Сөж адамның репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері



бет1/3
Дата10.10.2022
өлшемі94.32 Kb.
#462358
  1   2   3
гисто срс 2 Маханбет А


Қарағанды медицина университеті
Морфология және физиология кафедрасы


СӨЖ
Адамның репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Орындаған:Маханбет А.С. 2-001 топ ЖМ


Тексерген : Нурсейтова К.Т.

Қарағанды 2022


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Ер адамдардың репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері: ұрық шығаратын жолы, қуық асты безі.

  2. Әйел адамдардың репродуктивті қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері: жатыр, аналық без.

  1. Қорытынды



Ер адамдардың жыныс жүйесінің дамуы. Біріншілік бүйректің үстіңгі бетінен алғашқыда еннің дәнекер тінді қабығы ақ қабық пайда болып, одан алдымен жіпше түрінде, ұрық түтікшелері дамиды. Ұрық түтікшелері біртіндеп еннің торын түзеді. Пайда болған ұрық түтікшелердің ішінде біразы гонациттер түрінде көбейеді де, ал қалғаны эпителиальді тіректік жасушалар түрінде сақталады. Бездің онтогенезінде генеративті қызметінен эндокринді 8-10 аптасында тестостеронның синтезі білінеді, ал белокты андрогендер одан да бұрынырақ синтезделіне бастайды. Жаңа туған нәрестелерде ұрық түтікшелері тіректік жасушалар мен сперматогониялардан тұратын тұтас жасушалар созындысы түрінде болады. Бұл 4 жасқа дейін сақталады. Простата адамның өмір сүруі барысында өзгеріп отырады. Баланың простатасының секреторлық бөлімдері биік және аласа эпителиоциттерден тұратын эпителиймен қапталған. Стромасы жақсы дамыған. Дәнекер тінінің құрамында фибробласттар, макрофактар және коллаген талшықтары басым. Жазық бұлшық ет жасушалары аз. Жыныстылық жетілу кезінде секреторлық бөлімдердің безді жасушаларының секрет бөлуі артады. Секреторлық бөлімдердің қуысында простаталық конкрециялар жинақталады, олар қартайған шақта жиі кездеседі.
Қуық асты безінің жасқа байланысты ерекшелігі. Адамның бүкіл өмірі бойына аталық без жасқа қарай өзгеріске ұшырайды. Бұл жыныс гормондарының түзілуінің азаюына байланысты және осы мүшенің безді эпителиі, дәнекер тіні, әрі тегіс салалы ет жасушаларының арақатынасының өзгеруімен байланысты. Сәбидің қуық түбі безінің секреторлы бөлігінде екі түрлі жасушалары болады. Оларға: биік және аласа эпителиоциттер жатады. Бездің стромасында миоциттер аз. Жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде бездің секреторлы соңғы бөліктеріндегі безді жасушалардың цитоплазмасында секреторлы (үрдістер) процестер күшейе түседі. 20-35 жас аралығында бездің қызметі өте белсенді өтеді. 35-60 жас аралығында без бөліктері солады, дәнекер тінді элементері ұлғаяды да, қалыңдайды. Бездің эпителиі бірте-бірте аласара береді. Егде шақта (қартайғанда) бездің секреторлы бөліктерінің қуысында конкрециялар пайда болады. Бульбоуретральді бездер құрылысы жағынан альвеоларлы - түтікшелі бездер. Өзектері несепағардың бөлігіне ашылады. Кілегейлі қабығының эпителиі құрамында миоидты тамшылармен ерекшеленетін таяқша пішінді жасуша қосындылары болады да, секреторлы қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет