СөЖ Ұлттық психология Орындаған: Қылышбек Жанна



Дата02.10.2022
өлшемі91.55 Kb.
#461805

СӨЖ
Ұлттық психология
Орындаған: Қылышбек Жанна
Жоспары:
1 Ұлттық психология ұғымы
2 Ұлттық мінездің нышандары
3 Ұлттық мүдде және оны сезіну
4 Ұлттық өзіндік сана
5 Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар
Ұлттық психология — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.
Ұлттық мінездің нышандары
Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді — адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек. Сөздің катаң мәнінде, мінез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
  • Жауынгерлік мінез .
  • Кеңпейілділік

Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулілеріне — мәрттік, жомарттық, конақжайлық, балажандық, аңқаулық жатады.
Ұлттық мүдде және оны сезіну
Мүдде деп (лат. interest) - дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық кажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртүрлілігіне орай қалыптаскан өрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады.
Ұлттық өзіндік сана дегеніміз — этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады.
Ұлттық сезім.
Біріншісі — ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым.
Ұлттық сезімнің екінші элементі — адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне әсер етеді. Бұл — дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет. Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.
Ұлттың мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардық бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады. Бұлар — шет жұрттықтармен кездесіп-танысқанда тілге тиек болатын нәрселер. Өзгелер сияқты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтанып айтатындары аз емес.
Пайдаланылған әдебиеттер
  • Интернет желісі
  • Уикипедия — ашық энциклопедиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет