Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы «___» қыркүйектегі
№ ____ қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға
арналған әлеуметтік-экономикалық даму
болжамы
Өскемен қ., 2014 ж.
Мазмұны
1. Кіріспе ……………………………………………………………………..............3
|
2. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму беталыстары, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері..............................4
|
3. Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы.....................................................21
|
1 қосымша. 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің параметрлері болжамы................................................................................................................. .....24
|
2 қосымша. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары.................................................................................................................25
|
3 қосымша. Шығыс Қазақстан облысының 2015-2017 жылдарға арналған басым бюджеттік инвестициялар тізбесі ............................................................................26
|
Кіріспе
Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын орнату мақсатында әзірленеді және әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылға арналған болжамы, беталыстары, көрсеткіштерінен және үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамынан тұрады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді әзірлеу үшін негіз болып табылады.
2. Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму беталыстары, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері
Жалпы 2013 жылы және 2014 жылғы 8 айда облыстың қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі бір жыл ішінде 2012 жылға 13,9% өсіммен 2072,4 млрд. теңгені құрады.
2013 жылы өнеркәсіпте 998,7 млрд. теңге сомаға тауарлық өнім өндірілді, бұл қолданыстағы бағаларда 2012 жылдан 3,4% көп, ал республикалық көлемдегі үлесі – 5,5%. 2013 жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру табиғи көлем индексі 105,8% құрады.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі 2013 жылы 9,7% құрады. Аталған салада 96,5 млрд. теңгеге тауарлық өнім өндірілді, бұл 2012 жыл деңгейіне 122,6%, республикалық көлемдегі үлес – 0,9%, табиғи көлем индексі – 113,2% құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіп үлесі облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлемінде 2013 жылы 82,9% құрады.
2013 жылы өңдеуші өнеркәсіпте 827,9 млрд. теңге сомаға тауарлық өнім өндірілді, бұл 2012 жыл деңгейіне 101,8%, республикалық көлемдегі үлесі – 14,2%, табиғи көлем индексі – 106,7% құрады.
Машина жасау кешені өңірдегі серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Машина жасаудың өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2013 жыл қорытындылары бойынша 190,6 млрд. теңгені немесе 2012 жыл деңгейіне 144,9%, табиғи көлем индексі – 143,6% құрайды.
Металлургия өнеркәсібі өндеу өнеркәсібінің негізгі үлесін - 52,7% құрайды. Өндіріс көлемі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 436,3 млрд. теңге, табиғи көлем индексі – 102,5% құрайды.
Құрылыс материалдарының өнеркәсібінде 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 21,5% өсіммен 52,5 млрд.теңге сомасына өнім шығарылды, табиғи көлем индексі – 115,1%.
Жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80% астамы шағын және орта бизнес субъектілерінен құралған. Жеңіл өнеркәсіпте өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2013 жылғы қорытынды бойынша 2,9 млрд. теңгені немесе 2012 жыл деңгейіне 101,6 %, табиғи көлем индексі – 102,1% құрады.
Электр және жылумен қамтуда 4,5% өсіммен, 64,9 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді, табиғи көлем индексі – 90% құрады.
Сумен қамту және су бұруда 20,2% азайып, 9,4 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, табиғи көлем индексі 81,9% құрады.
2013 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 4,9 млрд. теңге сомаға 8 жоба іске асырылды, 1167 жұмыс орны ашылды.
Қазақстандық қамту мәселелерінде тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесін арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2013 жыл қорытындылары бойынша жүйеқұраушы кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу мониторингі 220,4 млрд. теңгені, соның ішінде жергілікті қамту – 52,8% немесе 116,4 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,6 есе жоғары.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жалпы облыс бойынша 2013 жылы 287,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 21,3% жоғары. Табиғи көлем индексі 108,3% құрады.
Жалпы облыс бойынша тірі салмақтағы ет 224,3 мың тонна (өсім 2,4%), сүт – 758,2 мың тонна (өсім 2,4%), жұмыртқа – 144,1 млн. дана (өсім 6,2%) өндірілді.
Негізгі капиталға инвестиция 301,2 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жыл деңгейінен 13,1% жоғары, осы орайда табиғи көлем индексі 108,3% құрады.
Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншікті қаражаты– 64,4%, республикалық бюджет қаражаты есебінен – 17,7%, жергілікті бюджет қаражаты – 5,3%, қаржыландырудың басқа көзі – 12,6% құрады.
Салалар бөлінісінде – 16,7% өндеу өнеркәсібіне, 22,3% – тау-кен, 11,6% - көлік, 10,6% – электр- жылумен қамту, 6,7% – әлеуметтік сала, 4,7% – ауыл, орман, балық шаруашылығы және 29,6% экономиканың басқа салаларына бағытталды.
Ауданы 291 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 19,4% жоғары.
Құрылыс жұмыстары 137,6 млрд. теңге құрады немесе 2012 жыл деңгейінен 16,3% артық. Табиғи көлем индексі 112,6% құрады.
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны 4,1% өсіммен 75,8 мың адам құрады.
Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 4,3% өсіммен 13,4 мың бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істейтін субъектілер 6,2 мың бірлік, бұл 2012 жыл деңгейінен 2,2% артық, белсенділер – 5,3% өсіммен 5,3 мың бірлік құрады.
2013 жылы облыстағы инфляция болжамдалған деңгейде сақталынды. 2013 жыл бойы инфляция біркелкі болды және өз өзгеруінің маусымдық беталысын сақтады. 2013 жыл қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының индексі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 4,5% құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінен 1,6 пайыздық тармаққа төмен. Инфляция деңгейіне азық-түлік тауарлар тобына баға өсімі (2,9%) үлкен үлесті қосты, сондай-ақ азық-түліктік емес тауарларға (3,7%) және тұрғындар үшін қызметке (7,4%) баға өсімі бекітілді.
Инфляция деңгейін тежеу мақсатында облыста 1,5 млрд. теңге мөлшерінде республикалық бюджет қаражаты есебінен азық-түлік тауарларының Тұрақтандыру қоры құрылды.
2013 жылы облыста 4704, соның ішінде ең төменгі сауда үстеме бағасын қолдану туралы (10% аспайтын) 78 ірі тауарөндірушілер мен көптеп сатушылармен, 292 ауыл шаруашылығы өндірушілермен және 4334 сауда нысандарымен меморандум жасалды.
Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына азық-түлік тауарларын сату үшін облыста 54 «Ардагер» әлеуметтік дүкендер және 912 әлеуметтік орындар (бұрыштар) жұмыс істейді.
756 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 2528,0 млн.теңге сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 532,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жыл деңгейінен 27,4%-ға артық, ал табиғи көлем индексі – 109,8% құрады.
Сыртқы тауар айналымының көлемі 30,6% төмендеумен 3,4 млрд. теңгені құрады, сауда теңгерімінің сальдосы оң және 0,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2013 жылы 183,6 млрд. теңгені құрады, болжам 101,8% орындалды, соның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер көлемі 14,0% өсіммен 70,2 млрд. теңгені құрады.
Экономика өсімі еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2013 жылы экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздық 5,1% құрады.
2013 жылы жұмыссыздар санының 417 адамға азаюы байқалады, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 2,1% төмендеп, 37,7 мың адам құрады, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 14,6%, балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 13,3%, тұрғын үй көмегін алушылар саны 6,9% азайды.
Білім жүйесінде «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2013 жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 4931 қосымша орын енгізілді, 2 балабақша салынды, 3 балабақша ғимараттары қайтарылды, 12 мектеп балабақша кешеніне қайта құрылды, 11 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылды.
Облыста мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 2014 жылдың 1 қаңтарында 97,4% құрады (67462 бала) және 2013 жылдың басымен салыстырғанда 1,7% өсті.
Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік техникамен қамтылуы бір компьютерге 8 оқушы құрады (2012 жылы көрсеткіш 10 құраған). Кең жолақты Интернетке 48,9% (336) мектеп қосылған.
Денсаулық сақтау саласында 2013 жылы әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің тұрақталуы байқалды. 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәби өлімі 18,5% (1000 тірі туғандарға 13,2), туберкулезбен ауру – 12,6% (100 мың тұрғынға 88,4) азайды. Сонымен бірге ана өлімі 2% (100 мың тірі туғандарға 13,4), онкологиялық аурулар 3,4% (100 мың тұрғынға 285,6) көбейді.
Шығыс Қазақстан облысының 2014 жылғы 8 айдағы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары экономиканың тұрақты өсу беталыстарының сақталуын айғақтайды.
Өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 704,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 8,5% жоғары.
Өнеркәсіптік өнім өндірісінде табиғи көлем индексі 100,5% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,6 пайыздық тармаққа жоғары.
Тау кен өнеркәсібінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендегені байқалады (табиғи көлем индексі – 92,5%). Өндірілген өнім көлемі 2013 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 3,1% өсіммен 63,7 млрд. теңге құрады. Негізгі үлесті металл рудаларын өндіру алады, оның табиғи көлем индексі 4,4% төмендеген. Төмендеу себебі әлемдік нарықтардағы асыл және түсті металдарға сұраныстың төмендеуі болып табылады.
2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндеу өнеркәсібінің өсімі 9% құрады. Өндірілген өнім көлемі 589 млрд. теңге, табиғи көлем индексі – 103,5%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жалпы облыс бойынша 123,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 2,3% жоғары. Табиғи көлем индексі 104,2% құрады.
Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны саны 6,9% төмендеумен 66,8 мың бірлікті құрады.
2014 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымы көлемі 333,1 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі 108,2% құрады.
2014 жылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41,7% көбейді. Сыртқы сауда теңгерімінің сальдосы 292,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
2014 жылғы қаңтар- шілдеде орташа айлық номиналды жалақы 8,7% артты және 95068 теңгені құрады. Ақшалай номиналды табыстар 2014 жылғы шілдеде орташа жан басына шаққанда 52081 теңгені құрады және 6,2% артты.
Ағымдағы жылдың 7 айындағы статистикалық мәліметтер бойынша жалақы қоры өткен жылдың ұқсас кезеңіне 8,8 % артты.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамызда 172,0 млрд. теңге құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңінен 6,6% жоғары. Табиғи көлем индексі 104,8%. Тұрғын үйді пайдалануға енгізудің жалпы ауданы 172 мың шаршы метр құрады және 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7% артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 79,5 млрд. теңгені, табиғи көлем индексі – 107,0% құрады.
Тұтыну бағалар индексі 105,4% құрады, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңінен 2,8 пайыздық тармаққа жоғары.
Азық-түлік тауарларына бағалар индексі 105,3% деңгейінде, азық-түліктік емес – 106,8%, халыққа қызмет көрсету 104,1% қалыптасты. Дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыру жалғастырылады.
2014 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке түсімдер 111,4 млрд. теңгені, орындалу 105,2%, өткен жылдың ұқсас кезеңіне түсімдердің өсім қарқыны – 97,6%.
Меншікті табыстар бойынша болжам 100,4% орындалды, жоспардан тыс 204,1 млн. теңге түсті, түсімдер өсімінің қарқыны 110,5% құрады.
Экономикадағы ішкі сұраныс және инвестициялық белсенділікті қолдау көздерінің бірі мемлекеттік бюджет шығындары болып табылады. 2014 жылғы қаңтар-тамызда мемлекеттік бюджет шығындары 178,8 млрд. теңгені құрады және 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,2% артты.
Жалпы алғанда Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған болжамының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері жоспарланған деңгейде сақталып отыр.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлеуметтік салада мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 24,4%, тұрғын үй көмегін алушылар саны 11,5%, балаларға берілетін жәрдемақы алушылар санының 15,5% пайызға төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы деңгейге қарағанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп 4,8% құрады.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 2014 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға 10,5 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделіп отыр. Үшінші бағыт шеңберінде қайта даярлыққа 1441 адам, жастар практикасына 785 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 1400 адам жұмысқа орналасты.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту ағымдағы жылдың басына 0,6% өсіммен 98,0% құрады.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік-маңызды көрсеткіштерді тұрақтандыру байқалуда. 2014 жылдың 8 айында ана өлімі 3% (100 мың тірі туғандарға 6,4), сәби өлімі 18,9% (1000 тірі туғандарға 10,7), туберкулезбен ауру 18,1% (100 мың тұрғынға 50,6) азаюы байқалады. Сонымен бірге онкологиялық аурулар 3% (100 мың тұрғынға 192,4) көбейді.
Облыстың экономикалық дамуының перспективадағы негізгі басымдылығы қолда бар шикізат ресурстарын олардың кешенді қайта өнделуін қамтамасыз ете отырып толық пайдалану, өнімдердің жоғары дайындық дәрежелі жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті түрлерін шығаруға бағытталуымен, инновациялық өндіріс пен жаңа технологияларды енгізумен облыстың мамандануының негізгі салаларын жаңарту арқылы өнеркәсіп өндірісін жандандыру, агроөнеркәсіп кешенін және туризмді дамыту болып табылады.
Осының барлығы перспективада металлургия, қарқынды дамыған өңдеу өнеркәсібі саласындағы, инновациялық экономиканың жаңа салаларындағы өңірдің түсті металдарды өндіру және қайта өндеу, технологияны әзірлеу және тәжірибелі өндеудің ірі орталығы ретінде өңірдің рөлін күшейтеді.
Өнеркәсіп. Облыс перспективада да өнеркәсіптің барлық дерлік кіші салаларындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындары шоғырланған әртараптандырылған экономикасы бар Қазақстанның өнеркәсіптік дамыған өңірлерінің бірі болып қалады.
Таулы металлургия саласын дамыту. Өнеркәсіп өндірісінің негізгі үлесі дәстүрлі түрде металлургия саласының еншісіне тиеді (2013 жылы – 53%). Аталған саланың ірі кәсіпорындарына «Казцинк» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жатады. 2013 жылы аталған кәсіпорындардың тауар өнімін өндіру жинақ көлемі 422,9 млрд. теңге, металлургия саласындағы өндірістің жалпы көлемінің 97% құрады.
Кәсіпорындардың қолданыстағы қуаттылықтарын жүктеу түрінде резервтер бар. Жүктеме «Казцинк» ЖШС-нда рафинадталған қорғасын өндірісі бойынша 64%, катодты мыс – 67%, алтын – 65%, күміс – 85%; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – 60%; «ҮМЗ» АҚ– 64,6% құрады.
Бұдан басқа, кәсіпорындар жаңа перспективті жобаларды дамытуға назар аударады. «Казцинк» ЖШС бойынша мыналар жоспарлануда:
- Зырян және Риддер кен байыту фабрикаларын үгіту және флотациялық жабдықтарды үлкен ауқымды және төмендетілген энергия тұтынатын заманауи агрегаттарға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту;
- Долинный және Обручевский полиметалл рудалары кенорындарын ашу;
- Риддер тау-кен байыту кешенінің Тишин кенішінің төменгі қабаттарындағы кен өнімдерін дамыту;
- «Казцинкмаш» ЖШС реинжинирингі.
2011 жылғы қазанда Өскемен қаласында «Посук Титанум» ЖШС титан құймалары мен ерітінділерін өндіретін зауыт құрылысы басталды. Жобаның құны шамамен 9090 млн. теңге. Жаңа өндірісті өнеркәсіптік пайдалануға 2014 жылы енгізу жоспарланған.
«ҮМЗ» АҚ бірқатар перспективті жобалар бар, мысалы: ниобий құймаларының дербес өндірісін ұйымдастыру, д=0,15-0,3 мм сымына созу өткізгішін қайта жаңарту, мишень шығаруға арналған тантал өндірісін техникалық қайта жарақтандыру, МБЛ карбо-термикалық әдіспен алатын өнеркәсіп учаскесін құру, ұнтақтар мен таблеткалар өндіретін бөлімшені техникалық қайта жарақтандыру.
Шығыс Қазақстан облысының машина жасау кешені өңірдегі ең серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемдері бойынша бірінші орында, оның үлесі 20% асады.
«Азия-Авто» АҚ машина жасау саласының флагманы болып табылады, саладағы өнім өндірісінің жалпы көлеміндегі оның үлесі 53,2% құрайды.
2009-2013 жж. кәсіпорындағы өнім өндірісі көлемі 5 есе артты. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 101,4 млрд. теңге сомасына 31 мың автомобиль шығарылды. Ағымдағы жылы 30 мың автомобиль шығару жоспарланған. 2014-2015 жылдары жылына 60 мың автомобиль шығару қуаттылығына шығу үшін қолданыстағы өндірісті жаңарту аяқталып келеді.
Өңір экономикасы үшін құрылыс индустриясын дамыту басым сала болып табылады. Облыста карбонат және балшықты шикізат, бентонит, керамзит, кірпіш балшығы және құрылыс тасы кенорындары шоғырланған.
Құрылыс материалдары өндірісімен айналысатын кәсіпорындар өнімдердің үлкен ассортиментін шығарады (цемент, қыш, силикат және қождан жасалған кірпіштер, асбоцемент бұйымдары, шифер, тауарлы бетон, бетоннан құрылыс құрылғылары, қыш бұйымдары, тастан жасалған бұйымдар, пластмасса трубалары, металчерепица, пластамасса бұйымдары, құрғақ құрылыс қоспалары, лак бояу материалдары және басқа).
Бүгінде технологиялық құрал-жабдықтарды және қолданыстағы технологияны сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін замануи түрлеріне ауыстыру бөлігінде өндірісті жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Тарбағатай ауданындағы «ZAISAN» ЖШС «Таған кенорнында бентонит балшығын өндіретін зауыт құрылысы» сияқты жаңа перспективті жобаға назар аударылады, іске асыру мерзімі 2016 жыл.
Өнеркәсіптің өңдеуші саласын дамыту. Саланың тоқтап тұрған кәсіпорындарын қалпына келтіруге, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру үшін кәсіпорындарда технологиялық жабдықтарды жаңартуға барынша күш салынатын болады. Түрлі нысандағы тоқыма және мата өндірісі, жүнді қайта өндеу, пима аяқ-киім, түрлі түрдегі киіз өндірісі, тігу бұйымдарын шығару және тоқыма және шұлық бұйымдарының өндірісі жеңіл өнеркәсіптің жетекші бағыттары болады. Индустрияландыру картасы бағдарламасы шеңберінде перспективада Аягөз қаласында «Аягөз Суырлы» ауылдық тұтыну кооперативі базасында «Киіз және киіз өнімдері өндірісі» жобасын 2014 жылы іске асыру жоспарланған.
Қой, ешкі және шошқа терісінен былғары өндірісінде облыстың жалпы республикалық көрсеткіштерде 100% жуық үлесін есепке алып, тері-былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту қажет.
Ағаш өндеу саласының орман шикізатының ағаш дайындаушыларына бекітілген барлық көлемді қайта өңдеуге өндірістік әлеуеті жеткілікті. 2002 жылдан бастап орман ресурстарының қолда бар шикізат базасы өте ұтымсыз пайдаланылып келеді, ағаш өндеуші өнеркәсіптің өндіріс қуаттары ішінара орташа алғанда 20-40%-ға жартылай жүктелген.
Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұйымдастыру мақсатында өңірдің ағаш өндеу өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындарын дамытуды жандандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарының жарылғыш заттар мен жарғыш құралдарға жоғары қажеттілігі бар. Металлургиялық бөлініс кезінде күкірт қышқылы түріндегі қолданыстағы өнімнің айтарлықтай көлемі, балқыған қышқыл алу үшін шикізат ресурстарының болуы және ядролық зерттеулерде химия өнімдерінің жаңа түрлерін алу үшін ғылыми-техникалық базаның болуы химия өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды.
Индустрияландыру картасын өзектендіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне 14 инвестициялық жоба бойынша, соның ішінде құны 43,8 млн. теңгеге 6 инвестициялық жоба және құны 5,7 млн.теңгеге 8 жоба бойынша материалдар жолданған.
Осы орайда, қазіргі іс-әрекеттегі өндірістердің құрылысы, оларды қайта жаңғырту және жандандырудан басқа, жұмыс атқарып жатқан кәсіпорындарда шығарылатын өнім сапасын арттыруға және түржиынын кеңейтуге бағытталған қосымша шаралар қабылданатын болады.
Инновациялық қызметті жандандыру семинарлар, кеңестер, форумдар аясында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы механизмдері туралы ақпараттандыру жолымен жүзеге асырылатын болады.
Шетел делегацияларының іссапарлары аясында салалық және өңірлік Технопарктерді дұрыс таныту жақын және алыс шет елдерінің арасындағы ғылыми-техникалық және инновациялық серіктестіктерді кеңейту мақсатында тұрақты негізде жүзеге асырылып отырады, бұл басым инновациялық жобаларды бұдан әрі іске асыру үшін жаңа өндіріс құруға және инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
«Металлургия орталығы» құрамында тәжірибе-сынақ учаскелері кешенін пайдалануға енгізу ғылыми-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіп зерттеулерді және сынақтарды орындауға мүмкіндік береді. Металлургия орталығы минералды шикізаттарды байытудың, пирометаллургиялық процестердің, көмір және құрамында көмір бар материалдарды өңдеудің, сусымалы материалдарды және ықшам бұйымдарды, ұнтақ металлургиясын қалыптастырудың жаңа технологияларының технологиялық регламенттерін әзірлеу үшін ірі тоннажды сынақтар өткізуге мүмкіндік береді.
Инновациялық саланы әрі қарай дамыту өңірдің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға негізделетін болады, оған салалық және өңірлік технопарктер («Алтай» технопаркі, «Ядролық технологиялар саябағы» АҚ), құрастырушы бюро, ғылыми-зерттеу ұйымдары (университеттер, КазГИПРОцветмет, ВНИИцветмет), Ұлттық ядролық орталық, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК және Облыстың индустриялық аймақтары жатады.
Көлік инфрақұрылымы. Жол инфрақұрылымын дамыту саласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлес салмағын 2014 жылы 75%-дан 2019 жылы 82%-ға жоғарылату жоспарланған.
Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелін салу және эксплуатациялау бойынша концессиялық ұсыныс әзірленген.
Аталған жобаны концессионердің қаражаты есебінен, оның шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу арқылы іске асыру көзделген. Концессия мерзімі – 30 жыл. Концессионердің шығындарын өтеу көзі көпір өткелі арқылы өткізу қызметін көрсетуден және концессионердің өтемелі инвестициялық шығындары есебінен түскен табыстар болып табылады.
Трансшекаралық және Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы арасындағы өзара серіктестікті дамыту мақсатында оның стратегиялық орналасуын ескере отырып, өңірдің транзиттік әлеуетін барынша іске асыру және көліктік инфрақұрылымын дамыту жолымен облыста Шығыс Қазақстан облысының көліктік-логистикалық жүйесін (КЛЖ) дамыту тұжырымдамасы әзірленді.
Көлік-логистика жүйесі автожол магистральдарының, теміржолдардың, әуежайлардың жоғары сапасын, қажетті жоғары сапалы коммуникациялық желілердің (интернет, байланыс) және коммуналдық желілердің (электрмен қамту, сумен қамту және басқа) болуын көздейтін жақсы қосалқы инфрақұрылымның болуын көздейді.
Өңірде көлік-логистика жүйесін дамытудың негізгі нәтижелері тауар қозғалысының жылдамдығын ұлғайту, жеткізу желілерінде логистикалық кедергілерді қысқарту, жүк айналымы өсімінің басып озу қарқынын қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған тұжырымдаманың маңызды элементтерінің бірі концессиялық негізде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Семей қаласында логисткалық хаб құрылысы және «Зырян-Майқапшағай» теміржол тармағының құрылысы болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесінің Семей қаласындағы логистикалық терминал құрылысы бойынша логистикалық операторы болып табылатын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қаражаты есебінен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. КЛЖ құрылысын 2016 жылға дейін іске асыру жоспарланған.
«Зырян-Майқапшағай» теміржол тармағының құрылысы бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен ТЭН әзірленуде, оның аяқталуы 2014 жылға жоспарланған. ТЭН шеңберінде неғұрлым үздік нұсқа «Шар-Майқапшағай» тасжолы болып анықталған.
Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Өскемен және Семей қалаларының әуежайларын қайта жаңғырту көзделген.
Аталған іс-шаралар транзитті өткізу пункті ретінде Шығыс Қазақстан облысының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Коммуникациялық инфрақұрылым. Электр энергетикасындағы экономикалық саясаттың мақсаты облыс экономикасының электр энергиясына қажеттілігі мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болады.
Алдын ала бағалау бойынша 2016-2019 жылдары электр энергиясын өндіру 7,8 млрд. кВтсағ. тұтыну көлемінде 8,2 млрд. кВтсағ. құрайтын болады.
Тұрғысын ГЭСі, Семей қаласының ЖЭО-3 құрылысын және Шүлбі ГЭС-нің контрреттеушісі Бұлақ ГЭС-і құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Баламалы энергетиканы дамыту бойынша саясат елдің электр теңгерімінде энергияның (кіші суэлектрстанциялар, күн қондырғылары) жаңартылатын көздерінің үлесін арттыруға бағытталатын болады.
Жел электр станцияларының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оларды Ұлан және Жарма ауданында орналастыру ұйғарылып отыр. 2015 жылға жел қондырғылары мен шағын суэлектрстанциялардың құрылысы жоспарлануда.
Энергия үнемдеу. Энергия үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын 2015 жылға 10% және 2020 жылға 25% кем емес төмендетуді қамтамасыз ету қажет.
Шығыс Қазақстан облысының энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған Кешендік жоспары шеңберінде энергия үнемдеу саласында заңнамалық, ұйымдастырушылық, ғылыми, техникалық, экономикалық және қаржылық шаралар қарастырылған.
Сондай-ақ Кешендік жоспар аясында электрэнергетиканы қоса алғанда өнеркәсіптің энергияға қажеттілігін төмендету үшін жүйелік шаралар әзірленетін болады. Энергия ресурстардың өндірістік емес шығындарын қысқарту үшін тұрғын үй және бюджеттік секторларда энергия аудиті жалғастырылатын болады.
Облыстың бәсекеге қабілетті мамандануының бірі - атом энергетикасы және ядролық зерттеулерге арналған отын өндірісі болуы тиіс.
«Ядролық технологиялар паркі» (Курчатов қаласы) салалық технопаркінің әлеуетін пайдалану қажет, ол радий - 226 және актиний - 225 радиоизотоптарының ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірісін құрудың бастамашысы болып табылады.
Өңірде нақты сектордың жоғары технологиялық ірі және орта кәсіпорындарының болуы өңір экономикасы үшін маңызды басымдылық болып табылатын тиісті ғылыми инфрақұрылымды дамытуды қажет етеді. Бүгінде салалық және өңірлік технопарктер, бірқатар ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдары жұмыс істейді, металлургия орталығы, индустриялдық және арнайы экономикалық аймақтар құрылуда.
Барлық қолда бар инфрақұрылымның негізгі міндеті - біздің қажеттіліктерге сәйкес жаңа технологиялық құралдар мен технологиялық процестерді дамыту, оларға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізе отырып, ары қарай өндіріске енгізу және игеру, сондай-ақ оны Қазақстанның басқа аумақтарына тарату болып табылады.
Туристік саланы дамыту бойынша саясат туристік өңір ретінде тартымдылықты дамыту үшін инфрақұрылымды құру және дамыту, Шығыс Қазақстан облысының беделін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталатын болады.
Облыста емдеу-сауықтыру, экологиялық, мәдени-танымдық, шаңғы туризмін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар. Облыстағы туристік базаны 281 нысан құрайды.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңарту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен облыс әкімдігі бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытудың 2020 жылға дейінгі кластерлік бағдарламасының шебер-жоспары әзірленген (2013 жылғы 7 қарашадағы № 350) (бұдан әрі - Шебер-жоспар). Шебер-жоспарды іске асыру шеңберінде облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктері «Туризмнің жол карталарын» әзірледі, олар біздің өңірдің барлық туристік саласын 2017 жылға дейін дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде облыстың перспективті өңірлерінде – Риддер қ., Катонқарағай, Үржар (Алакөл көлі), Зырян (Бұқтырма суқоймасы) аудандарында туризмді дамыту қарастырылған, ол жерлерде халықаралық стандарттарға сәйкес инженерлік-коммуникациялық желілер, кірме жолдар салу жоспарланған.
Агроөнеркәсіп кешені әлеуетін қалпына келтіру және дамыту (АӨК). Тұрғындардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында облыста 2015-2019 жылдары мыналар көзделген:
өсімдік шаруашылығында:
құрылымын оңтайландыра және ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыра отырып, егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту, күнбағыс егісін 2,5-3 есе бір уақытта азайта отырып, рапс және соя сияқты жоғары түсімді дақылдар құрылымын оңтайландыру және егісін әртараптандырып егіс алқаптарын жыл сайын ұлғайту. 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын 1,3 млн.га дейін жеткізу;
ауыл шаруашылығы дақылдарын прогрессивті технологиялар бойынша өсіру алаңдарын ұлғайту;
ауыл шаруашылығы техникасы паркін жыл сайын 3,5-3,8 млрд. теңгеге жаңарту;
су шаруашылығы имараттарын қайта жаңарту есебінен суарылатын жерлерді 20 мың га кеңейту және 2019 жылы 110 мың га жеткізу.
мал шаруашылығында:
Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы тәжірибесін пайдаланып, тауарлы сүт фермаларын құру және кеңейту, сүт өндірісі бойынша отбасылық фермалар құру бойынша жұмысты жалғастыру. 2015-2019 жылдары 16 сүт-тауар фермасын пайдалануға енгізу көзделген;
«Етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды жалғастыру. Жыл сайын 2-3 қосымша асыл тұқымдық репродуктор ашылады, шетелдік селекцияның 2,5- тен 3 мың басқа дейін ІҚМ тұқымдық жас төлі әкелінеді, 100 ден аса бордақылау алаңы пайдалануға енгізіледі. Ет өндірісінің өсімі 2019 жылы жалпы өндіріс көлемінен 18-20% құрайды;
өнеркәсіптік құс шаруашылығын дамыту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту және жаңартуға бағытталған келесі инвестжобаларды іске асыру жоспарланған: «Өскемен құс фабрикасы» АҚ өндіріс қуатын жылына 50 мың тоннаға дейін ұлғайту, «Восток-Бройлер» ЖШС құс фабрикасын қайта профильдеу және Семей қаласындағы «Ақтөбе Ертіс» ЖШС жұмыртқа өндірісі бағытындағы құс фабрикасын қайта жаңарту және жылына 24-55 млн. данаға дейін қуатын кеңейту;
тұқымдық марал шаруашылығы мен омарта шаруашылығын одан әрі дамыту.
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу бойынша:
индустриялық-инновациялық технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бойынша қосымша қуаттар құру және енгізу есебінен тамақ және қайта өндеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті өнімінің өндірісін одан әрі дамыту және шығару және соның негізінде қайта өндеудің үлес салмағын ұлғайту. 2019 жылы тауар өнімінің көлемі 85 млрд. теңге құрайды.
Аталған саланы дамыту жоғары технологиялық инвестжобаларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі, мысалы:
Бородулиха ауданы құны 303 млн. теңгеге «Е. Зайтенов» ШҚ «Ирригациялық шеңберлі жылжымалы қондырғыларды қолдану жолымен ерікті сауу және жемшөп базасын нығайту жүйесін енгізу»;
Глубокое ауданы құны 800 млн. теңгеге «Бобровка+» ЖШС «408 басқа арналған СТФ қайта жаңғырту (Бобровка а.)»;
Зырян ауданы құны 136 млн. теңгеге «Средигорненское» ЖШС «Мал шаруашылығы кешенін қайта жаңғырту, малды байлаусыз ұстауды ұйымдастыру (жемшөп салғыш үстелі бар сиыр қора)»;
Ұлан ауданы құны 359,7 млн. теңгеге Қайрат ШҚ «400 басқа арналған сүтті-тауарлы ферма ұйымдастыру».
Көзделген шаралар ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің жыл сайын 12-13 % өсуін және осының негізінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық АӨК арттыруға мүмкіндік береді.
Бюджет және салық саясатының негізгі міндеттері мыналар болады:
бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;
бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру.
Экономиканың одан әрі өсуі салық және бюджет саясаты құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ету деңгейінде ұсталатын болады.
Бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру аясында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде әкімдерді экономикалық ынталандыруды күшейту мақсатында бюджетаралық трансферттер жүйесі жаңартылатын болады.
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Заң жобасына сәйкес жергілікті бюджет шығыстары базасына республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығындар берілетін болады.
Өңірлердің даму бюджеті мөлшерін бюджеттік субвенциялар мен шегерулер есебімен ұлғайту көзделген. Бұл әкімдерге өңірлер дамуының ерекшелігі есебімен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қаражат шығысының басымдылықтарын дербес анықтауға, шешімдер қабылдауда мәслихаттардың қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдардың қаржылай дербестігін кеңейту және жергілікті органдар қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында даму бюджеті шығындары есебіне өңірдің салық базасын ұлғайту көрсеткіштері және тұрақты жұмыс орындарын құру негізінде өткен үшжылдық кезеңдегі әкімдерді рейтингілік бағалауға қарай, субвенция көлемін ұлғайтатын қосымша коэффициент енгізілген.
Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіру негізінде «2014-2016 жылдарға арналған облыс және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» облыстық мәслихаттың шешім жобасы әзірленетін болады.
Экономиканың одан әрі өсуін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде мыналарға:
халықтың әл-ауқатын арттыруға;
экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға;
мемлекет тарапынан ішкі сұраныстың қажетті деңгейін қолдауға бағытталатын болады.
Экономикадағы жағдай өзгерген жағдайда бюджет саясатын түзету, соның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау арқылы шұғыл және икемді шаралар қабылданатын болады.
2015-2017 жылдарға арналған бюджет шығындарының басымдықтары. 2015–2017 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары мыналар болады:
мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту;
әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;
өңірлік даму;
экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;
шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау;
құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейтуді іске асыру.
Шығыстар саясаты сондай-ақ бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттігіне сүйене отырып, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталатын болады.
Осы мақсатта тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі жұмыс істейтін болады, бұл жетекшілік ететін салада/жүйеде/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (жеткізбеу) дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.
Халықты жұмыспен қамту.
Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету арқылы халықтың табысын жоғарылату үшін «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын толық көлемде іске асыру жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсету, бизнес-машықтарына оқыту және шағын кредиттер ұсыну арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобильділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
Жұмыспен қамту:
инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;
ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру (жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тірек ауылдарды кешенді дамыту);
жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға қолдау көрсету (жұмысқа орналасуға оқыту және қолдау көрсету, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының мобильділігін жоғарылату) есебінен жүзеге асырылады.
Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту.
Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.
Сондай-ақ, тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сумен қамту және су бұру жүйесін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында 2011–2020 жылдарға арналған Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғастырылады.
Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.
Әлеуметтік саланы әрі қарай жетілдіру мақсатында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын, білім беру, «Балапан» бағдарламаларын қаржыландыру жалғастырылатын болады.
Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету оларды одан әрі электронды нысанға ауыстыру жолымен қол жетімділігі мен сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қаржыландырылады.
Өңірлік даму.
Облыстың өңірлік даму саясаты еліміздің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыруға, тұрғындар мен капиталдың экономикалық өсім орталықтарында шоғырлануын ынталандыруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік қолдау шараларымен моноқалалар, шағын қалалар, шекаралас аудандар, аудан орталықтары, тірек ауылдық мекендер және ауылдық мекендердегі орталық усадьбалар қамтылатын болады.
Мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі құралы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы болып табылады. Аталған бағдарлама шеңберінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғарылату (тіршілік етуді қамтамасыз ету инфрақұрылымының дамуы – энергия және жылу көздері, газ, жылу, электрмен қамту, сумен қамту және су бұру), функционалдық мамандандануына сәйкес өңірлердің экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Бағдарламаның іске асырылуы өңірлер, қоғамдық бірлестіктер, бизнес және сарапшы қауымдастығының рөлдерін жоғарылатумен қатар жүреді.
Экономиканы жаңарту және әртараптандыру.
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру экономиканы одан әрі әртараптандыру және жаңғыртудың басты құралы болып қалады.
Бұдан басқа, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекетттік бағдарламасын, соның ішінде экономиканы энергетикалық, көліктік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда, «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», салалық бағдарламаларын іске асыру үшін қабылданған бағдарламалардың іс-шаралары басым түрде қаржыландырылатын болады.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі іс–шараларды қаржыландыруға басты назар аударылатын болады.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады.
Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау.
Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету жалғастырылады.
Құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейту.
Аталған бағыт шеңберінде құқық тәртібі профилактикасы (алдын алу) және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын жетілдіруге бағытталған қаржыландыру жүзеге асырылады.
Инвестициялық саясаттың басымдықтары. Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Елбасының 2012 жылғы 17 қаңтардағы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларда айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар басым болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің бюджеттік инвестицияларының негізгі бағыттары мына салаларда болады.
Әлеуметтік саланы жаңғырту. Аталған бағдарлама аясында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасының білімді дамыту, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз етудің 2011-2020 жылдарға арналған «Балапан» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бюджетінің негізгі мақсаты салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қосу болып табылады, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салу жалғастырылады.
Білім беру саласында жаңа мектептерді салу есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейту, апатты мектептерді жою, оқушы орындарының жетіспеушілігін қысқарту және бейімделген үй-жайларда оқыту проблемаларын шешу жұмысы жалғастырылады.
Экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту. Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.
Аталған бағдарлама аясында «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының, сондай-ақ энергетиканы, көлікті қоса алғанда ҮИИДМБ іске асыруға қабылданған басқа да салалық бағдарламаларының іс-шаралары басымдылықпен қаржыландырылады.
Халықтың өмір сүру жағдайын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы жақсарту. Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы, 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарлануда.
Өңірлік даму. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
3. Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы
Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары мен көрсеткіштерінің атауы
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
бағалау
|
болжам
|
ЖӨӨ, млрд. теңге
|
2211,3
|
2363,8
|
2531,6
|
2716,5
|
2920,2
|
3145,1
|
ЖӨӨ нақты өзгеруі, өткен жылға қарағанда %
|
103,0
|
103,7
|
104,1
|
104,8
|
105,0
|
105,4
|
Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ ресми бағам бойынша, АҚШ долл.
|
8,7
|
9,3
|
9,9
|
10,7
|
11,5
|
12,3
|
Нақты сектор көрсеткіштері
|
Өнеркәсіп, өткен жылға қарағанда %
|
105,0
|
105,0
|
106,8
|
109,6
|
110,1
|
110,9
|
Тау кен өнеркәсібі және карьерлерді өндеу, өткен жылға қарағанда %
|
96,0
|
100,0
|
102,3
|
105,0
|
107,0
|
107,3
|
Өңдеу өнеркәсібі, өткен жылға қарағанда %
|
102,8
|
106,4
|
107,9
|
109,2
|
109,6
|
107,6
|
Сауда, өткен жылға қарағанда %
|
106,0
|
106,5
|
107,0
|
107,5
|
108,0
|
109,0
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау, өткен жылға қарағанда %
|
99,8
|
100,0
|
100,3
|
100,6
|
100,8
|
101,0
|
Ауыл шаруашылығы
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда %
|
103,0
|
103,1
|
103,2
|
103,5
|
104,0
|
104,0
|
Құрылыс
|
Құрылыс, өткен жылға қарағанда %
|
103,5
|
105,0
|
105,5
|
106,0
|
106,5
|
107,0
|
Көлік
|
Көлік, өткен жылға қарағанда %
|
105,0
|
105,0
|
105,5
|
106,0
|
106,5
|
107,0
|
Байланыс
|
Байланыс, өткен жылға қарағанда %
|
102,2
|
102,4
|
102,5
|
102,8
|
103
|
103,1
|
Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері
|
Экономикаға ЕДБ кредиттері, млрд. теңге, кезеңнің соңына
|
400
|
440
|
480
|
520
|
560
|
600
|
Резиденттердің депозиттері, млрд.теңге, кезеңнің соңына
|
210
|
230
|
250
|
270
|
300
|
320
|
Инфляция кезең соңына, %
|
106-108
|
106-108
|
106-108
|
106-108
|
106-108
|
106-108
|
Төлем теңгерімінің көрсеткіштері
|
Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл.
|
1750,0
|
1802,2
|
1892,4
|
1987,0
|
2086,4
|
2190,7
|
Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл.
|
1248,0
|
1285,2
|
1300,0
|
1360,0
|
1400,0
|
1470,0
|
Сауда теңгерімі, млн.АҚШ долл.
|
502,0
|
517,0
|
592,4
|
627,0
|
686,4
|
720,7
|
Әлеуметтік саланың көрсеткіштері
|
Экономикалық белсенді халық саны, мың адам
|
746,7
|
745,5
|
743,7
|
741,1
|
737,7
|
735,1
|
Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам
|
706,8
|
703,3
|
699,8
|
696,3
|
692,8
|
689,7
|
оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, мың адам
|
485,1
|
486,8
|
488,5
|
490,2
|
491,9
|
490,2
|
Жұмыссыздар саны, мың адам
|
36,6
|
36,0
|
35,4
|
34,8
|
34,2
|
33,6
|
Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді халыққа шаққанда, %
|
4,8
|
4,8
|
4,7
|
4,7
|
4,6
|
4,6
|
Кадрларға қажеттілігі, барлығы адам
|
3 683
|
3 455
|
3 107
|
2 479
|
1 932
|
1 604
|
Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге
|
19 966
|
22 651
|
24 236
|
25 932
|
27 748
|
29 690
|
Орташа айлық номиналды жалақы, теңге
|
95 068
|
101 723
|
108 843
|
116 462
|
124 615
|
133 338
|
Айлық есептік көрсеткіш, теңге
|
1 852
|
1 982
|
2 121
|
2 269
|
2 429
|
2 598
|
Зейнеткерлердің саны, мың адам
|
215 609
|
217 765
|
219 841
|
222 039
|
224 259
|
226 501
|
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге
|
9 983
|
10 682
|
11 429
|
12 230
|
13 085
|
14 002
|
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге
|
20 782
|
22 236
|
23 793
|
25 458
|
27 240
|
29 146
|
Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге
|
19 966
|
23 363
|
24 998
|
26 737
|
28 609
|
30 611
|
Табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, %
|
0,7
|
0,6
|
0,6
|
0,5
|
0,5
|
0,4
|
Орта техникалық білімі бар кадрлар даярлап шығару, адам
|
13065
|
12882
|
12701
|
12699
|
12697
|
12797
|
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ- акционерлік қоғам;
АӨК – агроөнеркәсіп кешені;
ГЭС – гидроэлектростанция;
ҮИИДМБ - үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
ІҚМ – ірі қара мал;
ШҚ- шаруа қожалығы;
СТФ- сүт-тауар фермасы;
ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы;
КЛО – көлік-логистика орталығы;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме.
Шығыс Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық
дамытудың 2015-2019 жылдарға
арналған болжамына
1 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |