Шілікті ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Шілікті ауылдық округінің құрамына 5 ауыл кіреді:
-
Шілікті;
-
Тасбастау;
-
Жалши;
-
Қарасай;
-
Кәкенталды.
Ауылымыз негізінен ауылшаруашылығымен айналысса оның ішінде мал шаруашлығы халықтың негізгі айналысып отырған кәсібі.
Мал басының өсуі салыстырмалы түрде төмендегідей:
Мал түрі
|
01.01.2013 жыл
|
01.01.2014 жыл
|
%
|
Ірі қара малы
Қой ешкі
Жылқы
құстар
|
10050
25301
2525
1765
|
10150
25000
2550
2000
|
102,1
102,0
102,0
102,0
|
Округ бойынша 94 шаруа қожалығы жұмыс істейді.43 шаруа қожалығы қыстаулық жерлерде орналасқан .(45,7 %)
Өткен жылы ауыл тұрғындары мал азығын дайындау науқанын ұйымшылдықпен өткізген болатын. Науқан барысында 7900 тонна табиғи шөп, 2200 тонна көп жылдық шөп, жиыны 10100 тонна, ірі мал азығы дайындалды.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша жыл көлемінде Қарасай ауылынан Өскемен қаласына 4 отбасы көшіп барып, қоныстанды.
Мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша 2012 жылы 7 асыл тұқымды бұқа болса, 2013 жылы 15 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
Ауылдық округтің тұрғындарының шаруа қожалықтарының малдарына егіп-емдеу жұмыстарына бір бас маман мал дәрігері, 6 мал дәрігері, 5 санитар, егіп емдеуге қызмет жасап келеді. Өткен жылы ірі қара малы, сарып ауруына тексерілді.
Округте жұқпалы аусыл ауруының жеңіл түрі байқалды. Бірақ аудандық ауылшаруашылық мамандарының қатысуымен және жергілікті мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмыс істеуіне байланысты малда шығын болған жоқ.
Ауылдық округ бойынша 128090 га жер бар. Оның ішінде 125295 га ауыл шаруашылығы жері. Округте 1 мал сою алаңы толық жабдықталып жұмыс істеуде.
Қысқа дайындық бойынша штаб құрылған, 5 рет отырыс өтті. Штаб отырысында мекемелердің қыстамаға дайындық барысы туралы мекеме басшыларының мәселелері қаралды. Шілікті ауылдық округі бойынша аса күрделі жұмыстарды қажет ететін нысандар жоқ.
Округ аумағында екі орта , 1 шағын жинақталған орталау және 1 бастауыш мектеп бар.
Барлық мектептердегі 390 оқушыға сапалы білім беруде барлығы 85 мұғалім еңбек етеді. Мектептерде бастауыш сыныптарда бір мерзім ыстық тамақпен қамтылған. Биылғы мұғалімдер күні қарсаңында округке қарасты 4 мектептегі барлық мұғалімдер мәдениет үйіне шақырылып, салтанатты жиын өтіп, салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Барлық мектептердің қыс маусымына жетерлік тас көмірлері түсірілген. Қазіргі уақытта қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
Халыққа дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуде ауылдық емхана ұжымы да жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарды. Өткен жылы туған бала саны 37, қайтыс болған адам саны 14. Келіп есепке отырғандар саны 14, кеткен адам саны 67. Механикалық өсу кеткен адамдар келген адамдардан 53 адамға артық.
Ауыл мәдениетімен спортты дамыту бағытында өткен жылы біршама жетістіктерге жеттік. Ауылдың мәдениет үйі бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Мәдениет саласында 10 адам жұмыс істейді. Мәдениет үйінің төбесі жөндеуден өтті. Сондай ақ құны 360 мың тұратын музыкалық аппаратура аудан әкімінің көмегімен алынып берілді.
Былтырғы өткен Тәуелсіздіктің 22 жылдығына байланысты өткен «Ауылым алтын бесігім» атты ауданда өткен ауыл округтері арасындағы көркемөнерпаздары байқауында екінші жүлделі орынға ие болдық.
Өткен жылы аудан әкімінің жаздық спартакиадасында ауылымыздың спортшылары 1 орынды жеңіп алды.Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спорттық жарыста ауыл әкімінің командасы 2 орынды иеленді. «Денсаулық фестивалі-2013» спорттық мерекесін мектеп ұжымы, әкімшілік, оқушылар болып атап өттік.
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде ауылымызда атқарылған игі істер баршылық. Мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 15 жыл, 20жыл, 30 жыл болған ауылдың тумалары ауыл үшін мектепке күрес матасын, орталық мешітті ағымдағы жөндеуден өткізіп, мектеп ауласына шағын футбол алаңын салып, мәдениет үйінің алдына сақ патшасының ескерткішін қойды.
Жалпы жиыны 9 млн-ға жуық ақшаның көлемінде ауылға кіріс кіріп, жұмыстар жасалды.
Ауылды көгалдандыру көркейту бағытында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Хамит Балшабеков атындағы саябақ 1млн 892 мың /бір миллион сегіз жүз тоқсан екі мың/ теңгенің көлемінде сырты қоршалып, көгалданды. Саябақ ішіне 254 түп әртүрлі ағаш отырғызылды.
Ауылды «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Тасбастау ауылында ауыз су тазалағыш қондырғысы орнатылып, екі көшеде екі колонка жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жыл көлемінде жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде 605 анықтама, 732 - ветеринарлық анықтама және 1300 ветеринарлық төлқұжат берілді. 83 өкім шығарылды, 25 өтініш түсті. Сондай-ақ, әр түрлі анықтамалар тұрғылықты мекен-жайы және отбасы құрамы туралы т.б. берілді. Болашақта да жұмыстар жалғасын таба береді. Әкім және әкімшілік қызметкерлері тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |