Согласие на сбор, обработку персональных данных (по состоянию на 2022 г.)



Дата20.05.2024
өлшемі23.49 Kb.
#501512
НОБД студенттин растау келисими


Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру



«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 94-V Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Заң) сәйкес,
Мен, ____________________________________________________________________________(бұдан әрі -Субъект), Қазақстан Республикасының азаматы,_____________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
[жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні және оны кімнің бергені],
ЖСН__________________, нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы:________________________________
, тіркелген мекенжайы: ________________________________________________
, __________________________________________________________________
_________________________________________________________________________келісім беремін.
(бұдан әрі – Колледж) Заңға қайшы келмейтін тәсілдермен менің келесі дербес деректерімді (өзім туралы), сондай-ақ оларға электрондық, қағаз тасымалдағыштарда жазылған болашақта орын алатын өзгерістер және (немесе) толықтыруларды жинау, өңдеу және трансшекаралық тасымалдау үшін және (немесе) басқа да материалдық тасымалдағыштарда, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей:

  1. мемлекеттік және жеке ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті мәліметтер және көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттар: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); азаматтық; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері; туған күні мен мәліметтері;

  2. байланысты жүргізуге арналған мәліметтер және көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттар: нақты тұрғылықты жері туралы мәліметтер; тіркеу орнының мекенжайы туралы мәліметтер; байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы және т.б.);

  3. білімі туралы мәліметтер және көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар: аяқталған және (немесе) аяқталатын білім деңгейлері туралы мәліметтер (оның ішінде бастауыш; негізгі орта; орта білім (жалпы орта, техникалық және кәсіптік); орта білімнен кейінгі; жоғары; жоғары оқу орнынан кейінгі) ; ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; тілді меңгеруі; біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер және т.б.;

  4. әскери міндетті тұлғаларды және әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды әскери есепке алу туралы мәліметтер және көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар;

Субъектінің (ол туралы) дербес деректерін Колледжге жинау, өңдеу және трансшекаралық беру келесі мақсаттарда, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей жүзеге асырылады:

  1. Колледжге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтар мен міндеттерді тиісінше орындау мақсатында;

  2. Колледждің ішкі бақылау және есепке алу, сондай-ақ Субъектінің және Колледждің тиісті мәмілелер (келісімшарттар, келісімдер және т.б.) бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындауын бақылау және растау үшін;

  3. тәжірибелік оқыту және жұмыспен қамту мониторингі шеңберінде ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне беруге.

Мен растаймын:

  1. осы келісім Колледжбен барлық қатынастарға, оның ішінде бұрыннан бар және (немесе) осы келісімді беру кезінде туындайтын, сондай-ақ болашақта туындайтын және жарамды кез келген басқа қатынастарға қолданылады.

  2. осы келісім бойынша колледжге үшінші тұлғалардың дербес деректерге қол жеткізу шарттарын дербес анықтау құқығы беріледі.

  3. Колледжден дербес деректерді жинау, өңдеу және трансшекаралық беру кезінде Субъектіні хабардар ету талап етілмейді;

  4. бұл келісім үшінші тұлғаларға Субъектінің жеке деректерін жинау, өңдеу және трансшекаралық беру үшін Колледждің қажетті өкілеттіктері бар екендігінің дәлелі ретінде берілуі мүмкін;

  5. егер менімен (Субъект) Колледж арасында жасалған тиісті келісім(-дер) немесе басқа мәмілелер Колледждің Субъектінің дербес деректерін ашық байланыс арналары арқылы беруін көздесе немесе көздейтін болса, Субъект оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз алу қаупі туралы біледі және өзі осындай қауіпті қабылдайды;

  6. Колледж Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Субъектінің келісімінсіз дербес деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге құқылы;

  7. Колледж Заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізілген шарттарды орындаған жағдайда, болашақта менің (өзім туралы) жеке деректерімді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қатысты Колледжге қандай да бір шағымдарым болмайды.

Мен (біз) осы келісімнің мәтінімен оқып, таныстым, ешқандай толықтырулар, ескертулер және қарсылықтар жоқ.





Субъект:









[күні] жылы.



Қолы

Тегі, аты-жөні (толық аты-жөнін қолмен жазу керек)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет