Сіздерді ойынымызға шақырамыз



Дата22.02.2016
өлшемі41.68 Kb.
#498




Қымбатты «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойынына жиналған көрермендер мен осы ойынға тәуекелін ту етіп келген ойыншылар!
Сіздерді ойынымызға шақырамыз,

Есеппенен бастарыңызды қатырамыз

Физика, Математика, Информатиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толықтырамыз.


Бүгінгі біздің ойыншыларымыз:

1

2



3

4

5



6

Ал құрметті , ойыншылар! Дайындалуларыңыз сұралады, бірінші айналым «Қас қағым сәт» деп аталады. Олай аталу себебі, бұл айналымда, дұрыс жауап беруден бұрын тетікті басуда жылдамдық танытасыздар. Дайын болсаңыздар мынандай сұрақ:


1. Ақгүл, Қызылгүл, Қаракөз – үш құрбы кездесіп қалады. Олардың біреуінің үстінде ақ көйлек, екіншісінде қызыл көйлек, ал үшіншісінде қара көйлек бар. Ақ көйлекті қыз Қаракөзге былай дейді: «Егер біз үстіміздегі көйлектерімізді ауыстырып кисек, көйлектеріміздің түсі атымызға сай келеді» дейді. Кездескен кезде қыздардың көйлектерінің түсі қандай болған?

Ақгүл-қара, Қызылгүл-ақ, Қаракөз-қызыл


2. Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда мұғалім: «Ешқайсың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы 3 емес, Анардың бағасы 3-те, 5-те емес. Сонда әркім қанша баға алған.

Әсем-5, Анар-4, Ардақ-3


3. Ұлы ғалымдарды берілген цифрлар бойынша атап шық. Платон, Архимед, Фалес.


1

2

3










Фалес

Платон

Архимед



Ойынымыздың 2-ші айналымы «Мииллион кімге бұйырады?».

Ойынның ережесі бойынша 3 ойыншы 2-ші айналымға өтті. Олар:

1. 2. 3.
Енді ойынның ережесімен таныстырып өтейін. Ойын 5 сұрақтан тұрады.

1 сұрақ – 100 теңге

2 сұрақ – 1000 теңге

3 сұрақ – 10000 теңге

4 сұрақ – 100000 теңге

5 сұрақ – 1000000 теңге

Кез келген жағдайда сұрақтарға жауап беріп, ұтысқа ие бола аласыз.

2 жеңілдігіміз бар

- 50:50,


- досыңызға телефон шалу.

Ойынды кез келген уақытта тоқтатып, ұтысыңызды ала аласыз. Ойынның барысы түсінікті болса, сәттілік тілейміз.


Ойынымызда 1 ойыншы:------------------------------------------

Дайынсыз ба? Дайын болсаңыз ойынымызды бастаймыз.


1 сұрақ – 100 теңге.

1. 1 байтта 8 бит, 1 символдың өлшемі 1 байт екені белгілі. Компьютердегі 10 символдың өлшемі неге тең?

1. 8 кбайт

2. 80 бит

3. 8 мбайт

4. 80 байт


2 сұрақ – 1000 теңге.

2. Ксероксты 1938ж американ өнер тапқышы ойлап тапқан, оның аты жөнін білесіз бе?

1.Джон Дальто

2.Честер Карлсон

3.Каспар Энен

4.Джей Прик


3 сұрақ – 10 000 теңге.

3. Бірінші электрондық есептеуіш машинасы 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды. Ол қалай аталады?

1.Марк-1

2.Минск-22

3.Eniac

4.Edsac


4 сұрақ – 100 000 теңге.

4. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің кішісі кім?

1.Арман

2.Аян


3.Аян,Арман

4.Абзал
5 сұрақ – 1000 000 теңге.

5. Шоколад плиткасы 4 жол 8 бағанадан тұратын майда бөліктерден құралған. Оны әр бөлгенде бір бөліктен сындырса, ең аз дегенде неше рет сындыру арқылы майда бөліктерге бөлуге болады?

1.31 2.32 3.30 4.33


Оймен қане, көк теңізін кешіңдер,

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі сұрақтар!

Айтылғанда зор аспани жұмбақтар,

Зейін салып, зердеменен шешіңдер.


Ойынымызда 2 ойыншы:--------------------------------
1 сұрақ – 100 теңге.

1. Аталған құрылғылардың ішінде онсыз компьютердің жұмысы мүмкін емес құрылғыны көрсет:

1.Жад

2.CD-ROM


3.Дисжетек

4,Маус
2 сұрақ – 1000 теңге.

2.Барлық араб цифрларының көбейтіндісі неге тең?

1.нөл


2.сан жетпейді

3.шексіз


4.бір
3 сұрақ – 10 000 теңге.

3.Бірінші ғарыштың жылдамдығы нешеге тең?

1.7,9 км/сағ

2.6,12 км/сағ

3.7,5 км/сағ

4.7,1 км/сағ


4 сұрақ – 100 000 теңге.

4. Арман, Аян, Абзал , Қуат төртеуі далада ойнап жүр. Егер Абзалдың ең биік еместігі, бірақ ол Аян мен Қуаттан биік, ал Қуат Аяннан биік еместігі белгілі болса, қысқа бойлы бала қайсы?

1.Қанат

2.Мәлік


3.Қуат

4.Қайрат
5.Дүние жүзіндегі тұңғыш электромагниттік телеграфты ойлап шығарған ғалым

1.Орыс ғалымы Шиллинг

2.Голландия физигі Гюйгенс

3.Ағылшын ғалымы Юнг

4.Француз ғалымы Френель


Архимед, Паскаль, Ньютондай жаңалық ашар,

Болса үміткер, осы ойында үлес қосар.

Ұлы математик, информатик, физиктің ізін басар

Біздерде бар ма екен талапкер?!
Ойынымызда 3 ойыншы:-----------------------
1 сұрақ – 100 теңге.

1. Компьютердің миы

1.Оперативтік жад

2.Қолданушы

3.Микропроцессор

4.Операциялық жүйе


2 сұрақ – 1000 теңге.

2.Ең бірінші телефонды кім жасады?

1.Г.Герц

2. И.Ньютон

3.А.Белл

4.К.Циолковский


3 сұрақ – 10 000 теңге.

8. Компьютер – блокнот

Laptop

Handheld


Notebook

Стационарлы компьютер


4 сұрақ – 100 000 теңге.

4.Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген ғалым

1.Ньютон

2.Ампер


3.Коперник

4.Әбу Райхан Әл-Бируни


5 сұрақ – 1000 000 теңге.

5. Миллион деген сөзді қазақ арасына 1879 жылы Орынборда «дала қоңырауы» атанған қай ағартушы жеткізді?

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

Ш.Уалиханов

А.Байтұрсынов


Ойынымызды аяқтайтын уақыт та таяп қалды, сөз кезегін бағдарламаның бас демеушісі -политехникалық пәндер бірлестігінің жетекшісі Бәтен Қасқатайқызына берейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет