Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің көшпелі отырысындағы Көкпекті ауданы әкімінің баяндамасы
12.07.2011 ж. Көкпекті ауылы
Аудан экономикасын және әлеуметтік саласын дамытуға инвестициялар тарту жөніндегі Көкпекті ауданы әкімінің жұмысы туралы
Инвестиция саясаты әлеуметтік және экономикалық саясаттан тыс жүргізілмейді, сондықтан инвестиция тарту – біздің жұмысымыздың басымдығы болып келеді, әсіресе ауданымыздың аграрлық ерекшелігін ескерсек.
Соңғы 2,5 жыл ішінде жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсімі 13 %-ға артып, 14,1 млрд. теңгені құрады. Осы уақыт ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,6 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығында ірі қара мал, қой, ешкі және шошқа басының саны ұлғайды. Ет өнімі 3,6 %, сүт – 8 %-ға өсті. Жалпы өңірлік өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 19,2 %, аграрлық сектор үлесі – 80,8 %-ды құрайды. Аудан бюджетінің меншікті кірісі 103,4 % құрап, жыл сайын 326 млн. теңгеге жетеді, бұл жалпы кірістің 13 %-ы. Қосымша резервтерді анықтау жұмыстарын жүргізе отырып, біз 2011 жылдың жылдың болжамын 20 млн. теңгеге арттырдық.
Есепті кезеңде негізгі капиталға 3 млн. 683 мың теңге инвестиция түсті. 2009-2010 жылдары жалпы инвестиция көлемінде мемлекеттік бюджет үлесі 67% құрайтын, ол Елбасының 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты еді. Осыған орай Көкпекті ауылында орта мектеп пен орталық аудандық аурухана салынды.
Бүгін біз облыс әкімінің жеке инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға бет алдық.
Соңғы жыл ішінде жеке сектор объектілерінің құрылысы есебінен меншікті қаражат инвестициялары 4 есе артты. Биылғы жартыжылдықтың талдауы меншікті қаражат деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Қаржыландыру көздерінің құрылымында ол 86 %-ды құрайды, жергілікті бюджет қаражаты – 12 %, қарыз қаражаты – 2 %.
Аудан экономикасының дамуындағы ерекше рөл агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі.
Мемлекеттің жыл сайынғы инвестициялары осы саланы жаңғыртуға және жедел дамытуға ықпал етеді. Осылайша, 2 жыл ішінде жанар майды арзандатуға 310,8 млн. теңге көлеміндегі субсидия егін алқаптарын 16 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік берді.
Минералды тыңайтқыштар мен гербициттерге бөлінген 88,5 млн. теңге көлеміндегі демеуқаржы дәнді дақылдар өнімділігін гектарынан 3-4 центнерге дейін арттырып, 17 мың гектарда карантиндік шөптерді жоюға ықпал етті.
Ет өнімін іске асыруға бөлінген 111,9 млн. теңге демеуқаржы 2 жыл ішінде мал басының 18 % өсуіне ықпал етті.
Асыл тұқымды мал төліне бөлінген 22,3 млн. теңге сомасындағы демеуқаржы асыл тұқымды шаруашылықтардың санын 4 –тен (2008 ж) 6-ға дейін көбейтті (2011 ж).
Сүтті мал шаруашылығын дамытуға арналған 21 млн. 500 мың теңге сомасындағы демеуқаржы аналық сиырды 25 %, сүт өнімін 12,1 %-ға өсуін қамтамасыз етеді.
Аграрлық сектордың дамуына «Көкпекті - Несие» несиелік серіктестік арқылы бөлінетін несие қаржылары да ықпал етеді. Осы уақыт ішінде 117,0 млн. теңге, соның ішінде «Аграрлық несиелік корпорация» Акционерлік Қоғамы есебінен 14,6 млн. теңге берілді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 2-ші деңгейдегі банктерден 800,0 млн. теңге сомасында несие алды.
Эпизоотиялық жағдайды жақсарту үшін өткен жылы жергілікті бюджеттен мал сою пункттарының құрылыстарына 3,9 млн. теңге, мал қорымдарының құрылыстарына 1,6 млн. теңге бөлінді. Биыл барлық ветеринарлық шараларды ұйымдастыратын «Көкпекті мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын аштық, арнайы ДУК көлік сатып алу үшін 4,8 млн. теңге қаражат бөлінді.
Елбасының биылғы Жолдауында етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде теңдесі жоба жүзеге асырылатындығын атап өтті. Осы міндетті орындау мақсатында ауданда «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені» жобасы қолға алынды, оның бастамашылары жерлесіміз С.Н.Уәлиевтің басқауымен «ETG Invest Holding» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі жеке диверсификациялық бизнес тобы болып келді. Жоба мақсаты асыл тұқымды репродуктор, бордақылау алаңы мен мал сою цехынан құралған агроөнеркәсіп кешенін құру болып табылады, бұл жыл сайын 10 мың тоннаға дейін ет өнімін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Аталған жоба үдемелі индустриалық – инновациялық даму Бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Индустриаландыру картасына енгізілді. Жобаның жүзеге асуы мультипликативтік нәтиже береді.
Ол ауданымызда, сонымен қатар көрші тұрған 4 ауданның да мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік жоспарда 400-ге дейін жаңа жұмыс орындары мен білікті кадрлар дайындау орталығын құру көзделген. Ауданның салық базасы да елеулі өсе түседі.
Жобаны жүзеге асырудан жергілікті бюджетке жыл сайын 15-20 млн. теңгеге дейін түсімдер түсу көзделген.
Алдын ала есептеулер бойынша жобаға 5 млрд. 828,8 млн. теңге сомасында инвестиция құйылады. Жоба операторы «Елім-ай Көкпекті» ЖШС (басшысы Бекбердинов Болат Миғражұлы), онда 2 мыңнан астам қазақтың ақ бас ірі қара малы, арнайы ғимараттар мен құрылғылар, 50 данадан астам техника бар. Тек осы шаруашылыққа құйылған инвестиция 430 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Сәуір айынан бастап осы компания өкілдігінен жергілікті бюджетке 3,1 млн. теңге салық түсті. Инвестордың жоспарына сәйкес осы жобаны жүзеге асыру барысында Көкжайық ауылының инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласына инвестициялар құйылады.
Аталған жобаны іске асыру іс-шараларының жоспары әзірленіп, ол облыстың 8 басқармасымен келісілді. Сондай-ақ, кешеннің жан-жақты дамуын қарастыратын аудандық бағдарлама дайындалды. Оның шеңберінде жоба үшін 63 мың гектардан астам ауыл шаруашылық алқаптары бөлінді, маусым айының аяғында Америка Құрама Штаттарынан келген етті мал шаруашылығының ірі маманы Дэвид Доктер мен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Дәулет Чункуновтың қатысуымен семинар – тренинг өткізілді.
Бұл жоба көкейкесті әрі өте қажетті, ол халықаралық стандарттарға сай және әлем нарықтарында қазақстандық ет брендін дамытуды қамтамасыз етеді. Келешекте ол ауданның барлық экономикасының дамуын қамтамасыз ететін бірегей «локомотив» болатыны анық.
«Жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде ауылдарды көріктендіру мен жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, 3 білім беру мекемелерінде, 3 мәдениет үйлерінде, ондаған шақырым көлік жолдары мен көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2,5 жыл ішінде 840,1 млн.теңге сомасында 25 жоба іске асырылды. 35-40 мың теңге орташа айлық еңбекақысымен 534 адам жұмыспен қамтылды, жергілікті бюджет кірісіне 5,0 млн. теңге қаражат түсті.
Облыс әкімінің бастамасымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауданға құйылған инвестициялардың қарқынды өсімін атап өткім келеді. Акция шеңберінде С.Н. Уәлиев Көкпекті ауылында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету кешенінің құрылысына 216,0 млн. теңге қаражат салды, онда 300 орындық мейрамхана, бильярд және «диско» клубы, емдік кешені бар сауна, 32 орындық қонақ үйі, балалар ойын залы мен сұлулық салоны бар. Қазіргі уақытта жазғы балалар алаңын орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Ромат» формацевтикалық фирмасының басшысы Т. Ракишев Көкпекті ауылында фирмалық дәріхана және медициналық бірлестіктер ғимараттарында 2 филиалын ашты. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына көкпектіліктердің 20 игі істері» бағдарламасының шеңберінде Самар ауылында да «Ромат» фирмасының дәріханасын ашу жоспарланған, бүгінгі күнде жұмыстар жүргізілуде.
«Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фельдшерлік пунктерді жөндеп, селолық әкімшілікке тапсырды, округтағы көшелерді жарықтандырды және бүгінде балабақшаны қайта жөндеу жұмыстарын бастамақшы.
Акция барысында Көкпекті, Самар, Үлгілімалшы ауылдарында хоккей қорапшалары салынуда.
Патриоттық акция шеңберінде көптеген игі істер атқарылды, кәсіпорындар ашуға, әлеуметтік саланы дамытуға, ауылдарды көріктендіруге бағытталған 326,4 млн. теңге инвестиция тартылды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумдарына қол қою тәжірибесі іске асырылуда. Аудан кәсіпкерлері соңғы 2 жыл ішінде ауданның әр түрлі салаларына 250 млн. теңгеден астам қаражат салды. Биыл 253 млн. 188 мың теңгеге 248 меморандум жасалды. «Каскад Н» ЖШС басшысы Ж.Қағазбеков жыл сайын 16,5 млн. теңге қаражат бөледі, ол аудандық тарихи - өлкетану мұражайын, Жеңіс саябағын, Самар ауылындағы «Дәншік» балабақшасының кәріз желілерін ағымды жөндеуге, әлеуметтік сала нысандарын көріктендіру жұмыстарына бағытталуда.
«Ромат» фармацевтикалық кампаниясының президенті Т. Ракишев Көкпекті ауылындағы тротуарға кеспе тас салу үшін 5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетті.
Шаруашылық басшылары жолдарды, клубтар мен фельдшерлік акушерлік пунктерді жөндеу, ауылдарды көріктендіру мен санитарлық тазалау жұмыстарына көмек көрсетеді, спорттың дамуын қолдайды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін айта отырып, Ұлы Жеңістің 65 жылдығында ашылған Жеңіс саябағын қайта жөндеуде азаматтар мен тұрғындардың белсендігі мен патриоттық көңіл күйлерін ерекше атап өткім келеді. Арнайы ашылған есепшотқа шаруашылық басшыларынан, кәсіпкерлерден, мемлекеттік мекемелерден, ауданның тұрғылықты халықынан 9 млн. теңге қаражат түсті.
Білім саласын дамытуды экономикалық тұрғыдан қарастыра келе, біз білім жүйесін оңтайландыруды жалғастырдық, басты мақсатымыз оқушылардың білім сапасын көтеру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану болып келеді. 2010 жылы 5 мектеп жабылып, біреуі қайта құрылды. 2011 жылы 2 мектепті жабу және 2 мектепті қайта құру жоспарланған. Өткен жылы оңтайландырудан 8 млн. 870 мың теңге қаражат үнемделді, ол білім саласын дамытуға бағытталды. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасын орындай келе, оқушыларды қауіпсіз де жайлы жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылдан бері 13 жаңа автобус сатып алынды.
Елбасының «Балапан» Бағдарламасы ауданда сәтімен жүзеге асырылуда. 2 балабақша мен үш «Мектеп – балабақша» кешендері жұмыс істейді. 2010 жылмен салыстырғанда қазір онда 165 балаға артық. Шағын орталықтар саны 17-ге артып, 481 бала қамтылған. Бұрынғы 90 орындық «Күншуақ» балабақшасының ғимараты қайтарылып, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізілуде. 75 бала қамтылған «Дәншік» балабақшасында қосымша 3 топ ашу жоспарланған.
Биыл халықаралық дәрежеде «Дарын» ғылыми – практикалық орталығы мен «Инновациялық және ақпараттық технологиялар орталығының» бастамасы сәтті болды. Көкпекті орта мектебінің оқушысы Талғат Мирзасов Грецияда өткен «Балалар. Парасат. Мәдениет» халықаралық фестиваліне қатысып, 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Білім сапасының көрсеткіші 2009 жылдағы 37,1 %-дан биылғы жылы 53,6%-ға көтерілді. Аудан бойынша ҰБТ орташа баллы 90-ға жетті, ол 2010 жылдың орташа көрсеткішінен 10 баллға жоғары. «Алтын белгіні» 8, озат аттестатын 8 мектеп бітіруші растады.
Бастауыш мектептеріндегі барлық оқушылар мен әлжуаз отбасыларының балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ауданның барлық мектептерінде ас үлесіне бал, сүт, ет, жеміс-жидек пен көкөністер, табиғи сусындар енгізілді.
Жазғы уақытта балалардың сапалы демалуын ұйымдастыру үшін 3 жазғы лагерь: Көкпекті ауылында «Балауса» спорттық – сауықтыру, Московка ауылында туристтік және Новостройка ауылында сауықтыру лагері жұмыс істейді. Новотимофеевка ауылындағы «Жас толқын» лагерінде «Көшбасшысылар мектебі» ұйымдастырылған.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мамандарды ауданға тарту үшін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына көкпектіліктердің 20 игі істері» шеңберінде Белое ауылында жас мұғалімдерге тұрғын үй және Самар ауылында жас дәрігерлер үшін 6 пәтерлердің қайта құру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық базасы нығайтылды. Орындықтары жаңартылды, сахна жабдықтары мен әртістер үшін костюмдер, музыкалық аппаратура мен дыбыс жазу студиясы сатып алынды, жазғы сахна салынды. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен Көкпекті және Самар ауылдарында мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «20 игі істер» аясында ұлттық аспаптар оркестрі құрылуда, Көкжайық және Тассай ауылдарында ауылдық клубтарды ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр тарихи - өлкетану мұражайы ашылды.
«Дархан» ат – спорт клубы ашылды. Аудан бюджетінен бөлінген қаражатқа текті жылқылар мен атбегілері үшін жабдықтар сатып алынды. Еліміздің Конституциясының 15 жылдығы қарсаңында Қазақстанның әйгілі балуандары Ж.Үшкемпіровтің, Д.Тұрлыханов, Ю.Мельниченконың қатысуымен «Дәулет» күрес кешені ашылды, оған 2 күрес кілемдері алынып, 2 жаттықтырушы жұмысқа шақырылды, жас балуандардың жарыстарға шығуы үшін арнайы көлік бар. Ауданда волейбол, футбол, таэквон-до, бокс сияқты спорт түрлері дамуда, қысқы спорт түрлері қайта жандандырыла бастады. Осы салаға инвестиция салудың және мақсатқа қол жеткізудегі бірліктің нәтижесі – 15-ші халықтық спорт ойындарында біздің команданың 2 орын алуы болды. Бірақ бұл аудан әлеуетінің шегі емес, чемпион болуға резервтеріміз бар.
2011 жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» ұранымен өтуде. Ел Тәуелсіздігі күнін лайықты атап өту мақсатында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына көкпектіліктердің 20 игі істері» аудандық бағдарламасына ең ірі және әлеуметтік маңызды жобалар кірді. «Білім – болашаққа жол» блогы 7 жобаны біріктірді, осыған орай барлық бастауыш сынып оқушылары қазіргі заман талабына сай және жас ерекшеліктеріне сәйкес парталармен қамтамасыз етілді. 15 мектеп пен 2 балабақшаға спорт жабдықтары сатып алынуда, асхана жиҺаздарме, технологиялық жабдықтармен жаңартылуда. Ауданда алғаш рет жазғы демалыс үшін ауылдан тыс лагерь салынды.
«Балаларға жан жылуы мен махаббат сыйла» атты қайырымдылық акциясы барысында 1,5 млн. теңге сомасында жиналған демеушілік көмек пен меценат қаражаттары Қ.Раев атындағы балалар үйінің дарынды балаларын материалдық қолдауға бағытталды.
Аудандағы 84 мүмкіншілігі шектеулі балаларға «Бала - өмір гүлі» жобасы арналған. Бүгінде «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен» 280,0 мың теңге сомасына тренажер, дамыту, түзету жабдықтары сатып алынды.
«Ардагерлерге – даңқ пен құрмет» жобасы қарт адамдарға су құбырын тартуға және Кеңес Одағының Батыры Н.Я.Фоновтың туғанына 100 жыл толу құрметіне Самар ауылындағы оның есіміндегі көшеде жол жөндеу жұмыстарына бағытталған.
«Ауылдарға – жаңа келбет» атты қорытынды бөлім ауданның әрбір тұрғынының белсенді қатысуымен жүзеге асады. Осы жоспарлар жастардың тапқырлығымен және белсенділігімен орындалуда. Осылайша, «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Жасыл елім – туған жерім» акциясы өткізілді. Акция барысында 15 мың көшет отырғызылды. Көкпекті ауылындағы жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін жаңа Саябақ құрылысы басталды. «Ауылдастарымызға – лайықты өмір» жобасы аясында Преображенка және Үлкенбөкен ауылдарында ұзындығы 4,9 шақырымдық көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Балалардың белсенді демалуын қамтамасыз ету, отбасы дәстүрлерін қолдау үшін Көкпекті ауылында «Балаларға – мазмұнды демалыс» жобасы бойынша «Жас өркен» балалар алаңы салынады.
Аталған жобаларға барлығы 492,0 млн. теңге жұмсалады, соның ішінде аудандық бюджеттен 233,0 млн. теңге, демеушілер және меценат есептерінен – 259,0 млн. теңге. 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Елбасы тапсырмасына сәйкес біздің басты міндетіміз - экономикамызды нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл міндеттерді шешудің бағыттары да белгілі. Соның біреуі - инвестициялар тарту. Бұл бағытта біз бірқатар жұмыстар атқардық. Әлі де жоспарланған жұмыс көп, алдағы мақсат - осы қарқынымызды бәсеңдетпей, жұмыс сапасын жетілдіре беру.
Достарыңызбен бөлісу: |