Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 87 қаулысы
Өскемен қаласы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 6 мамырда № 3300 болып енгізілді
Шығыс Қазақстан облысының
Зырян қаласындағы жер үсті су
объектілерінің су қорғау аймақтары
мен су қорғау белдеулерін және
оларды шаруашылыққа пайдалану
режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің
39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы
1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында,
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар белгіленсін:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ.Б. Байғонысов) «Шығыс Қазақстан облысының
Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының
міндетін атқарушы
______________ М. Мұздыбаев
2014 жылғы «7» сәуір
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
басшысының міндетін атқарушы
______________ Ғ. Сүлейменов
2014 жылғы «7» сәуір
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
«7» сәуірдегі
№ 87 қаулысына
қосымша
Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің
су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
№
р/с
|
Су объектісі, оның учаскесі
|
Су қорғау аймағы
|
Соның ішінде
су қорғау белдеуі
|
Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)
|
Алаңы, (га)
|
Орта-ша
ені, (метр)
|
Шекара-сының ұзын-дығы, (шақы-рым)
|
Ала-ңы, (га)
|
Орта-ша
ені, (метр)
|
1
|
Березовка өзені - Бұқтырма өзенінің сол саласы
|
11,0
|
952,0
|
500-1350
|
19,0
|
193,0
|
50-55
|
2
|
Магистральный (Маслянский) каналы
|
5,6
|
148,2
|
130-500
|
13,0
|
26,0
|
20
|
3
|
Маслянка бұлағы
|
11,2
|
279,5
|
65-425
|
15,0
|
58,8
|
35-122
|
4
|
№ 1 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының
сол саласы мен № 2-оң саласы
|
3,3
|
86,4
|
100-340
|
3,6
|
12,6
|
35
|
5
|
№ 3 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының
сол саласы
|
0,6
|
8,4
|
65-170
|
0,9
|
3,0
|
35
|
6
|
№ 4 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының
оң саласы
|
2,3
|
47,4
|
130 - 300
|
2,5
|
8,8
|
35
|
7
|
№ 5 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының
оң саласы
|
0,95
|
19,6
|
100-350
|
1,2
|
4,2
|
35
|
8
|
Заводская бұлағы - Маслянка бұлағының сол саласы
|
0,7
|
19,0
|
70-
425
|
1,5
|
5,3
|
35
|
9
|
№ 6 атауы жоқ бұлақ
|
2,8
|
43,0
|
80-200
|
2,9
|
10,2
|
35
|
10
|
№ 7 атауы жоқ бұлақ (Чернышевский қалтарысы)
|
0,5
|
10,0
|
100-150
|
1,2
|
4,2
|
35
|
11
|
Өзеннің басынан бастап айналма автожолдың тұсына дейінгі
Вторушка өзені (батпақты жерлер учаскесі, 170 га)
|
14,0
|
1011,0
|
200-500
|
22,6
|
104,8
|
35-55
|
12
|
Айналма автожолдың тұсынан бастап нөсер каналына
дейінгі Вторушка өзені
|
4,1
|
189,9
|
75-700
|
7,65
|
37,4
|
35-150
|
13
|
Земляной ключ бұлағы –Вторушка өзенінің сол сағасы
|
15,3
|
389,2
|
60-500
|
14,6
|
51,1
|
35-75
|
14
|
Вторушка өзеніндегі су қоймасы (алаңы - 11,0 га)
|
1,0
|
29,0
|
200-380
|
1,35
|
12,4
|
50-120
|
15
|
Вторушка каналы
|
1,0
|
27,3
|
75-230
|
3,4
|
6,7
|
20
|
16
|
№ 8 атауы жоқ бұлақ - Вторушка өзенінің оң сағасы
|
1,65
|
68,5
|
100-275
|
2,7
|
9,5
|
35
|
17
|
Земляной ключ бұлағының ағынын
Вторушка өзеніне қосатын канал
|
1,3
|
30,0
|
60-275
|
1,9
|
3,8
|
20
|
19
|
Красный ключ бұлағы
|
8,2
|
355,8
|
100-680
|
11,4
|
46,0
|
35-100
|
20
|
Құрғату жырасы
|
0,45
|
19,4
|
100-200
|
1,25
|
4,4
|
35
|
21
|
№ 9 атауы жоқ бұлақ (оңтүстік айналма автожол мен Маяк кентіне апаратын автожол ауданында)
|
4,3
|
158,5
|
100-450
|
4,4
|
15,4
|
35
|
22
|
Нөсер (құрғатқыш - тосқауыл) каналы
|
1,6
|
163,7
|
200-450
|
9,6
|
75,3
|
35
|
23
|
Карьерлік көл
|
2,6
|
90,0
|
220-400
|
-
|
-
|
-
|
Ескертпе.
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені «Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |