Сүйіспеншілік – отбасының моральдық негізі



Дата12.11.2022
өлшемі16.29 Kb.
#464647
Сүйіспеншілік - отбасының моральдық негізі


Сүйіспеншілік – отбасының моральдық негізі
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы қоғамның тұрақтылығы мен келесі ұрпақ тұрғындары санының орнын толтыруға мүмкіндік беретін, негізгі институттарының бірі болып табылады. Адам бүкіл өмірінің барысында әрқилы көптеген топтардың құрамына мүшелік еткенімен, тек отбасы ғана ешқашан ажырамайтын топ болып қала береді. Отбасы әлеуметтік ұйымдасудың ең кеңінен таралған түрі болып табылады. Отбасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, швед тарихшысы Иоганн Якоб Баховеннің «Аналық құқық» атты еңбегінің жарық көрумен байланысты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастайды. Баховен отбасының тарихы жөніндегі тарихи бастау ретінде ілкі заманның классикалық әдебиеттерін талдай келе, алғашқылардың бірі болып, көне дәуір аңыздарының әйел мен еркектің қоғамдағы өзара қатынастарындағы тарихи өзгерістерді сипаттайтынын көрген. Маңызы жоғары әлеуметтік институттарды сөз еткенді біз олардың қатарынан бірінші жоспарда отбасын атаймыз.
Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасының көп жанды – бала шағалы болуын тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы, адамдардың онда жақсы өмір сүруі отбасының құрамына байланысты болған. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» дегенінің мәнісі де осында.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым–қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда өз бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден-ақ қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері де жерде қалдырмайды, ал үй-ішінің шылбыр тізгінін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тілек–ұсыныстарын елеп–ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.
Отбасының бейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы – орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ата –ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату–тәттілік,береке –бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне–көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер», «Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық», «Анасына қарап, қызын ал» деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендігін айтады. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай аунап – қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз үйіне қайтып оралғанда, төрінің тарлығынан көсілгенде сирағы сыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: «Ай-хай, менің боз үйім, кең сарайдай өз үйім», – деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында да «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» деген тамаша нақыл бар. Алайда, бала онда ата–ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен шешенің жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп–инабат тағлымдарын алуы, оларды меңгеріп, іс жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр талап ететін жолынан өтуі тиіс. Соның бірі – үлкендердің ақыл-кеңесі, өсиеті. Мұны жай ақыл айту, құрғақ насихатшылдық, қарттардың кәдуілгі әдеті деп қарау – қате. Онда сен жақсы бірдеңеге үйреніп қалсын деген ниет қана емес, үлкен өмір тәжірибесі, жастығына байланысты сен жете мән бере қоймайтын құнды сабақ бар. Соны құлаққа іліп, зердеге түйіп өскен жастан көп жақсылық күтуге болады. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – деген ғой кемеңгер Абай.
Отбасы бұл – адамзат қоғамының басты институты . Отбасы институты бірінші кезекте едәуір жекелеген көптеген институттарды, атап айтқанда: неке институтын, туыстық институтын, аналық жіне аталық институттарын, жеке меншік интститутын, балалық шақты әлеуметтік қорғау және қамқорлыққа алу институтарын және т.б.қамтиды.
Отбасының аса маңызды қызметтеріне:
1) халықтың ұдайы өсуі – адамның отбасында физикалық және рухани-адамгершілік ұдайы өсуі;
2) тәрбиелік қызметі – жас ұрпақтың әлеуметтенуін, қоғамның ұдайы қсуінің мәнени қамтамасыз етілуі;
3) шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің дене денсаулығын қолдау, балаларға және отбасындағы қарт адамдарға қамқорлық;
4) экономикалық – отбасы мүшелерінің басқалары үшін материалды қаражаттарды алуы, кәмелеттік жасұа толмағандарды және қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін экономикалық қолдау;
5) рухани қарым-қатынас қызметі – отбасы мүшелері тұлғасының дамуы, рухани өзара байуы;
6) әлеуметтік-мәртебелік – отбасы мүшелеріне нақты мәртебені ұсыну, әлеуметтік құрылымның ұдайы өсуі;
7) бос уақыт – бос уақытты ақылға қонымды етіп ұйымдастыру, қызығушылықтардың өзара байуы;
8) эмоциялы – психологиялық қамқорлық пен эмоциялы қолдауға ие болу, индивидтердің эмоциялы тұрақталуы және олардың психологиялық терапиясы;
9) бастапқы әлеуметтік қадағалау қызметі – тіршілік әрекеттерінің әрқилы аумақтарында отбасы мүшелері мінез-құлықтарының моральды реттелуі, содай-ақ ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы жауапкершіліктің жіне міндеткерліктердің реттелуі жатады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет