География сабағы, 8 сынып
СҚО обл
Ғ.Мүсрепов атындағы аудан
Гаврилов орта мектебі
Аяшева.Ж.С.
Тақырып:Қазақстан топырағы.
1.Мақсаты:
-
Топырақты механикалық құрылымына қарай жіктелу ерекшеліктерін, топыраққа әсер етуші факторларды түсіндіру.
-
Оқушыларды өз шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көріп, өз бетімен жұмыс жасап, талдай білуге, қорытынды айта білуге үйрету.
-
Патриоттық, отан сүйгіштік тәрбиеге баулу, экологиялық тәрбие беруге түрткі жасау: топырақ ресурстарын ұтымды пайдалануға шақыру.
2.сабақтың түрі аралас
3 әдіс-тәсілдер: топтық, ұжымдық, жеке, интеактивтік тақтада схема, картамен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, электронды оқулықпен жұмыс.
4 Көрнекіліктер:Қазақстанның физикалық картасы, 8 сынып атласы, интерактивті тақта, электронды оқулық кескін карта,сурет,кесте,схема.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды 4топқа бөліп орналастыру
2.Қызығушылықты ояту бөлімі.Үй тапсырмасын сұрай отырып,жаңа саббаққа көшу.Жұмыстың түрлер:
а) оқушылардың шығармашылық жұмыстары,рефераттарын;
ә ) тест жұмысы
1. Қазақстан астанасы орналасқан өзен:
а) Жайық б ) Есіл
ә ) Ертіс
2. Рахманов бұлағы қайда орналасқан?
а) Алтайда б ) Қаратауда
ә) Іле Алатауында
3Есіл өзеніндегі судың ең төмен кезі
А) жазда б) күзде
ә) қыста
4. Солтүстік Мұзды мұхитының алабына жататын өзен.
а) Ертіс б) Іле
ә ) Жайық
5. Қазақстандағы жер асты суының мол қоры:
А) Каспий маңы ойпаты
ә) Мойынқұм
б ) Шығыс Қазақстан
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы топ бойынша толтыру
Б) Сөзжұмбақ.
1. Қазақстанның ең ұзын өзені.
2.Арал теңізі алабының өзені
3.Іле өзеніндегі бөген
4.Жер асты суы мол жер
5.Тұран Тақтасында орналасқан теңіз
6.Шипалы әсері бар минералды су
7.Іле өзені құятын көл.
Жаңа сабақ.
Тақырыбы: Қазақстанның топырағы және оның түрлері.
Жоспар:
1.Топырақ құрушы факторлар.
2.Топырақтың мехарикалық құрылымы.
3. Қазақстандағы топырақтың түрлері.
4. Өлкеміздің топырағы.
1.Электронды оқулықпен жұмыс.
а)Топырақ типтері.
б)Сортаңдар.
в)Топырақ және жер ресурстары.
г)Топ оқулықпен жұмыс жасап, мына сызбаға сәйкес жауап іздейді. Ол үшін топ жетекшілері өздеріне тапсырма суырады .
Климаттың әсері Тірі организмдердің
әсері
Адамның әсері Топырақ құрушы фактор Жер бедерінің әсері
Әр топта жұппен талдап, сосын топтасып бір спикер түсіндіреді.Қажет болған жағдайда басқа топ мүшелері көмектеседі.
2. Топырақтың механикалық құрылымын анықтауда мұғалім қысқаша түсінік береді,яхни құрылымды топырақ саз бен қара шіріктен құрылымы жоқ топырақ құмды саздауыт болатындығын айтады. Содан соң оқушылардан айырмашылығын, себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, екеуін салыстырып, Венн диаграммасын толтыру тапсырылады.
Құрылымды Интерактивті тақтаға Құрылымы жоқ
3.Қазақстанның топырақ түрлеріментаныстыру үшін қосымща әдебиеттерді, суреттерді пайдаланып, шаруашылық маңызды айтады.Атласты пайдалану арқылы оқушыларға өлкеміздің топырағын анықтауға тапсырма беріледі.
4.Өлкеміздің топырағын, оның түрлерін, таралуын түсіндіру үшін оқушыларға берілген шығармашылық жұмыстар тыңдалады.
Қорытынды
4 топқа СТО-дың “бір тақырыпқа әр түрлі жазу” стратегиясы бойынша тапсырмалар беріледі.
1-топ.Туған өлке тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.
2-топ.Топырақ сөзіне 5 жолдық өлең құрастыру.
3-топ.Кескін картаға Батыс Қазақстан облысының топырақ белдемін түсіру.
4-топ. Не білдің?
Белгіленген уақыт ішінде әр топ өз жұмыстарын өз қиялдарымен әр түрлі пішінде көркемдеп, тақтаның белгіленген жеріне іліп, талдайды.
Бағалау
Үйге a)&35, &36-ның 1тақырыпшасы; ә) кескін-картаға топырақ белдемін түсіру; б) қосымша мәліметтер жинақтау тапсырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |