СөЖ №2 Пән: Электроника Тақырыбы: Фотоэлектрлік аспаптар



бет3/5
Дата30.11.2022
өлшемі0.52 Mb.
#466169
1   2   3   4   5
stud.kz-88145

2. Фотоэлектрлік аспаптар.
Фотоэлектрондық аспаптар - оптикалық ауқымдағы электромагниттік сәулеленудің энергиясын электр энергиясына түрлендіретін немесе көрінбейтін (мысалы, инфрақызыл) сәулелердегі кескіндерді көрінетін кескіндерге түрлендіретін электровакуумдық немесе шалаөткізгіш аспаптар. Фотоэлектрондық аспаптар ақпаратты сақтауға, жинауға, таратуға және қайталап шығаруға арналған. Фотоэлектрондық аспаптардыңжүмыс қағидасы фотоэффектіге негізделген. Фотоэлектрондық аспаптарға әр түрлі фотоэлементтер, фотоэлектрондық көбейткіштер, фоторезисторлар, фотодиодтар, электронды-оптикалық түрлендіргіштер және т.б. жатады. Сәуле шашатын диод ауысуы аймағынын энергия кванттарын шашатын диод. Жарық диоды корінетін спектр аймағында,ал инфрақызыл диод корінбейтін спектр аймағында жарық шашатын диод.заряд тасымалдағыштардың рекомбинациялануы энергия кванттарының бөлініп шығуына әкеліп соғады. Жарық диодтары индикаторлары ретінде қолданылады. Инфрақызыл диод оптоэлектрондық қүрылғыларды сәуле шашушы ретінде қолданылады. Жарық диоды арнайы қүрастырлған диод,мүнда жарық сәулелерінің ауысу аймағынан корпустың мөлдір терезелері арқылы өтуіне жағдай жасалынған. Фотодиодтыңжүмыс істеу үстанымы фотогальваникалық эффектіге негізделген және фото сезімтал элементі жартылай өткізгішті диод. Фотодиод сапасы ең алдымен сәуле көмегімен фото тоқты басқару тиімділігімен анықталады.


3. Фоторезисторлар.
Фоторезистор – өзінің кедергісін жарық әсерінен өзгертетін, жартылай өткізгішті құрал. Фоторезистордың әрекеті ішкі фотоәсер құбылысының қолданысында негізделген. Оның мәні, жарық қуатының әсерінен жартылай өткізгіште қосымша заряд тасушылар, электрондар мен жыртықтар пайда болады, яғни қосымша жартылай өткізгіштің фотоөткізгіштігі пайда болады.  Тоқ бағытына тәуелсіз, бірдей өткізгіштігі болады, себебі p – n ауысуы жоқ. Әдетте қараңғыланған фоторезистордың 1 – 200 МОм аралығында кедергісі болады, жарық түскен жағдайда бұл көрсеткіш 2 – 3 есе азайады. Фоторезистордың басты артықшылығы – жарықтан тікелей тәуелділігі, сондықтан оларды аналогті құрылғыларда қолданған өте тиімді.

4-сурет. Фоторезистор
Фоторезисторды тағайындау үшін күбі мен қорғасынның күкіртпен араласуы қажет.
Эксплуатациондық мүмкіндіктерін көрсететін фоторезисторлардың параметрлері:

  • қаранғылық тоғы Iқ, жарықтың алуынан кейін,берілген жұмыс режимінде 30 с кейін тізбекте фоторезистордың ағуы;

  • қаранғылық кедергісі Rк – фоторезистордың 20o С кедергісі;

  • жарық тоғы Iсв – ток белілген жұмыс кедергісінде және 200 лк жарықтылықта ;

  • фототок Iф – жарықтық және қаранғылық ток арасындағы ерекшеліктер ;

– жұмыс кедергісі – ұзақ эксплуатациякезіндегі зақымданусыз фоторезисторға жұмсалуы;
Рдоп – 20o С фоторезистордың мүмкін шашырау күші оның зақымдануысыз қоршаған ортаның 20o С температурасында анықталады .
Фоторезисторлардың негізгі қасиеттерінің бірі –жоғары салыстырмалы интнгралдық сезімталдығы. Жоғары сезімталдық фоторезисторларды кушейткішсіз қолдануға жағдай жасайды. Фоторезисторлардың негізгі кемшіліктеріне: екпіндік және температураның қатты әсер етуі.

5-сурет. Фоторезистордың шартты таңбалануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет