- Тақырыбы: Бүйрек физиологиясы.
- Дәріс жоспары:
- Сыртқа шығару ағзалары және олардың маңызы.
- Бүйректің қызметтері.
- Нефрон – бүйректің құрылыдық-әрекеттік бірлігі.
- Несептің түзілу механизмі (гломерулалық сүзіліс, түтікшелердегі қайта сіңу, секреция мен синтез үрдістері).
- Несеп түзілуі мен шығарылуының реттелісі.
- Несеп түзілуі мен шығарылуының жас ерекшеліктері.
- І. Экскреторлық. Зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуы (несеп арқылы).
- ІІ. Инкреторлық. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі (ренин, медуллин, простагландин, брадикинин).
- ІІІ. Экскреторлық емес:
- АҚ реттелуі (ренин-ангиотензин жүйесі);
- эритропоэзге қатысу;
- қанның ұюына қатысу;
- зат алмасуына қатысу (белоктар, майлар, көмірсулар);
- Д3 витамнінің белсенуі.
- Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді.
- Нефронның құрылысы мен қанмен қамтамасыз етілуі
- Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасқан:
- Гексокиназа Nа+, К+ - АТФ-аза жоғарғы иірім түтікшелерде көбірек болады;
- Сукцинатдегидраза (Nа+, К+ иондарын тасушы) негізінен Генле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлімінде өте аз шоғырланған;
- Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайғыш түтіктің эпителиінде орналасқан.
- Үш үрдістен тұрады:
- Шумақтық сүзілу.
- Түтікшелерде қайта сіңу.
- Түтікшелердегі секреция.
- Шумақтық сүзілу қан плазмасынан Шумлянский-Боумен капсуласына қарай жүзеге асады.
- Нәтижесінде белоксыз плазма ультрафильтраты – біріншілік немесе провизорлық несеп түзіледі (тәулігіне 150-180 л).
- Сүзілуге тосқауыл 3 қабаттан тұрады:
- Капиллярлар эндотелиі.
- Базалдық мембрана.
- Капсуланың ішкі қабатының эпителиі (подоциттер).
- С.қ = К.қ – (О.қ + Қ.қ)
- С.қ – сүзілу қысымы (20 мм.с.б.)
- К.қ – шумақ капиллярларындағы қан қысымы (70 мм. с.б.)
- О.қ – қан плазмасының онкотикалық қысымы (30 мм. с.б.)
- Қ.қ – капсула қуысындағы сұйықтық қысымы (20 мм. с.б.)
- Бүйрек түтікшелерінде судың 98-99%-ы қайта сіңеді:
- Проксималдық бөлімде судың – 40-45%-ы;
- Генле ілмегінде – 25-28%-ы;
- дисталдық бөлімде - 10 %-ы;
- жинағыш түтіктерде – 10-15 %-ы қайта сіңеді.
- Генле ілмегінің төмен түсетін бөлімінде су (осмос градиенті бойынша пассивті түрде), несеп қышқылы қайта сіңеді;
- Генле ілмегінің жоғары өрлейтін бөлімінде негізінен Na, K, Ca, Mg, CI иондары қайта сіңеді (активті тасымалдау, сукцинат дегидрогеназа);
- Дисталдық иірім түтікшелер (Na, Ca, CI) мен жинағыш түтіктерде (Na, K, CI, мочевина) судың факультативті қайта сіңуі жүреді (антидиурездік гормонның (АДГ) әсерімен, ал Na – альдостерон әсерімен).
- Бүйректің айналдыра кері ағызу жүйесі (осмостық қоюланған несептің түзілу механизмі).
| | - Мочевина.
- Несеп қышқылы.
- Креатинин.
- Гиппур қышқылы.
- Урохром, уробилин.
| - Na+, K+, Ca2+, Mg2+, NH4+
- Cl-, SO4-, PO42-
| - Бүйрек қызметінің реттелуі
- І. Жүйкелік:
- - парасимпатикалық (М-холинорецепторлар арқылы – тамырларды кеңитеді) – Na мен судың реабсорбциясын төмендетеді; - ал су, Na, CI, K, Ca және фосфаттар экскрециясын жоғарлатады;
- - симпатикалық (афферентті және эфферентті артериолалардың α-адренорецепторлары арқылы – тамырларды тарылтады) – Na мен су реабсорбциясын жоғарлатады, диурез азаяды.
- ІІ. Гуморалдық
- Гормондар:
- АДГ (антидиурездік гормон)
- Альдостерон
- Натрийуретрлік гормон
- Паратгормон
- Тиреокальцийтонин
- Адреналин
- Тироксин
- Соматотропты гормон
- Инсулин
Достарыңызбен бөлісу: |