Сыдықжан Шұғыла
“Менің атым Қожа” кітабы мен фильмінің айырмашылығы
Балалар әдебиетінің атасы , артынан өшпеш із қалдырған бірден бір жазушы- Бердібек Соқпақбаев.Атамыздың “Менің атым Қожа” повестьі баршамыздың балалық шағымыздың жақұты десем артық айтпаған болар едім.Бұл туынды алғаш “Детская литература” баспасынан шығып, кейін орыс тілінен басқа тілдерге аударылып; франция,польша,т.б тілдерінде жарияланды.Содан кейін ғана бұл шығарма отанына оралып қазақ тілді оқырмандардың жүрегінен ойып тұрып орын алды.Тіпті повестьтің желісі бойынша “Қазақфильм” киностудиясында көркем фильм түсіріліп,1967 жылы Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің Халықаралық фестивальінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмнің режиссері- Абдолла Қарсақбаев,басты рөлдерде:Нұрлан Сегізбаев,Бикен Римова,Кененбай Қожабеков,Зағи Құрманбаева,Раиса Мұхамедиярова сомдаған болатын.1957 жылы “Менің атым Қожа” атты повестьі жазылса ,ал 1963 жылы фильмі жарыққа шығады.Екеуінің арасында айтарлықтар айырмашылық жоқ.Себебі кино сценраийін Бердібек Соқпақбаевтың өзі жазған, дегенмен не бәрі 95 беттен тұратын шығарманы ерінбей қайта оқып шықсақ көптеген айырмашылықтар байқауға болады.Фильмде Қожаның арманын ғарышкер болғысы келгендігін көрсетсе, алайда кітапта ол танымал жазушы болуды армандайды.Тағы бір айырмашылығы фильмде қойшы Жұмағұл Қожаны ұры деп айыптағанда Қожаның үнсіз қолуы анасын ұятқа қалдыруы жүрекке батады.Алайда шығармада Қожа барлық шындықты айтып оны Сұлтанның ұрлағанын айтады. Менің атым Қожа” шығармасы да , шығарма желісі бойыншы түсірілген көркем фильмде қазақ өнерінің биігінде тұр.Бұл киноны бала кезімізден көріп келеміз,әлі күнге дейін отбасымызбен отырып қайта көруден жалыққан емеспіз.Фильмнің көрменге жол тартқалы тура жарты ғасыр өтсе де әлі де жүрегімізде.
Достарыңызбен бөлісу: |