1. Сызықтық құрылымның сипаттамасы; Функционалды құрылымның ерекшеліктері; Сызықты-штабты құрылымның маңызы



бет1/5
Дата24.01.2024
өлшемі119.01 Kb.
#489712
  1   2   3   4   5
stud.kz-70069


ЖОСПАР


І КІРІСПЕ


Басқару құрылымы туралы жалпы түсінік


ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. Сызықтық құрылымның сипаттамасы;
2. Функционалды құрылымның ерекшеліктері;
3. Сызықты-штабты құрылымның маңызы;
4. Сызықты – функционалды басқару құрылымы;
5. Матрицалық құрылымның ұйымдастырылуы.


ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ


ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

І КІРІСПЕ
Басқару құрылымы туралы жалпы түсінік


Басқару кұрылымы — басқару деңгейлерінің теменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы.
Социология ғылымы классиктерінің бірі М.Вебер әкімшілік басқарудың "идеалдық типін", "бюрократия" теориясын жасады. Оның негізгі сипаттамалары мынандай:

  • белгілі бір ұйым алдында тұрған мақсатқа жету үшін қажетті барлық іс-әрекеттер қарапайым амалдарға жіктеліп, оларды атқарушы әр буынның міндеті қатаң түрде ресми анықталуы керек. Еңбектің барынша жіктелуі басқару жүйесінің барлық буындарында өз міндеттерін тиімді орындау үшін толық жауапкершілікте болатын сарапшы мамандарды пайдалануға жағдай туғызады:

· ұйым әкімшілік иерархия принципі бойынша, яғни
төмен тұрған қызметкер, не бөлімше жоғары тұрғанға бағынады. Әкімшілік иерархиядағы әрбір қызметкер жоғары тұрған бастықтың алдында өзінің ғана емес, барлық бағыныштыларының іс-әрекеттері үшін де жауап береді;
· ұйым қызметі ережелер мен нұсқаулардың жүйесімен
реттеліп отырады. Нақтылы ережелер мен нұсқаулар ұйымның әрбір мүшесінің жауапкершілігі мен олардың жеке іс-әрекеттерін үйлестіру нормаларын анықтап отырады;
· ұйымның жоғары деңгейде қалыпты жұмыс жасауы
жеке ойлар мен көңіл-күйдің, симпатия мен антипатияның жок,тығына негізделеді. Қызмет бабындағы симпатияларды жою — барлық қызметкерлердің мүдделеріне жауап беретін, әкімшілік қызметіндегі демократиялық принциптерді дамыта түсетін қолайлы фактор;
· басқару жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігі олардың атқарып отырған қызметіне сай келуіне негізделіп, кызметкерлер ешбір негізсіз жүмыстан босатудан қорғалуы керек. Ұйымдағы қызмет мансаппен тығыз байланысты, сондықтан да қызметкерлердің тәжірибесіне, не жемісті жұмысына қарай қызмет бабымен өсуін қамтамасыз ететін жүйе болуы керек. Кадрларға катысты осьшдай саясаттың жүргізілуі қызметкерлердің арасында "бірлік рухын" дамытады. Оларды бастама ұйым ісіне барынша берілгендікке тәрбиелейді;
· ұйымның қызметкерлерді жұмысқа алуы оған үміткерлердің кәсіби біліміне негізделеді, лауазымды қызметкерлер сайланбайды, тағайындалады, сондықтан да олар сайлаушыларға емес, өзінен жоғары тұрган бастықтарға тәуелді. Ұйымның барлық қызметін арнайы әкімшілік штаты басқарады; оларға ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы тиімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету міңдеттеледі.
Бұл басқарудың типтік құрылымы. Басқару құрылымын тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Аткарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келе жаткан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлык, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желлілік-штабтық кұрылым болады.
Менеджмент теориясы мен практикасында бірнеше басқару құрылымдары бар. Басқару құрылымның негізгі түрлері 1-сызбада көрсетілген:



1-сызба. Басқару құрылымның түрлері

Социология ғылымы басқару ісін басқарылатын жүйеге мақсатты түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бүған ақпарат ағымының өсуі елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген баскару үшін ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім қабылдау үшін қорықпаудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден, соңында жаңа ақпарат алудан тұрады.


Сонымен, басқару әртүрлі деңгейде: аймақты, республиканы, саланы басқарудан кәсіпорын ұжымын, оның бөлімшелерін, жеке адамдарды басқаруға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан да басқару құрылымында басшының орны мен рөлі ғана емес, басқару істерімен айналысатын субъектілер де ерекше орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет