СӨЖ 7: Тәрбиенің әдістері және құралдары
Сұрақтар:
Сананы қалыптастыру әдістері.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері.
Ынталандыру әдістері.
Педагогикалық қолдау, оның мәні және ұйымдастыру жолдары.
Тәрбиенің құрал-жабдықтары мен формалары.
1.Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;• әңгімелесу;• пікірталас;• лекциялар;• өнеге;• көндіру (суггестия).
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі — оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып,жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа
адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке,
мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
3. Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы жеке тұлғаның мотиві, яғни түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.
Жарыс. Педагогикалық үрдісте жарысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне қарай, олардың жарысқа түсуге ынталы екенін, үнемі бірінші орынға ұмтылысын, өз күш-қайратына сенім артатынын ескеруі тиіс. Оқуда, еңбекте, спортта өз жетістігін көрсету үшін жарыстың пайдасы зор, балалардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеті артып, жаңа бастама көтеріп, жауапкершілік, ұжымдық қатынастары дамиды. Жарыс оқу сапасын арттырады.
Мадақтау – жеке оқушы немесе ұжымның іс-әрекеті мен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымды баға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезініп, өзіне сенімі артып, белсенді әрекетке ыңғайланады.
Жазалау – оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара.Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі.
4.Педагогикалық қолдау, оның мәні және ұйымдастыру жолдары.
Тəрбие процесінің нəтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тəуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
— нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық əрі кəсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу жəне нақты іс-əрекеттік көмек көрсету;
— адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу процесін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
— ауытқуға бейім қылық-əрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты əрекеттердің ерекше түрі;
— келеңсіз мінез əрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жəрдем беру;
— баланы басшылықты жетекке алу;
— тəлім-тəрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
— балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тəрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау
қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшы жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мəні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдау 1) тəрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; 2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тəрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жəрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
5. Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс, аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар, өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тəрбие құрал-жабдықтары қандай да тəрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тəрбие əдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тəрбиеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды- техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психологиялық көңіл-күй шуағын береді, іс-əрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рəмізін айқындай түседі, т.с.с.
Құрал-жабдықтар белгілі гигиеналық, эстетикалық, экономикалық, инабаттылық, құқықтық талаптарға сай болуы шарт. Педагог даралығына негізделген əдістер мен құрал-жабдықтар бірлігі тəрбиелік іс-əрекеттер формасына арқау болады.
«Форма» терминінің мəні:
1) тəрбие процесінің сырттай көрінісі;
2) тəрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тəсілдері мен тəрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы;
3) тəрбиеленушілердің ұжымдық жəне жеке-дара іс-əрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма – бұл тəрбиелік істер процесіндегі тəрбиеленушінің тəрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.
Тəрбиелік жұмыстар өз кезегінде төмендегі аталған тəрбиелік қызметтерді орындайды:
- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тəрбиелік жұмысқа қатысушылардың өзара ықпалды əрекеттерінің қисынын (логикасын) бейнелейді;
- реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде əлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;
- ақпараттық: тəрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тəжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.
Тəрбиенің негізгі формаларына сипаттама
Тəрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тəуелді:
- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут); ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта);
- тəрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;
- педагогтың ықпал жасау тəсілі: тікелей, жанама;
- нəтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мəнді өнім;
- қатысушылар саны: жеке-дара (тəрбиеші –тəрбиеленуші), топтық (тəрбиеші –оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тəрбиеші –бірнеше топ) формалары.
Қатысушылар санымен ажыралған тəрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырып көрейік.
Жеке-даралықты тəрбие формалары: əңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жəрдем, проблема шешімін бірлікті іздестіру.
Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау. Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.
Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой – толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым – қатынас жасауға жәрдем беруі.
Достарыңызбен бөлісу: |