МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
I ТАРАУ Қосылған құнға салынатын салықтың теориялық негiздерi
1.1 Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
мен мәнi
-
ҚҚС-ның даму кезеңдерi және Қазақстан Республикасына
енгiзудiң алғы шарттары
II ТАРАУ Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықтың
қызметiнiң қолданылу тәжiрибесi: салықты есептеу механизмi
және мемлекеттiк бюджет кiрiстерiн құрудағы салықтың ролi
-
Отандық тәжiрибеде ҚҚС-н есептеу механизмi
-
Қосылған құн салығы мемлекеттiк бюджет кiрiсiнiң қайнар көзi
ретiнде
III ТАРАУ Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының даму
жағдайларындағы әлемдiк тәжiрибе және ҚҚС-ң даму мәселесi
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Кез-келген мемлекетте экономиканың нарықтық жолмен дамуына, тұрақты экономиканың қалыптасуына аса маңызды рөл салыққа берiледi, салық саясатын кең көлемде қолдану шешушi болып табылады.
Отандық, шет елдiк тәжiрибе салықтың және салық жүйесiнiң экономикалық қаржы институтының экономикалық басқаруы болып табылады. Нарықтық экономиканың құрылымы рационалдық салық жүйесiн құруға аса көп көңiл бередi.
Қандай да мемлекеттiң бюджеттiң негiзгi көзi салықтық түсiмдерден тұрады. Қазақстан Республикасында салық жүйесi тура және жанама салықтардың жиынтығынан құрылады. Алғашқысы - табысқа немесе салық төлеушiнiң мүлкiне салынаса, екiншiсi - тауардың үстiне қосымша қосылады, яғни көрсетiлетiн қызметке тұтынушы төлейдi.
Бүгiнде жанама салықтардың iшiнде қосымша құн салығы басты орын алады. Қазақстан Республикасында қосымша құн салығы 1991 жылдың желтоқсан айынан берi қолданылады және Қазақстан Республикасының салық жүйесiне енгiзiлген жаңа элементтерiнiң бiрi болып табылады. Бұған Совет үкiметiнен кейiнгi қоғамда болып жатқан процестердiң таңбасы қойылды. Дәл осы кезде Қазақстанның экономикалық дамуы нарықтық жолға енген егемендi мемлекет мәртебесiн алды. Сол себептен бiрiншi заң актiлер болып «Бюджет жүйесi туралы» және «Салық жүйесi туралы» ҚР -ның заңдары қабылданды. Олар iс-әрекет жасап жүрген қаржы жүйесiн реформалаумен қатар дүниежүзiлiк салық салу тәжiрибесiнiң прогрессивтi тенденцияларын ескере отырып жаңа қаржы жүйесiн құрды.
Осы жүйенi жетiлдiрудiң басты мезетi болып бұрын iс-әрекет жасаған айналым салығының орнына қосылған құнға салынатын салықтың (ҚҚС) енгiзiлуi болды. Мұнда ҚҚС енгiзудiң мынадай артықшылықтары көзделдi: оны өндiрiстiң барлық сатыларында қолдану арқылы салық салу базасын әлдеқайда кеңейту. Басты дәлелi - салық жүйесiнiң дүниежүзiлiк тәжiрибесi.
Өмiр ағымына қарай бүгiнгi Қазақстан экоңомикасы да үнемi даму үстiнде. Осыған сәйкес мемлекетте орын олған экономикалық құбылыстар қарқынды дамып, кез келген өзгерiсi соңынан салдар туғызуда. Олардың қатарына этап өткен қосылған құнға салынатын салықтың қолданылу тәртiбi, орын алып отырған кемшiлiктер легi, сәйкесiнше оны жетiлдiру жолдарын қарастыру жақтары диплом жұмысымды «Қосылған құн салығын: есептеу механизмi және қызмет ету мәселелерi» атты тақырыпта алуыма түрткi болды.
Қосылған құн салығы барлық тауарларды сату, жұмыстарды атқару және қызмет көрсету түрлерiн қамтиды. Сондықтан да, аз мөлшерде қолданылуының өзi басқа салықтарға қарағанда қазынаны қазына толтыру қасиетi жоғары. Сонымен қатар қосылған құн салығы мемлекеттiң кiрiс пен шығыстың сәйкестiгiн, бағаның қөтерiлуiн тепе-теңдiкте ұстап тұратын бiрден бiр макроэкономикалық құрал десе де болады. Қосылған құн салығының өзiне тән бiрнеше артықшылықтары да орын алады: оны төлеуден қашып құтылу қиын, онымен экономиканың зан бұзушылығы аз мөлшерде байланысты. Салық төлеушiлер үшiн алып отырған табысынан төлегеннен қарағанда жұмсайтын шығынымен төлеген әлдеқайда тиiмдiрек. Сонымен зерттеу нысанасы болып Қазақстан Республикасының салық жүйесiнде орын алған мемлекеттiк бюджетке түсетiн салықтық түсiмдердiң басты бөлiгi болып табылатын қосылған құн салығы болып табылады.
Зерттеудiң пәнi ретiнде Қазақстандағы нарықтық экономикадағы косылған құн салығымен байланысты экономикалық қатынастар, салық салу механизмi алынды.
Диплом жұмысының негiзгi мақсаты қосымша құн салығының құрылымын, қездесiп жүрген оң-терiс қезеңдердегi алып отырған көкейкестi мәселелер, оның шешiлу жолдары мен даму механизмiн талдау болып табылады.
Зерттеу мiндетiне мына сұрақтарды қамту кiредi:
1) қосылған құн салығының құрылымын, оның қызметтерiн қарастыру, даму жолдарын, эқономикалық мақсатын теориялық талдау.
2) ҚР- ғы қосымша құн салығын есептеудiң механизмiн есептеу.
3) Мемлекеттiк халық және аудандық бюджеттiң құрылымына қосылған құн салығының маңызы, оған баға беру және оны талдау.
4) Қосылған құн салығын үкiмдендiру және есептеудiң проблемалары.
5) Табылған проблеманы шешу үшiн ұсыныс енгiзу.
6) Қосылған құн салығын қолдаудың бүкiл дүние жүзiлiк тәжiрибеде қолдану ерекшелiктерiн келтiру.
Диплом жұмысы 3 тараудан тұрады: соның 2-уi парагровқа, шешiм қабылдауға, әдебиет тiзiмiне бөлiнедi. Диплом жұмысының 1-шi тарауы қосылған құн салығының экономикалық маңызын ашуға, оның даму тарихын және салық салу жүйесiндеғi олатын орнын бағалауға бағытталған. Диплом жұмыстың 2-шi тарауында қосылған құн салығының мемлекетiмiздiң жағдайындағы заң актiлер негiзiнде бюджетте орын алуы статистикалық мәлiметтерге сүйене отырып, осы салықтардың деңгейi талданған.
Бұл тарауда салық органдарының қосылған құн салығының бюджетке толық және уақытылы түсiрудегi бақылау iстерi келтiрiлдi. Қосылған құн салығының бүкiл әлемдi қолданылу тәжiрибесi 3-шi тарауда қарастырылды. Сонымен қатар бұл жұмыста зерттеу проблемалары, диплом жұмысын жазу мен талдау жолында теоретикалық және методологиялық әдiстер, отандық және шетелдiк ғалымдар мен мамандардың салық салу облысындағы ғылыми еңбектерi қолданылу тапты. Осы жұмысты жазуда Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтiк актiлерi (заңдар, Қазақстан Республикасының Президентiнiң жарлығы, салық салу инструкторлары), статистикалық және анықтамалар материалдары қолданылады.
1. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI.
1. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНI.
Салықтар - бұл заңды және жеке тұлғалардың табыстарынан белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi және қатаң белгiленген мөлшерде жергiлiктi және республикалық бюджетке төленiп отыратын мiндеттi төлемдер болып табылады. Олар заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiң қаржылық ресурстарын қалыптастыруға қатысуының мiндеттiлiгiн көрсетедi. Салықтар қайта бөлу құралы бола отырып, бөлiнiс жүйесiндегi туындайтын кедергiлердi жойып, адамдардың қандайда бiр қызмет түрiн дамытуын ынталандырады немесе тежейдi.
Салықтар мемлекеттiң пайда болған мезетiнен бастап қоғамдағы экономикалық қатынастардың аса қажеттi буыны болып табылады. Олардың дамуы мен нысандарының өзгеруi салық жүйесiндегi өзғерiстермен қатар жүрiп отырды. Қазiргi қоғамдағы салықтар мемлекеттiң кiрiстерiнiң негiзгi көзi. Таза қаржылық қызметiнен басқа, салықтар қоғамдық өндiрiске, оның динамикасы мен құрылымына, ҒТП-тiң дамуына мемлекеттiң тарапынан экономикалық ықпал ету үшiн де пайдаланылады.
Салық салудың мәселелерi әр түрлi дәуiрдегi экономист-философтар мен мемлекет қайраткерлерiнiң ақыл ойларын үнемi толғандыратын: Ф. Аквинский (1225 немесе 1226-1274) салықтарды «тонаудың рұқсат етiлген бiр түрi» деп анықтады. Ш. Монтескье (1689-1755) болса, «қол астындағылардан қандай бөлiгiн тартып алу және қандай бөлiгiн оларға қалдыруды анықтау аса көп ақыл-ойды қажет етедi» деп ұйғарады. Ал, салық салу теориясының негiзiн қалаушы А. Смит (1723-1790) «салықтар оларды төлеушiлер үшiн құлдықтың белгiсi емес, еркiндiктiң белгiсi» деген.
А. Смит экономикалың кез-келген жүйесiнде қажеттi болатын салықтардың төрт негiзгi, классикалыққа айналған, принциптерiн қарастырады:
1) Мемлекеттiң қол астындағылар мемлекеттiң қолдауы мен қорғауында болғандықтан, табыстарына сәйкес үкiметтi ұстап тұруды қамтамасыз етуге қатысуы тиiс. Бұл ереженi ұстау немесе ұстанбау салық салудағы тепе-теңдiкке немесе теңсiздiкке әкеп соқтырады.
2) әрбiр жеке тұлға төлейтiн салық нақты анықталған болуы керек (төлеу мерзiмi, төлеу әдiсi, төлем сомасы).
3) әрбiр салық төлеушiге оны қашан төлеу ыңғайлы болса, сол уақытта немесе ыңғайлы әдiспен төленуi керек.
4) әрбiр салық халықтың қалтасынан мемлекет қазынасына түсетiнге қарағанда мейлiнше аз ұсталуы керек.
(Салық халық қалтасынан мемлекет қазынасына тiптен анағұрлым көп ұсталынуы мүмкiн, мысалы, егер оны жинауда шенеунiктердiң көптiгiн қажет етсе, онда олардың жалақысы салықтан түсетiн елеулi сомма бөлiгiн жұтып алады).
А. Смиттiң салық салудың төрт қағидаты негiзiнде қазiргi уақытта салық салудың екi жақты қағидаты қалыптасты.
Бiрiншiсi, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттен алған пайдаға пропорционал мөлшерде салық төлеуi тиiс, яғни, кiмде-кiм үкiмет ұсынған тауарлар мен қызметтерден үлкен пайда түсiрсе, сол тауарлар мен қызметтердiң өндiрiсiн қаржыландыру үшiн салық төлеуi тиiс. Бiрақ, бұл қағидатты жалпылама пайдалану белгiлi бiр қиындықтармен байланысты. Мысалы, бұл жағдайда мемлекеттiң ұлттық қорғанысқа, денсаулық сақтауға, ағартушылыққа жүмсаған шығындарынан әрбiр салық төлеушi қанша және қандай мөлшерде жеке пайда табатынын анықтау мүмкiн емес. Тiптi алғашқыда, бағалауға болатын автожолдарды қаржыландыру жағдайында, бiз бұл шығындарды бағалау өте қиын екенiн көремiз. Жеке автомобиль иелерi жақсы сапалы автожолдардан бiрдей дәрежеде пайда таба алмайды. Сондай ақ, машиналары жоқтар да пайда алады. Кәсiпкерлер жақсы жолдардың пайда болуына байланысты нарықтың кеңеюiнен анағұрлым ұтады, одан басқа, бұл қағидаға сүйене отырып, тек кедейленген және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу үшiн олардың өздерiнен салық үстауға тура келедi.
Екiншi қағида салықтың алынатын табыс мөлшерiне тәуелдiлiгiн болжайды, яғни жеке және заңды тұлға неғұрлым жоғары табысқа ие болса, соғұрлым үлкен салық төлейдi және керiсiнше.
Бұл қағиданың тиiмдiлiгi мынада, яғни қымбат заттарды тұтыну шығындары мен бiрiншi қажеттiлiктердегi заттарды тұтыну шығындарынан ұсталатын салықтардың арасында айырмашылық бар екенiн көрсетедi. Бұл қағидат әдiлеттi және тиiмдi болып көрiнедi, алайда мәселенiң түп-тамыры кiм-кiмнiң болмасын салық төлеу мүмкiншiлiгiн өлшеуде қатаң ғылыми көзқарастың жоқтығында. Үкiметтiң салықтық саясаты мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық мәнiне сәйкес жөне басқарушы саяси партияның көзқарастары мен үкiметтiң табысқа қажеттiлiк бiлдiрiп, талап етуiне тәуелдi құрылады.
Қазiргi салықтық жүйелер салық салудың осы екi принципiнде экономикалық және әлеуметтiк мақсаттылығына байланысты пайдаланылады.
Салықтық жүйеге белгiлi бiр қызметтер тән, соларға байланысты салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Салық салу жүйесiнiң функционалдық нәтижелiлiгi әуел бастан «салық» және «салық салу» сияқты экономикалық категорияның мәнiмен анықталып қойылған, яғни, экономикалық жүйенiң даму заңдылықтарымен анықталатын мақсаттарға сәйкес келетiн қаржылық қатынастар жүйесi ретiнде көрiнедi. Осыдан, салық салудың табиғатының объективтiлiгiнiң фундаменталды жағдайынан салықтық жүйеге экономикалық қызметтерi тән екенiн көремiз. Оқымысты классиктер А.Смит, У. Петти, Д. Рикардо салықтардың фискалды және реттеушi қызметтерiн бөлiп көрсеттi. Бұл қызметтер олар құрастырған қағидаларда көрiнiс берген: бiркелкiлiк, әдiлеттiлiк, ыңғайлылық, үнемдiлiк. Эконмикалық әдебиеттерде салықтардың қызметтерi жайлы сұрақ тұрақты қарастырылады. Көптеген авторларша қызметтер жайлы мәселе өте маңызды, өйткенi қоғамдағы экономикалық және әлеуметттiк тепе-теңдiк қызметтердiң қандай түрiне бағытталуына тәуелдi. Осылайша, салық қызметтерiн барынша түсiнiктi етiп талдаған Черников Д. Г. болды. Ол келесiдей қызметтердi бөлiп көрсеттi: фискалдық (бюджеттiк, қазынашылық), бақылау, таратушылық, реттеушiлiк, ол өз алдына келесiдей қызметтерге бөлшектенедi: ынталандырушы, тежеушi (ынталандырмайтын, қайта өндiру). Осыдан, салық салудың нақты нысандарының рөлi бiрдей емес және салық салу мүмкiншiлiгiн жүзеге асыруда көрiнiс бередi. Шындығында да, экономикалық тепе-теңдiкке, салықтық жинақтар мен салық төлеушiлердiң сызығушылығының оңтайлы үйлесуi жағдайында, яғни, салық төлеушiлердiң мүддесiн қорламайтын, бюджеттiң жоғары танымдылығы жағдайында қол жеткiзiледi.
Қазiргi ғалымдар салық келесi қызметтерiн бөлiп көрсетедi:
1) Фиксальдық (мобилизациялық) қызмет; яғни, мемлекет сәйкес табыстарды қаржыландыру үшiн салық жинайды.
2) Бөлiп берушiлiк: салықтарды жинай отырып, мемлекет сонымен қатар экономиканың әр түрлi саласына ықпал етедi; әлеуметтiк саясатты жүзеге асырады, тұрғындар топтары, аймақтар арасында табыстарды қайта бөледi, аз қамтамасыз етiлгендердi қолдайды.
3) Реттеушiлiк қызметi тұрғындардың тұтынушымен ағымдағы табыстың бiр бөлiгiн алып, оны өндiрiстi дамытуға бағыттауды қамтамасыз етуден қөрiнедi.
4) ынталандырушы қызметi ол - экономикалық өсу, техникалық жаңарту НИОКР-ды жүргiзу, халық тұрғындарының өсуiн ынталандыруға әр түрлi жағдайлар жасау.
5) шектеулiк қызмет - салықтық саясат арқылы мемлекет өндiрiстердiң қандай да бiр түрлерiнiң дамуын тежеп немесе шектеп отыра алады.
6) Бақылаушылық есептiк қызмет қәсiпорындар мен тұрғындар тобының табыстарын, өндiрiстiң көлемi мен құрылымын, ақша ағымдарының қозғалысын есепке алып отырады.
Осылайша, салық салу нысаны оның қызметтiк белгiлерiмен, оның жүйелiк бөлшектерiнен құрылады. тiкелей және жанама салық салу нысаны - өзара байланысты және өзара ықпалды экономикада қажеттi тепе-теңдiктi қамтамасыз етедi.
Жанама және тiкелей салық салу жүйесiнiң арақатынасына қойылатын талап мынадай, яғни, «фискалды қызметтi көбiнесе жанама салықтар атқарса, тiкелей салық реттеушi болып келедi». Тұрақты даму теориясына сәйкес жанама, сондай-ақ тiкелей салықтардың қалыптасу схемасы салықтық әрекеттердiң алуан түрлiлiгiн бiлдiредi. Сондықтан, құрамында қосымша құн салығы бар жанама салықтар реттеушiлiк қызметтi атқара алады және өндiрiстiк, сауда-қоммерциялық сала қызметтерiнiң, қосымша құн салығын есептеудiң сәйкес әдiстемесi болған жағдайда, арасындағы қатынастарды реттеу құралына айналады.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқада мiндеттi төлемдер туралы» заңында тiкелей және жанама салықтар анықтамасы келесiдей берiлген: Тiкелей салық бұл салық төлеушiнiң тiкелей табыстарынан немесе мүлкiнен төленетiн салық.
Жанама салық тауарлар мен қызметтерден олдардың бағасы мен тарифiне белгiленген үстеме түрiндегi, азаматтардың тiкелей табыстары мен мүлiктерiнен байланысты емес салықтар.
Салық нысандарына берiлген бұл анықтама, тiкелей салықтарын ынталандандырушы және фисктер рөлiн атқара алатындығын, ал жанама салықтар - сәйкесiнше қоғам дамуында қалыптасқан экономикалық және әлеуметтiк жағдайға байланысты реттеушiлiк қызмет атқара алатындығын жоймайды.
Сонымен қатар тiкелей және жанама «Салықтың ауыртпалықты көтерушiнiн немесе салық төлеушi белгiсi бойынша екi түрлi болып бөлiнедi. Егер «салық салу субъектiсi бiр мезгiлде оның нақты төлеушiсi болып табылса», заңды және нақты төлеушi болса, салық төлемiн төлеу салық төлеушiнiң мүлкiнiң нақты азаюына әкеледi (ақша құралы түрiнде). Табыс салығынан басқа осындай салықтарға мысал бола алатын тiкелей салықтарға жататын «мүлiк салығы».
Жанама салық бұл - салық салу субъектiсi салық ауыртпалығын оның нақты төлеушiсi бола алатын басқа тұлғаға аударылатын салық. Мұнда, салықтарды тiкелей және жанама етiп бөлудегi негiзгi белгiсi ретiнде «ақырғы салық төлеушiнi анықтау» ұсынылады. Салықтарды тiкелей және жанама етiп бөлудiң идеясы әкiмшiлiк-мемлекеттердiң құрылуы кезiнде қалыптасқан, оның негiзiн ХП-ХПI ғ. Ф. Дэмэзон және У. Петти қалады. У. Петти жанама салықтардың артықшылығын дәлелдей отырып мыналарды атады: бiрiншiден, әдiлеттiлiк әркiмнiң шын мәнiнде тұтынатынына сәйкес төлеудi талап етедi; екiншiден, бұл салық халықты байлыққа әкелетiн бiрден-бiр жол үнемдiлiкке тартады; үшiншiден, ешкiмде бiр зат үшiн екi мәрте төлемейдi, өйтқенi екi нәрсе бiр реттен артық тұтынылмайды; төртiншiден, мұндағы салық салу әдiсiнiң нәтижесiнде байлық өсiм, кәсiппен елдiң күш-қуатының әр мезетi жайлы хабардар жасайды.
Бұл салықты Аббат Тэрре де құптады, өйткенi шығындарының салығының ауыртпалығы аздау, олар берте-бiрте және байқалмай алынады.
Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүдделерiн бiлдiредi. Жанама салықтардың немесе тұтыну салығының ерекшелiгi, олар төлеушiлерге тауарлар мен қызметтердi сатып алу барысында төленедi. Бұл салықтар тауарлар мен қызметтердiң бағасына үстеме түрiнде алынады және соңғы тұтынумен төленедi. Соңғысы осы топтағы салықтардың маңызды қасиетi немесе белгi болып табылады, яғни, өндiрiстiң даму дәрежесiне тәуелсiз салынады және олар соңғы тұтынуға бағытталған. Мiне, осылар тiкелей және жанама салықтардың қағидалық ерекшелiктерiн құрайды, яғни, кәсiпкерлердiң табыстарына салынуға бағытталған (заңды тұлғалардың табысына салынатын салық) немесе тұғындардың табысына салынатын салық (жеке тұлғалардың табысына салынатын салық). Оларды саналы түрде пайдалану баға белгiлеу және тұтыну құрылымы процестерiне оңды әсер етедi. Сонымен қатар, салық төлеушiлер үшiн олардың шығындарына салық салу, олардын табыстарына тiкелей салықтың өсуiне карағанда тиiмдiрек болады. Олардын тиiмдiлiгi бiрқатар артықшылардың болуымен түсiндiрiледi:
-
салық мөлшерлемесiмен оларды алу процедурасына униторлы түрде кiрiсу;
-
олардан жалтару қиынырақ;
-
олармен байланысты экономикалық заң бұзушылықтар аз болады;
-
олар еңбекк деген ынтаны мейлiнше аз қысқартады;
-
тауалар мен шығындардың қозғалысын бақылаудағы қарапайымдылық;
-
эқспортты ынталандыру;
-
бюджетке тұрақты түсiмдердi қамтамасыз ету;
Жанама салықтардың соңғы артылықшылығы, оның Қазақстан экономикасы үшiн анағұрлым тартымды еттi.
Ұдайы өндiрiс процесiн басқаруда жанама нысандағы табыстарды қайта бөлу келесiдей артықшылықтарға ие болады:
-
төлеушiнiң табысын алып қоюдың мүмкiн еместiгi;
-
бюджет түсiмдерiнiң тұрақтылығы мен қарапайымдылығы;
-
салық базасының кеңейуi:
Салықтарды тауар өндiрушiлерден тұтынушыларға аудара отырып, жанама салықтар кәсiпорын пайдасына тиiмдейдi, яғни қосымша инвестицияны дамытуға мүмкiндiк берiп, еңбектiң экономикалық көрсеткiштерiн жақсартады.
Қосылған құнға салынатын салық жанама салық салудың маңызды нысаны болып табылады.
Қосылған құн салығы өндiрiс процесiнiң белгiлi бiр мезетiндегi қосылған құн бөлiгiнен бюджетке аудару нысанын бiлдiредi.
Қосылған ққн (ҚҚС) төленетiн еңбекақы (v) және алынатын пайда (m) саласы ретiнде есептелiнедi:
ҚҚ = V+m
Сонымен қатар қосылған құнды сатылған өнiмнен түскен соммамен (В) жұмсалған шығындар (И) арасындағы айырма ретiнде көрсетуғе болады:
ҚҚ = В+И
Қосымша құн салығын есептеуде оның анықтаудың 4 әдiсi пайдалынылады:
-
тiкелей аддитивтi немесе бухалтерлiк;
-
жанама аддитивтi;
-
тiкелей азайту әдiсi;
-
жанама азайту әдiсi немесе шоттар бойынша есептеу әдiсi (ЕСО-тың алғашында қабылданған әдiсi);
Егер салық мөлшерлемесiн шартты түрде R деп белгiлесек, онда жоғарыда аталған есептеу әдiстерiнiң формулалары мынадай болады:
R ( V + М ) = ҚҚС К ( В - U ) = ҚҚС
RV + RМ = ҚҚС RВ - RU = ҚҚС
Ең көп тараған 4-шi әдiс, оны пайдаланғанда өзiндiк қосылған құнды анықтауды қажет етпейдi. Оның орнына олардың компоненттерiне мөлшерлеме пайдаланылады (өндiрiлген өнiмге және шығындарға).
Қосылған құн салығын есептеудiң берiлген әдiсi тiкелей мәмiле кезiнде салық мөлшерлемесiн қолдануға мүмкiндiк бередi, ал бұл техникалық және құқтық сипатта артықшылық бередi. Салықтар көрiнiс беретiн счет-фактураның бар болуы мәмiле жасауда және фирмалардың салықтық мiндеттемелерi жайлы ақпарат алудағы ең маңызды және қағидалық кезеңiне айналады.
Жүзеге асырылған мәмiле көрсетiлген счет-фактураны пайдалану тауар қозғалысын тексеру мақсатымен бақылауға мүмкiндiк бередi.
Салықты есептеудiң 1-шi және 2-шi әдiстерi, яғни балансқа негiзделген әдiстер пайданы анықтауды талап етедi. Алайда, компаниялардың балансында жүзеге асырылған опреациялары тауарлық өнiмнiң түрлерше бөлiнбейтiндiктен қазiргi салық мөлшерлемесiне сәйкес, сондай-ақ тауарларды сатып алу түрлерi бойынша бөлiнедi. Бұл жағдайда қосылған құнға тек 1 ғана мөлшерлеме қолдануы керектiгi анық көрiнедi. Ал 4-шi әдiс салықтың дифференциалданған мөлшерлемесiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. 3-шi әдiс, яғни, салық мөлшерлемесiн шығарылатын өнiм құнынан шығындарды алып тастау нәтижесiнде алынатын көрсеткiшке салық мөлшерлемесiн пайдалану 1-шi және 2-шi әдiстер сияқты тек бiр ғана салық мөлшерлемесiне ыңғайлы. Өзiнiң мәнi бойынша қосылған құн салығы бұл әмбебап жанама салық, ол тауардың сатылу бағасына кiредi және ақырында тұтынушылардың иығына артылады. Әрбiр делдалдық өндiрiстiк немесе сауда делдалы болып өзiнiң клиентiн заңда көрсетiлген салықты алып, оны бюджетке қосылған құн салығын алып тастап аударады, яғни, бюджетке аударылған қосылған құн салығы төленген қосылған құн салығы мен алынған қосылған құн салығы арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Мұндағы ҚҚС тек белгiлi өндiрiстiк циклда тауарға қосылған құнға ғана тиiстi екенiн айта кеткен жөн. ҚҚС-ты жинаушы ретiнде тауар қозғалысының басынан бастап сатылғанға дейiн әрбiр сатушы болады (ҚҚС тауардың сатылу бағасына қосылады, бiрақ бөлек көрсетiледi), сатушы өзiнiң өндiрiсi үшiн тауарды сатып алуда ешқандай экономикалық ауыртпалықты атқармайды, өйткенi олар жабдықтаушыларға төленген салықтың кез келген сомасын мемлекеттен өндiрiп алады (сынақ жүйесi). Бұл механизмнiң мағынасы, салықты ақырғы тұтынушыға аудару. Соңғысы бұл салықты тауардың немесе қызметтердiң ақырғы сатылу бағасы нысанында төлейдi немесе оның орнын толтыруға мүмкiндiгi болмайды. Сондықтан ҚҚС тұтыну салығы болып табылады, өйткенi оның ауыртпалығын ақырғы тұтынушы көтередi.
ҚҚС-тың қызметтерiн қарастырайық, өзiмiзге белгiлi барлық салықтар 3 негiзгi қызметтi атқарады: фискалдық, қайта бөлу, реттеушiлiк. Қазiргi кезде Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ҚҚС таза фискалдық қызметтi атқарады. Ол ешбiр әрекет сферасында өндiрiспен өнiмдердiң жеке топтарының қозғалысымен тауарларға да қарамастан ҚҚС-тың бекiтiлғен мөлшерлемесi арқылы, Қазақстанда оның мөлшерi 20% (2001 жылдың шiлдесiнен бастап ҚҚС 20% - 16% дейiн төмендедi). Әлемнiң дамыған елдерiнде ҚҚС негiзiнде дифференциалданған мөлшерлемелерi бар 3-50% дейiн және одан жоғары. Әр түрлi тауарлық топтармен әлеуметтiк маңыздылығына сәйкес белгiленедi. Төменгi мөлшерлемеде салық салынатын тауарлар бiрiншi қажеттiлiктегi заттар. Олардың құрамына рецептпен берiлетiн дәрi-дәрмектер, сәндiк бұйымдар жатады. ҚҚС-тың дифференциалданған мөлшерлемесiн белгiлей отырып, бұл салық әр түрлi тауарлардың құнымен оларға деген сұранысты реттей алады, яғни, салық түрлi реттеушi қызметтердi, әсiресе маңызды өтпелi кезеңде атқара алады: негiзгiлерi болып өндiрiстi реттеу баға мен инфляцияны төмендету тауар айналымын жеделдету жаңа өнiм өндiрiсiн ынталандыруды реттеу болып табалады. ҚҚС-ты есептеу негiзiнде салықтың базалық мөлшерлемесi жатыр, яғни мемлекетпен анықталатын тауарды сатып алу мен сату арасындағы уақыт аралығы мен салық коэффициентi, салалық коэффициент ҚҚС мөлшерлемесiн инновациялық сипаттағы жоғарғы технологиялық өнiм жағына ыңғайлап реттеу үшiн енгiзiледi. Бұл коэффициент ҚҚС мөлшерлемесiн реттеу мақсатымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қызмет салалары үшiн, сондай-ақ тауарлардың әр түрлi топтары мен түрлерi үшiн, сәндiк тауарлар үшiн ҚҚС-тың жоғарғы мөлшерлемесiн және төменгi мөлшерлемесiн 1-шi қажеттiлiктеғi тауарлар үшiн белгiлейдi. Салалық коэффициенттi енгiзу қызмет түрлерiнiң бет әлпетiн жоғалтуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде коммерциялық қызметтi өндiрiстiк қызмет деп, мұндағы дайын өнiмдегi аздаған өзгерiстерге байланысты. Мысалы, тауардың жаңа қораптамасы оны жоғары бағамен сатуға мүмкiндiк бередi. Осылайша анықталған ҚҚС мөлшерлемесi ұдайы өндiрiс процесiнiң барлық деңгейiнде өзiн-өзi реттеу элементтерiн енгiзу және қатаң мемлекеттiк реттеумен байланыстыруды талап етедi, яғни, мемлекет ҚҚС-қа базалық мөлшерлеме орнатады. Бұл мемлекетке салық салу мен салықтардың мемлекеттiк бюджетке түсуiн бақылауға мүмкiндiк бередi. ҚҚС мөлшерлемесiн есептеудiң берiлген әдiсiн пайдалану жоғары емес базалық мөлшерлемеге сүйенедi. Базалық мөлшерлемеге негiзделiп есептелетiн нақты мөлшерлеме өндiрiс тауарлары үшiн әлдеқайда жоғары болады, ал 1-шi қажеттiлiктегi тауарлар үшiн төмен болады. Осылайша ҚҚС-тың нақты мөлшерлемесi оның сипатынан, қызмет түрiнен және iрi ұйымдық құрылымдарды басқарудың тиiмдi қызмет етуiнен тәуелдi болады. Бiрақ, бұл жағдайда экономикалық жағына негiзделген демек, объективтi болады. Осыған байланысты ҚҚС-ның мөлшерлемесi экономикада қалыптасқан жағдайларға сәйкес болады және болып жатқан өзгерiстердi бiрден сезiнедi, ал бұл бағалар құрылымында, инфляциялық процестерде және олардың мөлшерiне оңды әсер бередi.
Салық салу мөлшерлемесiн реттеу экономиканың жеке сфераларын дамытуды ынталандыру қажеттiлiгi туындағанда қолданылады (мөлшерлеме төмендетiледi, мұнымен берiлген сфералар мен салалардағы капитализация ынталандырылып экономиканың басқа секторларынан қосымша капитал ағымы келiп түседi. Керiсiнше, салық мөлшерлемесiнiң жоғарлауы бизнестiң жеке түрлерiмен дамуын шектеуге әкеп соғады. Осылайша жеке аймақтардың дамуын, жеке бағдарламалардың орындалуын ынталандыру жүзеге асырылады, жанама салықтардың және импорттық баждардың мөлшерлемесiн реттеу отандық нарықпен өндiрушiлердi шет елдiк бәсекелестерден қорғау сыртқы экономикалық қызметтi бақылау елдегi қажеттi сауда балансын ұстап тұру құралының рөлiн атқарады.
Әлемдiк тәжiрбиеде, нарықты экономикалық дамыған елдерде, әсiресе, дамушы елдерде, яғни, мемлекеттiк монополизм басым болатын және бөлу қатынастарындағы тұрғындардың әлеуметтiк белсендiлiгiнiң дамымауы жағдайында жанама салықтар бюджет кiрiстерiн қалыптастыруда артықшылыққа, тауарлар мен қызметтерге және кедендiк баждар формасында ие болады. Сондай-ақ, табысты мемлекеттiк қайта бөлудi жүзеге асырады. Бұл салықтың фискалдық қызметiмен қатар мемлекеттiк кiрiстердi қамтамасыз ететiндiгiн бiлдiредi. Салық салу механизмi өзiне қоғамдық өндiрiске оның динамикасы мен құрылымына инновациялық процестердiң дамуына экономикалық ықпал ету мүмкiншiлiгiне ие болады.
Салықтар классификациясы негiзiнде ҚҚС жанама салық болып табылады, тұтыну салығы болады және мемлекеттiк бюджетке келiп түседi. Салық салу объектiсiн бағалау дәрежесi бойынша ҚҚС нақты салықтарға жатқызылады. Оны төлеу тек жүзеге асырылатын мәмiле сипатымен анықталады және салық салу субъектiсiнiң қаржылық жағдайын есепке алмайды.
ОЭСР де қабылданған классификацияға сәйкес ҚҚС айналымының алынатын бiрсатылы немесе көпсатылы салықтар қатарына жататын тұтыну слықтарының жалпы қатарына жатқызылады. Айналымнан алынатын салықтың салықтық базасы болып тауардың жалпы құнының олардың қозғалысының әрбiр кезеңiндегi өндiруден ақырғы тұтынуға дейiнгi құны болып табылады. Бiрсатылы салық бұл әдетте тауарлардың жеке қозғалыс кезеңiндегi сатылудан алынған салық: өңдеу өнеркәсiбiнде көтерме және бөлшек сауда.
Жанама салық салу үшiн нақты салық төлеушi тұлғамен оны салықты төлеу мiндеттеме жүктелмеген тұлға арасындағы айырмашылықты бiлу маңызды. Айналымнан алыналатын салықтардың басқа түрiне қарағанда қосымша құн салығы мемлекетке табыстың бiр бөлiгiн өндiрiстiң және бөлудiң әрбiр кезеңiнде алуға мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда мемлекеттiң ақырғы табыстары аралық өндiрушiлер санына тәуелдi болмайды.
Пайдаға салынатын салық кәсiпорындарда қалатын пайданы азайтады: табысқа салынатын салық, жұмысшылардың қолына берiлетiн еңбек ақыны азайтады. Қосымша құн салығы болса, кәсiпорын құралдарын азайтады, яғни, тауардың бағасы арқылы өнiмдi тұтынушы төлейдi. Тұтынушының өнiмнiң баламалы нұсқалары iшiнен таңдап таңдап алу мүмкiншiлiгi болар, ал бұл өте маңызды. Өйткенi тұтынушы өзiнiң шамамен ұсынысқа әсер етедi.
Тауар өндiрушi егер әр бiреудiң дайын өнiмiн өз өндiрiсiндегi технологияның компонент болып табылатын өнiмдi сатып алмаса, ешқандай құралдарын жоғалтпайды. Қосымша құн салығы өндiрiс және тауар еңбек немесе қызмет айналымы процесiнде қойылған және де Қазақстан Республикасы территориясына тауарларды импорттауда аударылған құн өсiмiнiң бөлiгiн бюджетке аударуды бiлдiредi. Бюджетке төленуге жататын қосымша құн салық өткiзiлген тауарларға еңбекке немесе қызметтерге есептелген қосымша құн салық сонысымен сатып алынған тауарлар орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтерге төленуге тиiстi салық соммаларының айырмасы ретiнде анықталады.
Қосылған құн салығы кәсiпорынның ақша жинағының түрi болып табылады. Ақша жинағы өзiмен материалдық өндiрiс процесiнде жасалған таза қоғамдық табысты бiлдiредi. Ақша жинағы тауар өндiрiсiмен құн заңының қызметiмен тiкелей байланысты.
Қосымша құн өзiне негiзiнен еңбекақы мен пайданы кiргiзедi. Бұдан басқа қосымша құнға амортизациямен басқада өндiрiстiк циклмен тiкелей байланысты шығындар элементтерi кiредi. Дайын өнiм тауарлар, жұмыс, қызмет және шикiзат пен материалдар құны арасындағы айырмашылық iс жүзiнде қосымша құнды құрайды. ҚҚС қарастырғанда еңбекақы мен пайда екi мәрте асалық салынғандай болады. Бiрiншi ретте жеке тұлғалардың еңбекақысынан табыс салығы және заңды тұлғалардың пайдасына салынатын табыс салығы, екiншi ретте ҚҚС салу арқылы.
Заңды тұлғалардың салынатын салық шын мәнiнде кәсiпорын iшiнен оның қарамағындағы қалған пайданы азайта ұсталады. Осылайша жеке тұлғалардың табыс салығында еңбек коллективiнiң мүшелерiнiң қолына берiлетiн сомма мөлшерiн азайтады. ҚҚС болса, өнiмдi, қызметтi, тауарды, соңғы тұтынушымен төленедi немесе кәсiпорын мүддесiн қозғамайды. Ол өндiрiс және айналыс шығындарына жатпайды, яғни, ол кәсiпорынның қаржылық- шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне қатысты мүлде жоқ десе де болады. Осылайша, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың табысына салынатын салық тiкелей салықтар болып табылатын немесе жанама салық болып табылатын ҚҚС мәндерi әр түрлi.
ҚҚС айналымға салынатын салық сияқты көпсатылы, бiрақ оның ерекшелiгi салық базасы ретiнде тауардың кезектi пайда болу кезеңiнде туындайтын тек жаңа тауарлар құнының бiр бөлiгi болып табылатындығында. Көпсатылылық тауарлардың кез келген сатып алу актiсiнде салық салынатындығын бiлдiредi. Алайда, айналымнан алынатын салыққа қарағанда, мұнда көпсатылық секiрмелi сипатқа ие болады (яғни салық жинақталады). Тауардың алдағы қозғалысының барлық кезеңдерiне төленген ҚҚС-ын есептелiнген «шығатын» ҚҚС-нан алып тастауға рұқсат берiледi.
Сонымен қатар, ҚҚС бейтарап салық болып табылады. Оның бейтараптылығы ҚҚС-ын төлеуден босатудың санын қысқарту мен нөлдiк мөлшерлемесiн кең қолдануда. ҚҚС-ын қүрделi жұмсалымдарға толық мөлшерде несиелеу керек және бұл ҚҚС-ң салықтардан артықшылығын қамтамасыз етедi және олардың орнына қорлану тауарларына да тартылады. Экспорттық тауарларға ҚҚС-ын толық мөлшерде соммасын анықтау мен орнын толтыру жолы экспорттық баптарының тең дәрежеде бәсекелестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚҚС қиғаштық туғызатын және тиiмсiз салықтардың орнына қолданылады. Мысал ретiнде салық мiндеттемелерiнiң мөлшерiнiң өсуiн, түрлi салық мөлшерлемелерiнiң көптiгiн (кейде олар жүздеп есептеледi), тұтыну тауарларына салық салыну, импорттық тауарларға салық жеңiлдiктерiнiң барлығы, салық салу базасының қысқартылуы, ескiрген (қейде жемқорлықтан босамайтын) салық салу жүйесiн түбегейлi өзгертуге және қемшiлiктерiнен құтылуға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар, ҚҚС-ң регрессиялық жақтары да бар. Ал, ол болса тұтынушыларға ауыртпалық әкеледi. Соның iшiнде салық ауыртпалығының қөп мөлшерiн табыс деңгейi төмен тұлғалар сезiнедi. ҚҚС халықтың өмiр деңгейiнiң төмендеуiне әкеледi. Салықтың регрессиялық жағын әлсiрету үшiн мөлшерлемелердi көтерумен, төмендетумен қатар кейбiр тауарлар мен қызметтердi салық салудан мүлдем босату қолданылады. Мұндай босатулар 2 формада қолданылады: нөлдiк мөлшерлеме мен мөлшерлеменiң жоқтығы. Тәсiлдердiң екеуi де тауарлар мен қызметтердi ақырғы тұтынушыға сату кезiнде салық салудан босатады. Тәсiлдердiң ерекшелiктерi: нөлдiк мөлшерлеме кезiнде сатушы оның сатып алуларына кiретiн салықтың орнын толтыруға құқы бар. Ал салық мөлшерлемелерiнiң жоқтығында мұндай құқ онда жоқ және әдетте ол салықты ақырғы тұтынушуға артады, сондықтан ақырғы тұтынушыға нөлдiк мөлшерлеме әлдеқайда пайдалы.
ҚҚС мемлекеттiк салық болып табылады, яғни бүкiл мемлекеттiк аумақта қолданылады, ал тауарды экспорттауға салық салынбайды.
ҚҚС-ң барлық функцияларынан Қазақстанда фискалды функциясы басым орын алады.
ҚҚС-н енгiзгенде салықтың өндiрiс қатынастарына әсерi жоспарланған жоқ. Қазақстандық жағдаят (конъюктура) есебiнен салықтың функциялары талданған жоқ. ҚҚС-ын енгiзген мезетте натуралды айырбас үстем болды және экономика өндiрiстiң төмендеуiмен, тауарлар мен қызметтердiң дефицитымен және инфляцияның жоғары қарқынды өсуiмен айқындалады. Осы уақыт аралығында мөлшерлемесi 28% ҚҚС-н енгiзу ахуалды одан әрi шиелендiре түстi, бағаның өсуi мен сатып алу қабiлетiнiң төмендеуiн тездете түстi. Осының нәтижесiнде көптеген өнеркәсiптiң және ауылшаруашылық кәсiпорындар өзiн өзi қаржыландыру тұрмақ, ұдайы өндiрiс процесiн қамтамасыз етуге қабiлетсiз болды.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде нәтижелi қолданылатын ҚҚС қарастыра отырып, өндiрiс дағдарысының алдын алу мен нарықтан әлсiз өндiрушiлердi жылдам ығыстыру мақсатында жүргiзiлетiн өндiрiстi «тiзгiнде ұстау» саясатының басты элементi болып табылатын ұмытпаған жөн. Бұл салықты гипертрофирленген монетаризм және тауарлы дефицит жағдайында қолдану оның ауыртпалығын тұтынушыға толығымен аударады. Ал ол онсыз да қарқынды инфляцияны өсiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |