Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті БӨЖ ОРындаған: Божбанбай А. Тобы : ЖБТ - 111 Қабылдаған: ерденов м. - Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніңдегі мәселені жан – жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін «Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін» дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
- Өнімнің сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі. Өнімді басқару және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.
- Өнімді өндірісті игеру және өнімді дайындау кезеңіне байланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы аңықталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей.
- Ал, өнімді өңдіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс. Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасын тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет.
- Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан – жақты жүргізілуі қажет. Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |