Сөж адамның репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері


Ұрық шығатын жолдардың жасқа байланысты ерекшелігі



бет2/3
Дата10.10.2022
өлшемі94.32 Kb.
#462358
1   2   3
гисто срс 2 Маханбет А

Ұрық шығатын жолдардың жасқа байланысты ерекшелігі. Аталық бездің генеративті қызметі препубертатты шақта басталады да, бірақ бұл кезеңде сперматогенез процесі ең алғашқы сатыларында тоқтап та қалады. Сперматогенез процесінің жыныстық жетілу пубертатты кезеңге жеткенде ғана аяқталады. Жаңа туған баланың ұрық түтікшелері бірыңғай жасушалар тізбегінен тұрады да, кейіндеу тіректік және сперматогонийлерге жіктеледі (4 жасқа дейін). 7-8 жаста түтікшелердің қуысы, саңылауға айналады. Ал, 9 жаста I-ші реттік сперматоциттер түзіледі. 10-15 жас аралығында ұрық түтікшелері иректеледі, олардың саңылауларында I-ші және II-ші реттегі сперматоциттер мен спрематидтер байқалады. 12-14 жасқа қарай ұрық шығаратын өзектері (түтікшелер) мен бездің қосалқысының өсіп, дамуы едәуір күшейе түседі. Бұл аталық гормонның мол мөлшерде айналуға түскенін айғақтайды. Осыған сәйкес бездің құрамында ірі интерстициальді эндокриноциттер пайда болады. Аталық бездің жасқа шамасына байланысты инволюциясы (кері дамуы) 50-80 жас аралығында өтеді. Ол сперматотенез процесінің бәсеңдеуінен дәнекер тінінің ұлғаюымен байқалады. Алайда, қартайған кезде де кейбір ұрық түтікшелерінде процес сақталады.

  • Ұл балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары 10-11 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің өсуі;

  • 11-12 жас – простатаның ұлғаюы, көмейдің өсуі;

  • 12-13 жас – жыныстық мүше мен аталық бездің айтарлықтай өсуі; қасада түктің өсуі;

  • 13-14 жас – жыныстық мүше мен аталықбездің бұдан былайғы өсуі, емшек облысының тығыздалуы, дауыстың өзгеруінің басталуы;

  • 14-15 жас – қолтықта түктің өсуі, дауыстың бұдан былайғы өзгеруі, бетте түктің пайда болуы, ұманың пигменттелуі, алғашқы шәует шашу;

  • 15-16 жас – сперматозоидтардың жетілуі;

  • 16-17 жас – қасаның еркектерше түктенуі (түктің тігінен өсуі), барлық дененің түктенуі;

  • 17-21 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.

Әйел адамдардың жыныс жүйесінің дамуы. Эмбриогенздің 7-8аптасының соңына қарай бездің бастамасы біліне бастайды.Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады.Ұрықтың 6-аптасының басына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің тамырлы аяқшасының қалыптасуы басталады.6-8 апталық ұрықта аналық бездің ұыртысты заты біліне бастаса,ал боз заты бұдан кейінірек дамиды. Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе овогонийлердің жылдам көбеюінің нәтижесінде жыныс жасушаларының мөлшері үдемелі түрде ұлғаяды.Нәрестелік дамудың 3-ші айынан соң овогонийлердің тең жартысын мейоздың үздіксіз фазасында орналасқан біріншілк овоциттерге жіктеледі. Нәрестенің дүниеге келу сәтіне қарай овогонийлердің саны кемиді де, ал бірақ өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны көбейеді. Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі жыныс жасушаларының саны 300-400 мыңдай болады,мұны біріншілік овоциттер дейді. Жаңа туған қыз баланың бойында жыныс бездерінің әрі қарай дамуы жалғаса береді.
Аналық жыныс жүйесіне қатысатын мүшелерінің морфофункциональді жағдайы әйелдердің жасына және нейроэндокринді жүйісінің қызметіне тығыз байланысты.
Жатыр. Жаңа туған қыз бала жатырының ұзындығы 3см- ден аспайды, бірақ өсе келе әсіресе жыныстық пісіп жетілу кезеңінде ересек әйелдердің осы мүшесінің қалпына келеді. Жүктіліктің соңғы айларымен климакстік кезеңде аналық безден гормондардың бөлінуі нашарлап, жатырдың эндометриі инволюциялық өзгерістерге ұшырайды. Климакстың алдында лютеин гормондарының тапшылығынан жатыр бездерің қызметі бәсеңдейді. Осының салдарынан жатыр эндометриінің функциональді қабаты жойылады. Мұнымен қоса, жатырдың миометриіндегі ет жасушалары атрофияға ұшырап, дәнекер тінінде гиперплазия процессі байқалады. Осы өзгерістердің әсерінен жатырдың көлемімен салмағы күрт азаяды. Жатыр қабырғасындағы қан тамырларында склеротикалық өзгерістер байқалады. Бұлар аналық безден бөлінетін гормондардың бөлінуін тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет