Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №318 қаулысы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару



Дата20.06.2016
өлшемі13.68 Kb.
#148663



Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 318 қаулысы

Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің кейбір қаулыларының күші

жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес, «Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылынан карантинді алу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қыркүйектегі № 2257 қаулысы, Үржар ауданы әкімдігінің «Бақты ауылдық округінің Бақты аулындағы карантин режимін алу туралы» 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 33, «Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта аулындағы карантин режимін алу туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 142 қаулылары негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын аймақтарға бөлу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 204 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2556, 2011 жылғы 17 қазанда № 121 (16597) «Дидар», 2011 жылғы 15 қазанда № 119 (19107) «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланды);

2) «Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын аймақтарға бөлу туралы» 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 204 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2568, 2012 жылғы 5 наурызда № 26 (16655) «Дидар», 2012 жылғы 3 наурызда № 26 (19166) «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланды).

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет