ҚР жалақы аналитикалық сараптама



Дата02.01.2022
өлшемі12.9 Kb.
#452239
СРО ҚР жалақы


ҚР жалақы аналитикалық сараптама

Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толады. Жыл сайын экономикада өсіп, дамып келе жатырмыз. Экономиканың өсуін жыл сайын жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде анықтап отырады. Халықтың әл-ауқаты да жақсарып келеді.Бірақ өте баяу десе де болады. Елімізде әр жылы халықтың орташа жалақысы анықталып отырады. Ең соңғы мәлімет бойынша 223213 теңгені құрады. Мұны естіген әр адамның күлетіні анық. Себебі халықтың көпшілігінің әл-ауқаты бұл жағдайға жете қоймады. Ең төменгі жалақы 42500 теңге деп 2020 жылы бекітілді. Ал ең жоғарғы жалақыны тау-кен өнеркәсібіндегі және карьерларда жасайтындар екен. Жалақылары -443,4мың теңге деп есептеліпті. Бұдан бөлек басқа үлкен қалалардағы банктер мен үлкен компания қызметкерлерінің жалақыларыда аз емес екені белгілі.Еліміздегі орташа айлығы жоғары аймақ бұл- Атырау облысы. Себебі еліміздің тірегіне айналған мұнайды бір емес, бірнеше шетелдік компаниялар өз пайдаларына асыруда. Мұнайшылар мен қатар вахталық режимде жұмыс жасайтын түрлі қызметкерлердің жалақысы -386400 теңге деп есептеліпті. Ал мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы биыл шілде айында 150%-ға өсетіні туралы шешім шықты. Яғни екінші жарты жылдықта да орташа жалақының өсетіні анық. Жалпы жалақы жұмысшының еңбек біліктілігіне, тәжірибесіне және сапасына байланысты беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет