Сыртқа шығару ағзалары және олардың маңызы. Бүйректің қызметтері. Нефрон – бүйректің құрылыдық-әрекеттік бірлігі



Дата10.05.2023
өлшемі1.16 Mb.
#473491
Выделение.каз

  • Тақырыбы: Бүйрек физиологиясы.
  • Дәріс жоспары:
  • Сыртқа шығару ағзалары және олардың маңызы.
  • Бүйректің қызметтері.
  • Нефрон – бүйректің құрылыдық-әрекеттік бірлігі.
  • Несептің түзілу механизмі (гломерулалық сүзіліс, түтікшелердегі қайта сіңу, секреция мен синтез үрдістері).
  • Несеп түзілуі мен шығарылуының реттелісі.
  • Несеп түзілуі мен шығарылуының жас ерекшеліктері.
  • Бүйректің қызметтері
  • І. Экскреторлық. Зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуы (несеп арқылы).
  • ІІ. Инкреторлық. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі (ренин, медуллин, простагландин, брадикинин).
  • ІІІ. Экскреторлық емес:
  • АҚ реттелуі (ренин-ангиотензин жүйесі);
  • эритропоэзге қатысу;
  • қанның ұюына қатысу;
  • зат алмасуына қатысу (белоктар, майлар, көмірсулар);
  • Д3 витамнінің белсенуі.
  • Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді.
  • Нефронның құрылысы мен қанмен қамтамасыз етілуі
  • Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасқан:
  • Гексокиназа Nа+, К+ - АТФ-аза жоғарғы иірім түтікшелерде көбірек болады;
  • Сукцинатдегидраза (Nа+, К+ иондарын тасушы) негізінен Генле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлімінде өте аз шоғырланған;
  • Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайғыш түтіктің эпителиінде орналасқан.
  • Үш үрдістен тұрады:
  • Шумақтық сүзілу.
  • Түтікшелерде қайта сіңу.
  • Түтікшелердегі секреция.
  • Шумақтық сүзілу қан плазмасынан Шумлянский-Боумен капсуласына қарай жүзеге асады.
  • Нәтижесінде белоксыз плазма ультрафильтраты – біріншілік немесе провизорлық несеп түзіледі (тәулігіне 150-180 л).
  • Сүзілуге тосқауыл 3 қабаттан тұрады:
  • Капиллярлар эндотелиі.
  • Базалдық мембрана.
  • Капсуланың ішкі қабатының эпителиі (подоциттер).
  • Сүзілу кестесі
  • С.қ = К.қ – (О.қ + Қ.қ)
  • С.қ – сүзілу қысымы (20 мм.с.б.)
  • К.қ – шумақ капиллярларындағы қан қысымы (70 мм. с.б.)
  • О.қ – қан плазмасының онкотикалық қысымы (30 мм. с.б.)
  • Қ.қ – капсула қуысындағы сұйықтық қысымы (20 мм. с.б.)
  • Бүйрек түтікшелерінде судың 98-99%-ы қайта сіңеді:
  • Проксималдық бөлімде судың – 40-45%-ы;
  • Генле ілмегінде – 25-28%-ы;
  • дисталдық бөлімде - 10 %-ы;
  • жинағыш түтіктерде – 10-15 %-ы қайта сіңеді.
  • Генле ілмегінің төмен түсетін бөлімінде су (осмос градиенті бойынша пассивті түрде), несеп қышқылы қайта сіңеді;
  • Генле ілмегінің жоғары өрлейтін бөлімінде негізінен Na, K, Ca, Mg, CI иондары қайта сіңеді (активті тасымалдау, сукцинат дегидрогеназа);
  • Дисталдық иірім түтікшелер (Na, Ca, CI) мен жинағыш түтіктерде (Na, K, CI, мочевина) судың факультативті қайта сіңуі жүреді (антидиурездік гормонның (АДГ) әсерімен, ал Na – альдостерон әсерімен).
  • Бүйректің айналдыра кері ағызу жүйесі (осмостық қоюланған несептің түзілу механизмі).
  • Соңғы несептің құрамы
  • (1000-1500 мл)
  • Органикалық заттар
  • Бейорганикалық заттар
  • Мочевина.
  • Несеп қышқылы.
  • Креатинин.
  • Гиппур қышқылы.
  • Урохром, уробилин.
  • Na+, K+, Ca2+, Mg2+, NH4+
  • Cl-, SO4-, PO42-
  • Бүйрек қызметінің реттелуі
  • І. Жүйкелік:
  • - парасимпатикалық (М-холинорецепторлар арқылы – тамырларды кеңитеді) – Na мен судың реабсорбциясын төмендетеді; - ал су, Na, CI, K, Ca және фосфаттар экскрециясын жоғарлатады;
  • - симпатикалық (афферентті және эфферентті артериолалардың α-адренорецепторлары арқылы – тамырларды тарылтады) – Na мен су реабсорбциясын жоғарлатады, диурез азаяды.
  • ІІ. Гуморалдық
  • ІІ. Гуморалдық реттелуі:
  • Гормондар:
  • АДГ (антидиурездік гормон)
  • Альдостерон
  • Натрийуретрлік гормон
  • Паратгормон
  • Тиреокальцийтонин
  • Адреналин
  • Тироксин
  • Соматотропты гормон
  • Инсулин


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет