Сыныптан тыс жұмыс Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат» Пән мұғалімі: Оңғарбай Ж. Ленинградское – 2008 ж Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат» Мақсаты



Дата16.06.2016
өлшемі52.62 Kb.
#141141
Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: « Физика әлеміне саяхат »


Пән мұғалімі: Оңғарбай Ж.

Ленинградское – 2008 ж

Тақырыбы: « Физика әлеміне саяхат »
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, 4 плакат,сиқырлы кубик, формулалар жазылған қағаздар, құрастырмалы формулалар жиынтығы, сыйлықтар.

Сабақтың барысы:
1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

Физика елінде,

Физика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып...
2 – жүргізуші: Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық.


1– жүргізуші: Әділ баға беретін,

Топ аралар сыншысы.

Әділ сыншы кәнекей,

Қарсалайық оқушы.

Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің « Физика әлеміне саяхат » кештігімізге хош келдіңіздер»! Кештігімізді ашық деп жариялаймыз!
2 – жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар –

Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы екі топ, әр топ алты ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші: Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкір озар,

Сұрақтары қиын болсын.


2 – жүргізуші: 1 – ші сайыс.Ойнымыздың I – бөлімі « Білімділік »

деп аталады.

Ойын шарты: сұрақ – жауап, әр топқа он сұрақтан қойылады.

Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:


1 – жүргізуші:

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

  2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

  3. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)

  4. Ең кішкентай заряд? (электрон)

  5. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)

  6. Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)

  7. Күш импульсі дегеніміз не? ( I=Ft, берілген бірдей уақыт ішінде күш әсерінің өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шама ).

  8. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)

  9. Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)

  10. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)

Екінші топқа қойылатын сұрақтар:
2 – жүргізуші:

  1. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)

  2. Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)

  3. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. ( адам )

  4. Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)

  5. Дене импульсі дегеніміз не? ( Р=mv, механикалық қозғалыстың өлшеуіші болып саналатын векторлық физикалық шама ).

  6. Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)

  7. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)

  8. Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі. ( )

  9. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )

  10. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ )


1 – жүргізуші:

Бұл адамдар ардақтаған халықты,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан зерек болсаң балақай,

Алыптарды әрқашанда танып қал.
2 – жүргізуші: 2 – ші сайысымыз.Ал, енді біздің ойнымыздың II – бөлімі

« Танымдылық » деп аталады.

Ойын шарты: Ғалымдардың суретіне қарап, олард тану,олардың есімін атау және қандай жаңалық ашқанын айту.



1 – жүргізуші: Кубикті лақтыр бағыңа,

Кездесті қандай формула.

Айтып жібер, ойлан тез,

Формула болды қандай кез.



2 – жүргізуші: Келесі сайыс « Сиқырлы кубик сайысы »

Ойын шарты: Берілген кубикті латырып,

ол кубикте берілген 1 – ден 6 – ға дейінгі

сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе,

онда сол санға сәйкес келетін номерленген қағазды

алып ондағы берілген формуланы табамыз.


Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін формулалар:

  1. .Джоль – Ленц заңы: өткізгіштен ток өткенде онда бөлінетін жылу ток кушінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың өту уақытына тура пропорционал.

  2. . Сыну заңы: түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген қос орта үшін тұрақты болып табылады.

  3. . Сұйықтың қысымы тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты.

  4. . Гармоникалық тербелістің теңдеуі

  5. шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалатын дененің сызықтық жылдамдығы. Бұрыштық және сызықтық жылдамдықтар арасындағы қатынас.

  6. . Серпімді деформацияның шамасы ( созылу және сығылу ) түсірілген күшке тура пропорционал.



1 – жүргізуші: Келесі сайысқа көшетін болсақ , келесі сайысымыз

« Шапшаңдық ». бұл сайыста екі топқа бірдей мазмұнды есептер беріледі.



Есептің берілгені:


  1. Индукциясы 0,4 м Тл біртекті магнит өрісіне орналасқан активті ұзындығы 0,5 см өткізгішке 2 Н күш әсер етеді. Ток күші магнит индукциясы сызықтарына перпендикуляр болса мәні неге тең болады?

  2. Магнит индукция векторына 300 бұрыш жасай орналасқан, ұзындығы 40 см өткізгішке 0,4 Н күш әсер етеді. өткізгіштен өтетін ток күші 2А. Магнит өрісінің индукциясы неге тең?


2 – жүргізуші: Соңығы сайысымыз « Бөлшектерден бір бүтін құрастыру ».

(2 топқа конвертке салынған формулалар жиныны мозайкасы

беріледі.)

1 – жүргізуші: Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.


2 – жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахымет, мың рахымет!


1 – жүргізуші: Осмен біздің кештігіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет