«Үздік информатик тобы» сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке , ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар
1-топ: « Логика» тобы
2-топ: «Алгоритм» тобы
3-топ: «Цикл» тобы
Сайысты бастамас бұрын , алдымен сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
................................................................
...............................................................
...............................................................
Сайыс 6-кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1-кезең: «Сергіту»
2-кезең: «Қай сөз артық?»
3-кезең: «Қатесін тап»
4-кезең: «Сен білесің бе?»
5-кезең: «Венгр сөзжұмбағы»
6-кезең: «Қызықты ойын»
1-кезең. «Сергіту»
Ойынның шарты: Әр командаға 5 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І-топқа қойылатын сұрақтар:
Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
Процессор – компьютердің миы. (иә)
ІІ-топқа қойылатын сұрақтар:
Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. (иә)
1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)
1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
ІІІ-топқа қойылатын сұрақтар:
Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ. (иә)
Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
Информатика-ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)
Достарыңызбен бөлісу: |