен өтеді. Ұрықтанған ұрғашысы 44-380-ге дейін жұмыртқа салады, олардан 15 күн өткенде личинка дамиды да, ол қан сорып 20-45 күн аралығында 2 рет түлеп нимфаға, бірнеше айдан соң имагоға айналады. Личинка 11 айдай, ал имагосы 7-10 жыл аш күйінде сақтала алады.
Аргазид кенелеріне қарсы жүргізілетін шаралар: жерді культивациялау, мал мен құс қораларында жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, кеміргіштерді жою, қораларда дезакаризациялауды – карбофос 1%, бензофосфат 0,2%, 0,2% неоцидол, 0,3% в.э. сульфидофостың судағы эмульсияларымен 200-400мл/м2 бүркіп жүргізеді. Малды қораға енгізер алдында 3-4 сағат желдетіп, науа, оттықтарды сумен жуып шайып тазартады. Жануарларды қорғау мақсатында – 0,2% бензофосфат, 0,5% циодрин, 0,15% дурсбан, 0,2% неоцидолдың судағы эмульсиясымен 7 күнде 1 рет әр малға 1-3 литр жұмсап бүркеді. Эмульсияны 200С жылы суда ерітеді.
№3 дәріс. Акариформды кенелер, олардың тудыратын ауруларды балау және ветеринариялық – санитариялық шаралар
ПСОРОПТИДОЗДАР
Psoroptidae тұқымына жататын өкілдердің тудырған аурулары. Бұл топқа: псороптоз (қоздырушысы Рsоrорtеs), хориоптоз (қоздырушысы Сhoriорtеs) және отодектоз (қоздырушысы Otodectes) жатады.
Псороптоздар
1 Жіті және созылмалы ағымдарда өтіп, терінің қабынуы, қышынуы, жүнінің түсуі, малдың арықтауы, кейде өлімімен сипатталатын аурулар. Бейім малдар: күйіс малдары, жылқы мен қоян.
2 Қоздырушысы Psoroptes туысы кенелері (тері үсті кенелер). Олар сопақша келген, ұзындығы 0,8 мм, сарғылт-қоңыр түсті, көзге көрінеді. Тұмсығы ұзын, тесіп соруға бейімделген. Сирақтары ұзындау келген, аталықтарында І, ІІ және ІІІ, ал ұрғашыларында І, ІІ және ІV аяқтарының шеттері жабысқақ жастықшалармен жабдықталған. Сопақшалау келген личинкаларында – 3 жұп аяқтары бар. Протонимфа – домалақ 4 жұп аяқты, тұмсығы жақсы дамыған. Телеонимфа – толығымен жыныс аппараты дамыған сатысы.
3 Қоздырушының даму биологиясы. Аталмыш кенелер қой (P.ovis), ірі қарада (Р.bovis), жылқыда (P.equi) және қоянда (P.cuniculi) ауру тудырады. Даму сатылары: жұмыртқа-личинка-протонимфа-телеонимфа-имаго. Личинканың дамуына 3-6, протонимфаға 3-4, телеонимфаға - 3-7 күн, ал имагоға айналу үшін 3 тәулік жұмсалады. Ұрғашысы 60 тәуліктей тіршілік етеді де, 3-4 рет жұмыртқалап, 42-60 ұрығын жүнге желімдейді. Кене 1 жылдың ішінде 12 рет ұрпақ береді. Сыртқы орта факторларына төзімсіз (суық температура мен құрғақ ауа). Жайылымда жаз уақытында күннің көзінде 2-5 күн тіршілігін жоймайды.
4 Эпизоотологиялық деректер. Көпшілік жерде кездеседі, жиі жағдайда қыс уақытында тіркеледі, инвазия көзі ауру мал. Аурудың таралуына ылғал мен малдың қорада тығыз орналасуы себебін тигізеді.
5 Сыртқы белгілері. Суық уақытта кене жұққан уақыттан бастап 14-30 күн өткенде мал қышынып, терісі қабынады (дерматоз). Мал қышынған жерлерін тістелеп немесе қатты заттарға үйкейді. Жүні түсіп, теріде бөрітпелер (папула) жарылады да, сарғылт түсті сұйық оның маңында кебеді, қотыр пайда болады. Ауру 2-3 апта ішінде малдың көпшілігіне жайылады. Малдың қасынуы, әсіресе, түнгі мезгілде байқалады, арықтаған мал дұрыс азықтандырмағанда өлімге ұшырайды.
6 Диагнозын лабораторлық зерттеу кезінде кенелер анықталынса қояды. Тері қырындысын сау және қабынған тері шекарасынан алады.
Хориоптоздар - Сhoriорtеs кене туысының малдарда тудырған аурулары. Әр малдың өзіне тән қоздырушысы өз алдына бөлек ауру тудырады. Мысалы, Chorioptes equi – жылқыда, Ch.caprae – ешкіде хориоптоз тудырады.
2 Тері жегіштер (хориоптес) негізінен терінің үстіңгі бетіндегі эпидермистермен қоректенеді. Денесі сопақшалау, 0,3-0,5 мм, тұмсығы мығым хелицерлермен жабдықталған, конус тәрізді. Жабысқақ жастықшаралары ұрғашыларында I, II және IV жұп аяқтарында, ал еркегінде барлық аяқтарында бар.
3 Қоздырушы Сhoriорtеs кенелерінің дамуы Psoroptes кенелеріндей өтеді.
4 Хориоптоз жануарларда псороптоздағыдай өтеді, тек патологиялық үрдіс (экзема) малдың тұсау буынында дамиды.
Етқоректілердің отодектозы
1 Ит, мысық, түлкі, күлгін түлкі және басқа терісі бағалы аңдардың 1 айға дейінгі күшіктерінде тіркелетін арахноз.
2 Қоздырушысы Otodectes cynotis кенесі Psoroptidae тұқымына жататын Chorioptes кенесіне ұқсас, тек протонимфа мен телеонимфаларында 4-ші жұп аяқтарында жабысқақ жастықшалары жоқ, ал ұрғашысында рудимент ретінде қалған. Негізінен құлақ қалқаны мен есту жолында мекендейді.
3 Қоздырушының даму биологиясы. Otodectes кенесінің дамуы Psoroptes кенесіне ұқсас.
4 Эпизоотологиялық деректер. Ауру спорадия түрінде, жылдың барлық мезгілінде, малды күту жүйесіне, климаттық ерекшеліктеріне және жасына қарай өріс алады. Отодектоз ит, мысық, терісі бағалы аңдар арасында жиі 1,5-4 айлықтарында тіркеледі.
5 Сыртқы белгілерінен үнемі құлақ қалқанын қасу, тырнау, басын сілкілеу, басын қисайтып ұстау, мойнын бұрау, мазасыздану, тор ішінде себепсіз жүгіру байқалады. Ауру асқынғанда қабыну үрдісі құлақтың ортаңғы және ішкі бөлігіне ауысады. Есту қабілеті нашарлайды, құлағынан жағымсыз иіс шығады.
6 Диагнозды клиникалық белгілері мен құлақ ішінен алынған қырындыны зерттеу арқылы қояды.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ САРКОПТИДОЗДАРЫ
1 Саркоптоздар – саркоптес тұқымы кенелерінің тудырған аурулар тобы.
2 Саркоптестер домалақ келген, 0,5мм-дей, аяқтары қысқа және жуан.
3 Даму биологиясы. Кенелер эпидермалды қабатта тіршілік етіп, үңгірлер жасайды. Ұрғашысы 2-8 жұмыртқа салып, 42-56 күн тіршілігінде 40-тан 60-қа дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан личинка 2-3, протонимфа 3-5, телеонимфа 2-4, ал имаго 2-3 тәулік ішінде дамып шығады. Толық дамуына 15-19 күн жұмсалады. Аталықтары телеонимфамен шағылысады да, кейіннен телеонимфа басқа орынға ауысып, түлеген соң имагоға айналады да, жұмыртқасын салады. Сыртқы ортада ересек кене 15 күнге жуық тіршілік етеді. Кене өзінің иесінде ғана өмір сүреді.
Жылқы саркоптозы зілді ағымда өтеді. Әртүрлі бағытта эпидермис қабатын тесіп, оның қалыңдауына әкеліп соқтырады. Жүні түседі.
Сыртқы белгілері псороптоздағыдай.
Шошқа саркоптоз екі түрде: құлақ қалқанының қабынуы (кәрі мегежіндерде, қабандарда) және жаппай қабыну (әртүрлі жастағыларда, жиі 3-6 айлықтарда денесінің барлық жерлерінде) өтеді. Алғашқыда терісі қызарып, түлейді. Папулалар жарылып, қышынады, қотыр пайда болады. Терісі қалыңдап қатпарланады, қылшығы түседі.
Ит саркоптозында жамбас, ұма, құлақ сырғасында дамиды.
Қой мен ешкі саркоптозы ерінде, танау маңында, құлағында басталып, денесінің басқа бөліктеріне ауысады.
Ірі қара малда саркоптоз сирек кездеседі.
Нотоэдроз нотоэдрес кенесінің тудырған ауруы. Кене 0,14-0,45мм, аталық жыныс мүшесі мен ұрғашысында жыныс тесігі арқа тұстарында орналасқан. Ауруға ит, мысық, түлкі және адам бейімділік танытады. Мысықта құлақ қалқаны, маңдай тұсы, мойынның үстіңгі жағы қабынады. Иттерде қышыну белгісі әлсіз болады.
Жануарлар демодекозын демодекс кенесі тудырады. Ауру дерматит, гиперкератоз белгілерімен сипатталады. Ауруға ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа, қой бейімділік танытады. Зілді түрде ірі қара мен иттерде өтеді.
2 Кене құрттәрізді, 0,2-0,3мм, аяқтары қысқа үш буынды. Даму биологиясы. Кене шаш бездерінде және май бездерінде мекендейді. Салған жұмыртқада 4-6 күнде личинка, 6-9 күннен соң протонимфа, 5-8 күннен соң телеонимфа, ал 8-10 тәуліктен соң имаго дамиды. Даму ұзақтығы 25-30 күнде аяқаталады. Кене шоғырланып орналасады. Шаш пен май бездерінде 60-200 кене тіршілік етеді. Иесінсіз 9 тәулікке дейін өмір сүре алады.
Ит демодекозы әдетте 6 айдан 2 жасқа дейінгілерде тіркеледі. Ауру қабыршақты (жеңіл) және пустулезді (зілді) түрлерінде байқалады. Алғашқыда ауру ошақтары қабақ, ерін, ұрты, шынтақ пен мойын тұстарында бастау алады да, біртіндеп бүкіл денеге тарайды. Жүні түсіп, терісі қызарады, қалыңдайды, жарылады, қотыр басады. Қышыну белгісі болмайды. Пустулезді ағымында түйіндер дамиды да, секундарлық инфекция қосарланып аурудың ағымын ауырлатады.
Ірі қара мал демодекозы 6 айдан асқан малда көктем мен жазда тіркеледі. Мойын, жауырын, кеуде және жон арқа тұстарында диаметрі 2-10мм түйіндер дамиды. Түйіндердің аузы ашылып ішінен кілегейлі қаншымақ бөлінеді. Қышыну белгісі байқалмайды. Ауруларды анықтау мақсатында түйіндердің сықпасын зерттейді.
Емдеу. Барлық акариформды кенелер тудырған ауруларды емдеу үшін акарицидтік препараттарды қолданады (ұнтақ, ерітінді, инъекциялық түрлері).
Ұнтақпен қыс уақытында, ал ерітінділермен жазу уақытында тоғытады. Неостомазан (1:1000) әр 7 күн сайын бүрку (қырқылған қойға – 4 л, қырқылмағанға – 8л), жылқыны әр 3 күн сайын, шошқаны 14 күн сайын, қояндарды әр құлағына 7 күн салып 1-15 мл, басқа етқоректілерді сауыққанша қолданады. Неоцидол 60КЭ - 1:1000 ерітіндісімен, протеид - 1 тоғытуға немесе бүрку арқылы жүргізеді. Себацил 50% кэ - 1:1000 эмульсиясын әр 5-10кг – 4мл, әр 50кг тірі салмағына – 20мл қолданады. Стомазан - 0,1-0,2% әр 10 тәулік сайын, Сунимак - 5-6мл 10л суда ерітіп әр 10 күн сайын ірі қара мал басына 1-1,5 л, шошқаға 1-2мл/кг тірі салмағына, етқоректілерге 5-10мл/1кг, Эктолин - 1:1000мл ерітіндісінде тоғыту арқылы, ал бүркуге 15-20мл 20л суда араластырып, Бутокс - 0,005% эмульсиясын 2 рет әр 10 күнде, Децис 2,5% - 0,005% ерітіндісі, Дурсбан - 0,1% эмульсиясы тоғытуға әр 7 күн сайын 2 рет, Диазинон 60 кэ – 0,05% әр 10 күн сайын қолданады.. Коллоидты күкірт 3% судағы суспензиясын 7-10 күн сайын сауын малға пайдалануға болады. Ивомек (иверсект, формацин, цидектин, баймек, ивермек) тері астына күйіс малдары мен терісі бағалы аңдарға 1мл/50кг тірі салмағына, шошқаға 1мл/33кг қолданады. Жылқыға ивермектиннің паста түріндегісін (Паста эквалан, эквесект, максимек, алезан) қолданады.
Бақылау сұрақтары
1 Иксодидтердің аргазидтерден айырмашылығы неде?
2 Паразитиформды кенелердің акариформдылардан морфологиялық ерекшеліктері неде?
3 Паразитиформды және акариформды кенелердің даму биологиясын атаңыз.
4 Кенелердің анықтау тәсілдерін атаңыз.
5 Иксодид, аргазид және акариформды кенелерге қарсы қандай ем амалдары бар?
№4 дәріс. Жалпы энтомология. Бөгелектер тудыратын аурулар, балау және ветеринариялық – санитариялық шаралар
1 Жәндіктердің морфологиясы
2 Даму биологиясы
Ветеринариялық энтомология жәндіктер класына жататын өкілдердің құрылысын, дамуын, тудыратын ауруларын және олармен күрес шараларын зерттеумен шұғылданатын ілім саласы. Жәндіктер малды мазалап қана қоймай, кейбір ауру қоздырушыларын таратады.
Морфологиясы. Денесі үшке: бас, көкірек, құрсаққа бөлінген. Тыныс алу жүйесі көкірек қуысында орналасқан. Асқорыту жүйесі ауыз аппараты, ішек және ануспен шектелген. Зәр бөлу жүйесі ішекпен жалғасқан мальпигий тамырларынан құралған. Қан айналым жүйесі тұйықталмаған. Қаны түссіз, жасыл, сары. Жүйке жүйесі орталық, перифериялық және симпатикалық бөліктерден құралған. Сезім мүшелері жақсы дамыған. Жыныс жүйесі ұрғашысы мен еркегінде анық байқалады. Толық дамып түрленетіндерде: жұмыртқа-личинка-қуыршақ-имаго. Шала дамып түрленетіндерде қуыршақ сатысы болмайды.
Ірі қара малдың гиподерматозы
1 Гиподерматоз – тері асты бөгелегінің личинкалары тудырған, созылмалы ағымда өтетін ауру.
2 Морфологиясы. Hypoderma bovis – кәдімгі тері асты бөгелегі, оқыра. Имагосы 2см, әренеге ұқсас. Әр тал шашқа 1 жұмыртқа бекітеді. Личинка I сатыда – 0,6мм, ақшылт сары түсті, жұлын майында, II сатыдағысы – 20мм, ІІІ сатыдағысы 28мм денесінің артқы жағында дем түтіктері орналасқан, қоңыр түсті ірі личинка. Қуыршағы қоңыр түсті, сыртқы қабаты қатты. Hypoderma lineatum – оңтүстік бөгелегі, сәйгел, өңеш бөгелегі. Имагосы 1,5см, қоңыр түсті. Әр шашқа бірнеше жұмыртқа бекітеді. Личинкасы I сатыда өңештің сір қабатының астында, ал қалған сатылары тері астында тіршілік етеді.
3 Даму биологиясы. Ұрықтанған ұрғашысы жұмыртқаларын мал денесіне бекіткен соң 10-28 күн өткенде өледі. Оқыраның ұрғашысы 500-800, сәйгелдікі 430 дейін жұмыртқа бекітеді. 5-7 күнде дамыған личинка теріні тесіп, Hypoderma lineatum өңеште (7-8 тәулік), ал Hypoderma bovis жұлында (5-6 ай) кідіреді. Жон арқаның тері астына миграция жасап, іріңсіз ұрада II сатыдағы личинка 25-30 күнде, III сатыдағысы 30 күнде дамиды. Қуыршақ сатысы сыртқы ортада 14-15 тәулікте аяқталады.
4 Эпизоотологиялық деректер. Hypoderma bovis ІҚМ, зебу, қодас, жылқы, қой, ешкі, кейде адамда тоғышарлық күнелтеді. Ірі қара малдың 3 жасқа дейінгілері өте бейім. Ересек бөгелектер оңтүстікте сәуір-қазан, солтүстікте мамыр-тамызда ұшады. Hypoderma lineatum ІҚМ, зебу, қодаста тіркеледі. Ұшу кезеңі оңтүстікте сәуір-қазан аралығында, солтүстікте, шығыста маусым-шілде аралығында.
5 Сыртқы белгілері. Наурыз айында жон арқаның екі жағынан буылтықтар пайда болып, іріңсіз ұраға айналады.
6 Профилактикалау. Күзде химиопрофилактиканы бөгелектің ұшу мерзімі аяқталған соң арасына 30 күн салып екі рет өңдеу (егу, бүрку) жүргізіледі. Көктемде малды жайылымға шығарар алдында лажсыз өңдеу жүргізуге болады. Қолданатын препараттар – ивермектиндер, гиподермин-хлорофос, диоксофос.
Жылқы гастрофилезі
1 Гастрофилез – Gastrophilus туыс өкілдерінің асқорыту жүйесінде мекендеуінен байқалатын созылмалы ауру.
2 Қоздырушы түрлері: G.intestinalis – үлкен қарын бөгелегі; G.veterinus – он екі елі ішек бөгелегі; G.haemorroidalis – мұртты; G.pecorum – шөп бөгелегі; G.inermis – кіші қарын бөгелегі; G.nigricornis – қара мұртты бөгелегі.
3 Даму биологиясы. Ұрғашы имагоның жылқы түгіне бекіткен жұмыртқаларында 5-8 күн аралығында 1-ші сатыдағы личинка дамиды. Оларды жылқы өзін қасығанда немесе бірін бірі қасығанда ауыз кілегей қабығына бекініп, кейіннен асқорыту жүйесіне ауады да, 2-ші және 3-ші сатыларын өтеді. Көктемнің аяғында жаздың басында 3-ші сатыдағылары жерге түсіп, қуыршаққа айналады. Шамамен 25-37 күн ішінде олардан ересек бөгелектер дамып шығады. Әрі қарай еркектері ұрғашыларымен шығылысып өледі, ал ұрғашылары жұмыртқаларын бекіте бастайды. Тек G.pecorum имагосы жұмыртқаларын шөпке салады.
4 Эпизоотологиялық деректер. Гастрофилезге жылқы, есек, қашыр бейім. Бөгелектің солтүстік пен шығыста 4, оңтүстікте – 6 түрі кездеседі. Жайылымда болған жылқылардың 98-100% гастрофилезбен дерттенеді. Инвазия көзі ауру мал. Қоздырушы алиментарлық жолмен енеді.
5 Сыртқы белгілері: бөгелек балаңқұрттары аз болғанда өшкін түрде өтсе, инвазия интенсивтілігі жоғары болғанда мал арықтайды, кілегей қабықтары сарғылт тартады, гастрит пен коликтер тіркеледі, суаттағанда танауларынан су кері қарай ағады. Кейде тік ішек айналып кетуі ықтимал.
6 Диагностикалау мақсатында: жүн жамылғысын бөгелек жұмырт-қаларына зерттеу (ксенодиагностика), серодиагностикалау (ТЕГА, ИФТ) қолданылады. Өлген малда ауыз қуысында, жұтқыншақ, қарын, тоқ ішек, тік ішекте личинкалар табылады. Патологиялық өзгерістер негізінен лдичинкалардың кілегей қабыққа бекінген орындарында ойық жаралар, олардың домбығуы, қалыңдауы түрлерінде байқалады.
7 Емдеу үшін: эквалан, эквисект, максимек, алезан, еквивен – паста түріндегілерін 200мг/кг дозада ауыздан береді.
8 Профилактикалау мақсатында бөгелектер ұшқан мерзімде (10 мен 19 сағат аралығында) жылқыларды қорада ұстау немесе акарицидтік препараттарды түтіндету арқылы қорғау немесе жүн жамылғысын реппеленттермен бүрку жүргізіледі. Күзде бөгелектің ұшу мерзімі аяқталғанда (қазан-қараша) дәрілеу.
Қой эстрозы мен жылқы ринэстрозы
1 Қой эстрозы – (жалған айналма) Oestrus ovis бөгелек личинкаларының қойдың танау қуысында тоғышарлығынан туындаған ауру. Бейім мал қой, кейде ешкі. Oestrus ovis бөгелегі сары-қоңыр немесе сары-сұр түсті, ұзындығы 12мм-дей, басы қомды, көкірегі кең. Ұрғашысы тірі личинканы қойдың танауына бүркеді.
2 Жылқы ринэстрозы – Rhinoestrus (аңқа бөгелектері) туысына қарасты түрлері личинкаларының танау қуысы, кеңсірік пен маңдай қуыстарында тоғышарлығынан туындаған ауру. Ауру жергілікті жердің қабынуымен сипатталады. Қоздырушылары: Rhinoestrus purpureus (ақ бас, орыс бөгелегі), Rh. latifrontis (қортық), Rh.usbekistanicus (аз тікенді). Дене ұзындығы 8-12мм.
3 Даму биологиясы. Ұрықтанған ұрғашысы танау қуысына личинкаларын тірідей бүркеді. Личинкалар танаудың кіре берісінде, ІІ мен ІІІ сатыдағылары маңдай мен мүйіз қуысына қарай ығысады. Малдың танау қуысында солтүстік өңірде 8-11 ай, оңтүстікте көктемгі ұрпағы 3-6 ай, күзгі ұрпақтары 8-9 ай тіршілік етеді. Жетілген ІІІ сатыдағы балаңқұрттар жөтелгенде, пысқырғанда сыртқы түсіп қуыршаққа айналады. Қуыршақтану мерзімі 14-17-нен 46-ге дейін күн құрайды.
4 Эпизоотологиялық деректер. Эстроз бен ринэстроз еліміздің барлық облыстарындағы қой мен жылқыда тіркелген. Эстроз және ринэстрозға жиі жас малдар (қозы-тоқты, құлын-жабағы-тай) бейім. Қуаңшылық жылдары бөгелектер қалың болып ұшады. Ересек бөгелектер желсіз, тынық, ашық күндері сағат 10 мен 17-19 аралығында ұшады. Жаңбыр көп болған жылдары қуыршақтары шіруден саны күрт азаяды.
5 Сыртқы белгілері. Аурудың үш кезеңін айырады. Біріншісінде имаго ұшумен сәйкестенеді: мал тынышсызданады, пысқырады, тұмсығын жерге, қатты заттарға үйкейді, қораға тығылады немесе суға қойып кетеді. Танаудың кілегей қабаты қызарған, танаудан кілейгелі сұйық ағады, тынысы тарылады. Екінші кезең белгілерінсіз өтеді. Үшінші кезеңде: көктемге қарау ауру қозып, пысқыру, түшкіру жиілеп, қатты жөтелу, танаудан қойырт-пақтың ағуы, жүрісінен жаңылуы байқалады. Таңертеңгілік уақытта сыртқа түскен личинкаларды көруге болады.
6 Диагнозды қою үшін малдың тірі кезінде эпизоотологиялық деректер мен сыртқы белгілеріне сүйене жүргізіледі. Аллергиялық және серологиялық реакциялар қолдану ұсынылған. Өлген малда танау қуысынан личинкалардың анықталынуы диагнозды растайды. Ауруларды ценуроз, жұқпалы емес ринит, брадзот пен энтеротоксемиядан (қойда), маңқа, сақау, грипп, инфекциялық ринопневмония, ЖТЖЗК (жылқыда) айыру қажет.
7 Емдеу. Эстрозда: эстрозоль; ивермектин препараттары, миатрин; фасковерм, ал ринэстрозда: хлорофос, сульфидофос 5%, эквалан, эквисект, максимек, еквивен, алезан ұсынылған.
8 Дауалау: малды таңертең ерте немесе түнде бағу; бөгелектер ұшқанда малды қорада ұстау немесе көлеңкелі жерлерге қамау; малдың үстін акарицидтік реппеленттермен бүрку жүргізіледі.
№5 дәріс. Қанатты тоғышар жәндіктер және оларға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Қан сорғыштардың қатарына ұзынмұрттылар (маса, шіркей, құмыты) мен қысқа мұрттылар (сона) жатқызылады. Олар бір мезгілде әрі қан сорады және қауіпті ауру қоздырушыларын таратады. Малдың қанымен тек ұрғашылары ғана қоректенеді, ал аталықтары өсімдіктің шырынымен азықтанады. Даму сатылары: жұмыртқа-личинка-имаго.
Масалар. Масалар Culicidae тұқымының 2000-ден астам түрлері белгілі. Масалар ылғалы көп, өзен-көлдерге бай жерлерде тіршілік етеді. Ұсақ, 3-10мм, ұзындау пішінді, жіңішке аяқтары мен қос қанаттары бар жәндіктер. Басы домалақ, көздері фасеткалы, мұртшалары мен тесіп-соруға бейімделген тұмсығы ауыз аппараты алдында орналасады.
Даму биологиясы. Кешкілік уақытта аталықтары ашық жерлерде жиналып фолликулалары жетілген ұрғашыларын ауада ұрықтандырады. Малдың қанына тойған ұрғашысы 120-450 жуық жұмыртқа салады. Жазда 12 ретке дейін ұрығын шашады. Жұмыртқаларын суға немесе ылғалы көп субстратқа салады. 2-21 күнде личинкалары жетіледі, қуыршақ сатысы 5-47 күн.
Құмытылар. Құмытылар Geratpogonidae тұқымына қарасты өте уақ қосқанатты жәндіктер. Аталған тұқым құрамына: Culicoides, Leptoconops, Lasiochella туыстарының Қазақстан территориясында түрі кездеседі.
2 Ересегінің ауқымы ,мм. Басы шар тәрізді домалақ. Көзі күрделі, ірі және бүйрек тәрізді. бунақтан құралған мұрттарының алғашқы екеуі түкті, қалғандары жіпше секілді ұзын тақыр. Ауыз органдарын: төменгі ерін, қармалауыштары мен қос астыңғы жақ, қос үстіңгі жақ және ерін құрайды. Тұмсығы масаларға қарағанда қысқа және жуан. Қанаттары түссізден ала түске дейін өзгеріп отырады. Сирақтары ұзын, жіңішке. Жұмыртқалары ұзынша сопақшалау келген. Личинкалары құрт тәрізді, арқасы доңестеу. Ауқымы ,,мм.
3 Даму биологиясы. Жұмыртқа мен личинкасы әртүрлі субстраттарда, інде, ағаш жарықтарында, үйлердің жертөлелерінде және мал қораларында мекендейді. Ұрықтанған ұрғашысы 5-6 сағаттан соң малдың қанын сорып, 30-100-ге жуық жұмыртқа салады. Личинка 7 күн өткенде, қуыршақ 10-12 күнде дамиды. Жазда 1-3 ұрпақ береді.
Соналар. Соналар қосқанатты қансорғыштардың ішіндегі ең ірілері. Қазақстан территориясында ге жуық түрлері мекендейді. Солардың арасында ветеринариялық маңызы бар: Tabanus, Atylotus, Hybomitra, Haematopota, Chrysops тұқымдары. Аталған тұқым түрлері негізінен жағалауларында қоғақамыс өскен өзенкөл маңайында, таулы аймақтарда кеңінен кездеседі.
2 Морфологиясы. Ересек соналардың ірілері мм, орташа ауқымды-лардікі мм, ең кішілерінікі мм. Дене бөліктері жақсы жіктелген және бас, кеуде, құрсақтан құралған. Басы үлкен, кеудесінен әдетте жалпақ, көздері күрделі және басының екі жағын алып жатады. Үш буынды мұрттары бастың ортасында орналасады. Бастың төменгі жағында теріні шаншып тесуге немесе өсімдік сөлін жалауға бейімделген ауыз жабдықтары орналасқан. Аталық сонаның тек өсімдік нәрімен қоректенуіне байланысты тесіп кесетін жабдығы жоқ, тек жалауға бейімделген.
3 Даму биологиясы. Ұрықтанып қанға тойған ұрғашысы 50-1200 дана жұмыртқасын суға, жиегіне шашады. Личинкалары басқа жәндіктермен, жауын құртымен қоректенеді. Күзде қуыршаққа айналып қыстап шығады. Көктемде құрғақ жерге шығып қуыршаққа айналады 24-43 күннен соң имагоға айналады. Ұрғашылары 1,5 ай тіршілік етеді. Соналар 7-8-ден 20-21 сағатқа дейін белсенді. Қараңғы түсісімен ұшуын доғарады.
Шіркейлер. Шіркейлердің ортақ атауларына Simuliidae тұқымының түрі мен Phlebotominae тұқым астына қарасты түрі Қазақстанның барлық жерлерінде кездесетін өкілдері енеді. Аталған шіркей түрлері мал мен адамда симулиотоксикоз (жалпы организмнің улануы) тудырады.
2 Морфологиясы. Өте уақ /,,мм/, қансорғыш қосқанаттылар, түсі күңгіртқоңыр, кеуде мен табандарында кейде ақшылт дақтары бар, мығым денелі. Басы домалақ, кеуде астына қарай ығысқан. Тұмсығы тесіпсоруға бейімделген. Сирақтары қысқа және жуан.
3 Даму биологиясы. Өзен жиектеріндегі тастарға, балдырларға жұмыртқасын салады. Личинкалары 4-15 күнде дамиды. Ұрғашысы 100-800 жұмыртқа шашады. Қуыршақ сатысы 10 күндей. Шіркейлер желмен ығысып 200км дейін ұша алады. Жазда 1-3 рет ұрпақ береді.
Қан сорғыштармен күресті ұйымдастыруда жалпы сақтандыру шаралары, ұрық шашып дамитын орындарын жою немесе шектеу және ересек жәндіктерді құрту жолдары ескеріледі. Жалпы сақтық шараларының құрамына: мал қораларын, жазғы уақытта жайылымда тұратын орындарын жері құрғақ биік және желдетілетін, жағалауында қамысы бар өзен, көл мен батпақты жерлерден кем дегенде , км қашықтықта орналастыру қажет. Сонымен қатар, әртүрлі қансорғыштардың ұшу уақыттарын ескере, малды жайылымда бағуға ерекше назар аударылады. Мысалы, соналар күндізгі қансорғыштар болғандықтан, малды таңертеңгілік уақытта, я болмаса түнгі мезгілде, ал масашіркейлерден қорғау мақсатында түнде баққан абзал. Осындай жағдайларға мүмкіндік болмағанда жәндіктердің белсенді ұшу уақыты ескеріле, малды қораға немесе жеңіл материалдан құрылған жаппа (қамыс, жапырағы бар бұтақтардан) астына паналатады. Мал қоралары мен жаппа ішін инсектицид препараттарының бірімен бүркеді. Осы аталған жұмысты апта сайын жәндіктердің көптігіне қарай қайталайды.
Жайылымдағы малды қансорғыштардан қорғау мақсатында инсекти-цидрепелленттерді қолдана ДДВФ, дибром, метатионның ,,% немесе биоресметрин, суметрин, дельтаметрин (бутокс) және декаметрин, оксамат-тың -%тік эмульсияларын әр ересек малға , ал жас малдарға мл мөлшерде тері үстіне бүркеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жайылымдағы малды рет, ал оңтүстікте есе артық өңдейді.
Биологиялық күрес құралы ретінде өзен, көлдерде қансорғыш жәндіктердің личинкалары, қуыршақтарымен қоректенетін балықтарды (гамбузия, май шабақ т.б.) өсіру жолға қойылуы шарт.
Соңғы жылдары шет мемлекеттерде жануарлардың құлақ сырғасы, қарғыбау құрамына қосылған авермектин препараты, репеллент ретінде қолданыс табуда.
Бақылау сұрақтары
1 Жәндіктердің морфологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
2 Жәндіктер мен кенелердің дамуында қандай айырмашылықтар бар?
3 Гиподерма, гастрофил, эструс және ринэструстардың даму биологиясы қалай өтеді?
4 Бөгелек тудырған ауруларды қалай анықтайды және қандай күрес шаралары тиімді болып саналады?
5 Тұрақты мен уақытша паразиттерді атаңыз.
6 Қан сорғыш жәндіктерді мал шаруашылығында қандай тәсілдермен жою керек?
№6 дәріс. Қанатсыз тоғышар жәндіктер және оларға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
1 Жәндіктердің морфологиясы
2 Жәндіктердің даму биологиясы
3 Балау
4 Күрес шаралары.
Жануарлардың мелофагозы
Жануарлардың қансорғыштары Diptera тармағының Hippoboscidae тұқымына жататын өкілдер, соның ішінде: қойда - Melophagus ovinus; жылқыда - Hippobosca eguina; итте - H.canis; түйеде - H.cameli және құстарда – Ornithomyia тудырады. Бұлар малдың тұрақты эктопаразиттері. Айтарлықтай малға зиян тигізетін өкілдердің ұзындығы 4-7мм, басы көкірегінен анық бөлініп тұрады, көзі фасеткалы, тұмсығы тесіп-соруға бейімделген. Көкірегі екі бүйірден қысылған, 3 жұп аяқтары бар. Құрсағы кең, 6 дем түтіктері бар. Кейбірі қанатты, біршамасында қанаттары жоқ.
Жануарлардың маллофагоздары
Маллофагоздар – Mallophaga тармағына 3 тұқымға кіретін 3000-нан астам түрлері сүтқоректілер мен құстарда эктопаразиттер тудырған аурулар тобы. Ветеринариялық-санитариялық маңызы барлардан: биттер Trichodec-tidae: Bovicola bovis, B.egui, B.caprae, Felicola subrostatus (мысықта); мамықжегіштер Menoponidae тұқымынан құстарда: Menoponon gallinae, Menacanthus stramineus; қауырсынжегіштерден Philopteridae тұқымынан Lipeurus caponis маңызды.
Жануарлардың сифункулятоздары
Сифункулятоздар – Siphunculata тармағының қанатсыз паразиттердің 300-ден астам түрлері тудырған аурулары. Ұзындықтары 1-5мм, кутикуласы ұсақ жүнмен қапталған, басы көкірегінен кіші, тұмсығы тесіп-соруға арналған. Көкірегіне 3 жұп аяқтары бекінген, құрсағы сопақша, сегменттерге бөлінген.
Бүргелер
1 Жануарлар әлемінде тоғышар ретінде кездесетін қанатсыз уақытша эктопаразит қансорғыштардың өкілдері. Ғылымға бүргелердің дей түрі және олардың көптеген ауру қоздырушыларын таратушы екендігі мәлім. Ветеринариялық маңыздылығы жағынан Aphaniptera тармағына кіретін: Pulicidae, Sarcopsyllidae, Vermipsyllidae тұқымдарының Ctenocephalides canis ит бүргесі, Pulex irritans адамның бүргесі және қой мен басқа малда кездесетін Vermipsyllа dorcadia, V.alacurt түрлері.
2 Эпизоотологиялық деректері бойынша бүргелердің кез келген жануарларға бейімделуі ескеріледі. Аш күйінде ай тіршілік етеді. Қой арасында вермипсилла алакурт түрінің саны көбейгенде вермипсиллез туындап, мал өлуі ықтимал. Бүргелер толық дамып түрленетін жәндіктер, сондықтан жұмыртқасын індерге, қораларда, қоқыстарға салады. Сонымен қатар, биттер адам, түйе, кеміргіштердің обасының, туляремия және т.б. гельминтоздардың қоздырушыларын таратады. Сондықтан бүргелердің көпшілігі індері бар кеміргіштер мен малды тығыз ұстаған қоражайда жиі кездеседі.
3 Сыртқы белгілері жас малда сақа малмен салыстырғанда зілді түрде өтеді. Бүргелеп кеткен мал мазасызданып, денесін тістелейді немесе қасынады. Осының нәтижесінде жүні ұйысып, кейбір жерінде түсіп қалады.
4 Балау. Індеттанулық деректері, аурудың клиникалық белгілері ескеріле, малдан жиналған бүргелерді ажырата балайды.
5 Күрес шаралары мал тұратын қоралар мен ферма маңайында тазалықты сақтауды, дезинсекция және деинфекцияны уақытылы жүргізуден тұрады. Мал денесіндегі бүргелерді жоюға инсектицидті препараттар (биттерге қарсы қолданылатындар) жарамды. Итмысықтарға қазіргі уақытта шығарылатын зоошампуньдер кеңінен қолданылады. Міндетті түрде мал қораларында дератизация жүргізілуі шарт.
Зоофилді шыбындар
Зоофилді шыбындар өзінің алуан-түрлігімен, тигізетін айтарлықтай зияндылығымен мәлім. Ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан негізгі 3 тұқым: Muscidae - кәдімгі шыбындар; Calliphoridae - ет пен өлексе шыбындары және Sarcophagidae - сұр шыбындардың алатын орны бөлек.
Нағыз шыбындар
Оларға: мусциде тұқымдасынан тұмсықтары жалауға бейімделген Муска, Фания, ал тесіп соратындардан Стомоксис бен Липерозия туыстары негізгілер. Кеңінен кездесетіндері: Stomoxys calcitrans (күзгі қара шыбын), Haematobia stimulans (сиырдың қара шыбыны), H.atripalpis (жылқының қара шыбыны) мен Liperosia irritans (сиырдың кіші қара шыбыны). Жоғарыда аталған көк шыбындар гематофагтар болғандықтан, малды қатты мазалайды. Мал фермасы маңайында және қораларда үйдің қара шыбыны, үйдің кіші қара шыбыны, күзгі шыбын түрлері кездессе, жайылым мен мал тұратын ашық қоршауларда: далалық шыбын, тірі туатын далалық шыбын, сиырдың жайылым шыбыны, сиырдың кіші қара шыбыны, жылқы шыбындары тіршілік етеді.
2 Даму биологиясы. Толық дамып түрленетіндерге жатады. Көпшілігі жұмыртқа салады, кейбірі тірі туады. Үй шыбыны тіршілігінде 600-ге жуық жұмыртқа салады. Шыбынның өмір сүруі 3-5 тәулік. Қуыршағы 3-6 күнде дамиды.
Ет шыбындары
Еттің жасыл шыбындарының үш тұқымы: Каллифора, Протоформия және Луцилия өкілдерінің ветеринариялық маңызы бар. Аталмыш тұқымдардың тұрқы мм. Түстері: жасыл, қарасұр немесе қара. Қорек ретінде ет, балық еті, сүт өнімдері, адам мен жануарлардың нәжісін пайдаланады. Ұшу мерзімі сәуір мен қазан аралығы. Ұрығын салу орындары: мал өлекселері, ет өнімдерінің қалдықтары, адам мен жануар нәжістері. Ұрғашылары 5-21 күн тіршілігінде 200-ден астам жұмыртқа салады.
Өлексенің көк шыбындары сұр түсті көкшілт реңді ет, мал өлексесі, сүйек, балық, шіріген субстраттарда жұмыртқасы дамиды. Шыбын личинкалары мал денесінде де дами алады. Толық дамуы 13-16 күнде аяқталады. Дамуының барлық сатыларында қыстап шыға алады.
Өлексенің жасыл шыбындары орташа денелі, реңді сұр түсті. Жұмыртқаларын балауса еттің ішкі жағына, мал өлексесіне, асхана қалдықтарына, қиға салады. Салатын жұмыртқа саны 200-300 данадай. Ұрғашылары 45-50 күн тіршілік етеді.
Сұр ет шыбындары. Жануарлардың вольфартиозы (құрттау)
1 Вольфартиоз (құрттау) – Sarcophagidae тұқымынан ең қатерлі және жиі кездесетіні Wohlfahrtia magnifica, сиректеу W.trina болып табылады. Вольфарт шыбынының -ға жуық белгілі түрінен, бұрынғы ТМД елдері территориясында тіркелген. Жиі жағдайда ІҚМ, ҰҚМ, жылқы мен шошқада кездеседі.
2 Морфологиясы. Ірі, көкірегінде үш жолағы, құрсағы жұмыртқа тәрізді қара теңбілдері бар, қанаттары жалпақ келген жәндік. Личинкасының 1-ші сатыдағысы 1-20мм.
3 Даму биологиясы. Ұрғашысы 200 жуық тірі личинканы малдың жараларына салады. 2-3 күнде личинка жетіліп, жерге түседі де қуыршаққа айналады (9-24 күн). Толық дамуына 20-30 тәулік жұмсайды.
4 Эпизоотологиялық деректер. Жылы мезгілде еліміздің солтүстігінде 2-3, ал оңтүстік облыстарда 6, орталық және шығыс жақтарда 2-4 ұрпақ береді. Үй малдарының бәрі бейім.
5 Сыртқы белгілері мен балау. Мал тынышсызданады, дене қызуы көтеріледі, арықтайды, жарадағы личинка ұлпаларды зақымдайды, ауырсынады, қышынады. Іріңді жаралар асқынып, қан ағады, жарада личинкалар байқалады.
6 Емдеу. Мал басын клиникалық зерттеу; жараларды вольфартол, вольфазоль-Д, миазоль, стомозан, 4% хлорлы препараттар, 2% циодрин эмульсиясын 5-8 күнде екі рет қолданады. Өңдеген жарадан пинцет көмегімен личинкалардан тазартады да, қайта өңдеп асептикалық жара ретінде емдейді.
7 Дауалау. Уақытында қойды қырқу, пішу, құйрығын кесу жұмыстары шыбын оянбай өткізіледі. Міндетті түрде малдың тұяқтарын қарау. Малды инсектицидтермен бүрку.
№7 дәріс. Жалпы протозоология. Жануарлар кокцидиоздары, балау және ветеринариялық – санитариялық шаралар
-
Қарапайымдардың морфологиясы
-
Қарапайымдардың көбеюі.
-
Патогенезі.
-
Иммунитет.
-
Балау
-
Емдеу, күрес шаралары.
Протозоология – Protozoa класына қарасты бір жасушалы организмдерді зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы. Ғылымға 70 000-ға жуық қарапайымдардың түрлері белгілі. Олар жануарларда, құста, арада, балықта және адамда тоғышарлық күнелтеді. Қоздырушылар қан плазмасында (трипаносома), қан түйіршіктерінде (пироплазмида), ішек, бауырдың эпителиалды жасушаларында (эймерии), жыныс мүшелерінде (трихома-надалар) күнелтеді.
Қарапайымдылардың морфологиясы. Құрамында барлық органоидтар (рибосома, митохондрий, роптрий, ішкі мен сыртқы мембраналар, ядро, цитоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, лизосома) бар. Ядро генетикалық және метаболикалық қызмет атқарады. Цитоплазмадағы рибосома (ақуыздарды өндіру), митохондрии (зат алмасу), лизосомы (асқорыту), Гольджи аппараты (секреторлық қызметі) өздеріне тән алмасу-ларға қатысады. Аэробтарға пироплазма, трипаносома, ал анаэробтарға трихомонада жатады. Қозғалу қызметін кірпікшелер, талшықтар, жалған аяқшалар атқарады. Көбеюі: жынысты (монотомия, бүршіктену, эндодио-гония, синтомия) және жыныссыз (копуляция, конъюгация) жолдарымен іске асады.
Патогенезі. Қарапайымдылар мал организміне барлық әсер түрлерін (механикалық, токсикалық, аллергиялық, трофикалық, инокуляторлық) білдіреді.
Протозооздарда иммунитет туа біткен (абсолюттік пен шартты) және қалыптасқан (стерилді мен стерилді емес) болып екіге бөлінеді.
Эпизоотологиялық деректер. Қоздырушының берілу тетігіне қарай трансмиссивтік және трансимиссивтік емес деп жіктеледі.
Трансмиссивтік аурулар донор-тасымалдаушы-реципиент. Мысалы: ауру мал-кене-сау мал (пираплазмидоздар).
Трансмиссивтік емес донор-сыртқы орта-реципиент. Мысалы, ауру мал-нәжіс-сау мал; ауру бие-айғыр-сау бие; ауру сиыр-бұқа-сау сиыр.
Балау эпизоотологиялық және клиникалық деректерге сүйене, лабораторлық зерттеулер нәтижесін ескере жүргізіледі. Лабораторлық зерттеулерден: нәжісті (Дарлинг, Фюллеборн бойынша), қанды микроскопиялау, қан жұғындысын зерттеу (Романовский-Гимза бойынша), жыныс жолдарынан алынған сұйықтықты микроскопиялау, серологиялық реакцияларды қолдану (КБР, КҰБР, лабораторлық жануарларда биосынама қою) және өлген малды зерттеу.
Емдеу мен күрес шаралары. Емдеу үшін арнайы препараттарды (химиопрепарат және антибиотик) + пролонгатор қолданады. Мысалы, азидин + наганин. Арнайы емес терапия (патогенетикалық, витаминдік, диетикалық) жүргізу. Профилактикалауда жалпы шаруашылық шаралар, мал қораларында дезакаризация жүргізу.
Жануарлардың кокцидиоздары
Эймериоздар
1 Кокцидилердің морфологиясы.
2 Кокцидилердің көбеюі.
3 Эпизоотологиялық деректер.
4 Сыртқы белгілері.
5 Кокцидиоздарды балау.
6 Емі және дауалау.
Достарыңызбен бөлісу: |