Шөптікөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқандығы айтылған. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Президент Жолдауы – келешекке бағыт – бағдар жасайтын басты құжат. Бұл Жолдаудың елеміздің дамуы үшін өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан халқына арналған Жолдауды облыстан арнайы құрылған ақпараттық - насихаттау тобы ауыл тұрғындарына талқылап, алдағы уақытта ауданда атқарылатын іс-шараларын атап өтті.
Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты жасаған жоспарын басшылыққа ала отырып, төмендегідей атқарған жұмыстары жөнінде өзімнің жыл басынан есебімді ұсынып отырмын.
Округ құрамына 3 елді мекен кіреді ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдары. Шөптікөл ауылдық округінің жалпы жер көлемі 30532 га. Округ халқының саны 2016 жылдың 1 қаңтарына – 649 адамды құрады. 64 зейнеткер, 2 тыл ардагері, 8 алтын, 7 күміс алқа иегерлері бар. Жыл басынан округ бойынша 9 бала дүниеге келген, 3 адам қайтыс болды.
Округте 2 өндіріс мекеме, 2 мектеп, 2 балалар шағын орталығы, 3 медициналық пункт, 5 сауда дүкені, 2 кітапхана, 2 ауылдық клуб бар.
Жыл басынан ауылдық округ әкімі аппаратына 12 өтініш түсті. 12-і шешімін тапты.
2015 жылы «Санат» шаруа қожалығының аумағында балық шаруашылығының су қоймасы ашылды, балық өсірумен айналасады ( карп, лин). «Санат» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы өсіруімен айналысады.
2015 жылы Шөптікөл ауылдық округ аумағының Сұлужон ауылында тағыда бір шаруа қожалығы қосылып қарқынды жұмыс жүргізілуде. Шаруа қожалығының иесі – Даутов Хасан Аглямович.
2015 жылы «Арқалық» және «Нұрсай» шаруа қожалықтары асыл тұқымды ірі қара малға супсидия алынды.
Әл ауқаты төмен, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналар және жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау ретінде, «Майкөбен-Вест» ЖШС-нен және «Гамма» ЖШС-нен 4 тоннадан 24 адамға тегін, жалпы 96 тонна көмір бөлінді. «Сарыкөл» кеңіші – Үшқұлын станциясы темір жол бойында мал өтетін арнайы белгі қойылды.
Аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілістерінде берілген тапсырмалар бақылауда ұсталып, олардың орындалуы барысы жөнінде ақпараттар уақытында беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |