ШҚО-дағы Мобильдік ХҚКО: жақын және қолжетімді болу
Территориясы үлкен аймақ – Шығыс Қазақстан облысы үшін Мобильдік ХҚКО қызметі дәл келгендей. Өте алыс қоныстанған елді мекендердегі тұрғындардың аудан орталығына шықпайтын сияқты болғанымен, қандай да бір құжатты немесе анықтаманы жедел ресімдеу үлкен проблема болып табылады. Көбіне осы проблеманы шешуде көмек беретін тұрғындарға қажетті болған дәл осы Мобильдік ХҚКО.
Республика көлемінде енгізілген Мобильдік ХҚКО біздің облысымызда да әрекет етеді. Шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындарына құжаттарды ресімдеу мен беруге қажетті барлық құралдар мен жабдықталған 7 автокөлік шыға бастады.
ШҚО ХҚКО филиалының директоры Азамат Есембуловтың сөзіне қарағанда – аталған 7 автокөлік 11 аудандық ХҚКО бөлімдеріне қарасты елді мекендерді қамтиды. Сол немесе басқа да елді мекенге шығу алдын ала кестесі құрылып, Мобильдік ХҚКО-ның қашан және қайда келетіні алдын ала тұрғындарға ауылдық округі әкімдіктердің тарапынан хабарланып ұйымдастырылған түрде жүзеге асырылады.
Азамат Есембуловтың сөзінше тұрғындар арасында дүрлікпе ең басында болды. Жылдар бойы құжаттарын ресімдемегендер Мобильдік ХҚКО-ның қызметіне жүгіне бастады.
Мысалы дәл осындай қызмет көрсетілген Күршім ауданы Қалжыр ауылының тұрғыны Сәуле Қонақбаева былай дейді:
Мобильдік ХҚКО көмегімен үйімнің құжатын ресімдеп, қаражатым мен уақытымды да үнемдедім. Тіпті аудан орталығына неше жыл бойы жете алмас едім. Мобильдік ХҚКО қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, жұмыстарына жеміс тілеймін.
Ал Бородулиха ауданы Буркотово ауылы тұрғындарының оқиғасы тіптен қызық. Евгений және Светлана Авдеенко Лар бүкіл өмірінде ауылда тұрады. Ауқаттылықтары аз, ал ерлі-зайыптылардың аудан орталығына шығуға мүмкіндіктері болмады. Осылайша олар мерзімі өткен жеке куәліктермен тұрып жатты!
Біз тіпті біздің құжаттарымызды қабылдаған инспектордың аты-жөнін де жаттап алдық – дейді Евгения Авдиенко – ол - Гульнара Пичитаева. Ол бізге барлығын түсіндіріп берді. Әйеліміз екеуміз енді барлық құжаттарымызды ресімдей бастадық, алғысымыз шексіз.
Статистикаға сүйенсек Бородулиха аудандық Мобильдік ХҚКО 2014 жылы 1115 мемлекеттік қызмет, ал 2015 жылы – 1882 қызмет көрсеткен. Аталған жайт Күршім ауданында да орыналған. Мұнда 2014 жылы 78 рет шығып, 862 мемлекеттік қызметкөр сетілме, ал 2015 жылы олардың саны артқан, яғни 124 ретшығып, 2427 қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, Күршіма удандық ХҚКО тарапынан соңғы екі жылда барлық алыс қоныстанған 12 ауылдық округтің тұрғындарына қызмет көрсетілген.
Осы жылдар ішінде де үлкен жұмыстар атқарылды. Айтарлықтай, 2012 жылы 1945 қызмет көрсетіліп, 703 рет ғана шығу ұйымдастырылса, 2013 жылы 49272 қызмет көрсетіліп, 1969 рет шығу ұйымдастырылған. Қаншама адамның бұл қызметке мұқтаж болғандығын байқадыңыз ба? Менің ойымша соншама адамның жартысы дәл сол құжат үшін аудан орталығына баруды кейінге қалдырушы еді. Әрине кейіннен сандар төмендей бастады, әйтсе де Мобильдік ХҚКО Шығыс Қазақстан облысында талап етілетін қызмет. Өйткені 2014 жылы 16 927 қызмет көрсетіліп, 1093 рет шығу жүзеге асырылса, ағымдағы жылдың қараша айына 20 903 түрлі анықтамалар мен құжаттар беріліп, 1183 рет алыс елді мекендерге шығу ұйымдастырылған, - дейді Азамат Есембулов.
Қарап тұрсаңыз, жайсандар сияқты. Бірақ әрқайсысының артында біреудің өмірі, әрине жұмсалмаған уақыт пен қаражат тұр.
2014 және 2015 жылдардың ең талап етілген қызметтері болып тұрғын үй көмегін тағайындау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу мен электронды қызметтер, ҚР ҰКО тіркеу куәліктерін беру мен кері қайтарып алу (ЭСҚ) табылады.
«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |