Шөптікөл ауылдық округі әкімі Бауыржан Момынтайұлы Ахметовтың



Дата25.02.2016
өлшемі28.36 Kb.
#22828
Шөптікөл ауылдық округі әкімі Бауыржан Момынтайұлы Ахметовтың

2012 жыл бойында атқарған жұмыстары туралы

есептік кездесуіндегі баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ
Шөптікөл ауылдық округіне үш елді мекен кіреді, олар ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон елді мекендері. Халықтың саны 692 адам. Оның ішінде 64 зейнеткер, 4 тыл ардагерлері. Жұмыспен қамтылған 326 адам, атаулы көмек алушы отбасылар жоқ.

Округте 2 өндіріс мекеме, 2 мектеп, 2 балалар шағын орталығы, 3 медициналық пункт, 5 сауда дүкені, 2 кітапхана, 2 ауылдық клуб бар. Ауылшаруашылық нысандарына келетін болсақ округте 3 шаруақожалықтары, 1 мал соятын алаңы бар. Шаруақожалықтардың басшылары ауыл тұрғындарына көмектер жасап, іс-шараларға үнемі демеушілік көрсетуде.

Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар жүргізу үнемі назарда ұсталады. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасалып, оларға уақытында жауаптары берілуінің орындалуын бақылауда ұстаймыз.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Жыл бойы кәсіпорындармен, ұйымдармен жұмыстар атқару нәтижесінде төмендегідей өзгерістерге қол жеткізілді. 01.01.2012 жылға 307 жұмыс істейтіндер болса, бүгінгі күні 326 адам жұмыс істейді. Жыл басынан бастап «Майкөбен-Вест», «Қарағанды жолдары», Сарыкөл кеніші «Гамма» ЖШС-не жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Нұрсай» шаруа қожалығының басшысы Магомедова Сайран қатысып автокөлік дөңгелектерін жөндеу орнын ашуға 3 миллион теңге көлемінде несие алды, 2013 жылдың көктемінде ашылып, жұмыс басталады.

«Мектепке жол» Республикалық акция барысында «Қарағанды жолдары» ЖШС - інің басшылары әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына 60 мың теңге, «Промсервис Отан» ЖШС – інің басшылары Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына 50 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.

Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті. 2012 жылы 156 мың теңге қаржы бөлініп, қанғып жүрген иттер атылды. Бұл жұмыстарға округте Баянауыл ауданының “Серпіліс” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының МТЗ - 82 тракторы қатысты. Жеке меншіктегі 3 Камаз автокөліктері қызмет көрсетті. ЦЭС, Шөптікөл ауылдарына қосымша көше жарықтандыру шамдары құрылды. 2013 жылы 167 мың теңге қаржы бөлініп осындай жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

Білім беру саласы бойынша округте 2 мектеп бар. Шөптікөл жалпы білім беру орта мектебінде ұстаздар саны –27 оның 18 жоғары, арнаулы орта білімді - 7, оқушылар саны - 89.

Сұлужон орта мектебінде ұстаздар саны –22 оның 15 жоғары, арнаулы орта білімді - 5, оқушылар саны- 35.

Жартылай жетім, тубвиражды балаларға бір мезгіл тегін тамақ беріледі. Денсаулық сақтау саласында әр ауылда 3 медбике жұмыс атқарады. Ауылда есепте тұрған адамдарды үзбей дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуде. Майқайын кентінің дәрігерлік амбулаториясынан айына бір рет дәрігерлер жергілікті тұрғындардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында тиісті көмектерін беруде. 2012 жылдың қазан айында округкке жедел жәрдем көлігі берілді.


Ауыл шаруашылық саласы бойынша, жылдан жылға мал саны өсуде, биылғы жылы қара мал саны -2040 бас, қойлар - 1804 бас, жылқылар-470 бас.

Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі әкімнің бақылауында болды.

2012 жылғы аудан әкімінің есептік кездесуінде тұрғындардан 2 сұрақ түсіп, жиналыс үстінде жауап қайтаралды.



2013 жылы Сұлужон ауылында жастарға Мәдениет үйінің құрылысы басталады. Қаңтар айында аз қамтамасыз етілген отбасыларға ЦЭС ауылынан әлеуметтік бөлім ашылады. Бөлімнен бірінші керекті азық түліктерін төмен бағамен ала алады. Ақпан айында округкке су таситын көлік беріледі.

2013 жылы осындай игілікті істерді іске асырып халыққа қызмет көрсетсек деген ойдамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет