Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметовтың тұрғындар алдындағы есепті баяндамасының тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі227.59 Kb.
#11255


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметовтың тұрғындар алдындағы есепті баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы 2014 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсіммен сипатталады.



Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 2,5% - ға макроэкономикалық өсіммен 2,2 трлн.теңгеге бағаланады. ЖӨӨ өсуі экономиканың базалық салаларды дамыту есебінен қамтамасыз етілді.

2014 жылға өнеркәсіп кәсіпорындары 2013 жылға 10% өсіммен, 1098 млрд.теңгенің өнімін шығарды. Табиғи көлем индексі 100,2 %-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің республикалық көлемдегі үлес салмағы 6% - ға жуығын құрайды, облыстың бір тұрғынына шаққанда өнеркәсіп өнімінің 787 мың.теңгесі келеді.

Тау кен байыту өнеркәсібі көлемі 6,2 % өсіммен, 102,5 млрд.теңге, табиғи көлем индексі – 86,6 %.

Өнеркәсіп өнімінің негізгі үлесін (83,1%) өңдеу өнеркәсібі құрайды. 2014 жылға ішкі сала өндірісінің көлемі 10,2 %-ға артып, 912,6 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – 101,3 %-ды құрады.

Саладағы еңбек өнімділігі 2013 жылмен салыстырғанда 16,5 % - ға артты және бір адамға шаққанда 59,5 мың АҚШ долларын құрады.

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 2013 жылдың деңгейінен 14,7%-қ өсіммен 345,5 млрд.теңгені құрады. Бағалар есебінен инвестициялар көлемінің нақты өсуі 12,5 %-ды құрады. Облыстың бір тұрғынына шаққанда күрделі жұмсалым 248 мың теңгеден келеді.

Инвестиция құрылымында кәсіпорынның меншікті қаражаты 52,4 %, бюджеттік қаражат – 18%, несиелер мен басқа қарыз қаражаттары – 29,6 % құрайды.



Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) белсенді субъектілерінің саны 77,4 мың бірлікті құрады.

Облыстың ШОК субъектілері мемлекеттік бюджетке түсімнің 50%-ын, жергілікті бюджетке 40%-ға жуығын қамтамасыз етті. Салық түсімінің көлемі 97 млрд.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 8%-ға артты, сонымен қатар олармен жергілікті бюджетке 10% өсіммен 30,7 млрд.теңге аударылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында құны 14,5 млрд.теңгеге 190 тапсырыс беріліп, 43,5 млрд.теңге сомасына кәсіпкерлердің несиелерін субсидиялау бойынша 136 келісімге қол қойылды. Құны 493,7 млн.теңгеге кредиттік портфелге 40 жоба бойынша кепілдеме келісіміне қол қойылды.

Жалпы сомасы 550 млн.теңгеге кәсіпкерлік қызметінің 6 нысаны бойынша қажетті инфрақұрылым жасалды. 1,7 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.



Облыстың индустрияландыру картасы бойынша 2014 жылы 22 млрд.теңгеге 9 жоба іске асырылып, 700 жаңа жұмыс орындары ашылды, сонымен бірге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту үлесі 92%-ды құрады.

Қазақстан Республикасының барлық инновациялық өнімінің 20 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Инновациялық өнім көлемі 109,4 млрд.теңгені құрады.

Соңғы 2 жылда өңірлік жалпы өнім құрылымындағы инновациялық өнім 2,5 есеге артты. Инновациялық өнімнің 60%- ы экспортқа қойылған.

Жүйеқұрастырушы кәсіпорындардың тауарды сатып алу, жұмысы мен қызметі 257 млрд.теңгені құрады, соның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 46,8% немесе 120 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты.

Облыстың тауар өндірушілерінен ұлттық компаниялармен сатып алу көлемі 2013 жылғы деңгейден 1,7 есеге артып, 93 млрд.теңгені құрады, келісімшарттар саны 30%-ға артты.

Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2013 жылға 2,2% өсіммен 294 млрд. теңгені құрады.

Құны 9,3 млрд.теңгеге 154 инвестициялық жоба, соның ішінде «ҚазАгро» АҚ-сы бойынша құны 6 млрд.теңгеге 68 жоба іске асырылды.

Ауылшаруашылығы саласын субсидиялау түрінде дамыту және қолдауға 12,2 млрд.теңге бағытталған.

Дәнді дақылдардың егіс алқаптары 27 мың гектарға немесе 4,8%-ға ұлғайды.

438 мың гектар жерге ылғалүнемдеуші технология енгізілді, бұл 2013 жылдың деңгейінен 18%-ға артық.

Суармалы жердің алқабы 5 мың гектарға кеңейтіліп, 90 мың гектарды құрады.

238,8 мың тонна ет (өсім 6,6%), 775,7 мың тонна сүт (өсім 2,4%), 154,4 млн.дана жұмыртқа (өсім 7,4%) өндірілді.

Облыс бойынша 2013 жылдың деңгейінен қарағанда ірі қара малы 2,3%-ға, жылқы 5,7%-ға, құстар-4,4%-ға қой мен ешкі 99%-ға артты.

Шеттен ет тұқымды 1696 мал басы, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ы есебінен -1026 мал басы сатып алынды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 млрд.теңгеге 5,3 мың бас ірі қара малы сатып алынды. «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша -13 мың бас қой, 1,5 мың бас жылқы.

Қуаттылығы жылына 10 мың тонна сиыр етін өндіретін, 49 мың мал басқа арналған 285 бордақылау алаңы жұмыс істеуде, соның 9-ы 2014 жылы құрылған.

Бородулиха ауданында роботтандырылған тауарлы сүт фермасы қайта жаңартылды, Ұлан ауданында 3 тауарлы сүт фермасы салынды.

Облыстың ауылшаруашылығы құрылымдарымен құны 6,1 млрд.теңгеге 810 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. «Қазагроқаржы» АҚ-ы арқылы машина-трактор паркін жаңартуға инвестиция көлемі 34%-ға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,4%-ға өсіп,145,1 млрд.теңге құрады.

7,6% өсіммен 313,5 мың ш. метр тұрғын үй (3299 пәтер) қолданысқа берілді.



«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 110,8 мың ш.метр 19 көппәтерлі және 82 бір пәтерлі тұрғын үй тұрғызылды.

Тұрғын үймен 1587 кезекте тұрған азаматтар қамтамасыз етілді.

Тұрғын үй құрылысына 20,4 млрд.теңге жұмсалды. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың негізгі көздері, жекеменшік салушылардың өз қаражаты болып табылады (55%).

Бөлшек сауда айналымы 563,8 млрд.теңгені құрап, 16,3%-ға өсті.



Сыртқы сауда айналымы 3,3 млрд. АҚШ долларын, сауда теңгерімі сальдосы оңды болып, 1 млрд. АШҚ долларын құрады. Негізгі сауда әріптестері - Ресей Федерациясы, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Түркия.

Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну бағасының индексі 107,4% құрады, бұл ортареспубликалық көрсеткіш деңгейінде.

620 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, сомасы 2,2 млрд.теңгеге азық-түлік өнімдері сатылды.

Облыстың тұрақтандыру қоры тіркелгенн баға бойынша бөлшек бағамен сату үшін 11,5 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 65 тонна күріш, 64 тонна қант сатып алды. Өңірлерде уақытша тұрақтандыру қорлары ашылды. Жеміс-көкөніс өнімдері, күріш, қант, өсімдік майы, ұн, жарманы сақтауға келісім жасалды.

Мемлекеттік бюджетке 196,6 млрд. теңге салықтар мен түсімдер түсіп, өсу қарқыны 107,1%-ды құрады. Облыстық бюджетке 77 млрд.теңге түсіп, өсім -9,8%-ды құрады.

Облыс бойынша орташа айлық жалақы 98,4 мың теңгені құрап, 2013 жылдың деңгейіне қарағанда өсім 9% құрады.



Жол саласын дамытуға 2014 жылы 25,9 млрд. теңге жұмсалды. 364 км автожол, 101,4 км елді мекендердің көшелері, 4 көпір құрылғыларын жөндеу мен жаңалау жұмыстары жүргізілді.

Күршім ауданында «Ертіс» мамандандырылған паромын күрделі қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шар, Риддер, Ақтоғай 3 теміржол бекеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

7,8 млрд. кВт/ сағ. электр энергиясы өндірілді. Электр энергиясына тапшылық 0,9 млрд. кВт/ сағ.-ты құрады.



Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласында жалпы құны 16,9 млрд.теңгеге 34 жоба іске асырылды.

Жылумен қамту - 19,5%, сумен қамту - 18,5% және электрмен қамту - 13,4% желілерінде шығындар, сонымен қатар жылумен қамту көздерінің тозуы - 64,6%-ға, сумен қамту – 61,2% -ға және электрмен қамту көздерінде – 54,1%-ға азайтылды.

Семей қаласында 36 млрд.теңгеге ЖЭО-1-де жаңалау және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы аталған жобаға 6,7 млрд.теңге бөлінді.

Жобаның іске асыру қуаттылығы 66 Гкал/сағ-қа дейінгі жылу тапшылығын азайтуды және Семей қаласының сол жағалауында жылуға жүктеменің қажеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. 13 тиімсіз қазандық жабылды.



Тұрғын үй қорын жаңартуға 2014 жылы республикалық бюджет есебінен құны 589 млн.теңгеге 60 тұрғын үйге жөндеу жүргізіліп, 2015 жылға құны 270,3 млн.теңгеге 18 үйді жөндеу жоспарлануда.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2014 жылы сумен қамтамасыз ету және су шығару бойынша 29 жобаның құрылысына және жаңалауға бюджеттен 7,3 млрд.теңге бөлінді.

17 объект қолданысқа берілді, соның ішінде Бесқарағай ауданында Өндіріс, Жарма ауданында Бірлік, Зайсан ауданында Үлкен Қаратал, Тарбағатай ауданында Қабанбай, Шемонаиха ауданы Коневка ауылында алғаш рет су құбыры іске қосылды. Сапалы ауызсумен 4 мың адам қамтамасыз етілді.

Тұрғындардың орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге қол жеткізуі нәтижесінде қалаларда - 96,8%, ауылдық елді мекендерде- 65%-ға қамтамасыз етілді.

Жылыту маусымына әзірлікке бюджеттің барлық деңгейінен 4% өсіммен 22,5 млрд.теңге бөлінген.

53 қазандық, ЖЭС-гі 14 құбырға және қуаттылығы 100 Гкал-дан астам қазандықтарға жөндеу жүргізілді. Қуаттылығы 100 Гкал-дан кем емес 665 қазандық, 1222,5 км жылумен қамтамасыз ету, 4181,2 км сумен қамтамасыз ету және су шығару желілері, 1075 білім беру, 729 денсаулық сақтау, 16 әлеуметтік қорғау нысандары мен 4207 орталық жылу жүйелеріне қосылған.

Семей қаласында жылумен қамтамасыз ету жабдықтарын жөндеуге 220 млн.теңгеден астам қаражат бөлініп, отын сатып алуға 640 млн.теңге мөлшерінде қаржылай көмек көрсетілді.



Табиғатты қорғау іс – шараларын іске асыруға 2014 жылы 5 миллиард теңге бөлінді. Өскемен, Зайсан және Риддер қалаларында тазарту құрылғылары мен кәріз желілерінің, Зырян ауданының Серебрянск қаласында қатты – тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы бойынша жұмыстар атқарылды.

Атмосфералық ауа сапасының жағдайын оперативті режимде қадағалауға мүмкіндік беретін өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған өңірлік жүйесі құрылған.

Облыс орталығының тұрғын белдеуінің аумағындағы үш радиоактивті ластану ошақтарын жою жұмыстары атқарылды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру жалғастырылуда.

Облыста 572 мыңнан астам адам немесе 41,1 пайызы Ұлттық скриниг бағдарламасымен қамтылған.

Емханалық деңгейде дәрі-дәрмекпен 268 мыңнан астам емделуші қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2014 жылы 14 нысан, соның ішінде 12 ауылдық дәрігерлік амбулатория, Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар ауруханасы, Глубокое ауданында аудандық орталық аурухана салынған.

Медициналық ұйымдарды жабдықтау 8,6 пайызға артып, 74,8 пайызды құрады.

Жоғары мамандандырылған кардиохирургия, ортопедия, урология, балалар хирургиясы бойынша медициналық көмектер қол жетімді болды.

6 жылжымалы мобильді кешен қызмет атқаруда. Медициналық бригадалармен 161 шалғайдағы ауылдық елді мекендегі 85,2 мың адам тексеруден өткізілді.

Облыстың қауіпті-апаттық жол учаскелерінде 4 трассалық медициналық-құтқару пункттері қызмет атқарады, олармен жол-көлігі оқиғаларында 64 жедел көмек көрсетілді.

Жедел медициналық көмек көрсетуге 117 бірлік санитарлық көлік сатып алынды. Облыстық қалалар мен аудандарына 218 санитарлық авиацияның ұшуы жүзеге асырылып, 240 науқас облыс орталығына жеткізілді.

Ауылдық жерлердегі ауруларға 1645 телемедициналық кеңес, ауылдық дәрігерлерге 44 бейнеконференция жүргізілді.

Бір жыл ішінде облысқа 206, оның ішінде ауылдық жерлерге – 106 жас маман келді. Дәрігерлер тапшылығы 153, оның ішінде ауылдық жерлерде – 58 адамды құрайды. Ең көп тапшылық Өскемен және Риддер қалаларында, Зырян, Үржар, Глубокое аудандарында байқалады.

Қабылданған шаралар әлеуметтік - демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына әсер етті: облыста халықтың өмір сүруі 70 жасқа дейін артты, аналар өлімі 67 пайызға, сәбилер өлімі – 15,6%, туберкулезбен ауру көрсеткіші - 19,4%, жалпы халықтың өлім көрсеткіші 6,6% -ға кеміді.

Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік бағдарламасы аясында сапалы және қолжетімді білім беру қызметін көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

33 білім беру нысаны соның ішінде, 21 мектеп (оның ішінде 18 апатты нысандардың орнына), 3 балалар бақшасы пайдалануға берілді.

311 білім беру ұйымдарында 3,5 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құны 400 млн.теңгеге жаңа нұсқалы 104 кабинет, 500 млн.теңгеге оқулықтар сатып алынды.

Облыстың барлық мектептері компьютерлендірілді, мектептердің 52% ADSL технологиясы бойынша кең жолақты Интернетке қосылған.

640 мектепте (95,7%) тамақтануды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасалды, оның ішінде мектептерде 92,5% ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны 124 бірлікке өсіп, 825 бірлікті құрады.

54 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды, оның ішінде 16 балабақша 2014 жылы ашылған.

3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 98,2%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі - 85,5%-ды құрайды. Сонымен бірге балабақшадағы балалар кезегі 25 мың баланы, соның ішінде Өскеменде-6 мың, Семейде -11 және аудандарда - 8 мың баланы құрайды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында 2-мыңға жуық кәсіпорын 1887 баланы қамқорлыққа алған. «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ есебіне 211 миллион теңгеден астам қаражат аударылды. 16 баспана сатып алынды. Қала және аудан әкімшіліктерімен 174 баспана бөлінді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға басты назар аударылады. Арнайы білім берумен 1649 мектеп жасына дейінгі бала (48,6%) және мектеп жасындағы 5540 бала (63%) қамтылған.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға арналған 889 лагерь және оқушылардың жалпы санының 80,2% қамтитын әр түрдегі алаңқайлар жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 128 мамандық және 248 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерінің жұмысқа орналасуы 2013 жылы 56%-дан 2014 жылға 62,8% -ға артты.



Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (2013 жылы – 5,1%). 20,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға шамамен 11 млрд. теңге бағытталды.

Әлеуметтік сала және инженерлік инфрақұрылым саласының объектілерін ағымдағы жөндеу бойынша 215 жоба іске асырылды.

1892 жобаны іске асыруға 4,5 млрд. теңге шағын несие берілді.

Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша шаралармен 3,2 мың адам қамтылды, жұмысқа орналасу деңгейі 81,6% құрады.

Жыл көлемінде әлеуметтік қолдаудың әр түрімен 142 мыңнан аса адам қамтылған. Облыстың кәсіпорындары және мекемелерімен 58 мың табысы төмен азаматтарға 230 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны 16,6% азайып, 8,1 мың адам құрады, табысы төмен азаматтардың саны 13,7% азайып, 21,8 мың адамды құрады.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік қызметтер саласы кеңейтілуде, аталмыш қызметтің шығындары 11% өсіп, 248,7 млн. теңгені құрады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес сектор арқылы 204,8 млн. теңге бағытталды.

Мүгедектерді және ардагерлерді шипажайлық-курорттық емдеуге және өтемдеушілік қаражатын беру үшін 241,4 млн. теңге жұмсалып, 12% өсті. Шипажайлық-курорттық емдеумен 4 мыңнан астам мүгедектер мен ардагерлер қамтылған.



Мәдениет ұйымдары 110 аса ірі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді. Күршім, Зайсан және Абай аудандарында 3 Мәдениет үйі, Катонқарағай ауданында шығармашылық үйі пайдалануға берілді, облыс орталығындағы драма театрының құрылысы жалғастырылды. 500 млн.теңгеден аса сомаға 24 объектінің күрделі және ағымдағы жөндеуі жүргізілді.

Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде және Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өткізілді, «Материалдық емес мәдени мұра: мәдени құндылықтарды сақтау, насихаттау, келесі ұрпаққа жеткізу» халықаралық семинар-жиналысы, «Алтай – халықтар достығының алтын бесігі» Халықаралық форумы, Құрманғазы атындағы орындаушылардың республикалық конкурсы, Елбасының идеясын қолдауға арналған «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді, Қабанбай батырға арналған ескерткіш ашылды.



Облыстың спорт объектілері мен имараттарының саны 64 бірлікке артып, 3132 бірлікті құрады. Өскемен қаласында О.Рыпакованың жеңілатлетика манежі және Орталық жүзу бассейні, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 32 хоккей қорабы, ипподром, 12 футбол алаңы пайдалануға енгізілді.

4 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оған 700 мыңнан аса адам, соның ішінде 340 мың бала қатысты.

Халықаралық кластағы 20 спорт шебері, 72 спорт шебері, 368 спорт шеберіне кандидат, 500 бұқаралық разрядтағы спортшылар дайындалды. Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 470 медаль: 180 алтын, 152 күміс, 138 қола ұтып алды.

Қазақстан Республикасының түрлі спорттан құрамасына кірген спортшылар саны 1047 спортшыны құрады.



Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 295 млн. теңге қаражат бөлініп, 2 мыңға жуық іс-шаралар жүргізілді. 2,5 мың адам электрондық жастар еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы бірегей Жастар экологиялық қалашығы құрылысы басталды, онда жастар ұйымдарына арналған түрлі спорт алаңқайлары мен кеңселері орналастырылатын болады.

Ауыл мен жастар инновациялық кәсіпкерлігін дамыту бойынша БҰҰДБ пилоттық жобасы іске асырылуда, осы мақсаттарға 2014 жылы 6,3 млн. теңге бөлінді.

Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген әлеуметтік саладағы 344 жас маманға 44,6 млн.теңге көтерме ақы төленді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорттың 230 маманына 570,2 млн.теңге берілді.

Өңірлерді дамыту шеңберінде ауылды дамытуға барлық жұмыс істеп тұрған бағдарламалардан қаражат тартылған, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы», «ТҮКШ модернизациялау», «Ақ бұлақ», «Білім беруді дамыту», «Денсаулық сақтауды дамыту», «Агробизнес 2020».

Жалпы ауылды дамытуға 40,0 млрд.теңге бағытталып, 2,4 мың жобадан астамы жүзеге асырылды. 18,5 млрд.теңге сомасында тұрғындар мен кәсіпкерлердің меншікті және қарыз қаражаты, 21,5 млрд.теңге сомасында бюджеттік қаражат іске қосылған. 5,5 мың қосымша жұмыс орны ашылған.



Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 98 жобаға 271 млн.теңгеге гранттар мен шағын несие берілді, 30 млн.теңге кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер алдындағы пайыздық мөлшерлемесін өтеуге берілді. 30 млн.теңгеден астамы кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер алдындағы пайыздық ақысын төлеуге жұмсалды. Риддер қаласында үш 60 - пәтерлік тұрғын үй мен инженерлік желілердің құрылысы, Курчатов қаласында көшелерді жарықтандыруды жаңарту мен Зырян қаласындағы көшелерді жаңалау жұмыстары аяқталды.

Зырян және Серебрянск қалаларындағы жылу желілерін, сонымен қатар Риддер қаласындағы екі көпірдің құрылысы мен жаңалау бойынша жобаларды іске асыру жалғастырылуда.



«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде облыстың шағын және ірі қалаларында инженерлік және транспорттық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. 2014 жылы 4 жобаны іске асыруға 2,9 млрд.теңге бағытталған.

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірді және Аягөз ауылындағы Қабанбай батыр атындағы көшені қайта жаңарту жобаларын іске асыру жұмыстары басталды. Өскемен қаласындағы Үлбі өзені арқылы жаяу жүретін көпірді қайта жаңарту аяқталды, Зырян қаласын су астында қалу қаупінен сақтау бойынша жобаны іске асыру жалғастырылуда.

Облыстың өңірлерінде жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытуға 530 млн.теңге сомасында қаржылай қолдау көрсетілді. Бөлінген қаражат есебінен облыстың 194 ауылында 224 жоба іске асырылды.

Туризм саласын дамытудың Жол картасы жасалды. «Алтын Алтай - аймақтың дамуының байлығы» ауыл туризмін дамыту жобасы іске асырылуда, жобаның пилоттық аумақтары- Риддер қаласы, Күршім және Катонқарағай аудандары болып анықталды.

Қылмыстың алдын алу және жедел жағдайларды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

177 сыртқы бейнебақылау камералары, соның ішінде облыс орталығында 97 камера жұмыс істейді, соның көмегімен 8 мың құқықбұзушылық анықталып, жолы кесілді, 125 қылмыс ашылды.

Тіркелген қылмыстар саны 11%-ға төмендеді.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайту мақсатында, мемлекеттік органдардың рұқсат етілетін міндеттері мен лизенцияланатын қызмет түрлерін қысқарту, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметінің осы және басқа түрін ұйымдастыруға рұқсат алу немесе лицензия алу ретін жеңілдету бойынша жұмыстар атқарылуда.

Облыста сыбайлас жемқорлық қылмыстар санының 2013 жылы 113-тен 2014 жылы 86-ға төмендеу тенденциясы байқалады.

Облыста қоғамдық саяси жағдай тұрақтылығы сақталды.

Барлық деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті және проблемалық мәселелері, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, кәсіпорындардағы еңбек қатынастары, босаған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру, еңбек ақысы бойынша берешектерді жабу мәселелерін қарайтын консультативтік- кеңес органдары, қоғамдық Кеңестер жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдармен жалпы сомасы 300 млн. теңгені құрайтын 90 әлеуметтік жоба іске асырды.

Облыста мемлекеттік тілді оқытатын 12 орталық жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді кеңінен тарату мақсатында барлық этно-мәдени өкілдермен 30-дан аса іс-шаралар өткізілді.

Ұлттық сандық телехабар қызметтерін тарату бойынша іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Абоненттердің саны 45 пайызға артып, 48 мыңға жетті.

Облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, Достық үйлерінің жұмысы облыста жайлы этносаралық ахуалдың сақталуына ықпал етуде.

Облыста әр деңгейдегі әкімдермен барлығы 934 кездесу өткізілді, 1706 сұрақтар мен ұсыныстар түсті.

Барлық сұрақтарға жауап берілді. 427 сұрақ бақылауға алынды, соның 423-і орындалды және 3 сұрақ (Ұлан ауданы Манат ауылында көшелерді жарықтандыру, Зырян ауданы Чапаево ауылында жаңа мектеп құрылысы, Өскемен қаласындағы Загородный шағын ауданында шағын сәулет нысандарын орнату) 2015 жылдың ішінде шешіледі.

Облыс әкімінің 2014 жылғы есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша 10 сұрақ бақылауға алынды және шешілді.

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық саясатын іске асыру шеңберіндегі негізгі міндеттер – экономиканың тұрақты өсімі мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – жолдар құрылысы. Ағымдағы жылы жол саласына 25 млрд.теңге бағыттау жоспарланған.

14 млрд.теңгеге 209 км республикалық маңызы бар жолды, 6 млрд.теңгеге 66 км облыстық маңызы бар жолды, 5,5 млрд.теңгеге 85 км аудандық маңызы бар автожолдар мен көшелерді жөндеу жоспарланған.

«Бородулиха-Жезкент», «Күршім-Қалжыр», «Үлкен Нарын-Күршім» автомобиль жолдары және Казнаковка өткелі мен Алакөл көлі бағыттарындағы жолдар жөнделетін болады.



Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту макроөңірлерді қалыптастыру шеңберінде хаб пинципі бойынша жүргізіледі. Инфрақұрылым каркасы Астананы өңірлермен күн сәулесі іспеттес магистральды автомобиль жолдары, теміржолдар мен авиажелілерімен байланыстыратын болады.

Біздің облыста «Астана-Өскемен» магистралі бойынша 118 км қайта жаңартылған, ағымдағы жылы 53 км жөндеу жоспарланған, бұдан басқа осы «Астана-Өскемен» трассасы және магистралі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталуда.

Жобаларды іске асыру 2020 жылға қарай автомобиль көлігімен тасымалдау көлемін 1,5 есе арттыруға, 2 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Объектілер құрылысы барысында жергілікті материалдар қолданылады, құрылыс индустриясы мен жол саласы дамытылады.

Энергия инфрақұрылымын дамыту. Республиканың теңдей энергиямен қамтылуы үшін құны 45,5 млрд.теңгеге жоғары вольтты 500 кв-ты ұзындығы 705 км «Екібастұз-Семей-Өскемен» желісінің құрылысы жобасын іске асыру жұмыстары басталды.

Бұдан басқа электр энергиясын өндіруді ұлғайту қуаттылығы 25 МВт Тұрғұсын СЭС-ның құрылысы және Өскемен ЖЭС-да қуаттылығы 120 МВт № 12 турбогенераторын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық қордан жылу, және сумен қамту жүйелерін жаңартуға бағытталатын қаражаттан қаржыландыру үшін ағымдағы жылы облыста 9,5 млрд.теңгеге 20 жоба мәлімделді, оның ішінде алдын ала жылумен қамту бойынша 3,4 млрд.теңгеге 14 жоба мақұлданды. Нәтижесінде жылумен қамту бойынша 14,8 км жылу желісі салынады және қайта жаңартылады, 155 көппәтерлі үйдің жылумен қамту желісі жақсартылады. Жыл сайынғы экономикалық тиімділік 44 млн.теңге құрайды.

Сондай-ақ Семей қаласының ЖЭО-1, РК-1 жылу көздері жалпы сомасы 3 млрд.теңгеге қайта жаңартылуы жалғастырылады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2,4 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Глубокое және Катонқарағай аудандарында 3 объект беріледі, бұл 11 мың адамның өмір сүру сапасын жақсартады.

«Нұрлы жол» бағдарламасында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылған.

Ағымдағы жылы жалпы ауданы 367 мың шаршы метр жалпы сомасы 31,7 млрд.теңгеге 1468 үй, соның ішінде 39 көп қабатты тұрғын үй салынады.

Жыл соңына дейін 19 көп қабатты және 1429 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде 2975 жұмыс орны ашылады және 7996 адам тұрғын үймен қамтылады.

Ұлттық қор қаражатына «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы қолжетімді тұрғын үйлер салынады.

Өскемен және Семей қалаларында 6 үй құрылысына «Ертіс» ӘКК әр қалаға 1,5 млрд.теңгеден 3 млрд.теңге, бөліп отыр. Оның ішінде 4 үй бюджет қаражаты есебінен және 2 – мемлекеттік –жеке меншік әріптестік принципі бойынша салынады.

«Нұрлы жол» бағдарламасында қойылған келесі міндет – бұл әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Ағымдағы жылы 21 мектепті, оның ішінде апаттыларының орнына 12 мектепті іске қосу жоспарлануда. Ұлттық қор қаражаты есебінен 5 мектептің, оның ішінде апаттыларының орнына 3 мектеп және үш ауысымда оқытатын 2 мектептің құрылысы басталанатын болады.

Орындар тапшылығын азайту үшін бюджет қаражаты есебінен 5 бала бақшаны іске қосу, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде 11 бала бақша құрылысына жеке меншік капитал қаражат тартып, 23 жеке меншік бала бақша ашу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында 6 бала бақша және Семей қаласында 5 бақша бақша құрылысына және оларды пайдалануға конкурс жарияланды. Бұл орайда мемлекет инвестор салған қаражатты 7 жыл ішінде қайтару міндеттмесін өзіне алады және 19 жыл бойы мектепке дейінгі балалар мекемесін мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етеді. Жобаның өтемділік мерзімі 5 жылдан аспайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік бастаманы қолдау шараларын іске асыруға 1,8 млрд. теңге бағытталады. Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 100-ден артық жобаға қолдау жасалады. 10 жоба бойынша өндірістік инфрақұрылым (электр энергиясы, сумен қамтамасыз ету, жол) тартуға 3 млрд. теңге бағыттау жоспарлануда.

Белсенді кәсіпорындар саны 3%, өнім өндіру 5% артады, шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны 3% өседі.

Индустрияландыру картасы жобалары бойынша бір жарым мың жұмыс орны құрылып, 24,7 млрд.теңге сомаға 12 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Абай ауданындағы «Борлы» тау-кен комбинаты «Мақсұт» кенорнының мыс концентратын өндіру тау кен байыту кешенін іске қосу есебінен түсті металдар кенін өндіру көлемін арттыруды жоспарлауда. 2018 жылы іске қосылатын Ақтоғай тау кен байыту комбинаты мен Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорнының тау кен байыту кешенінің құрылысы жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібін дамыту аграрлық секторды одан әрі дамытудың басты бағыттары болып табылады.

Бұл міндет сүтті мал шаруашылығын дамыту есебінен іске асырылады. Мынадай 5 бағытты қамтитын облыстық жоспар әзірленуде:

1. Таурлы сүт фермаларын қайта жаңарту және жаңаларын салу;

2. Тұрғындардан сүт сатып алуды ұйымдастыру;

3. Сүт өнеркәсібі қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттарын толық жүктеу;

4. Суландырылатын жерлердің аумағын кеңейту және мал азығы дақылдары өсірілетін жерлерді ұлғайту есебінен мал азығы базасын нығайту.

5. Мал шаруашылығында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда облыс сүт өндіру бойынша республикада бірінші орында тұр (776 мың тонна), бірақ, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі 35% ғана құрайды, тұрғындардың қайта өңдеуін есепке алғанда сүттің небәрі 24% қайта өңделеді.

2015-2016 жылдары аралығында 28 таурлы сүт фермасын қайта жаңарту және 9 жаңасын салу жоспарлануда, сүтті табындардың саны тек ағымдағы жылы 6 мың басқа, сүт өндіру 20 мың тоннадан артыққа көбейеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің жүктелімі 54%-ға жеткізіледі.

Көкпекті, Жарма және Бородулиха аудандарында сүт қабылдау пункттерін ашу және сүт сатып алуды ұйымдастыру пилоттық жобасын іске асыру басталды. Ағымдағы жылы бұл жоба Шемонаиха, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарында жалғастырылатын болады. Осының нәтижесінде сүт өндіруді 100 мың тоннаға дейін жеткізу, 61 мың жеке меншік қосалқы шаруашылықтарын іске тарту жоспарлануда.

Мал шаруашылығын дамыту үшін мал азығы базасы нығайтылатын, суармалы алқаптар кеңейтілетін болады.

Су үнемдеу технологиялары енгізіліп, бұрын суарылған 110 мың гектар көлемдегі жерлер айналымға тартылатын болады. Жуықтағы 4 жылда 25 млрд. теңгеге 18 суару обьектісін жөндеу жоспарлануда. Бұл 62 мың гектар жерді суаратын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы Үржар, Тарбағатай, Зайсан аудандарында 6 обьектіге 3,5 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенде егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру және егістіктерді әртараптандыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық технологияларын енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Егістік алқаптарының құрылымындағы дәнді дақылдардың үлес салмағы 48%, мал азығы дақылдары 22%, күнбағыс 25%-ға дейін жеткізілуі тиіс, ылғал-ресурс үнемдеуші технологиялар 440 мың гектар аумаққа енгізілетін болады.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. 2015 жылы республикалық бюджеттен 6 млрд.теңге бөлінеді. Мемлекетік қолдау көрсету шараларымен 17 мың адам қамтылатын болады. Тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік обьектілерді жөндеуге 1,2 млрд.теңге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз тұрғындарға 4,4 млрд.теңге, бағдарламаға қатысушыларды дайындауға және біліктілігін жоғарылатуға 462 млн.теңге, уақытша жұмыс орындарын құруға 221 млн.теңге қаражат көзделген.

Ірі және орташа кәсіпорындармен және бизнестің шағын субъектілерімен жұмыс орындарын сақтау жөнінде 7508 меморандум жасалды.



Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығын 25%, жалпы өлім-жітім және онкология ауруларынан өлім-жітім көрсеткіштерін 5%, нәрестелердің өлім-жітімін 8%-ға азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарланған, бұл адам ғұмырының ұзақтығын 70,1 жылға дейін ұлғайтуды көздейді.

Бағаны тұрақтандыру және құнсыздану процестерін тежеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелерін өткізу, тұрақтандыру қоры тауарларын сату, сауданы делдалсыз ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылатын болады.

Қылмыстылық және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жұмысы жалғастырылады.

Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойларына арналған кешенді іс-шаралар өткізу жоспарлануда.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет