Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Әділет" АҚЖ



Pdf көрінісі
Дата22.04.2024
өлшемі191.84 Kb.
#499522
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы - Әділет АҚЖ



Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республикасы 
нормативтік құқықтық
нормативтік құқықтық
актілерінің
актілерінің
 ақпараттық-құқықтық жүйесі
 ақпараттық-құқықтық жүйесі
Ақпарат Статистика
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы
қимыл туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18
қарашадағы № 410-V ҚРЗ.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тəртібін 
27-
баптан
қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ
мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді жəне
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір
1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір
ұғымдарды түсіндіру
ұғымдарды түсіндіру
Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай
мағынада қолданылады:
1) əкімшілік-шаруашылық функциялар – ұйымның
балансындағы мүлікті басқаруға жəне оған билік
етуге Қазақстан Республикасының заңында
белгіленген тəртіппен берілген құқық;
1-1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын
адам – мемлекеттік функцияларды жəне мемлекеттік
органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін
Қазақстан Республикасының Конституциясында,
Қазақстан Республикасының конституциялық жəне
өзге де заңдарында белгіленген лауазымды
атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Сотының судьясы,
судья, Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уəкіл, сол сияқты Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
заңнамасына сəйкес мемлекеттік саяси лауазымды
не "А" корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымын
атқаратын адам;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе
арнаулы өкiлеттiк бойынша билік өкілінің
функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік
органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да
əскерлері мен əскери құралымдарында
ұйымдастырушылық-өкімдік немесе əкiмшiлiк-
шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
2-1) мемлекеттік ұйымда немесе
квазимемлекеттік сектор субъектісінде
басқарушылық функцияларды орындайтын адам –
көрсетілген ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік
немесе əкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды
тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша
орындайтын адам;
3) мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адам – мемлекеттік қызметтегі
адам, мəслихат депутаты, мемлекеттік лауазымда
көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке
тағайындалғанына дейін уақытша атқаратын адам,
сондай-ақ офицерлер құрамының келісімшарт
бойынша əскери қызметшісі əскери лауазымына
уақытша тағайындалған немесе оның міндетін
уақытша атқаратын адам;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР
23.12.2023 
№ 50-VIII
(01.01.2025 бастап қолданысқа
енгізіледі
) Заңымен.
4) мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам –
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған
адам; Қазақстан Республикасының заңында
белгiленген тəртiппен Қазақстан Республикасының
Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы
Парламентiнің немесе мəслихаттардың
депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің
əкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару
сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар
ретiнде тiркелген азамат; өкілеттігін кəсіби тұрақты
негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу
Қазақстан Республикасының бюджет қаражатынан
жүргізілетін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі;
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе
уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет
қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік
ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор
субъектісінде басқарушылық функцияларды
орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның
ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен
өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уəкілеттік
берілген не мемлекеттік бюджеттің жəне Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан
қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске
асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес
құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес
лауазымды атқаратын адам, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі мен оның
ведомстволарының қызметшілері, қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау
жөніндегі уəкілетті органның қызметшілері; Қазақстан
Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне
авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес жұмыс істейтін азаматтық
авиация саласындағы уəкілетті ұйымның
қызметшілері;
5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік
функцияларды орындауға уəкілеттік берілген
адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың,
лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен
олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы
қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың
жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін
орындамауына жəне (немесе) тиісінше
орындамауына алып келуі мүмкін;
6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк
функцияларды орындауға уəкілеттік берілген
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген
адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің
лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін жəне соған
байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе
делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға
мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар
алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы,
сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру
арқылы осы адамдарды параға сатып алу;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат –
сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін азайтуға,
қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін
арттыруға бағытталған құқықтық, əкімшілік жəне
ұйымдастырушылық шаралар жəне осы Заңға
сəйкес өзге де шаралар;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы
Заңда белгіленген жəне сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған
шектеулер;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл –
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті
қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды анықтау жəне жою жөніндегі, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеп-тексеру жəне
олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі уəкілетті орган – Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатын қалыптастыру мен іске асыруды жəне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын
кесуді, ашуды жəне тергеп-тексеруді жүзеге
асыратын мемлекеттік орган жəне оның аумақтық
бөлімшелері;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл
үшін заңда əкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық
белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар
құқыққа қайшы, кінəлі түрдегі іс-əрекет (əрекет
немесе əрекетсіздік);
12) сыбайлас жемқорлық тəуекелі – сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал
ететін себептер мен жағдайлардың туындау
мүмкіндігі;
13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу –
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін əзірлеу
жəне енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу жəне жою
жөніндегі қызметі;
14) ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар –
қызмет бойынша бағынысты адамдардың орындауы
үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдерді шығаруға,
сондай-ақ бағынысты адамдарға қатысты
көтермелеу шаралары мен тəртіптік жазалар
қолдануға Қазақстан Республикасының заңында
белгіленген тəртіппен берілген құқық;
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
06.04.2016 
№ 484-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 19.04.2019 
№ 249-VI
(01.08.2019 бастап
қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 
№ 262-VI
(01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019
№ 273-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
06.10.2020 
№ 365-VI
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 29.12.2021 
№ 91-VII
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 
№ 157-VII
(01.01.2023 бастап қолданысқа 
енгізіледі
); 03.01.2023
№ 188-VII
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі
) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының
аумағында жеке жəне заңды тұлғаларға қатысты
қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше
көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен
тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының
азаматтары мен Қазақстан Республикасында
тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін
қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде, əкімшілік
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін
əкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан
Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінде көзделген.
3-бап. Қазақстан Республикасының
3-бап. Қазақстан Республикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы заңнамасы
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді жəне осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда
қамтылғаннан өзге де қағидалар белгіленген болса,
онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың негізгі қағидаттары
іс-қимылдың негізгі қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау
басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-
қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
шараларын жүйелі жəне кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға
жəрдем көрсететін адамдарды қорғау жəне
көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары
негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023
№ 188-VII
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі
) Заңымен.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері
іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып
табылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік
ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді
анықтау жəне олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеп-тексеру
міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
2-тарау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл шараларының жүйесі
іс-қимыл шараларының жүйесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
шараларының жүйесі:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
2) сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдауды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті
қалыптастыруды;
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сəйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама
жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына
сəйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас
жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды
қалыптастыруды жəне сақтауды;
6) қаржылық бақылауды;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды жəне
шешуді;
9) кəсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл шараларын;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды
анықтауды, жолын кесуді, ашуды жəне тергеп-
тексеруді;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
туралы хабарлауды;
12) сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды жəне
жариялауды қамтиды.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019
№ 273-VI
Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі).
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторинг
мониторинг
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг –
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының
жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас
жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына
қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту,
талдау жəне бағалау жөніндегі қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің
мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау
болып табылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің
дереккөздері – құқықтық статистика мен жеке жəне
заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес жəне
халықаралық ұйымдардың мəліметтері, əлеуметтік
сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат
құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен
тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып
табылады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің
нəтижелері сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне
талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мəдениетті қалыптастыруға бағытталған
шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы
мүмкін.
5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік
органдардың қызметіне қолданылмайды.
8-бап. Сыбайлас жемқорлық
8-бап. Сыбайлас жемқорлық
тəуекелдерін талдау
тəуекелдерін талдау
1. Сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау
(ішкі жəне сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды анықтау жəне зерделеу.
2. Сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін сыртқы
талдауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі уəкілетті орган Қазақстан Республикасы
Президентінің Əкімшілігімен келісу бойынша
айқындайтын тəртіппен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті орган мынадай
бағыттар:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың,
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін
қозғайтын құқықтық жəне өзге де актілердегі
сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың,
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-
басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық
тəуекелдерін анықтау бойынша жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
уəкілетті орган сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне
сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің
мамандарын жəне (немесе) сарапшыларын тартуға
құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін сыртқы
талдау нəтижелері бойынша мемлекеттік органдар,
ұйымдар жəне квазимемлекеттік сектор субъектілері
сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен
жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Осы баптың 
2-тармағының
күші мына
салалардағы қатынастарға:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары
қадағалауға;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс
жүргізуге;
3) əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер
бойынша іс жүргізуге;
4) сот төрелігіне;
5) жедел-іздестіру қызметіне;
6) қылмыстық-атқару қызметіне;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құпиялар туралы заңнамасының талаптарының
сақталуын бақылауға қолданылмайды.
4. Осы баптың 
2-тармағының
ережелері арнаулы
мемлекеттік органдардың қызметіне
қолданылмайды.
5. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен
квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас
жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге
асырады, оның нəтижелері бойынша сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал
ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде
шаралар қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік тəртібін сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жөніндегі уəкілетті орган
айқындайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
03.07.2017 
№ 86-VI
Конституциялық заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
03.01.2023 
№ 188-VII
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң
қолданысқа 
енгізіледі
); 19.04.2023 
№ 223-VII
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
9-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мəдениетті қалыптастыру
мəдениетті қалыптастыру
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті
қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар
жүйесін сақтау жəне нығайту бойынша өз құзыреті
шегінде жүзеге асыратын қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті
қалыптастыру білім беру, ақпараттық жəне
ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені
арқылы жүзеге асырылады.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру –
тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мəдени тұрғыдан
дамуы жəне сыбайлас жемқорлықты
қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын
қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын,
тəрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
4. Ақпараттық жəне ұйымдастырушылық қызмет
бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру
жұмыстарын жүргізу, əлеуметтік маңызды іс-
шараларды, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сəйкес мемлекеттік əлеуметтік
тапсырысты жəне Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де шараларды
ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
10-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стандарттар
стандарттар
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар –
қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін
белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға
бағытталған ұсынымдар жүйесі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды
жұртшылықтың қатысуымен мемлекеттік органдар,
ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері
əзірлейді жəне олар заңнаманы əзірлеу кезінде жəне
құқық қолдану практикасында ескеріледі.
11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
11-бап. Қаржылық бақылау шаралары
1. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру
мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке
тұлғалардың мынадай декларацияларын:
1) активтері мен міндеттемелері туралы
декларацияны;
2) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны
ұсынады.
2. Активтері мен міндеттемелері туралы
декларацияны:
1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне,
Қазақстан Республикасы Парламентінің жəне
мəслихаттардың депутаттығына, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық
маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың,
ауылдық округтердің əкімдігіне, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке
кандидаттар жəне олардың жұбайлары (зайыптары)
– кандидат ретінде тіркелгенге дейін;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған
адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не
мемлекеттік немесе соларға теңестірілген
функцияларды орындауға байланысты лауазымға
кандидаттар болып табылатын адамдар жəне
олардың жұбайлары (зайыптары) – лауазымға
тағайындау құқығы бар лауазымды адамның
(органның) лауазымға тағайындау туралы актісі
шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының
бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.
3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары
(зайыптары);
3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары
(зайыптары);
4) мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар
мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында айқындалған
мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-
тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі
туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып
алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы
мəліметтерді көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ екінші, үшінші, төртінші, бесінші,
алтыншы, жетінші бөліктермен жəне ескертпемен
толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 
№ 188-VII
(01.01.2027 бастап қолданысқа 
енгізіледі
) Заңымен.
5. Активтері мен міндеттемелері туралы
декларация Қазақстан Республикасының салық
заңнамасының сəйкес жасалады жəне Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында айқындалған
нысан бойынша жəне тəртіппен ұсынылады.
6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына
сəйкес жасалады жəне Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша,
тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылады.
7. Осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында аталған
жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері
туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі
туралы декларацияны ұсынуы туралы мəлімет
салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету
саласындағы басшылықты жүзеге асыратын
мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында
белгіленген тəртіппен орналастырылады.
8. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында
аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері
туралы декларацияда мəліметтерді ұсынбауы
немесе онда анық емес мəліметтерді ұсынуы, егер
істелген əрекетте қылмыстық жазаланатын іс-əрекет
белгілері болмаса, тіркеуден бас тартуға немесе
тіркеу туралы шешімдердің күшін жоюға негіз болып
табылады.
Мыналардың:
осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында
аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері
туралы декларацияны жəне (немесе) кірістері мен
мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе
осындай декларацияларда толық емес, анық емес
мəліметтерді ұсынуы, егер істелген əрекетте
қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса
– адамға тиісті өкілеттіктер беруден бас тартуға негіз
болып табылады.
осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың
активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны
жəне (немесе) кірістері мен мүлкі туралы
декларацияны ұсынбауы немесе осындай
декларацияларда толық емес, анық емес
мəліметтерді ұсынуы, егер істелген əрекетте
қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса
– Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінде көзделген
жауаптылыққа алып келеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармағының күші 01.01.2021 бастап 01.01.2025
дейін тоқтатыла тұрады – осы баптың 27-бабының 
3-
1-тармағын
қараңыз.
9. Мыналар:
1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) "А" корпусындағы мемлекеттік əкімшілік
лауазымды атқаратын адамдар мен олардың
жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3-1) Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уəкіл;
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен
олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде
басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар
мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке
тұлғалардың декларацияларында көрсетілген
мəліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың
31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде
жариялануға жатады.
Жариялануға жататын мəліметтер тізбесін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
уəкілетті орган айқындайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген
мəліметтерді мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті
мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару
қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.
10. Осы баптың 
7-тармағының
жəне 9-
тармағының 
1)
жəне 
2) тармақшаларының
талаптары мемлекеттік құпияларды құрайтын
мəліметтерге қолданылмайды.
11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі
функцияларды орындауға қатысатын жеке жəне
заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты
мүліктік сипаттағы барлық мəмілелер мен қаржылық
қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке
қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын
мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне
мерзімдерде ұсынады.
12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін,
осы бапта көзделген мəліметтер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес заңмен
қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария
ету Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес
жауаптылыққа əкеп соғады.
13. Қызметтік жəне салықтық құпияны құрайтын
мəліметтер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда
жəне тəртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті
органға ұсынылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР
26.11.2019 
№ 273-VI
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 03.07.2020 
№ 359-VI
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 
№ 91-VII
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
05.11.2022 
№ 157-VII
(01.01.2023 бастап қолданысқа
енгізіледі
); 19.04.2023 
№ 223-VII
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
шектеулер
шектеулер
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға
уəкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген
адамдардың (Қазақстан Республикасының
Президенттігіне, Қазақстан Республикасы
Парламентінің немесе мəслихаттарының
депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің
əкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
сайланбалы органдарының мүшелігіне
кандидаттарды қоспағанда), лауазымды
адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды
орындауға уəкілеттік берілген кандидаттар болып
табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке,
топтық жəне өзге де қызметтік емес мүдделерде
пайдалануына əкеп соғуы мүмкін əрекеттерді
жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар
осы Заңның 13, 14, 14-1 жəне 15-баптарында
белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен
сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары)
мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне
жол бермеу;
3) мүліктік жəне мүліктік емес игіліктер мен
артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми
таратылуға жатпайтын қызметтік жəне өзге де
ақпаратты пайдалану;
4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе
көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың
пайдасына əрекеттері (əрекетсіздігі) үшін, егер
мұндай əрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында
көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне
кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына
байланысты мұндай əрекеттерге (əрекетсіздікке)
ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс
жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды
(салымдарды) ашу жəне иелену, Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан
шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен
құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды
орындау тəртібін реттейтін заңдарда сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуға бағытталған
шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар
белгіленуі мүмкін.
03.04.2567 BE, 09:26
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет