Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА



Дата12.07.2016
өлшемі109.81 Kb.
#194543
Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының басшысы

Н.Ә. ШЕРУБАЕВҚА
2011 жылдың 1 тоқсанына 21 қаңтардан 27 қаңтарға дейінгі есеп беру кездесулері барысында қалалықтардан түскен ескертулерді, ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың жүзеге асу барысы туралы ақпарат





Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушы

Жауаптың мазмұны

1

Қысқы кезеңде жолдар мен көшелерді ұстау бойынша нақты ұйымдастырылған шаралар қабылдансын.

Ж.Б.Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдары директорлары


Өскемен қаласында және Өскемен қаласына әкімшілік қарасты Меновной ауылдық округінде жолдар мен көшелердің жалпы ұзындығы 756 км, оның ішінде 2011 жылы қалалық бюджет есебінен жүру бөлігінің алаңы 3889 мың м2 болатын 392 км жолдар мен көшелерге, яғни қоғамдық көлік жүретін жолдарға, алаңы 652 мың м2 болатын жаяу жолдарға қызмет көрсетіледі.

2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Қысқы кезеңде қала жолдарын ұстау» туралы шартқа сәйкес қаланың көшелері мен жолдарын қысқы кезеңде ұстау бойынша жұмыстарды Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Ө КСК» МКК қосалқы мердігер ұйымдар «Земстрой» ЖШС, «Ремдор» ЖШС, «Дороги Востока» ЖШС, «ДСУ-11» ЖШС, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС, «СК ESK» ЖШС, «Brilliant Citу» ЖШС тарта отырып жүзеге асырады. Шарт талаптарына сәйкес мердігер ұйымдармен қала аумағын: көшелер мен жолдардың жүру бөлігін, жаяу жолдарды, автобус аялдамаларының кірме қалташалары мен тұрақтау алаңдарын, жаяу жүргіншілер өтпелерін қардан, мұздан және қызыл су мұзынан механикалық және қолмен тазалауды, көк тайғаққа қарсы материалдар себуді, қарды тасып шығаруды көздейтін регламенттік жұмыстар кешені орындалады. Қызмет көрсету қолайлы болу үшін қала аумағы 3 арнайы маршрутқа және 19 шартты ауданға бөлінді.

Өскемен қаласының көшелері мен жолдарын қысқы кезеңде ұстау үшін 2011 жылға 209,371 млн. теңге көзделді. Бұдан басқа, қалалықтардың көптеген өтініштері мен арыздарына байланысты, 2010 жылы да толассыз жауған қардан кейін жеке сектордың көшелерін екі рет тазалауға 10 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаражат бөлінді

Көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Ө КСК» МКК және қосалқы мердігер ұйымдардың күшімен 2010 жылдың қараша-желтоқсан айларына Өскемен қаласы-ның көшелерінен 20 000 м3 көлемінде қар тасып шығарылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 28 ақпанына дейінгі кезеңде шығарылған қардың көлемі 64 097 м3 құрайды.

Қарды тасып шығару бойынша жұмыстар бірінші кезекте қоғамдық көлік қозғалысы бар орталық көшелерде және нөсерлік канализация желілері жоқ тар көшелерде орындалуда. Ұзындығы 404,6 км болатын және жүру бөлігінің алаңы 1330,5 мың м2 болатын 400-ден астам жеке сектор көшелері мен аулаішілік аумақтар қардан тазартылды. Қазіргі уақытта жеке сектор көшелері мен өтпелері екінші рет қардан тазалануда.

2011 жылғы 5 қаңтардағы шарт қосымшасына қала аумағын ұстау бойынша орындалған жұмыстар сапасын бағалау сұлбасы енгізілді. Бұл сұлба шартқа сәйкес қала аумағын санитарлық ұстау бойынша орындалған жұмыстар көлемі мен сапасын бағалауда субъективті амалдарды жоюды, орындалған жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізуді, іс жүзінде орындалған көлемді төлеуді және орындалған жұмыстардың қанағаттанарлық сапасы үшін мердігерге санкция қолдануды көздейді.

Орындалған жұмыстардың сапасы:


  • ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің;

  • Жол полициясының;

  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің;

  • Жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының;

  • Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК филиалдары өкілдерімен анықталады.

Орындалған жұмыстардың сапасын күн сайын қала аумағын аралау арқылы бақылап отырады. Шұғыл кеңестерде бас мердігер мен қосалқы мердігер кәсіпорын-дарының басшыларына ұстау бойынша ескертулер мен кемшіліктер жою үшін беріледі.


2

Ертіс өзенінің, Үлбі өзенінің жағалауларын санитарлық ұстау бақылансын.

Ж.Б.Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдары директорлары

Ж.Ә.Жилибаев

(келісім бойынша)

Ертіс және Үлбі өзендерінің жағалауларын санитарлық ұстау бойынша жұмыстарды өзендердің жағалаулары бойындағы көшелерді ұстауға жауапты бас мер-дігер Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» Ө КСК» МКК жүзеге асырады. Өзендер жағалауларының санитарлық жағдайын бақылауды ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» КМҚК филиалдары жүзеге асырады.



3

Лифт шаруашылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жалғастырылсын.

Ж.Б.Баирханов

Ж.Н.Нұрлан

Өскемен қаласында 195 биік тұрғын үйлерде 508 лифт орнатылған, оның ішінде 449 лифт жұмыс істеп тұр, 57-сі ұзақ уақыт пайдаланылған жоқ және бөлшектелген (оның 26-сы бұрынғы жатақханаларда), 2-еуі үйлерді салған кезде орнатылмаған.

145 лифт 25 жылдан артық пайдаланылуда, қызметтік нормативтік мерзімін өтеді.

Лифттерді жөндеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру 2007 жылдан бастал-ды.

Лифт жабдықтарын толық ауыстыра отырып, лифттерді күрделі жөндеуге қаражат меншік пәтер иелерінің келісімімен мемлекеттік меншікке қабылданған, шекті-мүмкіндік мерзімін өтеген (37 жыл) лифттерді жөндеуге ғана бюджеттен бөлінеді не арнайы ұйымның қорытындысына сәйкес қалпына келтіруге жатпайды.

2007-2010 жж. аралығында нормативтік қызмет мерзімін өтеген 27 лифт қаланың коммуналдық меншігіне берілді, 26 лифт жөнделді, оның ішінде 3 лифт – 2007 жылы, 3 лифт – 2008 жылы, 3 лифт - 2009 жылы, 17 лифт – 2010 жылы.

2011 жылы лифт жабдықтарын толық ауыстыра отырып, лифттерді жөндеуге 30 млн. теңге бөлінді. Жөндеу үшін 4 лифт анықталды. Конкурс өткізілді, «Лифтэк» ЖШС жұмыстарды орындауға шарт жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі 11.04.2011 жылдан 01.09.2011 жылға дейін.

Лифт жабдықтарын одан әрі Өскемен қаласының коммуналдық меншігіне беру үшін облыстық коммуналдық меншікке қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2011 жылдың басынан қаланың коммуналдық меншігіне 6 лифт берілді.




4

Қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасы арттырылсын

Баирханов Ж.Б.

Панков В.Г.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласына 60 қоғамдық автомобиль көлігі маршрут-тарымен, оның ішінде: 15 шағын автобус маршрутымен және 45 автобус маршруты-мен қызмет көрсетіледі. Күн сайын қаланың маршруттарына 338 автобус пен 118 ша-ғын автобус шығады.

Өскемен қаласының маршруттық желісі 2006 жылы Шығыс Қазақстан техника-лық университетінің мамандарымен әзіірленген, қалалық көліктің маршруттық желісін қайта құру жобасының негізінде қалыптасты.

Шалғай аудандарда тұратын қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін 2010-2011 жылдары маршруттар 23-ші тұрғын ауданға дейін, «Металлург 5» саяжай кооперативіне дейін, «Южный» саяжай кооперативіне дейін, Герасимовка ауылына дейін, Молдағұлова көшесіндегі, Карл Маркс көшесіндегі тұрғын үй құры-лысына дейін, Болатов атындағы Сол жағалау емханасына дейін ұзартылды.

Сондай-ақ жолаушылардың ұсыныстарын есепке ала отырып, жолаушылар көлігімен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қала маршруттарындағы сұлбалар мен кестелерді өзгерту бойынша мәселе тұрақты қаралады. Сондықтан 2011 жылы қосымша кестелер қосу есебінен №№ 7, 13, 13-А, 32, 228 маршруттардағы кестелерге өзгерістер енгізілді, №№ 12, 206, 230 маршруттардағы таңертеңгі және кешкі кестелердің жұмыс режиміне өзгерістер енгізілді, №№ 11, 14 маршруттарда демалыс күндері жұмысты ұйымдастыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бүгінгі күні жолаушылардың және багаждың тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша бақылау, тасымалдаушыларға шара қолдану, қозғалыс сұлбасы мен кестесін өзгерту бөлігіндегі мәселелерді қарау және шешім қабылдау, конкурстарды және қалалық қоғамдық көлікке қатысты басқа да іс-шараларды өткізу Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жо-лаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзыретіне кіреді. Тасымал-даушылармен жолаушылардың және багаждың тұрақты тасымалын ұйымдастыру жөніндегі шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін № 261, 25, 25-а, 26, 10, 39 мар-шруттарға шарт бұзылды. 2011 жылдың қаңтар айында № 261, 25, 25-А мар-шруттарына конкурс өткізіліп, конкурс жеңімпазы анықталды.

Өскемен қаласында 2004 жылдан бастап диспетчерлік ілеспенің жартылай автоматтандырылған компьютерлік жүйесі жұмыс істейді.

Автобустар мен шағын автобустар қозғалысын технологиялық басқару диспетчерлік бақылаудың 28 колонкасымен байланысты 6 диспетчерлік пульт арқылы жүзеге асырылады. Диспетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және желідегі әр автобус пен шағын автобустың қозғалысын бақылауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының көлік бөлімімен жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің сақталуына жылжымалы құрамды тексеру бойынша іс-шаралар тұрақты өткізіледі.


5

Жаңа өндірісті ынталандыру үшін инфрақұрылымды дамыту мен шарттарды жинақтау. Қаланың кәсіпорындарында, жергілікті органдардың сатып алуында қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылсын.


Ж.Н. Нұрлан

Қ.М. Баширов.

К.Ә.Бұқабаева

Бағдарлама әкімгерлері



Жұмыс тобымен Өскемен қаласында бойынша қаланың шағын және орта бизнесінде әкімшілік кедергілерді жою бойынша барлық шаралар қолданылуда.

2010 жылғы 2 шілдеде № 7694 Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары бөлімі» ММ ұсыну туралы» Машиностроительдер көшесі бойында бизнесті дамыту аймағының құрылысы мен жобалау үшін жер телімдері өтеусіз құқығында берілді. Бүгінгі күнде БДА инженерлік коммуникацияны өткізу бойынша және БДА орналастыруға жос-парланатын жобалардың тізімі жинақталуда.

Өскемен қаласының «Кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімімен» индустриалды аймақтардың қызметі бойынша кеңестер мен түсіндірме жұмыстары үнемі өтіп тұрады. Қала кәсіпкерлерін ақпараттандыру мақсатында аталаған мәселе бойынша БАҚ және қала әкімінің ресми сайтында ақпараттар орналастырылған.

Қазақстандық ұстанымды тауарлар, жұмыстар мен қызметтер мониторинг жүргізуге барлық шаралар қабылдануда. Ай сайын 119 кәсіпорындар бойынша қазақстандық ұстанымға мониторинг жүзеге асырылады.

Отандық тауар өндірушілерде жинақталатын жабдық, шикізат, импорттық материалдар іздестіру жұмыстары күшеюде.

2011 жылдың 1 тоқсанына Өскемен қаласы бойынша қазақстандық ұстаным тауарлар, жұмыс және қызметтер бойын-ша 63,56 % оның ішінде тауарлар – 55,97 %, жұмыстар бойынша 98,9 %, қызметтер бойынша 99,83 % құрады.




6

Дамудың бас жоспарына сәйкес аумақ құрамына енгізілген елді мекендерді Өскемен қаласының аумағына қосу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілсін

Б.А. Акрамов

М.Ә.Сағатов

Өскемен қаласының бекітілген бас жоспарына сәйкес Ұлан және Глубокое аудандарының жерлеріне орналасқан аумақтарды қала құрылысына игеру қарастырылған. Қаланың әкімшілік шекарасына тапсыруға жалпы ауданы шамамен 5070 га Кировский, Опытно-польский (Опытное поле) ауылдық округтері (жартылай), Бобровка ауылдық округі (Лесхоз кенті), Төлеген Тоқтаров ауылдық округі (Герасимовка, Казачье ауылдары) ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімшілік шекаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісім бойынша облыстық өкілді және атқару органдарының бірлескен шешімімен өзгертілуі мүмін.

Шығыс Қазақстан облысы әкіміне бағытталған Өскемен қаласы аумағының шекарасын өзгертудің мақсатқа лайықтылығы туралы қызметтік хат Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімімен зерделенді.

Облыс әкімдігі Өскемен қаласының әкімшілік-аумақтық өзгерту бойынша жұмыстарды жүргізудің мақсатқа лайықтылығы туралы оң шешім қабылданған жағдайда, мәселелерді мәні бойынша шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау жалғастыратын болады.

ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңында көрсетілген материалдарды орындау үшін ақша қаражатын қарастыру қажет. Жұмыстарды орындаудың бірінші кезегінде шығын сомасы 20657600 теңге құрайды (жерге орналастыру жұмыстары).

Фото және топо жоспарларды орындауман жұмыстың жалпы құны 178268 мың теңге құрайды.




7

Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін сұрақтарды меңгеруді және ұсыныстарды өңдеуді жалғастыру.


Қ.М.Баширов

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған 307,97 млн. теңге жалпы құнымен 9 іс-шара жоспарлануда, соның ішінде:

- мал қорымын салу – 7,0 млн. теңге;

- ШҚО Өскемен қаласының канализациялық коллекторларын қайта құру. КНС-14-ден КНС-17 дейін қысымды канализациялық коллектор Б. Гагарин көшесінен КНС-17 дейін өздігінен ағатын коллектор – 100,0 млн. теңге;

- қаланың елді мекендеріндегі үйінділерді жою – 4,3 млн. теңге;

- қаланы көгалдандыру және айлық өткізу – 196,7 млн. теңге;

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.




8

Қаңғыбас иттерді ұстау бойынша жұмысты жалғастыру

Қ.М.Баширов

«Істер басқармасы» КМҚК филиалдары директорлары


Шарт мерзімінің аяқталуына байланысты, қаңғыбас жануарлармен күресу бойынша ашық конкурс өткізуге дейін 2011 жылдың 1 тоқсанына «Доктор Айболит» ЖШС-пен қосымша келісім жасалды.

2011 жылдың 5 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін 782 ит және 2 мысық ауланып, жойылды.

Осы уақытта Өскемекн қаласы бойынша қаңғыбас жануарларды аулау жөнінде ашық конкурс өткізуге жұмыстар жүргізілуде.


9

Мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейту, шағын орталықтарды құру бойынша кезең-кезең жұмыс жалғастырылсын.


А.А. Кузнецов

2010 жылы «Балапан» мектепке дейінге білім беруді дамыту бағдарламасының аясында толық қамту мәселесін шешу үшін Өскемен қаласында мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту жоспары құрылды, ол келесі бағыттарды қамтыды:

Мемлекеттік ұйымдар орналасқан 800 орындық 3 балабақшаныңі ғимараты босатылды;

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаев пен «Қазцинк» ЖШС және «ҮМЗ» АҚ кәсіпорывндарының арасында жасалған меморандумның негізінде 530 орындық 2 балабақша құрылысы.

1975 орындық 30 мектепке дейінгі шағын орталықты ашу.

475 орындық «Лада», 120 орындық «Арина» жеке балабақшаларында мемлекеттік білім беру тапсырмасын анықтау.

Нәтижесінде 2010 мжылы мектепке дейінгі бағдарламамен қамту мынаны құрады:

Жалпы үлгідеді балабақшаларда – 6708

Түзету балабақшаларында -



446

Жеке балабақшаларда -



1297

Мемлекеттік тапсырыс бойынша – 595

шағын орталықтарда –

4467

БАРЛЫҒЫ: 13513

Немесе 2-6 жастағы балалардың жалпы санынан (14531 адам) 93,0 пайызды құрады.

2011 жылы 800 орындық 3 балабақшаны қайтарып алу, 280 орындық жеке балабақша ашу және «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша 250 орындық балабақша құрылымы жоспарлануда. Барлығы 1050 орын.






Өскемен қаласы әкімінің

орынбасары А. НҰРҒАЗИЕВ

Орын.Сәбиева Б.С.



тел.248268

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет