Сөж пәні:Әлеуметтану Тақырыбы



бет1/3
Дата28.03.2023
өлшемі364.14 Kb.
#471256
  1   2   3
әлеуметтану


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Пәні:Әлеуметтану
Тақырыбы:Әлеуметтік топтар және олардың әртүрлілігі
Орындаған:Суран Оралбай
Бахытбек Нурила
Серік Сусар
Серікбол Айкерім
Сипанова Гүлжайна
Тексерген: Сарыбаева Айгерим
Алматы 2021

Жоспар:

1.”Әлеуметтік топ “ түсінігіне анықтама

2.Әлеуметтік топтардың түрлері

3.Отбасы кіші әлеуметтік топ ретінде


Әлеуметтік топ

Адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып,түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді-кішілі жиынтығы.Бұл топ айтарлықтай тұрақты,ортақ мүддесі бар және әдет-ғұрпы бірдей,белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Топтар белгілі бір маңызды критерийлер негізінде бірнеше классификацияларға бөлінеді:
-Ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған;
-Биологиялық;
-Экономикалық;
-Саяси;
-Мәдени-идеологиялық және т.б.
Топтардың масштабына байланысты, адам санына байланысты үш топқа бөледі:
  • Ірі;
  • Орташа;
  • Кіші

“Философиялық энциклопедиялық сөздікте”әлеуметтік топтар 3 топқа бөлінеді:


Ірі (глобальдық) әлеуметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам(ел) көлеміндегі адамдар жиынтығы(алғашқы адамдар тобыры,ру, тайпа,халықтық,ұлт сияқты этнографиялық топтар),таптар, әлеуметтік-экономикалық формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай топтасу(жастар,пенсионерлер) және т.б.
Орташа топқа бір кәсіпорында және бір территорияда жұмыс істейтін адамдардың өндірістік жиынын(бір селоның, аудуанның, қаланың тұрғындарын) жатқызады.Өндірістік бірлестіктер белгілі бер меқсатқа жету үшін құрылады және құрамы мен қатынастарын иерархиялық өкімет билігінің құрылысымен,шешімдер және заңдар қабылдау жолымен реттеп отырады.
Кіші топтарға: отбасы, бастауыш өндірістік ұйымдар(бригадалар),көршілердің ұйымы, мектеп кластары, курс, группалар, т.б. жатады.Бұл топтың ерекшелігі оның мүшелері бір-бірімен тікелей байланыс жасайды.Кіші топтар мақсатты(формальды) және әлеуметтік-психологиялық (формальды емес)болып 2-ге бөлінеді.Мақсатты кіші топтар алдын ала белгіленген мақсаттарға,нұсқаулар мен ережелерге сәйкес әрекет етеді,ал формальды емес кіші топтар адамдардың бірін бірі ұнату немесе ұнатпау сезімі негізінде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет