ӘОЖ 332.142 (574.54) (262.83) Қолжазба құқығында
ШЫНБЕРГЕНОВ ЕРЛАН АЛИМЖАНОВИЧ
Солтүстік Кіші Аралдың деңгейі тербелуінің өңірде экологиялық жағдайға әсері
6М060800 – Экология мамандығы бойынша
жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда – 2012 ж.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультетінің «Биология, география экология» кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекшісі: ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор А.М.Нұрғызарынов
Ресми оппонент: ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты В.С.Тян
Қорғау 2012 жылғы «6» «маусым», сағат 9-00 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Жаратылыстану факультетінде болады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі 66 үй, №9 оқу ғимараты, 202 дәрісхана.
Магистрлік диссертацияның
ғалым хатшысы, аға оқытушы: Ж.Ж.Ізбасарова
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі.
Арал өңірінде көне дәуірден бері қоғамдық өрбудің деңгейіне байланысты бірде қарқынды, бірде пәстеу болса да үзіліссіз жүріп келе жатқан шаруашылық салаларының қалыпты ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан Арал теңізінің үштен екіден артығырақ бөлігі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы мыңдаған көлдердің көпшілігі кеуіп, бұрыннан қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендердің тұтастығына жік түсті[1]. Осы жағымсыз жағдайдың бәрі қабаттасып, Арал өңірінде елдің әлеуметтік-экономикалық күйін төмендетті, ауру-сырқау көбейді, тұрғындардың бойын психологиялық енжарлық жайлады.
Әйтсе де соңғы кезде Солтүстік Арал теңізін (САТ) Көкарал бөгеті арқылы бөлектеу мен Сырдария өзенінде оның құрамдық бөлігі болып табылатын «Ақлақ» су электрстансасын салу арқылы өңірдің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық деңгейі біршама тұрақтанды. Бұл шаралар Арал теңізінің құрғаған орнында пайда болған жаңа құрлықтың табиғи қорларын шаруашылық айналымға қосып, теңіз жағалауында суармалы егіншілікті өндіріске енгізуге қолайлы жағдай қалыптастырды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, теңіз жағалауындағы байырғы елді мекендер мен су көзіне жақын егіншілікке жарамды жерлерді суармалы егіске игеру қажет. Бұл жағдайда бұрыннан дәстүрлі шаруашылық салаларын дамытумен бірге жергілікті тұрғындарды көпсалалы шаруа қожалықтарын жүргізуге жұмылдыру проблемасы шешіледі[1]. «Ақлақ» су электрстансасының құрылысы 2009 жылы біткен соң, өзен ағысының бір бөлігі теңіз жағалауындағы құрғап жатқан көлдерге түсе бастады, сонан теңіз бен көлдердің жағалауындағы қалың өсімдік қауымдастығы су ценозымен байланысты құстар мен аңдардың мекеніне айналды. Жергілікті тұрғындар көлдерден балық аулау кәсібін қайта жаңғыртып, ылғалды жерлердің шөбін шабындық пен мал жайылымына пайдаланып отыр. Осындай экологиялық бағыттағы жұмыстар тоқтамай, әрі қарай жалғасын тапса, өңірде экологиялық дамуды басқара отырып, жергілікті табиғи қорларды (жер, су, фауна, флора) тиімді пайдалануға қолайлы жағдай қалыптастыруға болады[3].
Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы табиғи-шаруашылық кешенінің орнықты дамуын қалыптастыру болмақ. Сонда өңірдің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жетеді. Бұл өз кезегінде елдің өмір сүру сапасын көтереді, сөйтіп, орнықты дамуға көшудің Арал өңірлік моделі қалыптасады[1].
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Арал өңірінде табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыруға байланысты табиғи процестерді антропогендік басқару арқылы шаруашылық кешенді орнықты дамытудың ғылыми негізін жасау.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету барысында алға қойылған міндеттер:
-
Өңірде экологиялық дамудың бағыты мен деңгейін анықтайтын Солтүстік Арал теңізі (САТ) мен теңіз жағалауындағы көл жүйелерінің қазіргі экологиялық жағдайын бағалау;
-
Теңіздің құрғаған орнындағы жаңа құрлықта табиғи кешенді құрайтын бөліктері (климат, топырақ, өсімдік) қалыптасуын және олардың шаруашылық потенциалын бағалау;
-
Теңіздің орнындағы және байырғы жағалауындағы табиғи қорларды (топырақ, өсімдік) шаруашылық айналымға қосып, тиімді пайдалану және потенциалын молайту жолдарын негіздеу;
-
Теңіз жағалауында көпсалалы (егіншілік, мал бағу, балық аулау) шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін негіздеу, ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны:
Қызылорда облысы Арал ауданы, Солтүстік Арал теңізі (САТ), теңіз жағалауындағы қайтадан қалпына келе бастаған көл жүйелері, теңіз жағалауындағы жерлер, елді-мекендер – Қаратерең, Тастақ және т.б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-
Теңіздің орнындағы және байырғы жағалауындағы табиғи қорларды (топырақ, өсімдік) шаруашылық айналымға қосып, тиімді пайдалану және потенциалын молайту жолдары ғылыми негіздеу;
-
Теңіз жағалауында көпсалалы (егіншілік, мал бағу, балық аулау) шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі негізделіп, ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:
Зерттеудің нәтижелері Солтүстік Арал теңізі (САТ) деңгейінің өзгеруінен өңірде қалыптасқан экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағытын айқындайды. Сонымен бірге, алғашқы рет теңіз жағалауында көпсалалы (егіншілік, мал бағу, балық аулау) шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі негізделіп, ұсыныстар беріледі. Теңіздің орнындағы және жағалауындағы табиғи қорларды (топырақ, өсімдік) шаруашылық айналымға қосып, тиімді пайдалану және потенциалын молайту жолдары негізделеді.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні:
Өңірде экологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың даму бағытын, яғни, Арал теңізінің жағалауында көпсалалы шаруашылық жүргізуді ұйымдастыруды ұсынады;
Зерттеу жұмысынан алынған нәтижелер мен тұжырымдарды экологиялық жобалар дайындағанда, ауыл шаруашылығы, экологиялық және мелиоративтік зерттеулер жүргізгенде бағдарламалар дайындауға пайдаланады.
ЖОО экология мамандығы ғылыми ізденушілері, студенттер пайдалануына болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
-
Теңіз жағалауында көпсалалы (егіншілік, мал бағу, балық аулау) шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін негіздеу, ұсыныстар беру;
-
Теңіздің құрғаған орнындағы жаңа құрлықта табиғи кешенді құрайтын бөліктері (климат, топырақ, өсімдік) қалыптасуын және олардың шаруашылық потенциалын бағалау.
Жұмыстың сыннан өтуі және жарық көруі:
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен қорытындылары республикалық және халықаралық ғылыми басылым беттерінде жарық көріп, ғылыми конференцияларда баяндалды.
Атап айтқанда:
-
«Солтүстік кіші Аралдың деңгейі тербелуінің өңірде экологиялық жағдайларға әсері». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нұрғызарынов А.М. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 399-402 бб.. «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы». ҚР тәуелсіздігі 20 жылдығына арналған ІІ Халықаралық ғылыми конференция.–Алматы-Ақтөбе, 2011.
-
«Сырдария өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында су сапасының өзгеру динамикасы». Шынбергенов Е.А., Әуезова Н.С., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 193-196 бб.. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қызылорда: Тұмар, 2011.
-
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М. (КГУ имени Коркыт Ата) 196-199 бб.. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қызылорда: Тұмар, 2011.
-
«Көкарал бөгеті және «Ақлақ» су электр стансасының экология-экономикалық ролі». Шынбергенов Е.А., Сиханова Н.С., Калиева Ф.И., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Нұрғызарынов А. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына арналған «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. (18.05.2012) – Қызылорда.
-
«Арал теңізі жағалауындағы құрғақ көлдерге су түсуіне байланысты биологиялық түрлердің қалыптасуы». Шынбергенов Е.А., Ешмұрат Қ., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Калиева Ф.И. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына арналған «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (18.05.2012) – Қызылорда.
-
«Солтүстік Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы». Шынбергенов Е.А., Абжалелов Б.Б. Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. (Жас ғалымдар еңбектері жинағы) 2012 жылғы жинаққа тіркелген.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация материалдары 107 бет көлемінде ұсынылды. Диссертациялық жұмыс құрылымы: мазмұны, нормативтік сілтемелер, кіріспе, 6 тарау және әр тараудан тарқатылатын 11 кіші тарау, алынған нәтижелерді талқылау, ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен тұжырымдар, 21 сурет, 17 кесте, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер. Зерттеу жұмысын жазу барысында нақты пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер саны: 65, онымен қоса мерзімдік басылымдар: «Егемен Қазақстан», «Әлімсақ», «Сыр бойы» және т.б. Зерттеу жұмысын дайындауда пайдаланылған ең соңғы нақты деректер мен аэрофотосуреттер, ғарыштық түсірілімдер ғаламтордағы электрондық ақпарат көзі: www.Aral-sea.ru.,www.Google Earth.ru., www.Арал теңізі.kz., www.Аральское море.kz және т.б. анықтамалықтардан алынды.
Диссертация тақырыбы бойынша 3 мақала жарияланды және 3 мақалаға конференцияларда баяндама жасалып, жинаққа енгізілген.
Жұмыстың мазмұны:
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы және оның қолданбалы маңыздылығы сипатталған.
Бірінші тарау: Арал теңізі мен оны қоршаған өңірдің зерттелуі, географиялық очерк-орыны, аумағы, су массасы және т.б. туралы ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Осы бөлімде Арал теңізінің тартылу себептері және теңіздің құрғаған орынындағы жаңа құрлықтың сипаттамасы келтірілген.
Арал теңізі мен оның бассейнін зерттеу ХІХ ғасырдан басталды. Бұл кезеңде Ресей оңтүстік аймақты империяға қосып алу мақсатында белсенді саясат жүргізе бастаған еді. Сол себепті, Арал теңізі мен оның бассейнін зерттеуге ерекше мән беріліп, экспедиция жіберу жиілей бастады. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында осы өңірді зерттеп, құнды мәліметтер жинаған Э.А.Эверсман болды. Оның зерттеулері Арал-Каспий ойпатына физика-географиялық, геологиялық, ботаника-зоологиялық тұрғыдан сипаттама береді. Арал теңізінің жағалауы мен Сырдарияның төменгі ағысындағы көл жүйелерін зерттей келіп, ғалым Арал теңізі тартылып бара жатыр деген болжам айтқан болатын.
Арал – Евразия материгінің орталығында, Тұран ойпатында орналасқан ағынсыз теңіз-көл. Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының аумақтарына кіреді. 1960 жылы ауданы 68,90 мың км² болса, 1990 жылдары – 36,5 мың км², ал 2010 жылғы 25 қарашадағы мәлімет бойынша – 13,9 мың км². Жалпы 300-ден астам аралы бар (ең ірілері – Барсакелмес және Қайта өрлеу).
Арал теңізі толық кезінде оның шаруашылық маңызы үлкен болды. 1970 жылдарға дейін теңіздегі балықтың 34 түрінен 20-дан астам түрі өндірістік ауланып жүрді. 1946 жылы Арал теңізінен 23 мың тонна, ал 1980 жылдары 60 000 тонна балық ауланды. Аралдың қазақстандық бөлігінде – 5 балық зауыты, 1 балық консервілеу комбинаты және 45 балық қабылдау пункті жұмыс жасады, өзбекстандық бөлікте - 5 балық зауыты, 1 балық консервілеу комбинаты және 20-дан астам балық қабылдау пункті қызмет етті[5].
1-кесте. Арал теңізінің соңғы жарты ғасырдағы параметрлері
Көрсеткіштер
|
1960
|
1990
|
2003
|
2004
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Судың деңгейі, м
|
53,40
|
38,24
|
31,0
|
|
|
|
|
|
Көлемі, км³
|
1083
|
323
|
112,8
|
|
75
|
|
|
|
Айдынының ауданы, мың.км²
|
68,90
|
36,8
|
18,24
|
17,2
|
14,183
|
10,579
|
11,8
|
13,9
|
Минералдығы, ‰
|
9,90
|
29
|
78,0
|
|
100
|
|
|
|
Ағын, км³/жылына
|
63
|
12,5
|
3,2
|
|
|
|
|
|
Өткен ғасырдың ортасында әлемдегі ең ірі тұйық су көздерінің бірі – Арал теңізінің тағдыры көпшілік назарына ілініп, көптеген ғылыми және жобалау мекемелері жүргізген зерттеулердің нәтижесінде жиналған мәліметтер басылым беттеріне жиі шығып тұрды. Теңізге деген осынша қызығушылық, кейде тіпті оның тағдырына алаңдаушылық осы өңірдегі нәзік табиғаттың болашақ экологиялық ахуалы қандай болатынын ойлағаннан туындаған жай еді. Оған себеп, теңізді сақтап тұрған Сырдария және Амудария өзендерінің бассейнінде суармалы егіншіліктің қарқынды дамуы болды. Әрине, өзендер суын оңтүстіктің құрғақ субтропикалық аймағында қайтымсыз пайдалану екпінді жүре берсе, онда тіпті олардың ағысы теңізге жете алмай тоқтап қалу мүмкіндігі жоқ емес болатын.
Сырдария мен Амудария суын шаруашылыққа пайдалану қажеттігін ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында белсенді уағыздаған белгілі орыс ғалымы А.И.Воейков (1908 ж.) еді. Оның пікірінше, өзендер суын Аралға құйғызып қойып, оны сақтағаннан гөрі сол суды шаруашылыққа пайдалану экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді болар еді. Рас, Арал проблемасын талдағанда, суды теңізге жібергеннен түсетін пайдамен оны егіншілікке пайдаланғанда келетін экономикалық тиімділікті салыстыру қажет болады.
Балық шаруашылығымен айналысатын жобалау мекемелерінің есептеулеріне қарағанда, Арал теңізінен оның 50-ші жылдардағы деңгейі сақталып тұратын болса, жыл сайын 450-500 мың ц. балық ауланады. Сырдария мен Амударияның атырауларында әр түрлі мелиоративтік шаралар жүзеге асырылған жағдайда жыл сайын ауланатын балықтың мөлшерін 600 мың ц. жеткізуге болады. Балықтың сол кездегі құнымен есептегенде ол 40 (қырық) миллион сом құрайды. Сонымен бірге Орта Азиядағы барлық бос су қорларын, негізінен Сырдария мен Амударияның ағысының шамамен жартысын (50 км³) егіншілікке пайдаланып, 50-ші жылдары оңтүстік аймақтағы 2,9 млн.га. суармалы егісті 4,0 млн. га. Жеткізсе, онан жылына 4,0 млрд. сомның өнімі өндіріледі екен. Сөйтіп, осындай бағдарлама қабылданды. 80-ші жылдары сол бағдарламаны орындау барысында егіс көлемі жобадағы 2,9 млн. гектардың орынына 7,3 млн. гектарға жетіп, оған екі өзеннің жылдық 100-108 км³ ағысынан 90 км³-і жұмсалып тұрды. Сонан 1986 жылы өзендер ағысы теңізге жете алмай тоқтады. Нәтижесінде Арал теңізінің 2/3-ден артық аумағы құрғап, қазақстандық бөлігінде 21,4 км² сусыз шөл дала пайда болды.
Теңіздің орынындағы жаңа құрлықта табиғи кешендердің дамуы өте баяу жүруде. Өсімдігі сирек әртүрлі ксерофит бұталар, сораңдар, эфемерлер. Олардың шаруашылық маңызы жоқ. Топырақ құрылу процесі терригендік және аллювийлік шөгінділерде жүруде. Терригендік грунттың мелиоративтік күйі өте ауыр. Шаруашылық мақсатқа жарайтындары – аллювийлік топырақ түрлері.
Екінші тарау: Табиғи қорлардың қай-қайсысы да, айталық жер, су, өсімдік, жан-жануарлар тағы басқалары ұлттық байлық болып табылады. Сол себепті, оларды шаруашылық айналымға қосқанда ғана экономиканың өрбуіне, әлеуметтік жағдайдың орнықты дамуына жаңа серпін беретіні белгілі қағида. Осы тұрғыдан бағалайтын болсақ, теңіздің орнындағы жаңа құрлықтың табиғи қорлары сол күйінде жата бермей экономикаға қызмет ететін негізгі антропогендік нысандардың қатарынан орын алуы керек. Ондай мүмкіндіктер мол. Олай дейтініміз, кейінгі кезде табиғатты тоқырауға ұшырап, кетеуі кеткен Арал өңірі сияқты аймақтың өзінде де оның онан ары бұзылуын тоқтатуға, тіпті оны бұрынғы мөлдіреген күйіндей болмағанымен қалыптасқан экологиялық жағдайға ықшамдап, адамға қызмет ету мүмкіндіктерін қалпына келтіруге болатынына көзіміз жетті. Соның айғағы ретінде Арал теңізінде «Көкарал» бөгетін салу арқылы Солтүстік Арал Теңізін (САТ) бөлектеп сақтау және Сырдарияға «Ақлақ» тоспасын салуды айтуға болады. Көкарал бөгеті тек Арал өңірінде ғана емес бүкіл Қазақстан жеріндегі алып құрылыс деуге тұратын сыңайлы. Өйткені, экологиялық ахуалды сауықтыруға бағытталған мұндай күрделі шараны жүзеге асыру үшін теңізді теңізден бөлектеп сақтау тәжірибесі бүкіл ТМД жерінде алғашқы болып орындалуда. Әлемнің түпкір-түпкірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалардың ішінде Көкарал жобасы анау айтқан ірі жобалардың санатында болмауы да мүмкін. Бірақ біздің жағдайымызда Солтүстік кіші Арал теңізін бөлектеп сақтаудың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы орасан зор.
Көкарал бөгетін және оның құрамдас бөлігі болып табылатын «Ақлақ» су электрстансасын салуға құны 85,28 млн. АҚШ долларын құрайтын САРАТС жобасы жасалып, сол бойынша жұмыс орындалды. Осылайша, 2005 жылы Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Бұл экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жобаның оң нәтижесі көп күттірмеді. Қысқа мерзімде теңіздің деңгейі 40 метрлік (Балтық жүйесі) белгіге көтерілді, судың минералдығы 23 г/л-ден 17 г/л-ге дейін азайды. Соның нәтижесінде балық қоры молая бастады.
1-сурет. Солтүстік Арал теңізінің (САТ) темір-бетоннан салынған
9 (тоғыз) торапты қақпасы.
Үшінші тарау: Солтүстік Арал теңізі (САТ) мен Сырдария өзеніне салынатын «Ақлақ» су электр стансасы бірінен-бірі бөлінбейтін біртұтас антропогендік нысан ретінде түпкі мақсаты Арал өңірінің табиғаты мен оны бұзылудан сақтау және оның табиғи қорларының потенциалдық мүмкіндіктерін молайту болмақ. Демек, бұл екі құрылыстың маңызы бірдей. Сырдарияның аяғына келетін судың бір бөлігі Солтүстік Арал теңізіне (САТ), енді бір бөлігі теңіз жағалауындағы көлдер мен қолтықтарға түседі. Сонда теңіздің төңірегі көп түрлі флорасы мен фаунасы қалпына келген, мал-жанға жайлы, ерекше әлем болып қайта қалпына келеді. Бір кездері Сырдарияның бойында сан түрлі құрсаулы бөгет салынбай өзен еркін ағып жатқанда Сырдың атырауы мен теңіз жағалауында мыңдаған көлдер болған-ды. Солардың ішінде суы терең, балығы мол, айдыны 18,0 мың гектарды құрайтын Қамыстыбас көлі бастаған көпшілігі теңіз жағалауының көлдері мен қолтықтары бар еді. Қазір Арал өңіріндегі сонша көлдерден көп қалған жоқ. Ол жөнінде әркім әртүрлі санды айтады, бірақ нақтысы 150-160-тың төңірегінде. Арал теңізінің жағалауындағы бұрынғы суы тайыз көлдер құрғап қалған көлтабандар күйінде жатыр. «Ақлақ» іске қосылғанда Қарашалаң, Баян, Сағымбай, Домалақ, Қызылжарма, Жыланды, Бекентай көлдері мен қолтықтар – Ақкөл мен Кәртіма тағы басқаларына су түседі деп күтілді, олардың бірқатарына 2009 жылдан бері су түсіп тұр. Сондай-ақ шаруашылық маңызын жоғалтпаған көлдердің суы жаңаланып, деңгейі тұрақты сақталады. Аймақ көгалданып, тұзды шаңның таралуы саябырлайды, жанға жайлы жұмсақ микроклимат қалыптасады, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады деп күтілуде. Игілікті шаралар толық нәтиже беруі үшін теңіздің құрғаған орнындағы жаңа құрлықтың табиғи қорларын, ең алдымен егін егуге және мал жайылымына жарамды жерлерін шаруашылыққа пайдалану қажет.
Сонымен бірге теңіз жағалауы көгалданып, шабындық пен мал жайылымына пайдаланатын жер телімдерінің ауқымы кеңейе бастады. Бұл өз кезегінде теңіз жағалауындағы бұрынғы тастанды елді мекендердің көпшілігіне елдің қайта орналасуына қолайлы жағдай туғызды. Мысалы, Қаратүп, Тастүбек, Ақеспе, Ақбасты елді мекендерін бұрынғы көшіп кеткен тұрғындары қайта қоныстанып, балық аулау мен мал өсіру кәсіптерін қайта жандандыра бастады. Бірақ, салынған бөгеттің қазіргі биіктігі Балтық жүйесі бойынша 42 метрде қалатын болса, онда Солтүстік кіші теңіздің аумағын су түгелдей жаба алмайды. Өйткені, кіші теңіздің белгілері төмен жатқан ең терең бөліктері болып табылатын Орталық пен Шевченко бөліктерінде 21,0 км³-ге дейін су жиналады, ал Бутаков қолтығы мен Сарышығанаққа су өте аз барады. Халық көп шоғырланған Арал қаласы мен оның төңірегіндегі ел мекендеген бөліктері сол баяғы құрғақ күйінде қалады. Демек, қыруар қаржы жұмсап, осынша тер төгіп, салынған Солтүстік кіші Арал өзінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық функциясын толық атқара алмай тұр. Есептеулерге қарағанда, Солтүстік кіші Арал теңізі толық мәнді жұмыс істеуі үшін ондағы судың көлемі 34,0 км³-ден кем болмауы тиіс. Ол үшін Көкарал бөгетінің екінші кезеңін жалғастырып, оның биіктігін 50 метрге жеткізсе ғана барлық мәселе шешіледі, күткен үміт ақталады. Сонда ел шоғырланған Қарашалаң, Бөген, Қаратүп, Жамбыл, Тастүбек, Ақеспе, Ақбасты учаскелеріне теңіз жақындап, балығын береді, малға жайылым мен шабындық молаяды, мал-жанға жайлы микроклимат қалыптасады. Сөйтіп, кіші Аралдың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық игілігін молынан көруге мүмкіндік туады.
Көкарал бөгетінің құрамдас бөлігі ретінде Сырдария өзеніне салынған «Ақлақ» су электрстансасының құрылысы 2009 жылы біткен соң өзен ағысы қолдан реттеліп, оның бір бөлігі теңіз жағалауындағы құрғап жатқан көлдерге түсе бастады. 2011 жылғы (қыркүйек) мәліметке қарағанда, Қарашалаң, Кәртіма, Жыланды, Домалақ, Қызылжарма көлдеріне 106,5 млн. м³ су түсті. Жақын уақытта басқа құрғақ көлдерге су түскенде бұрыннан шаруашылық маңызын жоғалтпаған көл жүйелеріне жалпы су айдыны 60 мың гектардай балық беретін көл жүйелері қосылатын болады.
Солтүстік Арал теңізінің гидрохимиялық режимі ихтиофаунаның өсіп-өнуіне жайлы болуымен бірге құрғап жатқан көлдердің сулануы өңірді көгалға айналдырып, тұзды шаңның желмен көтерілуі саябырлады, мал-жанға, жабайы аңдар мен құстарға жағымды микроклимат қалыптасты. Теңіз бен көлдердің жағалауындағы қалың өсімдік қауымдастығы су ценозымен байланысты құстар мен аңдардың мекеніне айналды. Жергілікті тұрғындар көлдерден балық аулау кәсібін қайта жаңғыртып, ығалды жерлердің шөбін шабындық пен мал жайылымына пайдаланып отыр.
2-сурет. Көкарал бөгеті.
Солтүстік Арал теңізі (САТ) құстар әлемін зерттеуші шетелдік
орнитолог-маман. Тамыз, 2011 жыл
Төртінші тарау: өңірде экологиялық жағдайдың тұрақтануына орай шаруашылық салаларын көтеруге болатыны белгілі болып отыр. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде теңіз жағалауында, дарияның арналық қырқасында, көларалық ойпаттарда мелиоративтік күйі тәуір жерлерді суармалы егіншілікке пайдалануға болатынын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары жүргізген тәжірибелік ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетті. Теңіз жағалауының байырғы тұрғындары көпсалалы (егіншілік, мал өсіру, балық аулау) шаруа қожалықтарын жүргізетін болады.
Арал өңірі халқының материалдық-тұрмыс жағдайы, яғни, елдің әлеуметтік күйі көптеген сыртқы факторлардың ықпалымен өзгеріп тұратын динамикалық көрсеткіш болып табылады. Олар елдің материалдық тұрмысы, ауыз су мен атмосфералық ауаның сапасы, тұрған мекенінің тазалығы мен көгалдығы, жұмыспен қамтылуы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Осы факторлар халықтың әлеуметтік күйін анықтайды және деңгейін қалыптастырады. Бұлардың әрқайсысының әсері бірдей емес, бірақ бірімен бірі тығыз байланысты болғандықтан тұтас жүйенің бөліктері іспеттес жаппай ықпал етеді. Сол себепті, біреуінің жетіспеуін не тапшылығын басқа фактор әсерін күшейту арқылы әлеуметтік жағдайды көтеруге әсте болмайды.
3-сурет. Қызылорда облысы Арал ауданы картасы
Ауыз-судың сапасы және оның әлеуметтік салдары, яғни, қоршаған ортада тұздың көп болуы тірі организмнің клеткаларына гиперосмостық қысым жасайтын болғандықтан мембрананың құрылым-функционалдық күйін өзгертіп, сол себепті организм әртүрлі ауруларға тез шалдығатынын көрсетеді[1]. ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Досаевтың («Жас Алаш», № 49, 28 сәуір, 2005 ж.) мәлімдемесінде «ҚР қан айналымы жүйесі аурулары жөнінен Еуроодақ, Орталық және Шығыс Еуропа, Орта Азия елдері бойынша 1-ші орында тұр[58]. Әлемдік статистика бойынша өлімге және мүгедектікке алып келетін аурулардың бірі осы. Елімізде халықтың ең белсенді мүшелері, яғни 35-65 жас аралығындағы адамдар қан тамырлары жүйесі ауруларына көбірек шалдыққан.
Қазіргі кезде Арал өңірінде қалыптасып отырған экологиялық жағдайда халықтың әлеуметтік күйін көтеру үшін ең алдымен өңірдің барлық мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету керек. Ол үшін Қазалыға келіп тұрған Арал-Сарыбұлақ су құбырын Қызылордаға дейін жеткізсе, құбыр желісі бойында орналасқан Қармақшы-Жалағаш-Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындары сапалы ауыз суды алатын болады. Кезінде ҚР тамақтану институты Арал өңірінің тұрғындарына белгілеген азық-түлік нормасы шамадан тыс төмен болғанын өмір көрсетіп отыр. Сол себепті аталмыш институт осы норманы қайта қарап, азық-түлік тұтыну нормасын көбірек және калориясын күштілеу етіп белгілегені дұрыс болар еді. Бұл жағдайда мемлекет тарапынан өңір тұрғындарына беріліп отырған өтемеге (компенсация) рационның ғылыми негізделген құрамдық балансын сақтауға қажетті қосымша қаржы қосылуы тиіс. Осы орайда экологиялық таза өнім өндіруді ұйымдастырып, оның пайдалы жағын кеңінен насихатттау тәуір нәтиже береді[1].
Бесінші тарау: Ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесі мен әдістемелігі туралы баяндалады.
Қорытынды
-
Экологиялық қиындықтың ауыртпалығын көріп отырған Арал өңірінде жүргізілетін іс-қимылдардың мақсаты өлкенің ахуалын сауықтырумен бірге табиғи қорларын тиімді пайдалану жолдарын тауып, оның потенциалдық мүмкіндіктерін молайтуға бағытталған. Бұл күрделі бағдарлама кешенді түрде орындалуы тиіс.
-
Көкарал бөгетінің бірінші кезегі біткен соң Солтүстік Арал теңізін сақтау мен теңіз жағалауындағы көлдерді суландыру мәселесі шешімін тапты.
-
Сырдарияның ағысын реттеу арқылы табиғи кешендерді қалпына келтіру және шаруашылық салаларын өрбіту мәселесі шешімін табатын болады.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
-
«Солтүстік кіші Аралдың деңгейі тербелуінің өңірде экологиялық жағдайларға әсері». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нұрғызарынов А.М. (Қорқыт Ата ат. ҚМУ) 399-402 бб.. «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы». ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ІІ Халықаралық ғылыми конференция. –Алматы-Ақтөбе, 2011.
-
«Сырдария өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында су сапасының өзгеру динамикасы». Шынбергенов Е.А., Әуезова Н.С., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б. (Қорқыт Ата ат. ҚМУ) 193-196 бб.. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда: Тұмар, 2011.
-
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М. (КГУ им. Коркыт Ата) 196-199 беттер. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қызылорда: Тұмар, 2011.
-
«Көкарал бөгеті және «Ақлақ» су электр стансасының экология-экономикалық ролі». Шынбергенов Е.А., Сиханова Н.С., Калиева Ф.И., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Нұрғызарынов А. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына арналған «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. (18.05.2012) – Қызылорда.
-
«Арал теңізі жағалауындағы құрғақ көлдерге су түсуіне байланысты биологиялық түрлердің қалыптасуы». Шынбергенов Е.А., Ешмұрат Қ., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Калиева Ф.И. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына арналған «Арал өңірі аймағының индустриалды-инновациялық даму басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (18.05.2012) – Қызылорда.
-
«Солтүстік Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы». Шынбергенов Е.А., Абжалелов Б.Б. Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы. (Жас ғалымдар еңбектері жинағы) 2012 жылғы жинаққа тіркелген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Саданов А.Қ., Нұрғызарынов А.М. «Арал өңірінде орнықты дамудың ғылыми негізі». – Астана, 2008. 4-164 б.б.
-
«Шығыс Арал өңірінің биоқорларын молайтуды ғылыми негіздеу». Әшімова Г. магистрлік жұмысы. Қызылорда, 2005 жыл. 3-4 б.б.
-
«Солтүстік кіші Аралдың деңгейі тербелуінің өңірде экологиялық жағдайларға әсері». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нұрғызарынов А.М., (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 399-402 беттер. «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы». Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ІІ Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. – Алматы-Ақтөбе, 2011.
-
А.Нұрғызарынов. «Аралдың экологиялық тынысы» . - Алматы: «Ғылым», 2006.
8-217 б.б.
-
Г.С.Куст. «Опустынивание: принципы эколого-генетической оценки и картографирования». Москва, 1999
-
Қызылорда облыстық су ресурстары комитетінің көпжылдық есебі. Арал теңізі: 1959-2005 ж.ж.
-
«Аралдың құрғаған орнындағы жаңа құрлық және оны шаруашылыққа игеру жолдарын зерттеу. 2005-2006 ж.ж. Ғылыми есеп. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.
-
«Арал өңірінің экологиялық күйіне байланысты биологиялық қорлардың қайтадан қалпына келуі». Нұрғызарынов А.М., Құрманбаев Р.Х. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда.-2011. 59-62 б.б.
-
«Кіші Арал теңізінің балық шаруашылығының болашағы». Ермаханов З.К. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 137-140 б.
-
«Қамыстыбас көлінің қазіргі кездегі экологиялық жағдайы». Ибадуллаева С.Ж., Абдраманова Г.Б. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 30-32 б.
-
«Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде табиғи ортаның антропогендік бұзылуы және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптары» Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проблемалық экология зертханасының 1999-2002 жылдардағы ғылыми есебі.
-
«Оценка современного состояния промысловой ихтиофауны Малого Аральского моря». Ермаханов З.К. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011. 135-137 б.
-
Агроөнеркәсіп жөніндегі ұсыныстар. – 1991
-
Айдаров О. және басқалар – «Қазақстандық Шығыс Арал өңірінде өсімдік жамылғысының қазіргі күйі» Шымкент, 2001 жыл
-
«Арал теңізінің проблемалары». Алматы. «Ғылым» баспасы, 1984 жыл
-
«Арал теңізін құтқару және Арал маңында экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» («Арал-2006») (14-36) Арал маңының экологиялық картасы, 1992 жыл.
-
«Арал аймағының медициналық өзекті мәселелері». Қызылорда қ. 1994 ж.
-
Жайлыбай К.Н., Тохтамысов Ә.М., Кенбаев Б., Сағындықова А.С. «Дағдарысты Арал өңірінде егіншілік саласын әртараптандыру астық өндіруді молайту және қауіпсіздендіру жолы». «Астық және астық өнімдері», 2004, № 4. 25-28 б.
-
Күленов К. – «Қазақстанның балық қорын молайту». Алматы. «Қайнар», 1975 ж.
-
Қызылорда облыстық а/ш. басқармасы өндірістік есебі. 2000-2003 жж..
-
Нұрғызарынов А. «Атыраулық экотоптардың химиялық экологиясы»: - Қызылорда: «Тұмар», 2003. – 168 бет.
-
«Сырдария өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында су сапасының өзгеру динамикасы». Шынбергенов Е.А., Әуезова Н.С., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) 193-196 беттер. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Қызылорда: Тұмар, 2011.
-
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М. (КГУ имени Коркыт Ата) 196-199 беттер. «Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. –Қызылорда:Тұмар, 2011.
-
«Жас Алаш», № 49, 28 сәуір, 2005 ж.
-
Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының 2007-2010 ж.ж. және 2011 жылдың 6-айында балық аулау лимитінің игерілуі жайлы мәліметтер.
-
Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылдық округі әкімдігінің статистикалық деректері.
-
Қызылорда облыстық су шаруашылығы мекемесінің көпжылдық деректері.
-
Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 2011 жылғы деректері.
-
«Пути повышения продуктивности риса на мелиорированных засоленных почвах Казахстана». Х.Джамантиков, доктор с.х. наук, главный научный сотрудник отдела агротехнологии Казахского НИИ рисоводства. «Қазіргі заманғы Арал өңірінің экологиялық жағдайы, проблемаларды шешу перспективалары»: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда.-2011.
РЕЗЮМЕ
на реферат диссертаций на соискание ученой степени магистра естественных наук
по специальности 6М060800 – Экология
Шынбергенов Ерлан Алимжанович
ВЛИЯНИЕ КОЛЕБАНИЙ УРОВНЯ СЕВЕРНОГО АРАЛЬСКОГО МОРЯ НА ЭКОЛОГИЧЕСКУЮ ОБСТАНОВКУ В РЕГИОНЕ
Актуальность исследования. Экологический кризис оказал сдерживающее влияние на развитие природных процессов и отраслей сельского хозяйства в Приаралье. Вследствие чего произошло усыхание 2/3 в казахстанской части Аральского моря и большинство приморских озер, что привело к нарушению нормального хода развития природно-хозяйственного комплекса в регионе.
Эти неблагополучные факторы вызвали ухудшения социально-экономических условий населения, которое сопровождалось увеличением количества болезней среди жителей.
Кривая экологического и социально-экономического состояния населения Приаралья нормализовалась, после того как в рамках проекта «Регулирование русла реки Сырдарья и Северного Аральского моря-1» осуществилось строительство Кокаральской дамбы и гидростанции «Аклак» на реке Сырдарья. В результате появились благоприятные условия для внедрения в практику орошаемого земледелия на приморской полосе и ведения многоотраслевых крестьянских хозяйств (земледелие, животноводство, рыболовство). Используя эти возможности научно обосновать развитие поливного земледелия и социально-экономическую эффективность привлечения местного населения к работе в различных отраслях сельского хозяйства.
На сегодня актуальной является проблема рационального использования и увеличения потенциала природных ресурсов при постоянном контроле над экологической ситуацией в регионе.
Для эффективного решения названных проблем необходимо исследовать и проанализировать пути развития природных процессов и отраслей хозяйств, сформированных в регионе еще с прежних времен, их современное состояние, а также эффективное и рациональное использование природных ресурсов в новых экологических условиях. Это дает возможность поднять уровень социальных условий населения и станет Приаральской моделью перехода на устойчивое развитие.
Цель работы. Научно обосновать устойчивое развитие хозяйственного комплекса при антропогенном управлении природных процессов в связи с осуществлением природоохранных проектов в Аральском регионе.
Задачи исследования.
-
Оценить нынешнее экологическое состояние приморских озерных систем и Северного Аральского моря (САМ) так как это определитель направления и уровня экологического развития региона;
-
Оценка хозяйственного потенциала и образования частей природного комплекса (климат, почва, растения) на высохшем дне моря;
-
Включение в хозяйственный оборот природных запасов (почва, растения) образованных на месте моря и бывшего побережья;
-
Обоснование социально-экономической эффективности ведения многоотраслевых хозяйств (земледелие, животноводство, рыбное хозяйство) в приморье, рекомендации.
Объект на котором проводились исследования:
село Каратерень и другие населенные пункты на побережье Северного Аральского моря (САМ) и приморских озер Аральского района Кызылординской области.
Научная новизна исследования.
-
Включение в хозяйственный оборот земель, пригодных для земледелия на осушенном дне моря и приморской полосе побережья.
-
Обоснование социально-экономической эффективности ведения многоотраслевых хозяйств (земледелие, животноводство, рыбное хозяйство), создания искусственных сенокосов и пастбищ, озеленения территории в Приморье.
Теоретическая значимость исследования.
Результаты исследования определяют направление экологического, социально-экономического развития в связи с колебанием уровня Северного Аральского моря (САМ). Также даются рекомендации, обоснование социально-экономической эффективности ведения многоотраслевых хозяйств.
Практическая значимость исследования.
Предлагаем организовать ведение многоотраслевые крестьянские хозяйства (земледелие, животноводство, рыбное хозяйство) на побережье Аральского моря, как наиболее эффективный способ подьема социально-экономических условий населения
Результаты исследования могут быть использованы при разработке экологических проектов, для сельского хозяйства, программ ведения экологического и мелиоративного исследования.
Результаты исследования могут быть использованы студентами, соискателями, обучающимися по специальности «Экология».
Положения выдвигаемые на защиту:
-
Обоснование социально-экономической эффективности ведения многоотраслевых крестьянских хозяйств (земледелие, животноводство, рыбное хозяйство) в приморье, рекомендации
-
Оценка хозяйственного потенциала и развития природного комплекса (климат, почва, растения) на почве на высохшем дне моря
Апробация и публикация.
Материалы исследования были опубликованы в республиканских научных изданиях, авторы исследования выступали с докладами в республиканских и международных конференциях.
Публикации:
-
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М., (КГУ им. Коркыт Ата) 399-402. «Арало-Каспийский регион в истории и культуре Евразии». Материалы ІІ Международной научной конференции, посвященной 20 летию Независимости РК. – Алматы-Актобе, 2011.
-
«Динамика изменении качества воды на верхнем и нижнем течении реки Сырдарья». Шынбергенов Е.А., Ауезова Н.С., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б. (КГУ им. Коркыт Ата) 193-196. «Историко-культурное наследие Аральского региона и приоритеты исследования социальной экологии». Материалы республиканской научно-практической конференции посвященной 75-летию профессора Айдосова А.Х. (2011 год 10-11 ноябрь). – Кызылорда: Тумар, 2011.
-
«Влияние колебаний уровня Северного Малого Арала на экологическую обстановку в регионе». Шынбергенов Е.А., Кужамбердиева С.Ж., Абжалелов Б.Б., Нургизаринов А.М. (КГУ им. Коркыт Ата) 196-199. «Историко-культурное наследие Аральского региона и приоритеты исследования социальной экологии». Материалы республиканской научно-практической конференции посвященной 75-летию профессора Айдосова А.Х. (10-11.ХІ.2011). – Кызылорда: Тумар, 2011.
-
«Эколого-экономическая роль Кокаральской плотины и «Аклакской» гидро-электростанции». Шынбергенов Е.А., Сиханова Н.С., Калиева Ф.И., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Нургизарынов А. «Приоритеты индустриально-инновационного развития Приаралья».Международная научно-практическая конференция,посвященная 75 летию КГУ им. Коркыт Ата.(18.05.2012)Кызылорда
-
«Образование биологических видов, как результат заполнения высохших прибрежных озер Аральского моря». Шынбергенов Е.А., Ешмурат К., Абжалелов Б.Б., Кужамбердиева С.Ж., Калиева Ф.И. «Приоритеты индустриально-инновационного развития Приаралья». Материалы международной научно-практической конференции посвященной 75 летию КГУ им. Коркыт Ата. (18.05.2012) – Кызылорда.
-
«Нынешнее экологическое состояние Северного Аральского моря». Шынбергенов Е.А., Абжалелов Б.Б. «Наука, образование и инновация: молодежное научное творчество» (Сборник трудов молодых ученых). Включен в сборник 2012 г.
Обьем и структура работы: Материалы диссертации изложены на 107 страницах. Структура работы: содержание, нормативные ссылки, введение, 6 разделов и более 11-ти подразделов, анализ собранных материалов, научно-практические рекомендаций и выводы, примечания, 21 фотографии, 17 таблиц, заключение и список литературы. Количество использованной литературы с конкретной ссылкой при подготовке исследования – 65, также периодические издания: «Егемен Қазақстан», «Әлімсақ», «Сыр бойы» и т.д. Самые последние данные и аэрофотоснимки, космические снимки были скачаны с электронных поисковиков в интернете по адресам: www. Aral-sea.ru., www.Google Earth.ru., www.Арал теңізі.kz., www.Аральское море.kz и т.д.
По теме диссертации опубликованы 3 статьи, а также еще 3 статьи были защищены в различных конференциях.
SUMMARY
to author’s abstract of dissertation the the candidate magistery of natural science of profession 6М060800 – Ecology
Shynbergenov Yerlan Alimjanovich
THE INFLUENCE OF FLUCTUATIONS OF THE NORTH SMALL ARAL TO THE ECOLOGICAL SITUATION IN THE REGION
Actuality of research: Natural processes and speed of development optimum branches of agriculture, which has developed since old times in Aral region, was destroyed as a result of ecological problem. All of these secretive and dysfunctional factors led to the fact that socio-economic status of the population of the Aral region has deteriorated and the increased number of diseases and their patients. The curve of the environmental and socio-economic status of the population returned to normal Aral Sea, once the project "Regulation of the Syr-Dariya river and Northern Aral Sea" department began the Northern Aral Sea (NAS) using Kokaral dam and power station construction, "Aklak" on the Syr-Dariya river. Also, measures were taken to update the sites of major irrigation systems in the lower reaches of the Syr-Dariya. All this contributed to the creation of favorable conditions for the process of formation of soil on dried bottom of Aral Sea and the use of these areas for economic purposes. Using these features justify the scientific development of irrigated agriculture and socio-economic efficiency of attracting local people to work in various branches of agriculture. At present, the actual problem is the management and increase the capacity of natural resources under constant control over the environmental situation in the region. To effectively address these problems is necessary to investigate and analyze the development of natural processes, households and industries, formed in the region since the old times, their current status, as well as effective and efficient use of natural resources in the new environmental conditions. This in turn will improve the social status of the population and will Aral model of transition to sustainable development.
The Aim of Work: Scientific foundation for sustainable economic system under anthropogenic control of natural processes in the implementation of nature protection projects in the Aral region.
Problems of researches:
-
Assess the current ecological status of coastal and lake systems of the Northern Aral Sea (NAS) as a determinant of the direction and level of environmental development in the region.
-
Assessment of the economic potential and the formation of the complex parts of the natural (climate, soil, plants) in the soil on dried bottom of the sea.
-
Inclusion in the commercialization of natural resources (soil, plants) formed on the former site of these and coast.
-
Rationale social and economic benefits of multi-sector (agriculture, livestock, fisheries) in the littoral, the recommendations
The object on which the studies were conducted: Karateren village and other settlements on the coast of the Aral Sea (NAS) of the Aral district of Kyzylorda region.
Scientific Newness of this Researches:
-
Inclusion in the commercialization of natural resources (soil, plants) formed on the former site of the sea and the coast.
-
Rationale social and economic benefits of multi-sector (agriculture, livestock, fisheries) in the littoral, the recommendations.
Theoretical importance of research: Results of the study determine the direction of ecological, socio-economic status of the region formed in the process of vibration of the Northern Aral Sea (NAS). It also provides guidance, support of social and economic benefits of multi-sector (agriculture, livestock, fisheries) in the littoral. Inclusion in the commercialization of natural resources (soil, plants) formed on the former site of the sea and the coast.
Practical importance of research: We offer to organize the management of multi-sector (agriculture, livestock, fisheries) in the coast of the Aral Sea and the direction of socio-economic status due to the stabilizing environment of the region.
The results can be used to develop environmental projects for agriculture, environmental management programs, and reclamation of the study.
The results can be used by students, job seekers, students majoring in "Ecology".
Situation, was put forward to defense.
-
Rationale social and economic benefits of multi-sector (agriculture, livestock, fisheries) in the littoral, the recommendations.
-
Assessment of the economic potential and the formation of the complex parts of the natural (climate, soil, plants) in the soil on dried bottom of the sea
Approve and publication. The research materials were published in national journals, the study authors gave presentations at national and international conferences.
Publication:
-
"The influence of fluctuations in North Small Aral to the environmental situation in the region." Shynbergenov E.A., Kuzhamberdieva S.J., Abzhalelov B.B., Nurgizarinov A.M., (KSU after Korkyt Ata), 399-402. "Aral-Caspian region in the history and culture of Eurasia." Proceedings of II International scientific conference devoted to the 20th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan. - Almaty, Aktobe, 2011.
-
"The dynamics of changes in water quality in the upper and lower reaches of the Syr-Dariya." Shynbergenov E.A., Auezova N.S., Kuzhamberdieva S.J., Abzhalelov B.B. (KSU after Korkyt Ata), 193-196. "Historical and cultural heritage of the Aral Sea region and the research priorities of social ecology." Proceedings of the republican scientific-practical conference devoted to 75th anniversary of Professor Aydosov Abylai Hangereevich. (November 10-11, 2011).-Kyzylorda: Tumar, 2011.
-
"The influence of fluctuations in North Small Aral to the environmental situation in the region." Shynbergenov E.A., Kuzhamberdieva S.J., Abzhalelov B.B., Nurgizarinov A.M. (KSU after Korkyt Ata), 196-199. "Historical and cultural heritage of the Aral Sea region and the research priorities of social ecology." Proceedings of the republican scientific-practical conference devoted to 75th anniversary of Professor Aydosov Abylai Hangereevich. (November 10-11, 2011). - Kyzylorda: Tumar, 2011.
Volume and Structure of the work: AlphMMMMmmMghhjfhjhjfhjhjMaterials of this was recounted on 107 pages. The structure of the table of contents, normative references, an introduction, 5 paragraphes and more than 10 sub-sections, analysis of the collected materials, research and practical recommendations and conclusions, notes, 21 photographs, 17 tables, and the bibliography. Number of references with specific reference to the preparation of the study - 65, and periodicals, "Egemen Kazakstan", "Alimsakh", "Syr Boyi," etc. The most recent data and aerial photographs, satellite images were downloaded from the electronic search engines on the Internet at: www.Aral-sea.ru., www.Google Earth.ru., www.Aral tenіzі.kz., www.Aralskoe more.kz, etc.
Theme of dissertation published three articles, as well as another three articles have been protected in various conferences.
Достарыңызбен бөлісу: |