Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі (САРАТС -2)
Экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқару бойынша негіздемелік құжат (ЭБҚОБН)
Мазмұны
-
Қысқаша тарихи анықтама
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау кезінде жүргізілуге тиіс экологиялық бағалауды қамтудың кеңдігін анықтайтын алдын ала жоспарлау, жоспарлау, техникалық-экономикалық негіздеу мен жұмыс құжаттамасын жасау (2007ж.) кезеңдеріндегі болжалды іс-шаралардың экологиялық бағалауын жүргізуге ҚР Басшылығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – СРК) екі томнан тұратын құжаты рәсімделді және «Қоршаған ортаға жасалатын әсерді алдын ала бағалау» болады. Бірінші том 2008 ж. «Мотт Макдональд» еуропалық консалтингілік компаниясымен (Нидерланды) әзірленіп, жобаның мазмұнындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып 2013ж. «Казгипроводхоз» жобалау институтымен жаңартылды. Бірінші томда САРАТС -2 жобасы бойынша іс-шаралардың алғашқы тізбесі қысқартылғаннан кейін қалған төрт компоненті сипатталды: Қызылорда бөгетінің сол жақ жағалауындағы суды реттеуші тетікті қалпына келтіру, Қорғанша мен Тұрымбет бөлімшесі ауданындағы өзен арнасын түзету, Сырдария өзеніндегі бар бөгеттерді жақсарту. Екінші том 2013ж. ҚР СРК сұранысы бойынша «Казгипроводхоз» жобалау институтымен әзірленіп, қалған екі кіші жобаны қамтиды: Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамыстыбас балық питомнигінің Тастақ учаскесіндегі балық өсіретін тоғанды кеңейту және Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру. Аталған құжаттардың сипаты мен мақсаттарын жақсы көрсету үшін, сондай-ақ одан әрі жұмыс құжатамасы негізінде қоршаған ортаға жекелеген кіші жобалардың әсерін тәптіштеу мүмкіндігін ескере отырып «Қоршаған ортаға әсер етуін алдын ала бағалау» құжаты «Экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқару бойынша негіздемелік құжат» (ЭБҚОБН) деп аты өзгертілді.
-
ЭБҚОБН әзірлеу негіздері мен қорытындылары
ЭБҚОБН әзірлеу себебі қазіргі сәтте САРАТС –2 жобасының Техникалық-экономикалық негіздеулерінде (ТЭН) ұсынылған алдын ала жоспарлар мен сызбалардың кейбіреулері топырақтың толық жердегі түсірмелері мен бар картографияларға/түсіру жүйелеріне негізделген жоқ. Әзірше жердегі түсірмелер желісі мен керекті жерлерде геодезиялық белгілер, құрылыс жұмыстарының жаңа орналасқан жерлері енгізілмеген, демек олардың қоршаған ортаға әсер етуі анықталуы мүмкін емес. Мысалы, Жалағаш ауданының Қорғаншы және Тұрымбет бөлімшесінің ауданындағы өзен арнасын түзету мақсатында қазуға бірнеше жерлер бар. Ұқсас түрде 3) кіші компоненті бойынша ұзындығы шамамен 50 км қорғайтын бөгет учаскесінің қайсысын қалпына келтіріп, жақсарту керектігі түсініксіз.
Жобаның жұмыс құжаттамасын даярлау кезеңінде әзірлеушілер ТЭН ұсынылған сызбалардың техникалық дәлдігі үшін жауапты болады, демек құрылыс учаскелері мен басқа да байланысты техникалық/экологиялық факторлардың ағымдағы шарттарын тексеру мен жаңартуды (ТЭН әзірлеудің басынан кейін өткен соңғы жылдары өзгертілген) қоса алғанда олар ТЭН бойынша орындалған жұмыс нәтижелерін талдау керек. Мұндай жие өзгерістер енгізуге әкеледі. Мысалы, өзен арнасын түзетуді орналастыру енді толық қолайлы болып табылмайтынын анықталуы мүмкін, демек балық питомнигінің учаскесі топографиялық тұрғыдан кешенді (адырлы) жері болып табылып, құрылыс жұмыстарының жақсартылған жоспарларында өзгертілген көлемдерді көрсету керек болып қалуы ықтимал. Бұдан басқа, 2 компоненті үшін (балық питомнигі және саға көлдері) жұмыс құжаттамасы балық түрлері мен бірқатар аралас түрлерінің мекендеу аймағы әсерінен (мысалы, паудалынылуы шектеулі тоғандармен салыстырғанда пайдалануды қолдайтын, қоршаған ортаға жақындығын, уылдырықтау үшін тұратын аймақты жақсарту бойынша қорғау шараларын қолдайтын ашық кірумен тоғандарды теңсетіру, балықты балық питомнигінде сақтаумен салыстырғанда жергілікті түрлерді ретке келтіру мақсатында жыртқыш түрлерін шоғырландыру және т.б.) ТЭН орындалған сызбаларға маңызды өзгерістер енгізе алады.
ҚОБЖ деңгейінде алдын ала бағалау: жоба негізінде соңғы он жылдықта едәуір азайған Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен көл жүйелеріне су беруді ұлғайтуды және ағыстың бойымен жоғары қарай елді мекендерді, инфрақұрылым объектілері мен ауыл шаруашылық алқаптарын маусымдық су басуына байланысты экономикалық және әлеуметтік салдардарды азайтуды қоса алғанда қолайлы экологиялық және әлеуметтік әсер көрсететіні күтіледі. Нақты су тасуға қарсы жұмыстар жүргізілетін аумақтар маңызды түрде өзгерді. Өзен арнасын түзету жөніндегі жұмыстар түрлердің шағын табиғи су/жағалық тұратын аймағын бұзады. Жобаның екі кіші компоненті (саға көлдерінің экологиялық мәртебесін жақсарту үшін су ағының ұлғайту және Қамыстыбас балық питомнигінің Тастақ учаскесіндегі балық өсіретін тоғанды ұйымдастыру мен кеңейту) Сырдария өзені мен Арал теңізінің солтүстік бөлігінің немесе оларға тікелей жақын саға көлдерінің аумағында құстар мекендейтін маңызды аудандар мен сулы-сазды алқаптарының аумағында жүзге асырылады. Жалағаш ауданының Қорғаншы және Тұрымбет п. өзен арнасын түзету учаскелері Қармақтыбас және Қазалы аудандарындағы су тасуға қарсы бөгетті қалпына келтіру мен жақсарту бар/ескі өзен арнасында орналасқан түрлердің тұратын табиғи аймақтарына теріс әсер ету себебі болуы ықтимал. Бірақ, экожүйенің нашарлау салдары оның маңыздылығы (жекелеген кіші жобалардың ЭН арқылы) айналмаларды ағыстың бойымен төмен қарай ашық қоя отырып, осы айналымдарда ағыстың ерекше режимін білдіре отырып өзеннің айналымдарын толық түзетпеу есебінен жеңілдетеді. Бұдан басқа, қалған экожүйелердің одан бұзылуын болдырмау үшін жобаның жұмыс құжаттамасын дайындау кезеңінде жобалау аумақ шегінде «кіріктірме» экологиялық жылжыту аймақтары ұсынылуы мүмкін. Қоршаған ортаға әсер етудің нақты көлемдері мен жеңілдету шаралары жоба күшіне енгеннен кейін жобаның (ішкі жобаның) жұмыс құжаттамасын әзірлеу барысында жекелеген ішкі жобалар бойынша ҚОӘБ/ҚОБЖ арқылы анықталады. ЭБҚОБН, өзгелердің ішінде ол одан әрі көрсетілгендей жобалау қызметінің ықпалына тартылатын аумақтардың флора мен фауна экожүйелерін зерттеуді қолдайды.
Ішкі жобалар
|
Ішкі жоба аумақтары
|
Экожүйенің сипаттамасы
|
Кәдімгі түрлері
|
Сирек/жойылып бара жатқан түрлері
|
1.
|
Қызылорда бөгетінің сол жақ жағалауының суды реттеуші тетікті жөндеу және қалпына келтіру
|
Аумақ 1956ж. бөгет салу кезінде қатты өзгерілді
|
Сортаң өсімдіктерінің кейбіреулері ғана (Atriplex tatarica (Татар алаботасы), Petrosimonia squarrosa (Ербегей торғайоты), Salsola nitraria (Натронды ащышөп) Climacoptera aralensis (Арал бозсораңы) және бұталар мен ағаштардың шамалы саны (Elaeagnus oxycarapa (Үшкір жемісті жиде), Salix songorica (Жоңғар талы), Ulmus pumila (Тапал шегіршін). ((Eleocharis acicularis (Шанышпалы келтебас), Panicum crus-gali (Қарапайм қара бүлдірген), Mentha aquatic (Дала жалбызы), Schoenoplectus tabernaemontani (Табернемонтан қамысы)
|
Жоқ
|
2.
|
Сырдария өзенінің арнасын түзету - «Қорғаншы» учаскесі
|
Қамсы, құрғақ өсімдігі, көп көкқұтан саны, бұталардың бірнеше түрлері және бірнеше ағаш топтары бар табиғи өзен алқабы.
|
Флора: Eleagnus oxycarpa (Үшкір жемісті жиде), Salix songorica (Жоңғар талы), Elytrigia repens (Жатаған бидайық), Calamagrostis epigeios (Ақ баттауық), Xanthium strumarium (Қарапайым сарысояу), Phragmites australis (Қарапайым құрақ)
Фауна:
Құстар: үлкен аққұтан, ала құтан, батпақ құладын, ауыл қарылғашы, қарапайым сауысқан.
Балық түрлері: ақ амур (Ctenopharyngodon idella), қарапайым өңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), және шұбар дөңмаңдай пестрый (Aristichthys nobilis); жыланбас балық (Channa argus warpachowskii); Каспий катеринасы (Atherina boueri caspia); жалтыр бұзаубас (Pomatoschistus caucarcus Kawrajsky);
Бауырымен жорғалаушылар: тасбақаның 2 түрі, кесірткенің 23 түрі мен жыланның 13 түрі
Қос мекенділер: солтүстіктегі шұбар диплоидті қос құрбақа және Певцовтің тетраплоидті құрбақасы
|
Өсімдік: Glycyrrhizin glabra (Жалаңаш мия), тирек түрлері (Populus pruinosa (Көкшіл сұр тирек) және P. Diversifolia (Әр түрлі жапырақты тирек).
Балық түрлері:
Бәлкім жоғалған Сырдария тасбекресі (Pseudoscaphirhynchos fedtschenkoi), Арал теңізінің тікенегі (Acipenser nudiventris), шортан тәрізді ақбалық (Aspiolucius esocinus), Каспий сүгені (Barbus brachycephalus brachycephalus)
Бауырымен жорғалаушылар: сұр кесіртке және сарыбауыр жылан, қызылбауыр жылан және шұбар сужылан
|
Сырдария өзенінің арнасын түзету - «Тұрымбет» учаскесін
|
Қамысы, көгалы, шөптер мен бұталы бар өзеннің динамикалық алқабы. Түбекте қараусыз қалған егістіктер бар.
|
Өсімдік:
Phragmites australis (Қарапайым құрақ), Glycyrrhiza glabra (Жалаңаш мия), Elytrigia repens (Жатаған бидайық),
Жануарлар:
Құстар: қарапайым бізтұмсық шағала, сұр және сары құтан, қырғауыл, ауыл қарылғашы, жасыл шорағай, саз құладыны, сары құйрықты жулан, көк қарға.
Балық түрлері: ақ амур (Ctenopharyngodon idella), қарапайым дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), және шұбар дөңмаңдай (Aristichthys nobilis);
Жыланбас балық (Channa argus warpachowskii);
Каспий катеринасы (Atherina boueri caspia); bald goby (Pomatoschistus caucarcus Kawrajsky);
Бауырымен жорғалаушылар: тасбақаның 2 түрі, кесірткенің 23 түрі және жыланның 14 түрі.
Қос мекенділер: солтүстіктегі шұбар диплоидті құрбақа және Певцовтің тетраплоидті құрбақасы
|
3.
|
Сырдария өзеніндегі бар бөгеттерді жақсарту
|
Тоған ішінде типтілік бұталары және қамыс өсімдігі бар сортаң. Галофиттік өсімдік. Бірнеше қараусыз қалған бақша жерлер. Тоған ішінде күріш алқабының арналары, үлкен қараусыз қалған учаскелер. Тоған ішінде Алсеиттен (қалқымалы көпір) оңтүстікке өсімдіктердің арасында өзен алқабынқамыс және бұталардың бірнеше түрлері басым болады. Күріш алқабының бас арналары үшін.
|
Өсімдік:
Phragmites australis (Қарапайым құрақ), Halostachys (Қарабарақ), Halimodendron halodendron (Сұр шеңгел), Tamarix hispida (түсірілген жыңғылбас), T.elongata (ұзартылған жыңғылбас), T.ramosissima (бұтақты жыңғылбас), Suaeda microphylla (ұсақ жапырақты ақсора)
Жануарлар:
Құстар: саз құладын, қырғауыл
Балық түрлері: ақ амур (Ctenopharyngodon idella), қарапайым дөңмаңдай (Hypophthalmichthys molitrix), және шұбар дөңмаңдай (Aristichthys nobilis);
Жыланбас балық (Channa argus warpachowskii);
Каспий катеринасы (Atherina boueri caspia); bald goby (Pomatoschistus caucarcus Kawrajsky);
Бауырымен жорғалаушылар: тасбақаның 2 түрі, кесірткенің 23 түрі және жыланның 14 түрі.
Қос мекенділер: солтүстіктегі шұбар диплоидті құрбақа және Певцовтің тетраплоидті құрбақасы
|
Өсімдік:
Glycyrrhizin glabra (Жалаңаш мия), терек түрлері (Populus pruinosa (Көкшіл сұр терек) және P. Diversifolia (Көп жапырақты терек))
Балық түрлері:
Бәлкім жоғалған Сырдария тасбекресі (Pseudoscaphirhynchos fedtschenkoi), Арал теңізінің тікенегі (Acipenser nudiventris), шортаң тәрізді (Aspiolucius esocinus), Арал сүгені (Barbus brachycephalus brachycephalus)
Сүтқоректі жануарлар: жабайы доңыз (Sus scrofa), шағыл мысығы сарбалақ (Felis margarita); Қызыл кітапқа енгізілген 16 түр (Бобринскийдің қосаяғы, ала жертесер, бозғылт қосаяқ, Гептнердің қосаяғы, шағыл мысығы сарбалақ, сабаншы, таңу, қарақұйрық, Қызылқұм тау қойы (Қазақстанда жоғалған түр) және Ақбауыр жебеқұлақ, Жиырерiн көнқұлақ жарқанат Қабылан. Бауырымен жорғалаушылар: сұр кесіртке және сарыбауыр жылан, қызылбауыр жылан және шұбар сужылан
|
|
Қазалы ауданының Бірлік елді мекенінің жанындағы автожол көпірінің құрылысы
|
Қалқымалы көпір болғандықтан аумақ қатты өзгерді.
|
Аз ғана сортаң өсімдіктер (Atriplex tatarica (Татар алаботасы), Petrosimonia squarrosa (Ербегей Петросимония), Salsola nitraria (Натронды ащышөп), Climacoptera aralensis (Арал Климакоптерасы) және бұталар мен ағаштардың аз саны (Elaeagnus oxycarapa (Үшкір жемісті жиде), Salix songorica (Жоңғар талы), Ulmus pumila (Тапал шегіршін). ((Eleocharis acicularis (Шанышпалы келтебас), Panicum crus-gali (Қарапайм қара бүлдірген), Mentha aquatic (Дала жалбызы), Schoenoplectus tabernaemontani (Табернемонтан қамысы)
|
Жоқ
|
|
Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамыстыбас балық питомнигінің «Тастақ» арсалының учаскесіндегі балық өсіретін тоғандарды ұйымдастыру мен кеңейту
|
Балық өсіретін тоған болғандықтан аумақ қатты өзерілді.
|
Өсімділік: Salsola orientalis (Шығыс сораң), Anabasis salsa (Сортаң бұйырғын), Artemisia terrae-albae (Боз жусан), Poa bulbosa (Баданалы қоңырбас), Eremopyrum orientale (Шығыс мортық), Carex physodes (Жауқияқ), Ferula caspica (Ферула каспийская), Halimodendron halodendron (Сұр шеңгел), Tamarix ramosissima (бұтақты жаңғылбас), T.hispida (түсірілген жаңғылбас), T.laxa (бос жаңғылбас), Lycium ruthenicum (Орыс бозқарағаны)
|
жоқ
|
|
Қамыстыбас және Ақшатау көлдерінің жүйесін қалпына келтіру
|
Сырдария өзенінің сағасындағы көл жүйелері мен жағадағы саз. Қамыстыбасты жүйеде 8 су қоймасы бар (5 көл және 3 батпақ).
Ақшатау өзенінің жүйесіне 3 су қоймасын бөледі (2 көл және 1 батпақ).
|
Өсімдік: Phragmites australis (Қарапайым құрақ) және Bolboschoenus maritimus (Бұлдақ) тіптілік сортаң өсімдіктерімен бірге (Eleocharis argyrolepis (Келтебас), Eleocharis acicularis (Шанышпалы келтебас), Lythrum salicaria (Үйеңкі жапырақты жылаңқышөп), Butomus umbellatus (Ақшоқан)), осындай түрлердің биік шөптігі, Elytrigia repens (Жатаған бидайық) (Elytrigia (Бидайық), Calamagrostis epigeios (Ақ баттауық), C. pseudophragmites (Ақ өлең) Cynodon dactylon (Саусақ тәрізді соражырық)), ақ сортаң бір жылдық сорға төзімді шөп түрлерімен жабылған, Salicornia (Бізбелдік) және Salsola (Сораң) және бұталары (Anabasis salsa (Сортаң бұйырғын), Halocnemum strobilaceum (Бүршікті сарсазан), Halostachys belangeriana (Белянже қарабарағы). Қара сексеуіл (Haloxylon aphyllum), жаңғылбас (Tamarix hispida төмен иілген жаңғылбас) және басқа да түрлері) және құрақ (Phragmites australis (Қарапайым құрақ));
Сүқоректі: құртқоректілердің 6 түрін, қолқанаттылардың 10 түрін, кеміргіштер мен қояндардың 33 түрін, жыртқыш жануарлардың 13 түрі мен тұяқтылардың 5 түрін қоса алғанда 67 сүтқоректілер.
Бауырымен жорғалаушылар: тасбақаның 2 түрі, кесірткенің 23 түрі және жыланның 14 түрі.
Қос мекенділер: солтүстіктегі шұбар диплоидті құрбақа және Певцовтің тетраплоидті құрбақасы
|
Өсімдік: Glycyrrhizin glabra (Жалаңаш мия), терек түрлері (Populus pruinosa (Көкшіл сұр терек) және P. Diversifolia (Әр түрлі жапырақты терек) Балық түрлері:
Бәлкім жоғалған Сырдария тасбекресі (Pseudoscaphirhynchos fedtschenkoi), Арал теңізінің тікенегі (Acipenser nudiventris), шортан тәрізді ақбалық (Aspiolucius esocinus), Арал сүгені (Barbus brachycephalus brachycephalus));
Түркістан сүгені (Barbus capito conocephalus)
Сүтқоректі жануарлар: жабайы доңыз (Sus scrofa), шағыл мысығы сарбалақ (Felis margarita); Қызыл кітапқа енгізілген 16 түр (Бобринскийдің қосаяғы, ала жертесер, бозғылт қосаяқ, Гептнердің қосаяғы, шағыл мысығы сарбалақ, сабаншы, таңу, қарақұйрық, Қызылқұм тау қойы (Қазақстанда жоғалған түр) және Ақбауыр жебеқұлақ, кең құлақты Жиырерiн көнқұлақ жарқанат Қабылан.
Бауырымен жорғалаушылар: сұр кесіртке және сарыбауыр жылан, қызылбауыр жылан және шұбар сужылан
|
|
ЭБҚОБН қорытындылары негізінде жобаны іске асыру барысында түрлердің мекендейтін өзен жағасындағы аймақтың шағын аумағында жоғалуы болжаланады, бірақ Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен саға көлдеріне жобалау қызметінің ұзақ мерзімді қолайлы әсер етуі күтіледі. Сырдария өзені мен оның алқабы он жылдықтың соңғы бес жылдығында биоәртүрліктің үлкен бір бөлігін жоғалтып алды. Бұл шығын, бірінші кезекте өзен ағыны серпінінің себебі бойынша және оған байланысты үлкен ауқымда өзгертілген немесе аумақтың үлкен бір бөлігінде жоғалған ландшаф пен экожүйелерге жатады. Спутниктік түсірілген суреттер өзен өзінің бағытын барлық тарихы бойынша бірнеше рет өзгерткенін көрсетеді. Ағын серпіні мен салынды шөгінділерге тоғандар мен бөгеттердің үлкен саны әсер етті. Қамыс нуларын, шыбындықтарды, бұталы аумақтар мен ормандарды қоса алғанда тоғай экожүйелернің барлық кешені көлемінде қысқарып, экожүйелердің қызметі мен әр түрлілігі нашарлады. Үлкен алаңдар ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланылып, дер кезінде қараусыз қалды; қазіргі уақытта оларды ішінара қалыпқа келтіру үшін ұзақ уақыт керек. Өзеннің пайдалы экожүйесіне байланысты жануар түрлерінің саны төмендеп, өсімдіктердің алуан түрлерінің басымдық саны мутациялады. Түрлердің тіршілік ортасының қалған аймақтары сақталуы керек. Демек, ҚОӘБ және ҚОБЖ жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезінде осы аумақтарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Су ресурстары комитеті ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік экологиялық сараптамада техникалық-экономикалық негіздеудің мемлекеттік экологиялық сараптамасын және «Қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау» жүргізуге өтініш беріп, 2013 ж. мамыр айында оң қорытынды алды. Қорытындысында жобамен өсімдіктің кейбір аумақтарына, флора мен фаунаға шектеулі жағымсыз әсер еткені белгіленді. Әсер ету дәрежесі жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңінде мысалы, қалпына келтіру мен жақсарту үшін Сырдария өзенінде тоғандар таңдау кезінде нақты анықталуы тиіс. Жобалау қызметінен түрлердің тіршілік ортасының табиғи аймақтарын жоғалту (шамалы) жұмыс құжаттамасын даярлау кезінде анықталып, Алдын ала экологиялық бағалау нысанында көрсетіліп (А-қосымшаны қараңыз), ҚОБЖ жеке учаскелері бойынша түсіндірілетін жеке учаскелер бойынша қоршаған ортаға әсер етуді жеңілдеті бойынша шарлар есебінен өтелуі болжанады. Жобаны іске асыру туралы ережелерге сәйкес ҚОӘБ, ҚОБЖ және Алдын ала экологиялық бағалау нысаны сияқты құжаттамалар Дүниежүзілік қоршаған орта банкісінің маманымен келісілуі тиіс. Ішкі жобаларды алдын ала экологиялық бағалау және жеке учаскелер бойынша ҚОӘБ/ҚОБЖ даярлау туралы өте толық ақпарат төменде 2 және 3-бөлімдерінде және А-қосымшасында ұсынылды.
Жалпы САРАТС -2 жобасы жерді пайдалану мүмкіндігіне және Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен құя беріс көлдерінің күшеюіне оң әсерін тигізеді. Атап айтқанда:
-
1 Компонентке сәйкес Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі судың деңгейі су ағысының орташа көлемін жылына 3000 куб. м қамтамасыз ету есебіне қатысты тұрақтанған. Судың деңгейі 42 м (теңіз деңгейінен төмен) шамасындағы белгіде қалды;
-
Сырдария өзенінің сағасындағы территорияда су тұдзылығының деңгейін 4-10 г/л дейін төмендету жоспарлануда, бұл тиісті жануарлар мен балық түрлеріне оң әсерін тигізеді;
-
Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен құя беріс өзендері территориясында қоректік заттарға бай өсімдіктерді өсіру мүмкіндігін жақсарта отырып және 18700 га жайылымдылық жерлердің сапасын артыра отырып, топырақтың тұздылығын азайту жоспарлануда;
-
Судың сапасын тұщы су сағаларын арттыру арқылы жақсарту жоспарлануда;
-
Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі бастапқы қоректік тізбегінің кейбірі қайта қалпына келтірілетін болады, бұл тек балықтарға ғана емес, сонымен қатар басқа да суда тіршілік ететін ағзаларға, жергілікті және суда тіршілік ететін жыл құстарына да оң әсерін тигізеді.
ЭБҚОБН 3-бөлімінде қоршаған ортаға тигізітен әсерді және шығындарды азайту бойынша жалпы шаралар ұсынылған.
-
Экологиялық бағалау және қоршаған ортаны басқарудың негіздемелік негізіне жасалған қосымша келісімнің мақсаты
Осы қосымша келісім келесі мақсаттарда әзірленді:
-
Алдыңғы бағалардың қорытындыларын біріктіру және іске асыру механизмдері
ЭБҚОБН 1 және 2 бөлімдерін жаңарту және біріктіру қажет, себебі олар екі түрлі уақытта әзірленген (2 бөлім соңынан қосылған екі кіші жобаға қатысты, – Тастақ учаскесінде өсіру тоғандарын қайта құру және кеңейту; және Қамыстыбас пен Ақшатау көлдері жүйелерін қайта қалпына келтіру). Бұдан басқа, САРАТС -2 жобасының техникалық-экономикалық негіздемелері және тиісті «Қоршаған ортаға тигізетін әсерді алдын ала бағалау» 2013ж. мамырда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысын алды, сонымен қатар облыстық және жергілікті атқарушы органдармен келісілген тиісті құжаттарға ие.
Келісілген құжаттамаға өзгеріс енгізу ұзақ та күрделі үдеріс болып табылады, соған байланысты іске асыру механизмдері мен алдын ала экологиялық бағалау және экологиялық бағалау үдерісіне қатысты өзгерістер, сонымен қатар ЭБҚОБН жақсартуды енгізу осы құжатта түсіндіріледі. Осы құжаттың ережелері клиенттермен келісілген және ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің веб-сайтында жариялануы тиіс. Қосымшада көрсетілген іске асыру механизмдері жеке учаскелер бойынша ҚОӘБ және ҚОБЖ дайындықтың жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
-
Әзірлеудің жеке учаскелері бойынша ҚОӘБ/ҚОБЖ жүргізудің негіздеуін беріп, үдерісін түсіндіру
Жеке учаскелер бойынша ақпарат құрылыс жұмыстарының жеке жоспары (жабдықтың саны мен көлемі, құрылысшылар үшін уақытша поселкенің орналасуы және с.с.), болжалды іс-шаралардың уақытша шектеулері, өзен арнасын түзетудің нақты жоспары, қажет материал саны мен шұңқырдың орналасуы, мердігерлердің саны, өзен сағасының аумағында гидравликалық суды беру инфрақұрылымы мен су бұрғыш жүйесінің орналасуы сияқтылар жобаның жұмыс құжаттамасында ғана ұсынылады.
-
Жобаның жаңа жобасын ОП.4.37 Бөгеттердің қауіпсіздігіне белгілеу
ЭБҚОБН даярлау кезінде жобаның құрамы, атап айтқанда ОП 4.37 «Бөгеттердің қауіпсіздігі» шарттары мен түсіндірулерін қолана отырып қайта қарлды. Сөйтіп, аталған құжатта жоба туралы жаңартылған және қайта қаралған ақпарат және тисінше 2014ж. қазан айында жүргізілген бөгеттердің қауіпсіздігіне жаңа бағалау нәтижелері негізінде бөгеттердің қауіпсіздігі ұсынылды. ОП 4.37 сәйкес қысқаша сипаттама төменде берілді.
-
Туындаған мәселелерге берілген жауаптарды қоса алғанда Жерді алу бойынша негіздемелік құжат және ЭБҚОБН себебі бойынша жұртшылықпен кеңес хаттамасын жүргізу (14 қазан 2014 жыл).
Жерді алу бойынша негіздемелік құжат және ЭБҚОБН себебі бойынша жұртшылықпен кеңес хаттамасы Б-қосымшасында ұсынылды.
Жобаның сипаты
Жоба үш компоненттен тұрады, олардың барлығы Қазақстан Республикасындағы Сырдария өзенінің сағасындағы гравитациялық суды реттеуді жақсартуға қатысты. Жобалық құрылыстық учаскелердің шамаланған орналасу орны анықталды, жаңа инфрақұрылымды салу қарастырылған кіші жобалар үшін (жұмыстар/жабдықтардың типі жәе саны, құрылысшылар және т.б. үшін уақытша жұмыс поселкелерін орналастыру) құрылыс жұмыстарының нақты жоспары мен кіші жобалардың әрекет ету территориясы тек жобаның жұмыс құжаттамаларын дайындау кезеңінде әзірленеді. Жоба келесі компоненттерден тұрады:
а) 1 Компонент: Сырдария өзенінің сағасындағы судың берілуін жақсатру және тасқыннан қорғау (41,6 млн. АҚШ долл.). Аталған компонент Сырдария өзенінің сағасында қысқы мезгілде судың орташа берілу қуатын тасыған суды жоғалтуды төмендету үшін 500 до 700 м3/сек дейін арттыру бойынша мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді (қысқы мезгілде Арал теңізінің солтүстік бөлігі мен құя беріс көлдерін сумен жабдықтауды қоса алғанда, ағын су мен қоршаған ортаға суды жіберді жақсарту мақсатында). Компонент сонымен қатар, осал елді мекендерді, әзірленетін және қопсытылатын жерді, азаматтық инфрақұрылымдардың құнды нысандарын (автожолдарды, темір жолдарды, электр беру желілерін, суару және сорғыту ағын трактілерін қоса алғанда) су тасқынынан қорғауды қарастырады. Компонент келесі кіші компоненттерден тұрады:
(i) Қызылорда қаласындағы жүйедегі осыған ұқсас типтегі ірі құрылыстардың бірі (өткізу қабілеттілігі 210 м3/сек) Қызылорда тасбөгетінің жол жақ жағалауындағы су реттегішті жөндеу және қайта қалпына келтіру. Мұндай қызмет жол жақ жағалаудағы су реттегіш және тасбөгеттің өзіне жүргізілген осыған ұқсас жұмыстардың жалғасы болып есептеледі және келесі мақсаттар үшін құрылымдық, электромеханикалық және қорғаныс жұмыстары кіреді:
- су реттегіштің қатты зақымданған және әбден тозған компоненттерінің бұзылуын және сәйкесінше қызмет көрсетілетін аймақты су тасқынынан қорғау, азаматтық инфрақұрылымдар жүйесінің бұзылуын тоқтату;
- сәйкесінше, ауыл шаруашылық өндіріске, қызмет көрсету алаңы 60 000 га астам суармалы ауыл шаруашылық аймақтарына және ауқымды жайылымдылық жерлерге судың берілуін қамтамасыз ету және жақсарту;
- су реттегіштің қабілеттілігін қамтамасыз ету, Қызылорда қаласын су тасқынынан қорғау қажет болған жағдайда, тасқын суларды бұру бойынша қондырғылардың қызметтерін орындау.
(ii) Жалағаш ауданында Қорғаншы және Тұрымбет учаскелерінде өзеннің арнасын түзету, жалпы ара қашықтығы 4 км. екі айырылысты түзетуді қоса алғанда. Олардың әрқайсысы орталық қазуды экскавациялау және осы екеуінің арасында өзен өзінің жаңа ағысына ие болуы үшін екі жағынан бағыттаушы бөгеттерді салу, келесі міндеттерге қол жеткізу үшін:
- өзеннің ойыс жағын ұлғайту есебінен су жіберу бойынша өзеннің қуаттылығын және мұз кептелістерінің пайда болуына әкеп соқыратын арналардың жіңішкеруін жою есебінен ағыс жылдамдығын арттыу;
- шалғайдағы су қоймаларына құятын қысқы тасқын суларды жоғалтуды қысқарту және сәйкесінше, өзен сағаларындағы экожүйелер үшін суды жіберуді жақсарту;
- ағысы бойынша жоғары орналасқан ағындарды шығаруды арттыру және сәйкесінше, суды көп мақсатты реттеудің барлық жүйелерінің иекемділігін арттыру;
- тәуекелділігі жоғары нысандар мен аймақтарды су тасқынынан қорғау қажеттілігін қамтамасыз ету.
(iii) Бес учаске бойынша жалпы ұзындығы 50 км Қармақшы және Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін қайта қалпына келтіру және жақсарту. Бұған тоған және/немесе бұзылған бөгеттерді қайта құру және/немесе бекіту кіреді, келесілер үшін:
- осал елді мекендер мен суармалы жайылым жерлерді су тасқынынан қорғауды қамтамасыз ету; және
- ағысы бойынша төмен деңгейде орналасқан жүйелердегі ұлғайған тоғандарда су ірку және өзен тоғандарының сипаттамасын жақсарту.
(iv) алты аралықты ұзындығы 265м Қазалы ауданы Бірлік елді мекенінің жанындағы автокөлік көпірін салу. Аталған көпір келесі мақсаттарда ұзындығы 70 м қолданыстағы қалқыма көпірдің орнына салынады:
- өзен арнасын 70 метрден 200 м. дейін кеңейту арқылы өзен арналарының біршама жіңішкеруін жою, судың есептелген ең жоғарғы деңгейінен 3 м биіктікте судың үстінде көпір төсемін көтеру және бес жіңішке көпір тіректері бар көптеген понтондарды ауыстыру. Мұның бәрі мұз кептелістерінің пайда болу мүмкіндіктерін барынша азайтады және су ағынының берәлу деңгейін біршама арттырады. Мұндай жұмыстар өзен арналарын өзгерту/кеңейту емес, ал қайта қалпына келтіру жұмыстары болып есептеледі. Қалқыма көпірге арналған бағаналар өзеннің түбіне дейін жеткізіліп орналастырылған, ол жіңішкеруге әсерін тигізеді және сондықтан, олар кіші жоба аясында алынып тасталатын болады (алайда, жаңа көпірдің орнына салынған тасқын суды іркуге арналған жер тоғандар жағалаудың бастапқы жиегінен біршама қашықтықта орналасқан, ол өзеннің арнасын кеңейтуге шектеу туындатады);
- аудандық деңгейдегі автомагистральді қамтамасыз ету және қолданыстағы жүк көтергіштігі шектелген (5 тонн), қоғалыс жылдамдығы шектелген (5 км / сағ.) бір жолды (4,5 м) мерзімдік көпірді (10 ай. / жыл) екі жолды қозғалыс жолағымен (11,5 м) III санаттағы тұрақты автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірімен ауыстыру арқылы көлік қатынастарын жақсарту, бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті әлеуетін барынша көтереді.
б) 2 Компонент: Сырдария өзенінің өзен жүйелеріндегі су беруді жақсарту және реттеу (77,9 млн. АҚШ долл.). Бұл компонент Арал теңізінің солтүстік бөлігіне жіне Сырдария өзенінің сағасына құятын өзен жүйелеріне судың берілуін жақсартуды, таратуды және суды пайдалануды қарастырады. Бұл алдыңғы жобаның нәтижесінде жақсартылған жерді және қоршаған ортаны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, сумен қамтамасыз етуді арттыру және осы жобаның 1 Компонентінің аясында реттеу үшін қажет. Компонентке келесі екі кіші компонент кіреді:
(i) Арал теңізіндегі Қамыстыбас пен Ақшатау көлдері жүйелерін қайта қалпына келтіру, оған жалпы алаңы 110 000 га ауданға, өзендерді, батпақтарды, шабындық жерлер мен жайылым жерлерді қоса алғанда, қызмет көрсететін басқа да инфрақұрылым жүйелерін және реттеуді жақсарту кіреді. Кіші компонент бойынша іс-шараларға келесі мақсаттағы суды бақылау, реттеу, беру және суағар жүйелерін рационализациялау және консолидациялау кіреді.
- көптеген тарамдалған су жиналмалары мен уақытша арналардың орнын ауыстыратын тиісті тасымалдау жүйелері мен тұрақты гидротехникалық құрылғыларды және Аманөткел-2 өзен дамбысының көмегімен пайдалану және су ресурстарын басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін;
- (i) өзеннің орта сағысы территориясында ауылдық экономика қызметтерін жаңартуды қамтамасыз ету үшін (мысалы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, құрылысты және жемді өндіру үшін шөп және қамысты дайындау) және (ii) тиісті мемлекеттік және қоғамдық қорғау шараларының кеңейтілген көлемін және осы және инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша (мысалы, электрмен қамтамасыз ету және жерасты жолдары) басқа да іріктелген және шектелген іс-шаралардың көмегімен табиғи био әртүрлі өзен жүйелерін жақсарту үшін.
(ii) Арал ауданындағы Тастақ Қамыстыбас учаскесіндегі өсіру тоғандарын қайта құру және кеңейту, бұл 250 га территорияға сумен жабдықтау инфрақұрылымдарының тиісті гидротехникалық жүйелері, суды бұру және басқа да қажетті нысандармен жалпы саны 120 өсіру тоғандарын құру мен қайта қалпына келтіруді болжайды. Бұл қажетті балық түрлерімен балыққа толтыру үшін өсіру тоғандарының кеңейтілген және жеделдетілген жұмыстарымен қамтамасыз етеді, бәрінен бұрын, өзен жүйелерін және соңынан қалпына келтірілген су қоймаларын, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қоса алғанда. Бұл балық шаруашылығын ұлғайту, халықты балық шаруашылығына байланысты жұмыспен қамту және аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін әлеуетті құру қажет деп күтілуде.
с) 3 Компонент: өзен бассейндерін басқаруды жақсатру, САРАТС -3 жобасына дайындық және жобаны үйлестіру (5,7 млн. АҚШ долл.). Аталған компонентке үш кіші компонент кіреді:
(i) ТЭБ және САРАТС -3 жобасы бойынша жұмыс құжаттамаларын дайындау, атап айтқанда, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта қалпына келтірудің екінші кезеңі және Қызылорда қаласындағы су ресурстарын басқару орталығын салу.
(ii) Суды пайдаланудың барлық секторларын қамтитын, табиғатты қорғау және экологияны қоса алғанда, су ресурстарын мақсатты және кешенді басқару үшін өзен бассейндерін моделдеу және мониторингтеу құралдарын әзірлеуді қоса алғанда, өзен бассейндерін басқаруда Үкіметтің әлеуетін күшейту. Бұған гидромеханикалық станцияларды қайта жабдықтау және жаңа гидропосттарды ұсыну мен орнату кіреді; Mike 11 өзен бассейнін моделдеуді бұдан әрі әзірлеу үшін елімізде бар және ол САРАТС -2 жобасын дайындау барысында пайдаланылды; және/немесе ашық қатынау дереккөздері сияқты (САРАТС -2 қаражаты есебінен, сонымен қатар, Энергия және су ресурстарын дамытудың ағымдағы Орталық-Азия бағдарламасының аясында қосымша қаражат болуы мүмкін, CAEWDP) заманауи ықпал етуді пайдаланумен шешім қабылдауды қолдау жүйелерін әзірлеу. САРАТС -2 жобасын іске асыру кезеңінде бұл құралдар әзірленген болуы керек және жоғарыда көрсетілген 3(i) кіші компоненті аясында САРАТС -3 жобасын дайндау үшін жеткілікті Арал теңізінің солтүстік бөлігін қайта қалпына келтіру үшін ТЭБ тиісті және мақсатты қолдау үшін қажетті деңгейде пайдаланылуы тиіс.
САРАТС -3 жобасын іске асыру барысында бұл құралдар қажет болған жағдайда Қызылорда қ. Су ресурстарын басқару орталығын құру аясында су ресурстарын басқару жүйесі бойынша операциондық шешімдерді ағымдағы қолдау және ақпараттарды алу үшін пайдалануға және болашақта дамытуға жатады.
(iii) Жобаны басқару, мониторинг және бағалау (МжәнеБ), аудит және оқу.
Экологиялық өтемақы және өтемақы шаралары
Жеке кіші жобалар бойынша ҚОӘБ және ҚОБЖ нәтижелеріне байланысты түрлердің табиғи тіршілік ету ортасына тигізетін кері әсерлерді азайту мақсатында экологиялық өтемақы және өтемақы шаралары анықталады. Экологиялық өтемақының мақсаты биоәртүрлілікке жобалық қызметтердің шарасыз әрекеттерін теңдестіру болып табылады: құрылыс жұмыстарын жүргізуден келетін зияндарды азайту мақсатында биоәртүрлілікті барлық жерлерде жақсарту қажет. Өтемақы үдерісі барысында әрбір кіші жобаның биоәртүрлілікке тигізетін әсері қарастырылады және кері әсерлерді бастапқы жойған, азайтқан және түзеткеннен кейін рұқсат беріледі.
Жобаны іске асыру механизмдері
Жобаны басқару тобы (бұдан әрі - ЖБТ) және Жобаны іске асыру тобы (бұдан әрі - ЖІТ) бір ведомства – Су ресурстары комитетімен тағайындалады. ЖБТ бас іске асырушы ведомства болып табылады және жобаны іске асыруға толық жауапты болады. ЖІТ мердігерлерді жергілікті деңгейде мұқият бақылау мақсатында Қызылорда қ. Жобаны іске асыру территориясында ұйымдастырылған ведомства болып табылады. Жобаны іске асырудың иерархиялық жүйелері төмендегі суретте көрсетілген:
Жобаның барлық қатысушылары төменде келтірілген экологиялық шолу үдерісін басшылыққа алуы керек:
1 КЕЗЕҢ: ЖБТ алдын ала экологиялық бағалау үлгісінің негізінде әрбір кіші жобаның экологиялқ санатын анықтайды және қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау бойынша құжаттар көлемі мен шамаланған санатына қатысты өзінің қорытындысын келісу және мақұлдау үшін Бүкіләлемдік Банкке ұсынады. Жергілікті және ұлттық экологиялық шолу талаптарын қанағаттандыру мақсатында (ҚОӘБ және/немесе басқа да ресми рұқсаттар сияқты) ЖБТ құзіретті органдармен талқылауға бастамашы болады. Жауапкершілік шегінде ЖБТ ұлттық заңнама талаптарына сәйкес тиісті рұқсаттар мен лицензияларды алуға талпынуы тиіс. Мұндай талаптар аталған құжатта берілген жекеше түрде, сонымен қатар параллельді түрде ажыратылады және оларды орындау ЖБТ жауапкершілігі болып табылады.
2 КЕЗЕҢ: ЖБТ жеке кіші жобалар үшін ҚОӘБ әзірлеу/ҚОБЖ өңдеу үшін кезекті талаптар/қажетті зерттеулер тізімдемесін әзірлейді (мысалы, жер жұмыстарын жүргізу территориясы үшін орман жыныстарының фитопотологиясы туралы есеп).
3 КЕЗЕҢ ЖБТ немесе оның кеңесшілері әрбір кіші жоба үшін жобаның жұмыс құжаттарының бір бөлігі ретінде жеке учаскелердің ҚОӘБ/ҚОБЖ дайындайды. ЖБТ Мұнайгаз кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетімен немесе құзіретті органдармен берілген оң ҚОӘБ туралы қорытындыны және В+ санатындағы іс-шаралар үшін экологиялық заңнамаларда көрсетілгендей басқа да рұқсаттарды алуға жауапты болады.
4 КЕЗЕҢ: ЖБТ сметалық құнға байланыстыны қоса алғанда, кіші жобаны жобалау жоспарына және кіші жобаны іске асыруға жасалған талдауда көрсетілген ұсыныстарды орындайды.
6 КЕЗЕҢ: ЖБТ кіші жобалар бойынша құжаттар пакетін түпкілікті ресімдейді. Жеке кіші жобалар бойынша ҚОБЖ немесе бақылау тізімдемесі тиісті жоба тармағы үшін тендерлік құжаттаманың бөлігін құрайтын ҚОБЖ жасайды.
7 КЕЗЕҢ: ЖІТ ҚОБЖ іске асырылуын бақылайды. ЖБТ Бүкіләлемдік Банктің сұранысы бойынша жобаның орындалу барысы туралы тұрақты есепте ҚОБЖ іске асыру барысы туралы есеп береді.
Алдын ала және кезекті шолу – ББ/ЖБТ. Экологиялық бағалау және шолу процедурасы ББ мамандарының қарастыруына жатады. ББ: а) ЖБТ қажет болған жағдайда бақылайды және экологиялық бағалау бойынша талап етілетін құжаттар көлемін және шамаланған экологиялық санаттың түсіндірмесін ұсынады; б) алдын ала шолуды орындайды және толық ҚОӘБ және ҚОБЖ талап ететін В+ санатына жататын барлық кіші жобалар туралы түсіндірмені ұсынады; в) кезекті шолуды орындайды және барлық жобалар бойынша түсіндірмелерді ұсынады. Осыған байланысты, бұрын қарастырылған кіші жобалар бойынша экологиялық бағалау туралы барлық құжаттамалар ағылшын және жергілікті тілдерде әзірленеді. Мұның мақсаты жұмыстың сапалы болуын, қоғамның қажет болған жағдайда қатысуын, тиісті ұсыныстардың жасалуын, барлық құжаттамалардың дұрыс толтырылып, қол қойылуын және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнайгаз кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетімен немесе тиісті органдармен бекітілу талаптарын қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны іске асыру уақытында ЖБТ-ты ЖІТ-мен бірге ҚОБС ережелерін және жеке учаскелер бойынша ҚОБЖ көрсетілген қоршаған ортаға тигізетін әсерді мониторингтеу және азайту бойынша шараларды іске асыруға толық жауапты болады. Жобаны бағалау және мониторингтеу бойнша ЖБТ тобы сонымен қатар, жобаның орындалуын бағалау және жалпы мониторингтеу бөлігі ретінде жобаның құжаттамаларын қарастырады. Аталған барлық құжаттамалар ЖБТ-да тиісті мұрағат түрінде сақталуы тиіс.
Келісімшарттар
Құрылыс жұмыстарын жүргізу келісімшарттары және жұмыс көлемі тізімдеріне ақаулы құрылыс материалдарын жою қажеттіліктері және құрылыс қалдықтарын жою сияқты жеке учаскелер бойыша ҚОБЖ - ны іске асыру тармақтары кіреді. Экологиялық жарамсыз материалдарды пайдалануға шектеу сияқты сатып алу құжаттарына жеке учаскелер бойыша ҚОБЖ – ның сәйкес тармақтары кіреді. Тендер құжаттарына жеке учаскелер бойыша ҚОБЖ – ның сәйкес тармақтары кіреді, сонымен қатар олар құрылыс жұмысын жүргізу үшін келісімшарттардың құрамдас бөлігі болуы шарт. Мердігерлердің экологиялық норманы сақтаудың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету мақсатында, мердігер келісімшартында сәйкесінше экологиялық талаптарға байланысты келісімшарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда айыппұл тармақтары қарастырылуы керек, мысалы, көлемі келісімшарт маңыздылығын бұзу деңгейіне байланысты белгілі бір төлем үлестерін ұстап қалу түрінде.
Бөгеттертің қауіпсіздігі (ОП 4.37)
Әзірге САРАТС-2 жобасы жұмысты/жабдықтарды бөгеттер қауіпсіздігі бойынша қаржыландыруды қарастырмайды, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін және Шардара бөгетін Көксарай су қоймасымен бірге пайдалану үшін, екі сарапшыдан тұратын (геотехника бойынша және гидрологиялар бойынша) сараптама топтарын қаржыландыруды қосқанда және тасбөгеттері қауіпсіздігі жоспарларын дайындау\жаңартумен қамтамасыз ету үшін жобаға тасбөгеттер қауіпсіздігі бойынша Әлемдік Банктің OP 4.37 операциялық саясаты қолданылады. 2014 жылыдың қазанында САРАТС -2 жобасын бағалау мақсатында жаңартылған тасбөгеттері қауіпсіздігі бағасында екі маңызды мәселе анықталды: (i) су қоймасының сақтық сыйымдылығы Шардарин тасбөгетінің төменгі жағындағы ағыс бойынша маңызды шығындарға ұшырататындай деңгейде азайған (жылдық тасқынның 1:50 ден 1:100 дейін); (ii) сейсмикалық әсерлерге төтеп бере алуы үшін ағыс деңгейінен төмен дамбыларды нығайту керек.
Осыған байланысты ағыстың төменгі деңгейінде орналасқан халықтарды және нысандарды қорғау үшін қауіпсіздік бойынша келесі шараларды тез арада пайдалану керек:
(1) жобаны жүзеге асырудың 1 және 2 жылдарында: САРАТС –2 жобасы аясындағы жұмыстарды жүргізуге байланыссыз мерзімдік шаралар және ҚР Үкіметімен қатарлас қаржылану: барлаулар және зерттеулер ( мысалы, тасбөгеттері бұзылуы сараптамасы үшін мәліметтерді жаңарту, су түбі су ағызғышы тербелісін тексеру үшін сүңгуірлердің түсірілімдері, балдырлар / пайдалы көлем жөніндегі мәліметтерді жаңарту үшін батиметрлік зерттеулер), және содан соң үлгілеу / Шардарин бойынша
Арнасай/ Көксарай тасбөгеттері бойынша ШҚҚЖ/ авариялық жағдайларға дайындық жоспарларын (АЖДЖ) жаңартуымен жалғасатын Арал теңізінің солтүстік бөлігі және алдағы бірнеше жылдықта (қосымша су тасқынына қарсы тосқауылдар тұрғызғанға дейін) айрықша су тасқынына қарсы тәртібінде Шадрин – Көксарай кешенін пайдалануды қарастыратан пайдалану және қызмет көрсету жоспары; содан соң,
(2) жобаны жүзеге асырудың 3- жылдарында: САРАТС -3 жобасы аясындағы жұмыстар немесе Үкіметті қатарлас қаржыландыру (САРАТС -3жобасы бойынша келіссөздер барысында анықталады): қосымша авариялық су тасқынына қарсы тосқауылдар құрылысы 1500 м3/сек қуатынан төмен болмауы керек, (жылдық тасқынның 1:1000 көтере алады, құны 120 млн. АҚШ доллары), негізгі Шадрин тасбөгеті ағысынан төмен орналасқан дамбыны нығайтуға қосымша, сонымен қатар (егер мүмкін болса) Шардарин және Арнасай көлдерін бөліп тұратын тас бөгеттерінен төмен ағыста.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген АЖДЖ – ны аяқтарға дейін және тасқыннан сақтайтын Шардарин-Көксарай кешенін пайдалану тәртібін уақытша түзету, су тасқыны тосқауылы тұрғызылмастан бұрын САРАТС -2 жобасы бойынша тасбөгеттерінен үлкен ара қашықтықта (400 км) жүзеге асырылатын кейбір құрылыс жұмыстарын жоба асты бойынша қауіпсіз бастауға болады, яғни, дұрысында айтарлықтай батып кетулерге әкеліп соқтырмайды (өсіп кеткен тоғандар, сағалық көлдер бойынша жұмыстар және мүмкін көпірлер). Тасбөгеттерін бұзып өту болжалды су тасқындарының сараптамасы көрсеткендей, апатты су тасқыны кезінде, 400 км ден кейін су басу тереңдігі 0,5-1 метр шамасында және толқындарға САРАТС -2 жобасы нысанына өтуі үшін кем дегенде 3-4 күн қажет болады, бұл дегеніміз, тұрғындарды көшіру үшін жеткілікті уақыт болып табылады.
ҚР Үкіметінің САРАТС –2 жобасының ықпалы/бюджеті аясында емес кідіріссіз шараларды қабылдау бойынша міндеттемесі ( түсірілімдер, үлгілеу, тасбөгеттерін реттеу бойынша шаралар) көрсетілген және сәйкесінше заңнамалық келісімде немесе қарыздарды игеру сызбасында ұсынылған, сонымен қатар, суға батып зақымданған САРАТС –2 жобасы аясындағы жобаасты территориясымен байланысты (РРССАМ–2 жобасы бойынша келіссөз барысында анықталған).
2. Экологиялық шолу үдерісі
Жоғарыда қысқаша баяндалған ЭБ алдын ала қорытындысына сәйкес әзірленген ЭБҚОБН ережесі ЖБТ, ЖІТ және Бүкіләлемдік Банка, жобаның жұмыс құжаттарын дайындау кезеңінде алдын ала жобаасты экологиялық бағалары бойынша үрдістерді бейнелеу үшін өңделген және функцияларын анықтау және жауапкершілік саласында.
2.1 Алдын ала экологиялық бағалау санаттары
Алдын ала экологиялық бағалау жоба аясында талданатын қызметтерді экологиялық бағалау үдерісіндегі алғашқы қадам болып табылады. Алдын ала экологиялық бағалаудың мақсаты бастапқы құжаттамаларды талдау негізінде ұсынылатын жобаға байланысты экологиялық зияндарды анықтау болып табылады; өзінің сипатына келмейтін іс-шараларды кері қайтару, экологиялық санаттар бойынша жарамды іс-шараларды жіктеу және экологиялық бағалауға талап етілетін құжаттар типін анықтау.
Алдын ала экологиялық бағалау процедурасына САРАТС –2 жобасы аясындағы жобалар қызметтеріне қолданылады және Қызылорда тасбөгеттерін, Қармақшы және Қазалы аудандарындағы дамбыларды қайта қалпына келтіру және жөндеу бойынша іс-шаралар, жаңа бағыттағы суағарларды қалыптастыру және орларды қазу, қолданыстағы қалқыма көпірлерді пайдалануды тоқтату және екі жолақты (11,5 м)III санаттағы автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірін салу, тиісті және тұрақты гидротехникалық құрылыстармен және көлік құралдарымен қамтамасыз ету, Қамыстыбас және Ақшатау өзендері жүйесінің уақытша арналары мен бұтақты субекіністерін көптеген санын орналастыру, инфрақұрылымдарды жақсарту (мысалы, электрмен жабдықтау және айналма жолдар), суағарлар мен гидравликалық суларды беру инфрақұрылымдарының тиісті жүйелерімен бірге 250 га жалпы саны 120 шақты өсіру тоғандарын қайта қалпына келтіру және пайдалануға беру бойынша іс-шаралар кіреді.
Алдын ала экологиялық бағалау және жеке учаскелерге шолу барысында келесі мәселелерді мұқият бағалау қажет:
-
Жобалық территорияда тікелей өсімдіктерді және жануарлар әлемін жою;
-
Жер жұмыстары барысында өсімдіктер мен пайдалы жерлерді жоғалту;
-
Өзеннің ескі ағыны бойынша тұрақты ағыстан тас тарту және су ағысының өзгеруіне байланысты биоәртүрлілікті жоғалту;
-
Отын үшін орманды кесу, ареалға жабайы аңдар мен браконьерліктің араласуы;
-
Құрылыс жұмыстары мен құрылысты бұзу салдарынан көтерілетін шаң, шуыл және діріл;
-
Белгісіз тарихи және археологиялық ескерткіштерге зиян келтіру;
-
Құрылыс қалдықтарын лақтыру және машина майларын, майлау материалдарын және т.б. авариялық лақтыру;
-
Құрылыс поселкаларына байланысты қатты және сұйық қалдықтар;
-
Қалдықтарды дұрыс емес өңдеуден туындаған зияндар;
-
Әлеуетті талаптар, қажет болған жағдайда құрылыс жұмыстарын жүргізуден зардап шеккен адамдардың шектелген санын мәжбүрлі көшіру немесе уақытша қоныстандыру.
Алдын ала экологиялық бағалау нәтижелері ұсынылатын жобаның экологиялық санатын анықтау үшін ЖБТ толтырылатын алдын ала экологиялық бағалау үлгісінде көрсетілуі тиіс.Толтырылатын алдын ала экологиялық бағалау үлгісінде бағалау бағытталған тиісті аспектінің сиапты болуы керек, әсіресе, судың ластану мен түрлердің табиғи тіршілік етуінің осал ареалдарына қатысты. Алдын ала экологиялық бағалау үлгісінде сонымен қатар, егер мұндай талап етілген жағдайда, қосымша ақпараттар қажет болатын экологиялық бағалау бойынша әзірленетін есептің типі анықталады. Алдын ала экологиялық бағалау үлгісі мониторинг және бағалау бойынша топпен келісілген болуы тиіс.
Үлгіге келесі санаттар кіреді:
Бүкіләлемдік Банкпен қаржыландырылмайтын А санатындағы жобалар бойынша іс-шаралар
Болжанатын жобаға кіші жобаның аталуы кезеңінде көлемін анықтау қиын адам өмірі мен қоршаған ортаға барынша, көптеген және/немесе ұзақ уақыт кері әсерлерін тигізуі мүмкін А санаты беріледі. Бұл жоба территориясына қарағанда үлкен территорияға әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаға ұқсас кері әсерлерді азайту бойынша шаралар кешенді және қымбат тұратын болуы мүмкін. Егер алдын ала экологиялық бағалау үлгісіне сәйкес жоба жоспарланатын орналасқан орнына «экологиялық сезілуі», қоршаған ортаға тигізетін әсерінің сипаты мен көлемі – қоршаған ртаға үлкен көлемде кері әсерін тигізетін жоба ретінде сипатталса, онда оны іске асырудан бас тартылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнайгаз кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетімен жасалған оң ҚОӘБ туралы қорытынды есебінен қолдануы мүмкін немесе қоршаған ортаға қысқа мерзімді әсер ететін жобалар кіретін (ҚОӘБ және/немесе ҚОБЖ талап етіледі) В+ санатындағы жобалар бойынша іс-шаралар
Болжанатын жобаға жобаны обалау және техникалық-экономикалық негізде дайындау кезеңінде көлемін анықтау қиын қоршаған ортаға барынша, кері және/немесе қысқа мерзімді кері әсерлерін тигізуі мүмкін болса, онда осы санат беріледі. ҚОӘБ (егер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнайгаз кешенінде экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетімен немесе аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдармен ұсынылған жағдайда) басқа жағдайларда ҚОБЖ (техникалық-экономикалық негізде дайындау кезеңінде ҚОӘБ бойынша есепке қосымша ретінде қосылған шаблондар) ЖІТ әзірленуі тиіс. Кері әсерлерді азайту шараларына кететін шығындар ҚОӘБ/ҚОБЖ-қа, сонымен қатар тиісті жағдайларда тендерлік құжаттамаларға енгізілуі керек. Егер ЖІТ жобаны жіктеу қиян болған жағдайда, онда олар Бүкіләлемдік Банк маманына қоршаған ортан мәселелері бойынша кеңеске жүгінуі мүмкін.
ҚОӘБ/ҚОБЖ-қа САРАТС –2 жобасы аясында В+ санатындағы жобалар үшін ерекше жағдайда кері әсерлерді және түрлердің табиғи тіршілік ету ареалына, Бүкіләлемдік Банктің ОС 4.04 сәйкес сыни ареалдарды қоса алғанда, құрылыстық, қайта қалпына келтіру, жер жұмыстары және жабдықтарды тасымалдаудан тиетін кері әсерлерді азайтуға кететін шығындарды азайту бойынша шаралар анықталуы тиіс. Ағаштарды кесу, бұтақтарды қырқуға байланысты барлық жұмыстар ұя салу мезгілінде жүргізілмеуін, ал барлық жер жұмыстары мен өзен арналарын түзету бойынша жұмыстардың уылдырық шашу мезгілінде жүргізілмеуін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, ұсынылатын іс-шаралардың сипатына байланысты тұрақты су жіберу тоқтатылған өзен арналарын бойлай бұрыннан орналасқан территорияларға ерекше назар аударылуы тиіс. Мұндай территориялар үшін арнайы су жіберу режимі қабылдануы керек.
Қаржыландырылуы мүмкін В- санатындағы жобалар бойынша іс-шаралар (ЭБ және ҚОБЖ қажет)
Бұл санатқа қоршаған ортаға құрылыс жұмыстарының типтік қарапайым ісерлерінің және тұрақты және авариялық лақтырмалардың аралық деігейіне ие кіші жобалар кіреді.
Субнесиелендіру сұлбасы бойынша қаржыландырылуы мүмкін С санатындағы жобалар бойынша іс-шаралар
Бұл санатқа ҚОӘБ немесе ҚОБЖ қажет етпейтін қоршаған ортаға онша әсер етпейтін кіші жобалар кіреді.
2.2 Экологиялық бағалау – экологиялық бағалау бойынша құжаттар
Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) – бұл болжанатын ішкі жобаға байланысты туындауы мүмкін болуы ықтимал зияндар мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерді анықтау, болжау, бағалау және азайту үшін ЖТБ іске асыратын үдеріс. ҚОӘБ мақсаты жобаны алдын ала дайындау үдерісінің бастапқы сатысында қошаған ортаға тиетін кері әсерлерді анықтау болып табылады, осылайша олар кіші жоба жобасына кіруі тиіс. Экологиялық бағалауды қамту аясы әрбір жобаға берілген экологиялық санат және іс-шара типіне байланысты болады, кез келген типтегі бағлау мақсаты ұсынылатын іс-шараларды олардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін және өтемақыларын азайту немесе төмендету, жеңілдету есебінен экологиялық жақсарту тәсілдерін анықтау болып табылады. Тек қоршаған ортаны басқару жоспары экологиялық бағалау бойынша есеп ретінде қызмет етуі немесе экологиялық бағалау бойынша есептің құрамдас бөлігі болуы тиіс, онда жеке жобалар бойынша іс-шаралардың жеке түрлеріне қатысты экологиялық зияндар көрсетіледі және азайту шаралары сипатталады. ҚОӘБ кері әсерлерді азайту, жеңілдету немесе кері әсерлердің орнын толтыру арқылы экологиялық әсерлерін жақсарту тәсілдерін анықтайды. ЭБ-да қоғаммен кеңесу үшін қабылданатын қадамдар сипатталады.
В+ санатындағы жобалар үшін
Бір типтегі құжаттар талап етіледі:
-
В+ санатындағы жобалар үшін қоршаған ортаға тигізетін әсерлерді бағалау (ҚОӘБ) бойынша құжаттар талап етіледі. ҚОӘБ ұлттық ережелерге сәйкес дайындалады және бекітудің ұлттық жүйесі бойынша бекітілуі тиіс. Егер ҚОӘБ аралық жолдар кездесетін болса, онда ҚОӘБ жаңартылуы тиіс, себебі ВБ стандарттарына сәйкес келуі керек. ҚОӘБ-ға қосымша ретінде қарыз алушы ҚОБЖ дайындайды, ол екі рет ресми танысу үшін құжатты оның мазмұны бойынша жазбаша пікірлерді беру өтінішімен веб-сайтқа орналастыруды болжайды (бірінші рет ҚОӘБ қамту аясы бойынша екінші рет – жоба нұсқасы бойынша), содан соң ҚОӘБ және ҚОБЖ қатысты қоғаммен кеңесу жүргізіледі. Құжаттар ағылшын және орыс тілдерінде болуы тиіс.
В+ санатындағы жобалар үшін тиісті бағалауды жүргізу үшін өсімдіктерді, жануарлар лемін және балықтардың түрлерін көрсетумен жеке учаскелер бойынша өзенде тіршілік ететін түрлердің тіршілік ету ареалына шолуларды әзірлеу қажет.
В- сантындағы жобалар үшін экологиялық бағалау үш типтегі құжаттар әзірленуі тиіс.
-
ҚОБЖ В- санатындағы жоба үшін әзірленеді, оған мысалы, қолданыстағы нысандардың экстенсивті құрылысы, инфрақұрылымдар және басқалары кіреді. ҚОБЖ джариялануы тиіс және бір қоғамдық тыңдаудан өті керек. ҚОБЖ ағылшын және жергілікті тілдерде әзірленеді. ҚОБЖ мазмұны ҚОБЖ қорытындысы бойынша осы есептің қосымшасында анықталады.
-
ҚОБЖ бақылау тізімдемесі аз көлемдегі қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін әзірленеді. Құжат оның мазмұны бойынша жазбаша пікірлерді беру өтінішімен веб-сайтқа ресми танысу үшін орналастырылады. Қайта қалпына келтіру үшін ҚОБЖ бақылау парағының үлгісі ҚОӘБ қорытындылары бойынша ағымдағы есепте ұсынылған. ҚОӘБ бақылау парағы жергілікті тілде әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |