Үшінші тұлғалардың сауалнама деректері бойынша кредиттер берумен көрінген алаяқтық фактілері туралы ақпараттық материал
Жалған немесе жоғалған құжаттар бойынша қарызды ресімдеу қаржылық алаяқтық түрлерінің бірі болып табылады.
Бұл ретте, ешкім оларды жоғалтудан сақтандырылмаған. Сонымен қатар, жоғалған немесе ұрланған құжаттардың тағдырын болжау мүмкін емес.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары ұрланған немесе жоғалған құжаттар бойынша кредиттер ресімдеу жағдайлары жиіледі. Әдеттегідей, бұл жағдайда тікелей екiншi деңгейдегi банкте (бұдан әрі – банк, банктер) кредит ресімдеу қажеттілігі жоқ өнімді сатып алуға тұтынушылық қарыздарды ресімдеу туралы сөз болып отыр.
Зардап шеккен адамдар банкке берешектің күшін жоюды және өздерінің кредиттік тарихына өзгерістер енгізуді талап ете отырып өтініш жасаған кезде банктер талаптарының бірі осы адамдардың құқық қорғау органдарына ресми арызбен өтініш жасауы болып табылады. Бұл ретте банк кредиторлық берешекті есептен шығаруды, кредиттік тарихты өзгертуді тек қана қылмыстық іс жүргізу аяқталған және өтініш берушінің осы кредитке қатысы болмау фактісі белгіленген жағдайда жүзеге асырады.
Зардап шеккен азаматтардың банктердің талаптарына шағым жасауына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түсіндірме алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасады.
Бас прокуратураның ақпаратынан қылмыстық іс жүргізу және практикалық тұрғыдан қылмыстық араласу нәтижесінде жалған адамға жалған қарыз шартын ресімдеу жолымен қаражатын қымқырумен көрінген мүліктік зиян келтірілген банк осындай жағдайларда зардап шегуші болып танылатыны белгілі болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 166-бабына сәйкес қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыспен келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
Қылмыс нәтижесінде мүлiктiк зиян келтiрiлген тұлға ғана қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығына ие.
Өз кезегінде, қымқыруға қатысы жоқ, бірақ сауалнама деректеріне жалған банктік қарыз шарты ресімделген адам іс бойынша куәгер болып табылады және оның қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы жоқ.
Олай болса, банктердің (ішкі қызметтік тергеу барысында қымқыруға қатысы жоқ адамдардың сауалнама деректеріне кредиттер ресімдеу жолымен алаяқтық жасау фактісін анықтаған) жалған қарыз шарттары ресімделген адамдардың (қымқыруға қатысы жоқ) құқық қорғау органдарына дербес өтініш жасау қажеттілігі туралы талаптары заңсыз болып табылады.
Сонымен қатар, сауалнама деректеріне жалған кредит ресімделген адамның қылмыстық-процестік тәртіптен өзгеше жалпы юрисдикциядағы азаматтық сотқа жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы дербес талапарыз беруге құқығы бар.
Алайда, көрсетілген негіздер бойынша талап қою осындай адамның міндеті емес, құқығы болып табылады.
Тиісінше, Ұлттық Банктің және Бас прокуратураның пікірі бойынша, банктердің азаматтардың алаяқтық фактілерін анықтау, сондай-ақ банктік қарыз шарттарын жарамсыз деп тану бөлігінде сот және құқық қорғау органдарына дербес өтініш жасау туралы талаптары заңсыз болып табылады.
Осыған байланысты, жеке басын куәландыратын құжаттардың жоғалу фактілері анықталған жағдайда бірінші кезекте жазбаша арызбен және төлқұжаттың немесе куәліктің қайда, қашан және қандай жағдайларда жоғалғанын көрсете отырып құқық қорғау органдарына өтініш жасау қажет.
Сонымен қатар, қарыздар және берешек мөлшерлері туралы ақпарат алу үшін кредиттік бюроларға өтініш жасаған жөн.
Жасалған банктік қарыз шарттары (қарыз алушының хабардар болуынсыз және келісімінсіз) туралы мәліметтер анықталған жағдайда, ішкі қызметтік тергеу жүргізуді және тергеу іс-шараларын жүргізу мақсатында құқық қорғау органдарына өтініш жасауды, сондай-ақ кредиттік бюроларға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуді талап ете отырып банкке өтініш жасау қажет.
Материалды дайындау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 08.12.2014 ж. №30-0-08/6030 сұратуына ұсынылған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 24.12.2014ж. №2-010711-14-68993 түсіндірмесі пайдаланылды
Достарыңызбен бөлісу: |