Сыныбы: Даярлық топ Пәні: Математика Тақырыбы



Дата17.07.2016
өлшемі92.5 Kb.
#205538
Күні: 10.04.2015ж

Сыныбы: Даярлық топ

Пәні:Математика

Тақырыбы:1-ден 20-ға дейін санау

Мақсаты:

Білімділік: 1-ден 20-ға дейінгі сандар туралы түсінік беру. Сандарды жаза білуге үйрету.Цифрларды ажырата біліп, көрші сандарды таба білуге және кері санай білуге үйрету.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ажырату қабілетін, ақыл-ойын дамыту.Сабаққа деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Типі: аралас

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, суреттер
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-сәлемдесу

-оқушыларды түгендеу

-оқу құралдарын түгендеу

-сабаққа назарын аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1-ден 20-ға дейін санау

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Қалдырған сандарды жазу.

1, .. 3 ..,5,..,7,.,9..,11...

ІҮ.Жаңа сабақ.

1-ден 20-ға дейінгі сандар.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20

-1-ден 20-ға дейін оқушыларға санату.

-олардың таңбалануын, айтылуымен таныстыру.

-сандарды рет-ретімен орналастыру.

-көрші сандарды табу.

Ү. Оқулықпен дәптермен жұмыс

1-тапсырма «Кім жылдам?» ойыны

Ауызша сандарды қосу және азайту.

2-2 3-1 2+2 3+1

4-1 7-4 4+1 5+1

5-2 8-3 5+2 3+3

2-тапсырма

Сурет бойынша қосуға есеп ойластыру. Шешуін жазу.

Суретт торғай және балапандары бейнелеген. Балапандарды және анасын қосқанда не құс болды?

3-тапсырма

Мына сандардың алдында қандай сандар тұқрады?


6

9

8

10

11

20

2

5

7

0

14


12

16

18


17

15


Мына сандардан кейін қандай сандар тұрады?


16



17

10


14

15

13


19

11


4-тапсырма

Дөңгелектің ініне «плюс» (+) немесе «минус» (-) таңбасын қой.

1*1=2 5*5=10

3*2=1 7*1=6

7*3=4 4*1=5

ҮІ. Бекіту.

«Үйдің нөмерін тап» ойыны






1+1=2 2+1=3 2+2=4

3+2=5 4+2=6 5+2=7

ҮІІ.Қорытындылау.

№121 орта мектеп






Мұғалім: Жүсіпова Гүлмира

2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Оқушымен бетпе-бет»

Сыныбы: Даярлық топ

Мақсаты: 1.Ақыл-ойын дамыту.

2. Таным қабілеті мен белсенділіктерін дамыту.

3.Татулыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тақырыбы, айналым түрлері, суреттер.

Пәнаралық байланыс: Математика, тіл дамыту, құрастыру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

А) Шаттық шебері

Қуанымын мен де,

Қуанысың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі сабақты біз сайыс түрінде өткіземіз.

1)Сабақ алты айналымнан тұрады

І айналым «Топтарды таныстыру»

ІІ айналым «Сұрақ-жауап»

ІІІ айналым «Мен оқи аламын»

ІҮ айналым «Математикалық тест»

Ү «Құрастыру»

ҮІ «Оқушылар өнері»

2) Сабақты алға қарай апару үшін топтарды ортаға шақырамыз.

3) Олай болса І айналымды бастаймыз.

Топтардың атттарын айтуы . Қатысатын оқушылармен таныстыру.

ІІ айналым «Сұрақ-жауап»

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? /Қазақстан Республикасы/

2.Астанада қандай ғимараттар бар? /Бәйтерек, Ханшатыр, мектептер, балабақшалар, Пирамида , Ақ Орда/

3.Бағдаршамда неше көз бар, түстерін ата? / 3 көзі бар, қызыл, сары, жасыл/

4.Қарлығаш құсы адамға дос па? / Дос/

5.Үй құстарын атап бер /Тауық, әтеш, қаз, үйрек, күрке тауық/

6.Үй жануарларын атап бер /Қой, жылқы, сиыр, ешкі, түйе/

ІІІ айналым «Математикалық тест»

1.Бөлмеде неше бұрыш бар

А) 1

Ә) 4


Б) 2

2. Бір жылда неше мезгіл бар?

А) 6

Ә) 3


Б) 4

3.Үшбұрыштардың неше бұрышы бар?

А) 3

Ә) 10


Б) 9

4.7 санының алдындағы санды ата

А) 13

Ә) 10


Б) 6

5. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?

А) 4

Ә)8


Б) 10

ІҮ айналым «Мен оқи аламын»

2 топтың оқушылары берілген сөздерді оқып беру.

Жаз, ата, ана, нан, жаңбыр, мектеп.

Ү айналым «Құрастыру»

Суреттерді өз бөлшектеріне құрастыру.

1.Доп. 2.Мысық. 3.Аю. 4 . Ит.

ҮІ айналым Оқушылар өнері

Әр топ 1 ән, 1 тақпақ айтып беруі керек.

Сабақты айяқтау. Бүгінгі сабақта оқушылар өзара білімдерін таразылады.Оқушыларға әділқазылар бағасын беруі, мадақтауы.



Тақырыбы: «Танысайық, ақын ағамен»

сыр – сұхбат форматында кездесу кеші



Мақсаты: Бастауыш класс оқушыларының жергілікті ақын, бала дәрігері Мәскеубек Ерболатовпен таныстыру. Ақынның жақсы өмір жолдарынан үлгі алуға, болашаққа үлкн сеніммен қарауға баулу. Адамгершілікке, достыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыр-сұхбат тақырыбы, кітап бұрышы, өлеңдерден үзінді.

Әдісі: Сұрақ-жауап

Түрі: сыр-сұхбат

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.Қысқаша түсінік беру.

Бүгін бізде қонақта Мәскеубек Ерболатов Әлмұратұлы ағамыз. Бұл аға өзінің мамандығы бойынша бала дәрігері. Солай бола тұрса да бұл кісі өзінің өмірге бір табан жақын болып өзіне ақындық өнерді серік еткен жан . Мәскеубек ағаның «Жарық дүние», «Күрең күз» т.б кітаптары жарық көрген. Мәскеубек аға Алматы қаласында дәрігер мамадығы бойынша білім алған, ал қазіргі таңда ардагер-дәрігер, ақын. Ендігі кезекте ағамызды ортаға шақырып, қарсы алайық.

ІІ Кітап бұрышымен таныстыру.

Өлеңдерінің үзінділерімен таныстыру.

ІІІ Негізгі бөлім

Ендігі әңгімемізді алға апару үшін ағайдан сұрақтарымызға жауап алсақ.

1.Бала кезіңізде кім болсам деп армандадыңыз?

2.Мектепте қандай сабақты жақсы көрдіңіз?

3.Қандай ойынды жақсы көрдіңіз?

4.Сіздің бауырларыңыз бар ма?

5.Өмірдегі қызық сәтіңіз?

6.Сіз үшін дұрыс тамақтану деген не?

7.Мектепте мұғалімді тыңдадыңыз ба?

8. Мұғалім мен оқушы туралы пікір, ақылыңыз?

9. Бала кезіңізде анаңыз жасаған қай тағамды ұнаттыңыз?

ІҮ Оқушылар жаттаған тақпақтар

Күз


Күн қызуы азайып,

Салқын түсіп барады.

Қоңыр күз де азайып,

Өз үлесін алады.

Ала бұлттар көшкіні,

Жылжып ағып барады.

Құстар легі асығып,

Жылы жаққа ауады.

Оқта-текте жыйылып,

Ала бұлттар үйірі.

Нөсерлетіп алады,

Арасында тыйылып.

Қыркүйекте соғады.

Түн жамылып ұрланып.

Жасыл желек жоғалды,

Тұрып кетті сұрланып.

Дәрігер парызы

Адамдардың өмірін сақтап жүрген,

Адалдықпен борышын ақтап жүрген.

Дәрігердей кеңпейіл адам бар ма?

Жүрегінің жылуын сақтап жүрген.

Көз ілместен күзетіп өмір үшін,

Айянбайды білімін, барлық күшін.

Дәрігердей сертіне берік адам,

Дәл осындай дүниеде бар ма адам?

Өзге тілді білгінге артық болмас,

Өзге ұлтта онда саған болар жолдас.

Қастерлеп үйрете біл ана тілін,

Үйрету парыз ол да дара білім.

Ү Қорытыныды .

Балалар, біз бүгін Мәскеубек ағаймен кездесу арқылы өз өнерімізді көрсеттік және ағайдан естіген тәлім-тәрбие сендерді қайратты істерге құлшындырады деп сенеміз.Шешен сөйлеуге, өз ойларыңды әдемі баяндауға болатынына анық көз жеткізеді деп білеміз. Ағайдың жақсы қасиеттерін бойға сіңірді деп айта аламын.

Осымен біздің сыр-сұхбатымыз аяқталды!

Такырыбы: Аналар асыл жандар

Максаты:

8 наурыз халыкаралык әйелдер мерекесін кеңінен насихаттау. Қыздарды, аналарды, әжелерди сыйлауға, құрметтеуге баулу.

Барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8 науырызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мерекелик ертенгілігімізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді салтанатты түрде ашу үшін мектебіміздін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қозыбақов Айболға сөз кезегин береміз.

Әлемдегі ең асыл жан ол ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан ақ бірінші сөз анан деп атайды. Ендеше оқушылардаң аналарына деген құттықтауларын қарсы алыңыздар.

Алишер


Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық

Үмітгүлім

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар

Аналардан туған не бір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар

Мұхаммедали

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбилер жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазақ алтын бақ

Көрініс: «Гүлдер сыры»

Зарина


Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін

Дильназ

Айналайын анашым



Аялайсын бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық баріміз

ӘН: «Әрқашан кун сөнбесін»

Кәусар

Ана деген ақылшын



Ана барда батырсын

Қасында кімдер болсада

Тек анана жақынсын

Айдана


Ақылды ана

Ақпейіл ана

Өмірлік маған

Өзіңсін ана

Мұғалім:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегінде көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық үнді биін.

БИ: «Үнді би Маханова Назым

Мұғалім:

Ақ анашым, аппағым

Өзін жайлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланын тақпағы

Аділет


Анан болса қасында

Басқа бақыт не керек

Аналардын жүрегі

Мейірімді ғой керемет

Наз

Сен үшін мәнді



Шырқайын әнді

Аман сау жүргені

Анашым мәнгі

Ән: «Жау жау жанбыр»

ӘН «Қошақаным қайда екен?»

Мұғалім:


Өиірдін иесі сен ғазиз ана

Келтіргендүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақын да жоқ

Өмірдін алтын кілті сон да ғана

Біздін аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздін әр ойымызды айтқызбай табады. Бар сырымыз оларға әр қашанда белгілі. Ендігі кезекті ойынға берсек. Ата-аналармен «Аялы алақан» ойын ойнайық. Тақтада бірнеше оқушылар бар, сол оқушылардын ішінен өз баласын алақанын сыйпап табу.

Мұғалім:


Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұн қонбасын жанарына

Осы мен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін барініздін қадамына –дей келе бүгінгі «Аналар асыл жандар» атты ертенгілігімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мереке құтты болсын. Сау саламатта болыңыздар

Тақырыбы: «Жүгіру. 30 метрге жүгіру»

Мақсаты: Оқушыларға қысқа қашықтыққа жүгірудің әдісін меңгерту. Жылдам жүгіруге баулу.

Оқушылардың дене күштерін жаттығу жұмыстары арқылы ширату, қозғалыс деңгейлерін арттыру.

Оқушылардың бір біріне қарым –қатынасын арттыра білуге, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалақты сақтай білуге баулу.

Өтетін орны: спорт алаңы.

Қолданатын құрал - жабдықтар: Ысқырық, секундомер.

Сабақтын барысы: І Дайындық бөлім 15

ІІ Негізгі бөлім 25

ІІІ Қортынды бөлім 5

С абақтың мазмұны

Уақыт өлшемі

Әдістемелік нұсқаулар

І Дайындық бөлімі

1.Сапта тұру

2.Сәлемдесу

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

4.Орнында тұрып бұрылу

А) оңға


Б) солға

5.Жүру жаттығулары

А) аяқтың ұшымен, қол белде

Ә) өкшемен, қол желкеде

Б) табанның ішкі жағымен

В) табанның сыртқы жағымен

Г) жартылай отырып, қол алға

Д) толық отыру

6.Жүгіру жаттығулары

А) жеңіл жүгіріс

Ә) тізені бүге, жоғары көтере, қол алда

Б) аяқты артқа бүге, қол артқа

В) аяқты алға тіке сермеп, қол белде

Г) оң сол жақ қапталымен қолды алға, артқа айналдыра сермеу

Д) арқа мен алға

7.Орнында жасалатын жалпы дамыту жаттығулары

А) аяқты иық көлемінде.Қолды белге, басты алға , артқа, солға, оңға иеміз.

Ә) аяқ иық көлемінде, қол кеуде тұста бір екі қолды бүгіп артқа сермейміз. Оң қолды жоғары көтеріп, артқа сермейміз. Сол қолды жоғары көтеріп артқа сермейміз.

Б) аяқ иық көлемінде, қол белде

1-2 оң жағымызға иілеміз

3-4сол жағымызға иілеміз

5-6 алға еңкейеміз

7-8 артқа шалқайамыз

В) негізгі тұрыс

Аяғымызды секіре бастапқы қалыпқа тұрамыз.

ІІ Негізгі бөлім

Жүгірудің негізгі тәсілі

-Жүгіріп келе жатқанда денені дұрыс ұстай білу. Жүгірген кезде кеудені дәл алдыға еңкейтіп, екі шынтақты бүгіп, екі қолды кезекпен ілгері кейін сермеп отыру керек. Жүгіргенде денені дұрыс ұстай білген оқушы ғана жоғары нәтижеге жетеді. Жүгіру үшін алдымен дайындық жаттығуларын орындау қажет.30-метр қысқа қашықтықта жүгіруге дайындық.

-«Сөреге!» деген команда бойынша оқушы аяқтарын көпіршелерге тіреп, аяқтың тізесін бүгіп, жерге тигізеді.Екі қолының жазылған саусақтарын сөре сызығының бойына иық кеңдігіндей етіп тірейді.

-«Дайындалыңдар!» деген команда бойынша оқушы жанбасты көтеріп иықты ілгері шығарады. Бұл кезде жаңбас иықтан шамалы жоғары болуы тиіс. Осы қалыпта жүгіруші соңғы команданы күтіп тұрады.

-«Марш!» деген бұйрық берлгенде жүгіруші қолын көтере беріп, алға қарай ұмтылады. Жүгіруге белгі берілгенде оқушы екі аяқты сөрелі көпіршеден бір мезгілде серпіп, қолды сермей тезәрі қуатты қимыл жасайды.

ІІІ Қорытынды

Санқа тұру, өтілген сабаққа қысқаша шолу жасау. Оқушылардын белсенділігіне қарай атап өту.


15 минут

25 минут


5 минут

Оқушылардын спорт киіміне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін естеріне салып өту, оқушылардын дұрыс бұрылуын қадағалау.

Денені тік ұста, тізені бүкпе, ара қашықтықты сақта

Қолды тереңірек айналдыр, тыныс алу жолдарына назар аудар.

Басты айналдырғанда көзді жұмбаймыз.

Аяқтын ұшын толық көтереміз. Қолды бүкпейміз, барынша сермеп жасаймыз.

Ережелерді сақтап жүгіру, көзді жұмбай жүгіру. Бір-бірлерін итермей, өз жолымен жүгіру.



Таңертеңгілік гимнастикалық жаттығу жасау керек


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет